Материалдар / Көшбасшылық: Мейіргер қызметін басқарудың жаңа тәсілдері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Көшбасшылық: Мейіргер қызметін басқарудың жаңа тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Аннотация: Қазақстан Республикасының халықтың денсаулығына деген қызығушылық өсуде. Пациенттерге сапалы қызмет көрсету - бұл бүкіл медициналық қызметкерлерінің ең үлкен жауапкершілік. Осыған орай мейірбике ісі - денсаулық сақтау саласындағы ең үлкен мамандық. Бұл мақалада АҚШ-тағы көшбасшы мейірбикелік іс талданып, даму жолдары, басқару тәсілдері көрсетілген. Кілт сөздер: Көшбасшы мейірбике ісі, «пациенттің орталықтандырылған көмегі»,», «пациенттің адвокаты»,« мейірбике күтімі» Тақырыптың өзектілігі: Мейіргер білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейіргер — емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін мейіргер  жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2024
77
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Көшбасшылық: Мейіргер қызметін басқарудың жаңа тәсілдері



Аннотация: Қазақстан Республикасының халықтың денсаулығына деген қызығушылық өсуде. Пациенттерге сапалы қызмет көрсету - бұл бүкіл медициналық қызметкерлерінің ең үлкен жауапкершілік. Осыған орай мейірбике ісі - денсаулық сақтау саласындағы ең үлкен мамандық. Бұл мақалада АҚШ-тағы көшбасшы мейірбикелік іс талданып, даму жолдары, басқару тәсілдері көрсетілген.

Кілт сөздер: Көшбасшы мейірбике ісі, «пациенттің орталықтандырылған көмегі»,», «пациенттің адвокаты»,« мейірбике күтімі»

Тақырыптың өзектілігі:

Мейіргер білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейіргер — емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін мейіргер  жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.

Медицина ғылымының өсіп-өркендеуіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы медицина мейіргерлерінің  рөлі артып келеді. Мейіргер  мамандығының пайда болуы ағылшын қызы Флоренс Найтингельге байланысты.1860 жылдың 24 маусымы  — мейіргер  ісі тарихындағы атақты күн. Бұл күні Лондонда Қасиетті Томас госпиталінде Флоренс Найтингейльдің басшылығымен қайырымдылық мектебі ашылды. Осы мектепті бітіруші қыздар мен әйелдер тиянақты түрде ғылыми дайындықтан өтіп шығатын. Флоренс Найтингейль қоғам алдында ең бірінші болып мейіргер  жұмысының мерейін көтерді. Ол ауруларды күтуге арнайы дайындық керек екенін жұртшылыққа дәлелдеп, сол кезден бастап мейіргер  ісінің негізі қаланды.

Соңғы кезде мейірбикенің функциясына көзқарастар өзгеруде. Егер бұрын акцент науқастарды күтуге бағытталса, қазіргі таңда мейірбикелер басқа мамандармен бірге басты міндеті ретінде денсаулықты сақтау, ауруды алдын алу, адамдардың индивидуалды мүмкіндіктеріне сәйкес барынша тәуелсіздігін қамтамасыз етуді жатқызады.

Англияда белгілі бір аурулармен (қант диабеті, бронх демікпесі) ауыратын пациенттерге көмек көрсететін арнайы мамандандырылған мейіргерлер жалпы тәжірибедегі дәрігерлердің күнделіклікті қызметін — пациенттерді бақылау, оқыту сияқты амбулаторлық  қабылдау жүргізуді, басқа медициналық және әлеуметтік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру жұмыстарын атқара алады.

Көптеген дамыған елдерде мейіргер ісін дамыту мақсатында АҚШ-та және Германияда мейіргерлер көп жағдайларда біріншілік тексерулерді жүргізіп, пациентке арнайы медициналық көмек көрсететін мамандарға бағыт береді.

Дамыған Еуропа елдерінде жалпы практикадағы дәрігерлер пациенттерді үйде қарауға бармайды, сирек жағдайларды қоспағанда арнайы мамандандырылған мейіргерлер осы қызмет көрсетуді жүргізеді.

