Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды жолда жүру
ережелерімен таныстыру, оқушыларды жол қауіпсіздігін есте сақтауға,
білуге үйрету, көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру
мәдениетін меңгертіп, сақтыққа үйрету;Тәрбиелік: Оқушыларды жол ережесін сақтауға,
көшеде дұрыс жүруге, жол белгілерін жатқа білуге
тәрбиелеу;Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін,
өзін-өзі ұстауын, көшеде дұрыс жүріп тұруын
дамыту;
Көрнекілігі: «Тәрбие сағаты», «Тәрбие құралы» журналдары,
«Жол қозғалысы ережелері» кітапшасы,
интерактивті тақта. т. б.
Барыс:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
А) Оқушылармен
сәлемдесу.
Ә) Оқушыларды
топпен орналастыру. (Үш топқа бөлінеді).
Б) Сабаққа
назар аударту.
ІІ. Бүгінгі сабақтың
тақырыбы және мазмұнымен таныстыру.
І. Кіріспе
сөз.
Қазіргі таңда
балалар өмірін кездейсоқ жол-көлік оқиғаларынан қорғау – мәні зор
мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің барлық қала, ауылдарына
ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да,
үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы
керек.
Жолда жүру ережелерін
бұзбас үшін сол ережелерді орындау қажеттілігін түсіну аз,
оларды нақты білу керек.
ІІ. «Ой
қозғау». Интерактивті тақтадан «Бағдаршам»
суреті көрсетіліп, үш көзін үш түске бояту.
Мұғалім: міне, оқушылар, біз бағдаршамның
суретін бояп шықтық. Енді оның қызметіне тоқталайық.
Оқушылар:
Мынау
тұрған Бағдаршам,
Үш түрлі
боп жанған шам.
Үш көзінде
үш белгі
Көрсетеді аңғарсаң.
-
Қызыл көзі.
Өзгертпейтін
тұрағын,
Бір орында
тұратын.
Қызыл шамы
жанғанда,
Қадам баспа бір
адым.
Бұл тоқтаудың
белгісі,
Білу керек
бар кісі.
Бас иеді
тәртіпке,
Келмесе де
көнгісі.
-
Сары көзі.
Сары көзін
жаққанда,
Өтемін деп
мақтанба.
Бұл дайындық
белгісі,
Кідіре тұр
аттанба.
-
Жасыл көзі.
Төксе жасыл
шырағын,
Қауіптен бе,
шырағым.
«Жолың ашық,
өте бер»,
Жасап алға мың адым.
Тақтадан слайд арқылы
көрсетіледі.
ІІІ. «Белгілерді
құрастыру және айтып беру». Оқушылар алған жарты
белгілерінің екіншісін тауып құрастырады.
І топқа.
Балаларды тасымалдау
белгісі мен велосипед жолының суреті берілген
.
Мұғалім:
Оқушылар, өздерің
білесіңдер, біздің ауылымызда орнатылған бағдаршам жоқ
екенін. Біз күнделікті сабаққа қалай келіп жүрміз? Мектепке келерде
машиналар ары-бері жүріп жатқан жолдан қалай өтіп
жүрсіңдер?
Оқушы:
Мен жолдан
өтерде ең бірінші сақтықты ойлап, жан-жағыма қарап аламын. Егер өте
алмайтындай жағдай болса, ересек оқушылардан қолдау күтемін.
Олар мені тасымалдап өткізіп салады.
ІІ топқа.
Алғашқы медициналық көмек
пункті мен жаяу өтпе белгісінің суретімен
көрсетілген
Мұғалім:
Қалалы
жерде көшемен келе жатып, бағдаршамы жоқ көшеден қиып өту керек
болды. Ал енді қалай өтесіңдер?
Оқушы:
Егер ондай жағдай болса, Жол
ережесін бұзбай, «Жаяуларға арналған өтпе» жолдан
өтемін.
Мұғалім:
«Жаяуларға
арналған өтпе жолды» қалай айырасың?
Оқушы:
Жол
шетінде тұратын нұсқаулық белгілерге қарап
білемін.
ІІІ
топқа. Жер үсті өтпесі
мен жер асты өтпесі суретімен көрсетіліп берілген
.
Мұғалім:
Үлкен қалалы жерлерге
барғанда тағы да қандай қауіпсіз жерлермен жүру
керек?
Оқушы:
Үлкен қалаларға
барғанда «Жер үсті өтпе» және «Жер асты өтпе
жолдарымен» жүрген қауіпсіз болмақ.
ІҮ. Сергіту
сәті.
Интерактивті тақтадан ойын
ұйымдастыру.
1. Аялдамада тұрған көлікті,
автобусты, машинаны қалай айналып өту керек?
(Аялдамада тұрған автобусты не машинаны
тек арт жағынан айналып өту керек.)
2. Балалар, сендерге қай
жерлерде ойнау керек? (Арнайы алаңдарда ойнау керек)
3. Бағдаршамы жоқ көшеден
қалай өтеміз? (Әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң
жаққа қараймыз)
Ү. «Артық болмас
білгенің». Пайдалы нұсқаулық кеңестер.
1. Алғашқы медициналық
көмек пункті.
2. Велосипед
жолы. (Велосипедті жүргіншілерге арналған
белгі)
3. Жаяу жүргіншілерге
арналған ақ жолақ.
4. Реттеуші.
(Бағдаршамы жоқ не бағдаршамы өшіп қалған
көшеде жол қозғалысын реттеп тұрады.)
5. Жаяу жүргіншілердің
қозғалысына тыйым салынады. Жаяу жүргіншілерге арналған ақ
жолақ
Жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салу белгісі ,
реттеушілердің суреті берілген.
Қорытынды. Балалар, біз бүгінгі сабағымыздан көшеде қалай
жүру керек екен білдік. Жол бойындағы нұсқаулық белгілер бізге
әрқашан сенімді көмекші болады. Біз үнемі оларға үнемі мән беріп,
аса көңіл бөлуіміз керек екен.
Ендеше бәріміз
орнымыздан тұрып, «Бағдаршам» әнін хормен айтайық.
Мұғалім:
қане, балалар,
тақтадағы «Бағдаршамға» назар аударайық.
Тақтадағы Бағдаршам қызыл
көзін жағады. Оқушылар қозғалмай тұрады.
Тақтадағы Бағдаршам сары
көзін жағады. Оқушылар жүруге дайындалады.
Тақтадағы Бағдаршам жасыл
көзін жағады. Оқушылар орындарынан қозғалып, сыныптан шығып
кетеді.
Бағдаршам әні
Көреген, дәу,
қырағы,
Көшемізде тұрады.
Оның аты –
бағдаршам,
Жол сілтейді
әрқашан.
Ол бергенде
команда,
Бағынамыз
әманда.
Қайырмасы:
Ашса кезек үш
көзін,
Айтты деп ұқ үш
сөзін.
«Тоқта! Сақтан! Жол
ашық!»
Жүрме жолға
таласып.
Қызыл көзін
ашқанда,
Сынық сүйем баспа
алға!
Сары көзін
ашқанда,
Қарап қалма
аспанға!
Жасыл көзін
ашқанда,
Өте бергін
жасқанба