Батыс Қазақстан
облысы
Ә.Молдағұлова атындағы
№38 мектеп-лицейінің кітапханашысы Шаукарова Гулсим
Кумаргалиевна
«Көше аттары батырлар
есімімен» акциясы (шараға қатысушы 8б сынып
оқушылары)
Мақсаты: Оқушыларды Отанын сүюге, оны
қорғауға баулу,оларға патриоттық тәрбие беру; соғыс жылдарында
Қазақ ерлерінің майдандағы ерлігін насихаттау мен олардың рухына
бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсету.
Көрнекіліктер: Видео ролик, портреттер,
буклет,көрме. өлеңдер,сұхбат алу.
1
жүргізуші: Құрметті бүгінгі кешіміздің
көрермендері,халқымыздың бір туар ұлы,Кеңес Одағының Батыры
Сүндетқали Есқалиевтің өмірі мен ерлігі жөнінде баяндалмақ. Біздің
осы іс-шарамызға Х Есенжанов атындағы кітапхананың мамандары және
калалық мектептің кітапханашылары оқушылармен бірге қатысып
отыр. 2
жүргізуші: Құрметті қонақтар мектеп
оқушылары осы бүгінгі тақырып иесі болып отырған тұлға туралы кім
біледі екен. ( жиналған конақтардан сұхбат
алу)
1-
жүргізуші: Еліміздің бір туар азамат,ел
басына күн туған кезде елін, жерін Отанын қорғау үшін майданға
аттанып өз өмірінің соңғы қасық қаны қалғанша шайқасқан батыр тұлға
туралы сұхбат алған едік . (видео роликті
тамашалау)
2
жүргізуші :ия аталып тұрған тұлға жай
адам болмағанын біз басында баяндадық,ал ол кісінің балалық шағы
мен жастығы қалай өтті.
1-жүргізуші: немесе қазір осы тұлғаға
арналған өңірімізде не бар екен білеміз
бе?
І- Батыр туралы
монолог
1оқушы
Шыңғыс Бұл маусым айының 23-нен 24-не
қараған түн еді. 556-шы атқыштар полкінің ротасы деревня
маңында ұрыспен жаудың қорғаныс шебін бұзып өтіп, алға ұмтылған
еді. Шағын деревняны қалайда бермеуге жанталасқан
немістер шабуылды әлсін-әлсін тойтарып, заулатқан зеңбірегімен,
қарша боратқан оғымен талай сарбаздың өмірін қиды. Әсіресе,
Лудчицының шығыс жағындағы дөң үстінде дзотқа орналасқан
«аузы жабылмаған» жау пулеметі жауынгерлердің басын көтертпеді. Осы
жау нүктесінің үні өшкенде ғана шешуші сәт өз жақтарында болатынын
бәрі де түсінді. 2 оқушы
Аружан Ауылдастарының сөзіне
қарағанда, Сүндетқали жетім өскен. Оны Рахима Имашева есімді абзал
ана асырап алып, ержеткізеді. 3 оқушы
Абылай Міне, Ұлы Отан соғысы бітіп,
Ұлы Жеңіс күні туғанына алпыс бес жыл толып отыр. Аз ба, көп пе,
әрине, әңгіме онда емес, әңгіме сол жеңіс күнін жақындатқан абзал
азаматтарда, әлемді қорғап қалған батырларда. Соғыс басталар уақыт
жаздың бір жарқыраған әдемі тып – тымық күні
еді.
А
дамзат бұл кезде ешнәрседен бейхабар, өз тірліктерін жасап,
әрқайсысы өз ісімен бұл күнді де өткен күнгідей өткізуге қам -
әрекет жасай бастаған. Мектеп оқушылары сабағына, ойын баласы өз
ойынына, үлкендер де күнделікті жұмысына барудың қамында еді.