Финляндияда халықаралық тәжірибе негізінде мейіргерлерді дайындауды қарастырайық. Фин білім беру жүйесі мейіргерлерді дайындауда әлемдегі ең үздік болып бағаланады. Мейіргер мамандығы Финляндияда зор құрметке ие. Мейіргерлер ауқымды алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Айта кететін болсақ, пациенттерге және оның отбасы мүшелеріне кеңес беру, кейбір медикаментозды терапияда рецептерді жазу сияқты жұмыстарды жүргізеді.

Емханаға алғашқы тексерілуге келгенде пациент алдымен мейіргерлермен ақылдасады. Мейіргер пациенттің жағдайын бағалап, қажетті тексерілулерді тағайындайды, және тиісті маманға жібереді.

Орта медицина қызметкерінің міндетіне өз жұмысын жетілдіру, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық  сақтау саласындағы басқа да манмандармен бірге әрекет ету, сонымен қатар көптеген пікір таластарға қатысып, жалпыға маңызды шешімдерді қабылдай білу кіреді.

Қазіргі жаңа үлгідегі мейіргерлер мына рөлдерді атқарады:
— емделушінің күтімін ұйымдастырушы;
— емделушінің күтімін орындаушы;
— емделушінің ықыласын қорғаушы (адвокат);
— педагог (консультант);
— зерттеуші;
— лидер (көшбасшы);
— медициналық бригаданың белсенді мүшесі

Әлемдік мейіргерлік ұйымдарға тоқталатын болсақ:   

Біріккен Ұлттар Ұйымында денсаулық сақтау мәселелерімен айналысатын ең ірі мекеме /ВОЗ/-ДДСҰ/ ''Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы'' болып саналады. “Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы” 1945 жылы қаңтар айында құрылған. Ол әртүрлі аурулармен күресуде үлкен жұмыс жүргізеді, медицина ғылымымен айналысады, журнал, бюллетеньдер шығарады, сонымен бірге, “ Мейірбике мамандығына” қатысты сұрақтарды шешеді.

Әлем бойынша ең үлкен халықаралық мейіргерлер ұйымы Signa Teta Tay international (STTI)  болып табылады.

Ұйым 1922 жылы Индиана штатында алты мейіргер студенттің бастауымен құрылған. Студенттер мейіргерлік білімдерін тарату арқылы дүние жүзіндегі халықтар денсаулығын жақсартуға ықпал ету мақсатында ұйымды құрған. Қазір STTI әлемнің 90 елінде қызмет атқаратын 250 000 мейіргерлерді біріктіреді.

1971 жылы «Халықаралық медбикелер кеңесі» ұйымы құрылып, әлемнің 141 елінің мейіргерлері осы ұйыммен бірге қызмет атқарады. Қазақстан Республикасындағы мейіргер ісі дамуының басты мақсаттары болып табылатыны:


— кәсіби және орта буынды медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін жоғарылату;
— орта буынды медицина персоналдарын пайдалануды нәтижелі түрде жоғарылату;
— әртүрлі деңгейдегі мейірбике ісінің дамуына (нәтижелі) көмек көрсету;
— орта буынды медицина қызметкерлерінің құқықты реттеулерін жетілдіру;
— мейірбике қызметтерін басқару жүйесін жетілдіру;
— мейірбике көмектерін жаңа ұйымдастыру түрлері мен технологияларын дамыту;
— мейірбике кадрларын дайындау және қайта дайындау жүйесін жетілдіру;
— халыққа мейірбикелік көмектің сапасын қамтамасыз ету;
— мейірбике ісінің дамуында мемлекеттік емес секторлардың салымын жоғарылату.
     

Бұрынғыдай, мейірбике ісіне дәрігердің айтқанын ғана бұлжытпай орындайтын дәрігердің көмекшісі деген көзқарас келмеске кетті. Мейірбике ісі бүгінде сырқаттарды емдеу мен олардың өмір сапасын арттыруға  үлес қосатын, өзінің айқын  міндеттері бар денсаулық сақтаудың жеке бір саласы. Бұған болашақ бітірушіні өзінің оқу үдерісі барысында алған білімін кәсіби қызметінде пайдалана білетін маман ретінде дайындаса ғана қол жеткізуге болады.

Зерттеу мақсаты: Көшбасшы мейіргер қызметін басқарудың жаңа тәсілдері жүргізудегі шетелдік тәжірибелерді анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  • «Көшбасшы мейіргер» бойынша отандық және шет ел әдебиеттерін шолу;

  • Мейіргердің басқару қызметі арқылы мейіргердің қызметін бағалау;

  • Мейіргер қызметін басқарудың жаңа тәсілдері бойынша қажетті ұсыныстар беру;


1.1«Көшбасшы мейіргер» бойынша отандық және шет ел әдебиеттерін шолу;

Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу

қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына

мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының

қолданатын құралы.Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқаадамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсеніжасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың

қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға

бағыттай алады. Көшбасшылықты әдетте ақыл, сауаттылық деңгейі, сенімділік пен

әлеуметтік қатысу, әлеуметтік-экономикалық статус түсініктерімен байланыстырады 

Көшбасшы мен Басшы деген ұғымдардың мағынасы ажырата білу керек. 
Көшбасшылық теориялары.

Көптеген көшбасшылық теориялары бар. Қазіргі кезде олардың ішінде үшеуін жеке

қарастыруға болады:

Тұлғалық;

Қылықтық;

Жағдайлық.

Тұлғалық теория – оған сәйкес менеджерлердің ең үздіктері белгілі бір жеке қасиеттер топтамасына ие болады. Олардың арасында: ақыл мен білім деңгейі, тартымды сыртқы көрінісі, адалдылық пен инициативтілік, өзіне деген жоғарғы сенімділік.

Қылықтық теория – Бұл теорияға сәйкес басқару түрлерін классификациялауға негіз салған болатын. Ол бойынша тиімділік менеджердің тұлғалық ерекшеліктерімен емес, оның қарамағындағы адамдарға қатысты қылықтардың сипатымен анықталады. Бұл көшбасшылық түсінігін одан әрі тереңдетіп, адамдарды мекеме мақсаттарын орындауға бағыттаған менеджердің мінез-қылықтарына ерекше назар аудартқызды. Оның негізгі кемшілігі басқару түрлерінің белгілі бір жалғыз түрі бар деген тенденцияға негізделу. Алайда тек бір ғана ең тиімді басқару түрі болуы мүмкін емес. Белгілі бір түрдің тиімділігі нақты жағдай мен адамдардың жеке басына тән қасиеттеріне байланысты болады.

Жағдайлық теория – Жағдайлық теория бойынша тиімді басқару үшін менеджердің жеке қасиеттері мен өз-өзін ұстауы нақты жағдайларға сәйкес болуы керек. Көптеген жүргізілген зерттеулер бойынша менеджер-көшбасшы әр түрлі жағдайларда әр түрлі әрекет етуі қажет.

Көшбасшының тағы бір ерекшеліктерінің бірі – алдына мақсат қойып, оған жете алуы. Ол өзінің нені нақты қалайтынын жақсы білуі керек және оны іске асыру үшін керекті қадамдарды алдын ала жоспарлай алуы қажет. Ол мақсаттар жұмысқа, қарым-қатынастарға, өзін-өзі дамытуға немесе материалды нысандарға бағытталса да, ең бастысы үдеріс әр уақытта бірдей жүреді. Белгілі бір мақсатқа жету үшін көшбасшыға мәселелерді шешіп, соған сәйкес шешімдер шығару керек. Болашаққа мақсаттарды құру мен оларды орындауға бағытталған адамның ұмтылысы оның бойында керекті қасиеттерді сіңіртеді, белгілі бір әрекеттерге ынталандырады. Сондай-ақ ол неғұрлым тезірек тиісті шешім қабылдаса, соғұрлым оның жұмысы өнімді болады. Мақсатқа жету кезінде көшбасшы сабырлы және дипломатты болуы керек. Ол қасиеттер өзіне деген сенімділікпен және жақсы жасалынған жұмысты көре алумен қатар жүруі тиіс. Екінші жағынан, ол қайсарлығымен де танылу керек, басқа жағдайда жоғарыда айтылған қасиеттер әлсіздіктің белгісі болып қалмақ.
Көшбасшылықтың фундаменталды қағидаларының бірі ұйым ішінде басқалардан өзіне деген жақсы қарым-қатынас пен жақсы жұмыс орнын күтуі болып табылады. Егер бұл күтулер жиі орындалып тұрса, онда оның нәтижелері де жақсы болады. Ол күтулердің орын алмауы мен әр кездегі сенімсіздік нәтижесінде адам бойында жағымсыз сезімдер туады. Көшбасшының тағы бір оң қасиеті – оның қайсарлығы болып табылады.
Көшбасшының іс жүргізу бағыттары.

Көшбасшы жұмысы үш бағыт бойынша жүруі тиіс:

● Тапсырма қажеттілігі – негізгі мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету;

● Топ қажеттіліктері – топты белгілі бір тапсырманы орындау үшін құру, сақтау мен ынталандыру, топтық жұмысты марапаттау;

● Жеке қажеттіліктер – әрқайсысының жеке қажеттіліктерін анықтау және олардың арасындағы татулықты сақтау;

Егер көшбасшы жұмысын осы үш элементке негіздесек, онда оның басты мақсаты нақты жағдай шартында қойылған мақсатқа жету үшін адамдар арасындағы ең жақсы балансқа жету болып табылады.
Көшбасшының орындайтын функциялары.

Егер көшбасшы төменде көрсетілген үш функцияны орындап жүрсе, онда оны көшбасшы деп толығымен атауға болады:

Бағыттаушы;

Ұйымдастырушы;

Ынталандырушы.

Бағыттаушы рөлдің негізін қарастыратын болсақ, көшбасшы іскерлік тапсырмаларды қойған және қабылдаған кезде, анықтағанда, жұмыстың ой мен стиліне аса мән беруі қажет. Көшбасшы қойылған мақсатқа жету үшін топты біріктіріп, топтық жұмысты жақсы бақылай алу керек. Бұл Ұйымдастырушы рөлінің негізі. Ынталандыру рөлі ретінде қойылған тапсырмалардың маңыздылығын түсінуін, өзінің ісін сыртқы дүниемен қатынас кезінде қорғауы қарастырылады. Егер көшбасшы өзінің рөлін сәтті атқарғысы келсе, бұл үш рөлді бір-біріне ажыратып қолдана алмайды.


2. Дәлелді медицинаның қолданудағы медицина саласындағы жетістіктері

3.Дәлелді зерттеулерге негізделген шетелдік ақпарат көздері

Қазақстандағы мейіргер ісін жетілдіру тәсілдері

Қазақстандағы Мейіргер ісін жетілдіру орталығы (МІЖО) мейіргерлерге пациенттердің денсаулығын жақсарту үшін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік бере отырып, мейіргер ісінің тәжірибесін жақсартуға өз үлесін қосады деп күтілуде. МІЖО теорияны практикаға әкеледі және мейіргерлік істегі зерттеулердің дамуына ықпал етеді.МІЖО мейіргер ісіндегі тәжірибе, білім және ғылыми зерттеулер арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл үшін платформа болып табылады.


МІЖО ақпараттарды белсенді жинайды және бөледі:

  • дәлелдемелерге негізделген мейіргерлің іс бойынша клиникалық басшылық;

  • мейіргерлерге арналған оқу материалдары;

  • мейіргерлік істегі зерттеу деректері.

Қорытынды

Қорытындылай келе мейіргерлік істе зерттеу жүргізудің түпкі мақсаты-мейіргерлік тәжірибенің сапасын арттыру.Ал мейіргерлік тәжірибенің сапасын арттыру үшін мейіргерлер зерттеуге қажетті дәлелді ақпараттарды қолдана білуді, ақпаратты қалай дұрыс пайдалану, қандай жарияланымдар мен ұсыныстарға сенім білдіру керектігін білуі тиіс.Пациенттерге көмек көрсету барысында жасалатын іс-әрекеттердің барлығы дәлелденген медицинаға негізделген болуы маңызды.Осы зерттеу барысынды шетелдек дәлелді ақпарат көздері қарастырылды.Және де Қазақстандағы Мейірбике ісін жетілдіру орталығы (МІЖО) медбикелерге адамдардың денсаулығын жақсарту үшін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік бере отырып, мейірбике ісінің тәжірибесін жақсартуға өз үлесін қосады деп күтілуде.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!