Материалдар / Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушыларға тәжірибе алмасу мақсатында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2018
632
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі»МКҚК


САБАҚ ЖОСПАРЫ №

Күні

Топ










Пән:Қазақстан тарихы


Сабақтың тақырыбы: Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар , туыстық қатынастар ,қоғамдағы түрлі топтар қызметі туралы түсінік беру

Дамытушылық:Білім алушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық ізденіс,дағдыларын сыни тұрғыдан қалыптастыру,еркін ойын айта білу мен сөйлеу мәдениетіне баулу.

Тәрбиелік: Білім алушыларға тақырыпты түсіндіре отырып, патриоттыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: карта, слайд

Негізгі әдебиеттер: Қаз. тарихы - М.Қойгелдиев Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, Қаз. тарихы С.Смағұлов; Қаз. тарихы Қ.Сосанов «Анықтамалық құрал» ; Х.К.Ермуханова Қаз. тарихы. «Шың кітабы»


Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі:(Сәлемдесу, білім алушылар даярлығын тексеру)

II.Үй тапсырмасын тексеру:

«Миға шабуыл»

1.Түрлі үй жануарларының Қазақстан жерінде қолға үйретілген уақыты мен алғашқы пайда болған аймақтарын атаңдар?

2.Жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылықтар қалыптасқан аймақтарды атаңдар?

3.Әр заманда Қазақстан жерінде өсірілген түлектер, олардың шаруашылықтағы орны?

4. Мал шаруашылығының түрлері, таралу аймақтары


ІІІ. Білімдерін тексеру:

1.Көшпелі қоғам жөніндегі Еуропа ғалымдары мен кеңестік тарихшылардың пікірлерін қандай екі топқа жіктеуге болады?

2.Көшпелілік эволюциясы деген не?

3.Көшпелілікті зерттеген ғалымдар кімдер?


ІҮ. Мақсат қою:

Ү. Жаңа сабақ:

Көшпелі қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық қатынастар туыстық жүйеге негізделді. Қазақ қауымындағы қоғамдық-әлеуметтік қатынастар көп жағдайда туыстық қатынастармен астасып жатыр. "Туыстық жүйені ылғи да қандас туыстық" деп түсінуге болмайды. Көшпелілерде шынайы қандас, ортақ ата-тектен тараған жүйе бар да, жалпы генеалогиялық туыстық жүйе бар.Дәстүрлі қазақ қоғамында ел, жүз, тайпа, ру, ағайын, жақын ағайын, туыс, жақын туыс, ата баласы, бір әке баласы деген туыстық атаулар бар. "Ел" деген ұғымға бүкіл қазақ халқы кіреді. Қазақтардың өз түсінігі бойынша, жүздер қандас туысқандыққа негізделген бірлестіктер. Үш жүздің арғы атасының аты — Қазақ, одан Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Кіші жүз) деген үш ұл тарайды. Сол үш ұлдан үш жүзді таратады. Шежірелік бұл аңызды тарихи шындық деп қарауға болмайды. Бұл көшпелі қоғамның рулық идеологиясы туғызған аңыз. Көшпелі қоғам туыстық қағида бойынша бірігеді. Кейін отырықшы халықтарда ең жақын туыстық қағида ғана сақталып, қалған бірлестіктер аумақтық жақындық, яғни көршілік қағидаға негізделетін болған. Қазақ халқының құрамына кіретін үш жүздің баласының алыс этногенетикалық туысқандығы бар екендігін жоққа шығаруға болмайды.[1]

Қазақтың әр жүзінің өзі үлкен тайпалардан тұрады. Бұл жерде бір нәрсені ескерте кеткен жөн. Қазақтар тайпа деген атауды көп қолданбайды. Оның себебі бұл сөздің бізге арабтардан келгендігінен болса керек. Бірақ ғылыми әдебиетте "ру" деген сөзді орыстың "род", ал "тайпа" деген ұғымды "племя" деген сөзбен атау қалыптасқандықтан, біз рудан үлкен, бірнеше рудың бірлестігі болып табылатын этностық құрылымды тайпа деп атап жүрміз. Әйтпесе "тайпа" ұғымы кей өңірлерде ру ұғымынан тар шеңберлі ұғым болып есептеледі.Сонымен, тайпа дегеніміз—жүздерді құрайтын үлкен ру бірлестіктері деп түсінгеніміз жөн Біздің пайымдауымызша, шын қандас туыстық жүйе көбінесе 7 атадан басталып, 15—20 атаға дейін барады. Әдетте, мұндай туыстық жүйе ру деп аталады. Рудың ішіндегі жақын туыстар деп 7 атаға дейінгілер есептеледі. Әріден келе жатқан үлкен руларда қандас туыстықпен қатар жай генеалогиялық (шежірелік) туыстық қалыптасқан. Рулардың өсіп-өну үдерісінде олар әр түрлі тарихи себептермен (соғыс, жер ауып көшу) өзара араласып сіңісіп отырған. Рудың өзінің көшіп-қонатын аумағы, рулық таңбасы, ортақ ұраны болған. Ұран ретінде сол рудың белгілі бір атақты адамының аты қабылданатын. Қазақ жөн сұрасқанда: "Қай рудансың?", "Қай елсің?" — деп сұраған. Мысалы, басқа тайпа арасына барғанда, алдымен қай жүзден, қай рудан, сол рудың ішіндегі қай тармақтан екенін, содан соң қай атадан тарайтынын айтқан. Мысалы: "Ұлы жүзбін, оның ішінде дулатпын, дулаттың ішінде жаныспын, оның ішінде жантумын, одан өтеміспін", — деп, бергі атасына дейін атап береді. Қазақ ру-тайпалары өзара қатты араласқан. Бұл араласу, бір жағынан, бір-бірімен некелік қатынастар арқылы болса, екінші жағынан, ел басына күн туған соғыс, жұт, әр түрлі жұқпалы аурулардан қоныс аударудан болған. Сонымен қатар ру-тайпалардың араласуына тайпалар, рулардың бір саяси-этностық одақтар құруы әсер етіп отырған. Қазақтың "Қарға тамырлы қазақпыз" деген нақылы олардың бір-бірімен туыстас екендігін көрсетеді.Қазақ қоғамының жүзге, руға бөлінушілігінің кейде келеңсіз, жағымсыз жақтары да бар. Өзінің шыққан тегін, аталарының шежіре тарихын әркім білуі керек. Онсыз адам тексіз, өнегесіз болып өседі. Бірақ өз шыққан тегін біле тұра, бүгінде сол ру-тайпалардан сан ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ деген біртұтас халықтың ұрпағы екенімізді ешқашан ұмытпауымыз керек. XVIII—XIX ғасырлардағы дәстүрлі қазақ қоғамы әлеуметтік, таптық жікке бөлінген қоғам еді. Қазақта байлар, орта шаруа және кедейлер табы болды. Дәстүрлі қазақ қоғамында қанау бүркенішті әдістермен жүргізіліп, езгі түрінде болмағандықтан, таптық қарама-қайшылық қатты шиеленісте болған жоқ. Көшпелі қазақ қоғамында өзінің басқару жүйесі болды. Көне заманда қазақ жерінде сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың мемлекеттері болды. Орта ғасырларда наймандардың, керейлердің, жалайырлардың, қыпшақтардың мемлекеттіліктері болды. XIV ғасырға дейін Қазақстан жерінде әр түрлі мемлекеттер болды, XV ғасырдан бастап Қазақ хандығы құрылды. Бұлардың барлығы да көшпелі қауымдастықтар құрған мемлекеттер. Сондықтан көшпелілерде мемлекеттілік болған жоқ, ал болса, "олар мемлекеттік басқару жүйесінің үлгісін отырықшы халықтардан алды, үйренді" деген пікірлер мүлдем қате.Қазақ жерінде хандық басқару жүйесі қалыптасқан XV—XVIII ғасырлар аралығындағы көшпелі қоғамның билік жүйесінде елдің ең жоғарғы саяси билігін хан жүргізді. Хан өкіметінің төмендегідей өкілеттігі және қызметі болды:

  1. Хан бүкіл елдің, жердің иесі, қожайыны, басқарушысы болып есепте лді. Қол астындағы елді, жерді қорғау — оның басты міндеті саналды.

  2. Хан бөтен елге соғыс ашу немесе бейбітшілік жөнінде келісім жасауға құқылы болды.

  3. Хан бүкіл қазақ елінің атынан шетелдермен келісімшарттар жасады.

  4. Хан елдің жоғарғы сотының қызметін атқарды, біреуді өлім жазасына бүйыруға немесе кешіруге құқылы болды.

  5. Хан бүкіл елге қатысты заңдар, Жарлықтар шығарды.

Қазақ хандарының жанында ақылшысы, кеңесшілері, төбе билері, жасақтары, іс жүргізуші мемлекеттік қызметкерлері болды. Хан жергілікті жерлерді өзінің әрбір жүздегі өкілдері — сұлтандар арқылы, үлкен тайпа көсемдері — билер, ру-тайпа ақсақалдары арқылы басқарды. Қазақ жүздерін, үлкен тайпалар мен руларды басқаруда билер кеңесі үлкен рөл атқарды. Жергілікті жердегі билікті билер, ру ақсақалдары жүргізді. Көшпелі қазақ қоғамында ел қорғаған батырлардың орны ерекше болды. Олар елін, жерін жаудан қорғады, жастарды соғыс өнеріне тәрбиеледі. Жалпы, арғы заманғы дәстүрлі қазақ қоғамында батырлардың орны ерекше болды. Оны олардың батырлар жырындағы бейнесінен байқаймыз.Көшпелі қазақ қауымында абыздардың, жыраулардың, бақсыбалгерлердің де өз орны болды. Абыздар мен жыраулар елдің рухани мәдениетін, оның елдік идеологиясын жасаушылар болды. Олардың ақылына, сәуегейлік көріпкелдігіне ел билеушілер, тіпті ханның өзі де құлақ асып, санасты. Сонымен, көшпелі дәстүрлі қазақ қоғамы өзінің бірнеше сатылы этностық құрылымы бар, саяси-потестарлық, әлеуметтік басқару жүйесі бар, этностың тіршілік қамын түгелдей қамтамасыз ететін нысандары бар қоғам.


VІ. Бекіту:

1.Көшпелі қоғамдағы туыстық қатынастар туралы не білесің?

2.Қазақ жүздерінің шығуы жайында қандай көзқарастар бар?

3.Ру дегеніміз не?

4.Тайпа дегніміз не?

5.Рудың, тайпалық құрылымның туыстық жүйедегі орны мен мәні қандай?

6.Қоғамдағы таптық, әлеуметтік жіктелудің түрлері мен сипаты қандай?

7.Қоғамындағы басқару жүйесіндегі ерекшкліктер?



ҮІІ. Қорытынды: Білім алушылар білімін бағалау, рефлексия


ҮІІІ. Үйге тапсырма: §20 оқу, мазмұнын айту



Оқытушы________________


Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары ____________________
























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!