Құмырсқаның тірлігіндей еңбекшінің де өз тірлігі басталар мамыражай
маусым айының бір сәті еді сол сәт, сол бір әдемі сәт азғана уақыт
ішінде аласапыранға айналды. 4оқушы
Ерлан Соғыс! деген сумаңдаған сұр
жыландай суық сөз әп – сәтте әлемді дүр сілкінтті, жүректерді тоқ
соққандай дір еткізді. Тап – таза, шайдай ашық таңғы аспанды
шиқылдаған торғай үні емес, жамандық шақырған қарғаның қарқылы
басқандай, жарқырап Жер – Анаға жылуын беруге асыққандай күлімдеген
күннің бетін қара бұлт торлағандай суыт хабар кім – кімді де
қайғыға батырған еді. Ордалы жыландай сумаңдап, опасыздықпен
Отанымызға бас салған фашистік басқыншыларға қарсы соққы беруге жер
– жерге ер – азамат қолға қару ала бастады. Жүздерінде күлкі
үйіріліп жүретін жас жауқазын бозбала әп – сәтте жауынгер
киімікиіп, қаһарлы қас батырға айналды.
5-оқушы
Нұрбек Отанымыздың түкпір –
түкпірінде қолына қару ұстауға жарайтын ер – азаматтар әскери
комиссариатқа шақырыла бастады. Осындай қарбалас шақ Шыңғырлау
ауданында да жүріп жатты. 1941 жылы маусымның 22-сінде Лубен
ауылының тұрғындары да жазғы жұмыстарында еді. Егінші егінін егіп
болып, колхоз енді шөп шабу науқанына кірісе бастаған. Ер –
азаматтың бәрі де далада еді. Бұл күні көппен бірге Андрей
Тихоненко да өз міндетін жұмыс майданында атқаруда еді. 12 жасында
әке –шешеден ерте айрылып, тұрмыстың ауыр қамытын жас баланың
мойнына артуына тура келіп еңбекке ерте араласқан. Трактор курсын
бітіріп, колхоз жұмысына белсене, білек сыбана кіріскен кезі. Ел
басына соққы боп тиген хабарды колхоз даласында естіді. Соғыстың
басталған алғашқы күнінде – ақ 1941 жылы 24 – ші маусым күні Андрей
аудандық комиссариатқа отан алдындағы борышы мен міндетін атқаруға
шақырылды. Артта қалған туысқандары, жанұясымен қоштасып, беті
қатты жаудан елімізді азат етуге ауданымыздан шақырылған 3173
азаматтың бірі болып, туған жерден жырақтағы соғыс өрті лапылдаған
жаққа апаратын эшелонмен аттанды. 6-оқушы
Алтынарай Сүндетқали да өзгелер сияқты
өмірді сүйді, өз арманы болды, сол өмірді сүйгендігінен, өз өмірін
өзгелерге арнады. Қазақстанның көптеген ауылының бірі саналатын
Константиновка ауылының тұрғыны Сүндетқали да өзгелермен бірге
соғысқа 1942 жылы маусым айында кірді. 169 – шы атқыштар
девизиясының 556 – шы атқыштар полкінде қатардағы автоматшы
Сүндетқали 1944 жылы маусымның 24 – і күні түнде Беларуссиядағы
Могилев облысы Лучица деревнясы маңында орналасқан жау траншеясына
алғашқы болып кірді. 7-оқушы
Жанбота Бірнеше жауды жер жастандырған
ол жаудың ДЗОТ – ың байқап қалады. Ойлауға уақыт тар, артта қарулас
серіктері келе жатыр, сондықтан шешім өзінен - өзі келе қалды.
«Өзің өлсең де, досыңды өлімге берме» деген шешім Сүндетқалиды
ойландырмады, от шашқан ДЗОТ – тың аузын кеудесімен баса жауып
жеберді. Талайдың болашағын бөлшек еткен ДЗОТ – тағы пулемет шашала
барып, үнсіз қалды. Пулемет тұтқасын ұстаған жау солдатының да
Сүндетқали соңғы құрбаны болды. Арттан келген қызыл жауынгерлер
шабуылға шығып, траншеядағы гитлершілдерді жойып жеберді. Батырды
өзі қаза тапқан Лучица ауылында жерледі. Кеңес Одағының Батыры
атағы беріліп, Минскіде батыр атында көше де бар.
8-оқушы
Нұрбек Батырдың есімі ардақ тұтылған
естелік тақта Минск көшелерінің бірінде өз орнын тапқан. Батырдың
есімін ел жадында сақтау үшін Орал қалалық телестудиясы «Батырдың
анасы» атты фильм де түсірген. Фильмде Сүндетқали мен анасы туралы,
анасының батыр ұлының зиратында болуы баяндалады. Қарулас
жолдастары кездесулерінде өздерің өлім тырнағынан арашалап қалған
Кеңес Одағының Батыры Сүндетқали Есқалиевті құрметпен еске
алады. 9- оқушы
Асель Иә, бұл соғыс қаншама үйдің
отын өшіріп, қуанышын жұлды. Тек қана Шыңғырлау ауданы 3173 адамын
соғысқа жіберсе, хабарсыз кеткені, қаза тапқаны, басқа жағдайда өз
отбасына оралмағаны 1790 адам екен. Қазақстанда қаншама аудан бар,
қаншама ауыл бар... қорқынышты сандар, қасіретті сандар...
Сондықтан да бұл соғыс қайталанбау үшін, тыныштық үшін өткен
қасіретті ұмытпауға міндеттіміз.
Өз отбасына, ортасына оралмаған, қаһармандықпен майдан даласында
қаза тапқан жерлестеріміздің атын еске алып, тағзым ету борышымыз.
Олардың даңқы, мерейі мәңгі жасай берсін!
І-өлең
оқу Гладкова Мария 8б сынып
оқушысы
Жеңіс оңай келген
жоқ.
Бейбіт күні албыраған ақ
таңда, Жау батыстан соғыс оғын атқанда, Туған елдің тыныштығын
қорғауға Қан майданға сан боздақтар
аттанды.
Біріктіріп үміті мен тілегін,
Біріктіріп барлық күшін жігерін, Ана үшін, бала үшін, жар үшін.
Жасқанбастан тосты оққа журегін.
Сол бір қиын, тым сұрапыл
шақта олар Кеудесіне ерлік отын жақты олар. Отан үшін опат болған
ерлердің Есімдері мәңгі бақи сақталар.
ІІІ- Оқушы шығармашылығынан
үзінді.
Рамазанов Нұрдаулет 5б сынып
оқушысы
Қу соғысың кімді өлтірді
десеңші Қанша боздақ қырылып өлді десеңші Есқалиев Сүндетқали
ағамыз Жауға қарсы ол ұмтылды десеңші
Мың тоғыз жүз жиырма төрттің
басында Шыңғырлау мен Алмаз ауылы қасында Сүндетқали келді өмірге
ботадай Қарша жаста,бұрын барды жауғада
Мың тоғыз жүз қырық төрттің
аяғы Тәуекелге ойланып бел байлады. Магилев пен Быховтың дәл арасы
Жиырма жаста өмірден де айырылды.
Александр Матросовты қолдаған
Өз достарын гранаттан қорғаған Гранатқа шап еткізіп жатып ап Содан
ғайып болып кетті ол адам.
І
жүргзуші: Қанша ғасыр өтсе де адамзат
тарихында елі мен жерін қорғаған батырлардың ерлігі мәңгі есте
сақталады. Бүгін біз сұрапыл соғыс жылдарының кезеңдерін ой
елегінен өткіздік. Кешегі өткен от ауызды, орақ тілді шешен
билеріміздің,етегімен су кешкен ерлеріміздің айбынды іс-әрекетімен
аман сақталып, бүгін Тәуелсіз Қазақстан аталып , жаңа ғасырға иек
артқан атамекенімізді мәңгі қастерлеу- бәріміздің қасиетті
борышымыз.
ІІ
жүргізуші: Биыл Ұлы жеңіске 72 жыл. 72
жыл бұрын Жеңіс туын желбіреткен аталарымыз бен әжелеріміздің
алдында мәңгілік қарыздармыз. Елімізде бейбітшілік жасап
тәуелсіздігіміздің көк байрағы желбірей
берсін!
Қорытынды (сөз мектеп
кітапханашысы : Шаукарова Г.К. ) Құрметті «Көше аттары батырлар
есімімен» акциясына қатысушы қонақтар мұғалімдер және оқушылар,
халқымыздың бір туар ұлы,Кеңес Одағының Батыры Сүндетқали
Есқалиевтің өмірі мен ерлігі толы қассиетті тұлғаны жете
біліп,мәңгі есте сақтау біздің үлкен борышымыз. Осыны ұмытпайық жас
ұрпақ!.
|
Ә.Молдағұлова атындағы №38
мектеп-лицейі
«Көше аттары батырлар
есімімен» акциясы
2017ж