Балаың өмірге бейімделуіне мектеп, ұстаз
және ата-ананың орны бөлек. Құзіретті тұлға қалыптастыруда оқыту
мен тәрбиелеуде жарасымдылық мектеппен ата-ананың әлеуметтік
ортаның бірлесіп жұмыс істеген жағдайда үйлесімділік табады.Ендеше
бүгінгі коучингімізді танысу тренингінен бастайық.Ортаға
ата-аналар, мұғалімдер «Шаттық шеңберін» құрайды.Шеңберіміз-көктегі
жылу беретін күн тәрізді дөңгелек. Шеңберге тұрып біз-
бір-бірімізге жылылық, жақсылық сыйлайық.Ата-ана, мұғалімдер
есімдеріне сын есім қосып айту арқылы тілектер
айтады.
Еркін
атмосфера орнату , жақынырақ танысу, мұғалім мен ата-ананың жеке
тұлғаның қасеттерін тану, білу мақсатындағы қарым- қатынас
мәдениетін орнықтыру.
Жемістер таңдау арқылы топқа бөлініп
отырады. Ақшыл жеміс-ақылдылықтың белгісі, сары жеміс- байлықтың
нышаны, қызыл жемісті таңдағаныңыз – бақытқа
кенелгеніңіз.
Абайдың «Он тоғызыншы қара сөзінде»
:
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды:
естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды
таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.
Естілердің айтқаныны ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.»деген
ақын мұрасының өміршеңдігі замана озған сайын маңызы арта
түседі.Бүгінгі күні жеке тұлғаны дамытуға бағдарланған ізгілікті,
шынайы бүкіл адамзаттық құндылықтарды алға шығаратын білім беру
жүйесін қалыптастыруда ірі-ірі қадам жасалынуда Қазақ халқының
тұңғыш ғалымы Ш.Уәлиханов : «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін
ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген болатын.Білімі мен
тәрбиесі ұштасқан құзіретті тұлға қалыптастыруда мұғалім мен
ата-ана рөлі қандай болмақ?
Топтарға жалпы
тапсырма:
-Құзіретті тұлға деген кім? )Құзіретті
тұлғаға қандай қасиеттер тән?? Тұлға қасиетін ашатын сөздер
тауып жазады. Сол сөздерден кластер құрастырады.
(қабілетті, өмірге сүруге бейім, коммуникативті, мәдениетті,
мақсатшыл, қызығушылығы жоғары, іскер, білімді, төзімді,
ұстамды)
Құзіреттілікті қалыптастыруға арналған
бейнеролик көрсетіледі.
Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау
оқушының «мен» ментолитетін және белгілі бір құзіреттілікті
қалыптастыру негізгі субъект болмақ. Құзіреттілік -белгілі сала
бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып,
қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады
дегенді білдіреді - деп көрсетеді.
Топтық тапсырма:
1- топ Осы сөздердерді негізге ала
отырып, құзіретті тұлға қасиеттерін
ашу.
2- топ. Құзіретті тұлға қалыптастыруда
мұғалімнің рөлі қандай?
3- топ. Құзіретті тұлға қалыптастыруда
ата-ананың рөлі қандай? деген сұрақтарға ой бөлісіп, постер
құрастырады. Тұжырымды ойларын ортаға
салады.
Карандаштың 5
қасиеті.
Бірде бала
әжесінің хат жазып отырғанын көріп:
-Әже, сіз
мен туралы жазып отырсыз гой, иә? –деп
сұрайды.
-Ия, сен дәл
таптың ,мен сен туралы жазып отырмын.Мұнда менің не жазып отырғаным
маңызды емес, менің немен жазып отырғаным маңызды.Мен сені өскенде
мына карандаш сияқты болғаныңды қалаймын,- дейді. Бала
карандашқа таңырқап қарайды, бірақ одан ешқандай ерекшелікті
таппайды.
Ол: -Мен көріп жүрген карандаштардан
өзгешелігі жоқ қой, -дейді
Әжесі: -Бәрі әр нәрсенің ішіне үңілуге
байланысты. Бұл қарандашта 5 түрлі қасиет бар.Ол саған өміріңе
қажет болады, -дейді.
Біріншіден, сен ақылды боларсың, бірақ сенің
бағыттаушы қолың бар екенін ұмытпа дейді
...... астарлы ой: сен
әрқашан өз алақаныңның еркіне сен,ол сенің жол сілтеушің,-
дейді.
Екіншіден, жақсы жазу үшін, мен ол
карандашты ұштауым керек. Бұл кезде ол карандашқа жанына ауыр
тиеді,бірақ ұшталған карандаш өте жіңішке
жазады. ........ астарлы ой: қандай
да болмасын қиындыққа төз және ол саған өмірлік сабақ болады,-
дейді.
Үшіншіден, Карандашпен жазғаныңның кейбірін
қатеге есептеп өшіргішпен кетіресің. ......
астарлы ой: Есіңде болсын, өз қатеңді түзеу- барлық жағдайда
жаман болмайды. Тура жолдан адаспауыңа көмектеседі,-
дейді.
Төртіншіден, карандаштың сырты ағаштан
жасалғаны, оның пішіні мәнді емес, оның ішіндегі графиті мәнді.
....... астарлы ой: Сондықтан әрқашан ішкі дүниеңде не болып
жатқанын ойла,- дейді.
Бесіншіден, карандаш әрине, жазғанда артында
із қалдырады........ астарлы ой : сен де карындаш сияқты өз
іс-әрекетіңмен артыңда із қалдырасың. Қоғамға пайдалы іс істейсің.
Әр қадамыңды ойлап бас,-дейді. Бұл сыни ойлауға арналған
тапсырмадағы астарлы ойды топ мүшелері өздері ой түйіп
айтады.Қызылмен көрсетілген сөздер
көрсетілмейді.
Құрастыру
бөлшектері арқылы бір заттың макетін
құрастыру.Құзіретті тұлғаны қалыптастыру идеясы болуы
шарт.
Сұрақтар : Сіз осы затты жасауға қандай
мақсат қойдыңыз? Қандай іс- әрекет болды? Сол жолда сізге не
қажет болды және қиындықтар кездесті ме?
2 жұлдыз,тілек әдісі бойынша әр топ
бірін-бірі бағалайды.
|