Коучинг - сессия "АКТ-ның пайдасы мен зияны"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг - сессия "АКТ-ның пайдасы мен зияны"

Материал туралы қысқаша түсінік
аттестация
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп

Қарқаралы ауданы

Егіндібұлақ ауылы

ЖББ №5 орта мектеп

Коуч

Кошкимбаева Алия Думанбековна

Коучинг - сессияның тақырыбы

АКТ-ның пайдасы мен зияны

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық, интернет-ресурс.

Жалпы мақсат

АКТ-ның тәжірибеде қолданудағы пайдасы мен зияны туралы

ата–аналарға бағыт-бағдар беру; мектептегі балалардың компьютерлік ойындардағы, зорлық-зомбылық пен мейірімсіздіктің алдын алу мақсатында, әлеуметтік-кәсіби өнімдердің бала тәртібіне, тәрбиесіне, мінез-құлқына әсер етуін анықтау және кері әсерін ата–аналарға жеткізу.

Күтілетін нәтиже

Коучинг барысында ата–аналар  жұмылып кіріссе бала тәрбиелеуде, шешуін таба алмай жатқан мәселелер болса  бірлесіп, ортаға салып, балалардың ақпараттық технологияны пайдалануына шек қою қажеттігін түсіну.

Негізгі идея

Компьютердің пайдалы және зиянды жақтары бар екеніне көз жеткізу.

Ресурстар

Презентация, видеороликтер, үлестірме материалдар, стикерлер, ағаштың суреті.

Қатысушылар

Ата-аналар

Коучинг - сессияның өту барысы

Кіріспе

2 минут

Коучинг-сессияның мақсат-міндетімен таныстыру.

Топқа бөлу

3 минут

Үлестірме материалдар бойынша төрт топқа бөлінеді:

алма – жеміс – балалар;

құрт – вирустар – гаджеттер;

құс – қорғаушылар – ата-аналар;

күн – жарық – мұғалімдер.

Топ ережесін қайталау

2 минут

Ата-аналар топ ережелерін еске түсіреді

Ой қозғау

2 минут

- Қанша уақыт сіздің балаңыз компьютердің алдында өткізеді?

- Сіздің балаңыз қандай ойындар ойнайды? Сіздерге ол ойындар таныс па? Ол ойындардың ережелерін білесіз бе?

- Сіздің балаңыз қандай сайттарға кіреді және қандай мақсатпен?

- Сіз балаңызға компьютерден керекті ақпарат алуына көмектесесіз бе?

1 тапсырма «Сиқырлы ағаш».

4 минут

Топтық жұмыс. Әр топ өз тапсырмаларын орындайды.

1 топ «Алма»: АКТ-ның пайдасы туралы алмаға жазады.

2 топ «Құрт»: АКТ-ның зияны туралы құртқа жазады.

3 топ «Құс»: АКТ-мен қалай дұрыс жұмыс істеу керек екені туралы шешім шығарып, ақыл-кеңес береді, құсқа жазады.

4 топ «Күн»: Мемлекеттік органдар қандай қауіпсіздік шаралар өткізеді және бақылау жұмыстарын жүргізеді.

2 тапсырма. Таныстырылым.

6 минут

Әр топтан бір спикерден шығып қорғайды және өз жұмыстарын «Сиқырлы ағашқа» жабыстырады.

Бағалау «Жүрек»

1 минут

Жұмыстарын жақсы қорғаған топқа әр топ өз «жүректерін» сыйлайды.

3 тапсырма «Жағдаяттар шешу»

8 минут

Топтарға үлестірме материалдар беріледі. Жагдаяттардың шешімін тауып, қойылым көрсету керек. (Қосымша)

Бағалау «От шашу» 1 минут

Топтар бір бірін бағалайды.

Видеоролик көрсетілімі 1. Талқылау.

5 минут

АКТ-ның пайдасы мен зияны туралы мәлімет беру.

Видеоролик көрсетілімі 2. Талқылау.

3 минут

- Осы берілген видеороликтен не түсіндіңіздер? (Баланың психикасының бұзылуы, агрессия).

- Бұның қалай алдын алуға болады?

Қосымша ақпарат.

- Балалар тыйым салынған сайттарға кірмеу үшін, компьютерге «Ата-ана бақылау» бағдарламасын орнату керек.

Видеоролик көрсетілімі 3. Талқылау. 5 минут

Ұсынған видеороликтің қорытындысы. Ұсыныстар.

Кері байланыс

2 минут

Коучингтің өту барысының бағалауын қатысушылар «Телеграммаға» жазады. Кері байланыс береді.

Рефлексия 1 минут

Қатысушылар «Телеграммаларын» плакатқа жабыстырады.

Алма – Түсінікті және пайдалы.

Құрт – Әлі сұрақтар қалды.

Құс - Басқаларға көмектесе аламын.

Қосымша

«Жағдаяттар шешу»

1 жағдаят:

Дамир ойынға беріліп компьютер ойнап отыр. Компьютер ойындардың дыбыстары қатты естіліп жатты. Бөлмеге анасы кіріп, баласын түскі асқа шақырады. Баласы ашуланып түскі асқа бармайды.

  • Балама не болды? – деп анасы қынжылды.

  • Дамир, сен барлық сабақтарынды оқыдын ба? – деп әкесі сұрады.

  • Жоқ, әке. Қазір ойнап тастайын, сосын орындаймын.

Содан кейін әжесі немересіне дүкенге нанға барып келуін өтінді.

  • Әже, мазамды алмашы, ойынды әлі аяқтаған жоқпын –деп немересі жауап берді.

  • Қандай тілалғыш бала еді, үнемі көмектесетін. Енді өзіме баруыма тура келеді. Осының бәріне компьютер кінәлі!

Осындай жағдайларға тап болсаңыздар, сіздердін әрекеттерініз.

2 жағдаят:

Әкесі планшеттен кино көріп отырады, ал анасы ұялы телефон арқылы хат алмасып отырады. Баласы анасына үй тапсырмасына көмек тесуін өтінеді.

Анасы: - Тұратұршы, қолым тимей жатыр. Әкенең сұрашы.

Баласы әкесіне тақалып, көмек сұрайды.

Әкесі: - Бар, ойнай тұр! – деп айқай салады. - Сосын қарастырамыз.

Баласы кітабын құшақтап, ренжіп кетіп қалады.

Осындай жағдайларға тап болсаңыздар, сіздердін әрекеттерініз.

3 жағдаят:

Балаңыз компьютер ойының қызығушылықпен ойнап отырған кезінде бағдарлама дұрыс жұмыс істемей қалды. Бала ашуланды.

Осындай жағдайларға тап болсаңыздар, сіздердін әрекеттерініз.

4 жағдаят:

Сіз баланыздың жеке парақшасына рұқсатсыз кірдініз. Сіздің баланыз таныс емес ер - азаматпен хат алмасады екенін біліп қоясыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.06.2019
1251
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі