Материалдар / Коучинг « Сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы әңгіме -дебаттың рөлі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коучинг « Сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы әңгіме -дебаттың рөлі»

Материал туралы қысқаша түсінік
« Сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы әңгіме -дебаттың рөлі» Сабақ барысында сөйлеу дағдысы мен таным деңгейін қалыптастыруда диалог арқылы сын тұрғысынан ойлаудағы әңгіме-дебаттың рөлін түсіну Коучинг барысында мұғалімдер әңгіме-дебаттың оқушылардың сөйлеу,ойлау және таным дағдыларын дамытатын оңтайлы тәсіл екенін түсінеді. 1.Мұғалімдер диалог арқылы сын тұрғысынан ойлаудағы әңгіме-дебаттың рөлін түсіне алады. 2. Мұғалімдер әңгіме-дебат арқылы тың идеяларды ұсынады және қорғайды. 3.Сын тұрғысынан ойлау арқылы тұжырымдамаларға сүйене отырып,диалог жұмысқа белсене қатысады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1254
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән мұғалімі: Турарбаева К.О

Коучинг жаспары

Коучинг тақырыбы

« Сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы

әңгіме -дебаттың рөлі»

Жалпы мақсаты:

Сабақ барысында сөйлеу дағдысы мен таным деңгейін қалыптастыруда диалог арқылы сын тұрғысынан ойлаудағы әңгіме-дебаттың рөлін түсіну

Оқу нәтижелері:

Коучинг барысында мұғалімдер әңгіме-дебаттың оқушылардың сөйлеу,ойлау және таным дағдыларын дамытатын оңтайлы тәсіл екенін түсінеді.

Түйінді

идеялар:

1.Мұғалімдер диалог арқылы сын тұрғысынан ойлаудағы әңгіме-дебаттың рөлін түсіне алады.

2. Мұғалімдер әңгіме-дебат арқылы тың идеяларды ұсынады және қорғайды.

3.Сын тұрғысынан ойлау арқылы тұжырымдамаларға сүйене отырып,диалог жұмысқа белсене қатысады.

Қосымша оқу

Презентация, бейнероликтер ,постер, маркер,стикер, А4 парақтары,МАН-30-37 –бет

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

Кіріспе.

(5 мин)

Ой тастау.«Ауызша тәжірибе алмасуға қалай қарайсыз?

Мақсаты:Қатысушылардың ой-пікірлерін білу

Коучингке қатысушылар өз ой,пікірлерін айтады

Психологиялық ахуал:

5 мин


«Шаттық шеңбері» ( Коучингке катысушылар бір – бірінің қолынан ұстап, тілек айтады.

Мақсаты: жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Коучке қатысушылар шеңберге тұрып, бір – біріне тілек айтады

Топқа бөлу

(5 мин.)

«Жемістер салаты» әдісі арқылы топқа бөлу.

Мақсаты: топта өзара әрекеттестікте жұмыс істеу арқылы кедергілерді жою.

Нәтижесі:бірін – бірі сыйлау, құрметтеуге дағдыланады.

Коучке қатысушылар «Жеміс салаты» әдісі арқылы 2 топқа бөлінеді .

Бейнежазба көрсетілімі

(10 мин)


Тапсырма:«2 оқушының әңгімесі» бейнежазба көрсету.Осыған байланысты бағыттаушы сұрақтар қойылады.

а) Бұл бейнежазбадан не көрдініздер?

б)Бүгін біздің коучингіміз не туралы болады деп ойлайсыздар?

Мақсаты: Бейнежазбаны көрсету арқылы топтық жұмыстың тиімділігі туралы ой қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Бейнероликті көрсету арқылы ұстаздарды әңгімеге тарту,коучингтің тақырыбын ашқызуға ой түрткі беру.

Мұғалімдер бейнежазбаны көріп болғаннан кейін

2 оқушының іс- әрекетін сипаттап, топ ішінде талдайды, ортаға салады.


ЖИГСО әдісі

25 мин.

Тапсырма: ЖИГСО әдісі

«Оқытудың қаңдай түрлері арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады?» тақырыпты бөлімге бөліп оқу.

Мақсаты:Әңгіменің 3 түрімен танысу барысында әңгіме-дебаттың тиімділігін біледі.

Нәтижесі: әңгіме-дебаттың 3 түрімен танысып,тиімділігі туралы біледі.

Нұсқаулық: "ЖИГСО" стратегиясын қолдана отырып, тақырыпты бөлімге бөліп оқуға тапсырма беріледі. Оқыған бөлімдерін жұп болып, бір- біріне түсіндіреді,топ ішінде талдайды. Постер қорғайды.

Мұғалімдер

  • жеке оқиды.

  • Жұппен талқылайды.

  • Топ ішінде түсіндіреді.

  • Топпен бірлесіп постер қорғайды;

  • МАН-70-бет


Таныстырылым

4 мин.

Тапсырма:«Сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы әңгіме -дебаттың рөлі» туралы презентация көрсету.

Мақсаты: Әңгіме –дебатты сабақта қолданудың тиімділігі туралы нақты көзқарас қалыптастыру.

Нәтижесі: Коучке қатысушылардың теориялық білімдері қалыптасады.

Смайликпен бағалау.

Мақсаты: Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін қолдана білуге үйрету.

Нәтижесі: Қалыптастырушы бағалау түрлерін меңгереді.

Презентациямен танысып,нақты көзқарас ,теориялық білімін қалыптастырады,

Сергіту сәті

«Ақ бұлақ» (5 мин.)

«Ақ бұлақ» атты бейнеролик негізінде әріптестеріме жаттығу жұмыстарын орындату.

Көңіл күйлері көтеріліп, денелері сергиді.

Әңгіме-дебат

«ПОПС» әдіс

15 мин.

Тапсырма: «Талант туа қалыптаса ма,жүре қалыптаса ма? Әңгіме-дебат өткізу.

1-топ: «Талант туа қалыптасады»

2-топ: «Талант жүре қалыптасады»

Мақсаты: «Талант туа қалыптаса ма,жүре қалыптаса ма?»– әңгіме дебат жүргізу арқылы алған білімдерін жинақтайды.

Нәтижесі: әңгіме-дебат әдісін сабақта қолданады, өз ойларын дәлелдеп,тұжырымдап ,жүйелі сөйлеп үйренеді.

«Әңгіме-дебат не үшін қажет?» – деген сұраққа ПОПС әдісі бойынша жауап береді.

Нұсқаулық:

1.Пікір. Мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірін бір сөйлеммен келтіру.

2.Дәлел. Келтірілген өзіндік пікірді бір сөйлеммен дәлелдеп шығуы

3.Мысал. Енді өзіндік пікірді тағы да негіздеп кету үшін бір сөйлеммен мысал келтіру қажет.

4.Қорытынды. Өзіндік пікірді тағы да бір рет пысықтап, қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтіру.

Коучке қатысушылар әңгіме-дебат,ПОПС әдісін пайдалана отырып білімдерін жинақтайды


























Бағалау.3 мин

Әр топ бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды

Рефлексия



(3 мин.)

«Cиқырлы қалпақ» бойынша рефлексия жасалады.

Кері байланыс ББТ

Ұстаздар сабаққа қатысты өзіндік ой- пікірлерін, алған әсерлерін жазады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!