400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг: "2- сыныптарда Lesson Study бойынша сабақтар жүргізудің тиімділігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
2- сыныптарда Lesson Study бойынша сабақтар жүргізудің тиімділігі туралы мұғалімдермен жүргізілген коучинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучингтің тақырыбы

2- сыныптарда Lesson Study бойынша сабақтар жүргізудің тиімділігі

Коучингтің мақсаты

   Мұғалімдер «Сабақты зерттеу» тәсілін мектепте жүзеге асыру жолдарын қарастыру. Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсыну. Тәжірибені жетілдіру ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.

Күтілетін нәтиже

      Мұғалімдер бірлесіп оқуды пайдалана отырып, мектепте Сабақты зерттеу тәсілін іске асыру жұмыстарын жасайды. Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және онын сапасын арттыру құралы ретінде Lesson Study-ді пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын; Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді, мұғалім әрбір жеке оқушының  оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады; Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

 - Педагогикалық тәжірибені дамыту мақсатында мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеу керек.

 - Сабақты бірлесіп жоспарлау, сабақтарға өзара қатысу мен талқылау оқытуды жақсартуға көмектеседі.

Материалдар және ресурстар

Компьютер, интерактивті тақта, үлестірме материалдар, маркерлер, стикерлер, плакаттар, тапсырмалар, мөр

Коучинг барысы


Уақыты

Коучердің  іс- әрекеті

Мұғалімдердің іс- әрекеті

Ресурстар

Сәлемдесу

«»

2 минут

(кірген мұғалімдердің қолына мөр қою)

- Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Жақсы жұмыс жасауға, жақсы көңіл күй керек.

-Ол үшін біз қолданып жүрген формативті бағалау тәсілдерінде қолданып жүрген сөздерді бір-бірімізге айтсақ.

-Қазір оқушының орныда өздеріңіз болып, осы сөздерді естігенде қандай көңіл куйде болдыңыздар?

Мұғалімдер орнынан тұрып, бір-біріне формативті бағалау тәсілдерінде қолданып жүрген сөздерді айтады

Мөр, әуен

Шағын топқа бөлу 1 минут

Коучингке кірген кезде әр адамның қолына мөр қойылған. Ол 2 түрлі. Сол суреттер бойынша 2 топқа бөлініп отыру


2 түрлі мөр бойынша 2 топқа отырады


Миға шабуыл

7 мин.

«Еліміздің ертеңі — білімді ұрпақтың қолында, білімді ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында  — демекші құрметті мұғалімдер дамыған елдің қатарына қосылуымыз үшін білімді ұрпақты дайындау үшін мұғалім қауымы шебер болу керек деген ойдамын,  енді сіздермен мынандай «Ашық және жабық сұрақтар» жүргізбекшімін! Өз ойларыңызды айтсаңыздар. Тақырыпты ашуға бағытталған ашық , жабық сұрақтар:

Жұптық жұмыс:

1. Сабақта материалдарды барлық оқушы меңгеріп, бірдей дәрежеде игеріп кетеді деп ойлайсыз ба?
2. Күнделікті сабақтарыңызда барлық оқушыны бақылай алуға мүмкіндігіңіз бола ма?
3. Мұғалімге  барлық балалармен жеке жұмыс жасауына мүмкіндігі бар ма?
4. Сабағыңызды жоспарлауда немесе сабақты өткізуде басқа әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс жасап жүрсіз бе?

Әр жұп берілген сұрақтарға ойланып, өз ойларын, пікірлерін айтады.

Интерактивті тақта

Негізгі кезең:

2 минут

Міне, Lesson Study-де сабақты бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Осы тақырып бойынша үлгерімі жоғары, орта және төмен болып табылатын үш оқушыны айқындаймыз.

  (Презентация арқылы «Lesson study» әдісі туралы қысқаша түсінік беру)

Мұғалімдер мұқият тыңдап,өз ойларын ортаға салады, параққа жазады

Интерактивті тақта, слайд

 Топтық талқылау

10 мин.

1 топ: Сіз қалай ойлайсыз, мұғалімдерге бірлесіп «Сабақты зерттеу» жүргізуге қандай жағдайлар ықпал етеді, тиімділігі?
2 топ: Мұғалімдерге бірлесіп «Сабақты зерттеу» жүргізуде қандай кедергілер кездеседі
, жою жолдары:

Сұрақтарға топта әрбір қатысушы өз ойын айтады.



МАН


Рефлексия

 5 мин

Притча «Морковь, яйцо, кофе»

Міне, әрбір алдымызда отырған баланы өзгерту, дамыту біздің қолымызда екен.

 «Мен бәрін түсіндім, өзгеге көмек көрсете аламын»

«Мен тақырыпты түсіндім. LS –ды өткізуге қарсы емеспін»

«Мен тақырыпты түсінген сияқтымын, бірақ маған көмек қажет»

Қатысушылар видео арқылы өз ойларын ортаға салып, қорытындылайды.

Мұғалімдер қолдарындағы стикерлерге аттарын жазып, өз қалаулары бойынша жапсырады

Тақта, видео



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
29.11.2018
1052
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі