Материалдар / коучинг «Диалогтік оқытуды сабақта пайдаланудың тиімділігі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

коучинг «Диалогтік оқытуды сабақта пайдаланудың тиімділігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
тренерлер коучинг өткізуге таптырмас көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2020
339
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Талғар қаласы 3 жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі Темиржанова Майгүл Мұхитқызының

коучинг сессиясының жоспары

Тақырыбы:

«Диалогтік оқытуды сабақта пайдаланудың тиімділігі»

Мақсаты:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі - диалогтік оқытудың мәні мен маңызын ашу, әдістері мен талдау құралдары туралы мұғалімдердің білімдерін жетілдіру және тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру.

Міндеттері:

1. Мұғалімдерге оқыту үдерісіндегі диалогтік оқытудың маңызы мен түрлері туралы түсінік қалыптастыру;

2. Диалогтік оқыту білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың түрі екендігін ұғындыру;

3. Диалогтік оқытуды қолдану арқылы білім беру үдерісіне жаңашылдық енгізу;

Күтілетін нәтиже:

- мұғалімдердің оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің бірі - диалогтік оқытудың әдістері мен талдау құралдарын үйренеді;

- диалогтік оқытудың сабақта қолданудың тиімділігі жайлы мағлұмат алып, оны өз іс тәжірибелеріне енгізеді;

Негізгі түйінді идеялар:

Диалогтік оқыту - оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірден-бір тиімді стратегияларының бірі.

Диалог – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.
Диалогтік оқыту, әңгіме-дебат, кумуллятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық, 98-бет

Тренингтік ойындар мен жаттығулар, Жақсылықова К.З

Коуч-мұғалімнің жұмыс кітабы, Оракова А.Ш., Корнилова Т.Б., Жартынова Ж.А., Касымова А.А.

Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару, 67-70 беттер


Ресурстар:

Интерактивті тақта, презентация, бейнежазбалар, музыка, притча, тілек ағашы, түрлі-түсті стикерлер, түрлі-түсті төсбелгілер, таратпа материалдар, постер, маркерлер, тұз, түрлі-түсті борлар, бағалау парағы, «Екі жұлдыз, бір тілек» көрнекілігі

Уақыты:

60 минут


Коучинг сессияның өту барысы:

Коучинг кезеңдері

Уақыты

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру


1 минут

Коучингтің эпиграфы:

Бүгінгі коучингті Конфуцийдің мына нақыл сөзінен бастағым келеді «Маған айтсаң – ұмытамын, маған көрсетсең – түсінемін, ал менің өзіме істетсең – меңгеремін»



3 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Мұғалімдер бүгінгі коучингке қатысты стикерлерге тілек және коучингтен не күтетіндерін жазады.

Әр қатысушы стикерлерге жазылған тілек, пікірлерін оқып, тілек ағашына іледі.



Музыка,

тілек, пікір ағашы,

жүрек және жапырақ стикерлер

2 минут

Гүлді түрлі-түсті төсбелгілер арқылы топқа бөлу. Әр топтың атын қою.


1топ - «Раушан» тобы

2топ - «Қызғалдақ» тобы

3топ - «Баршынгүл» тобы



Түрлі-түсті төсбелгілер арқылы топқа бөлінеді














Түрлі-түсті төсбелгілер,

топ аттары жазылған рамкалар

1 минут

Коучинг басындағы көңіл-күйлерін бағалау парағына белгілету



Мұғалімдер бағалау парағына көңіл-күйлерін белгілейді

Бағалау парағы

3 минут

«Мен кіммін?» тренингін өткізу

- ал енді, жаңа сіздер не істедіңіздер?

- араларыңызда не болды?

Мұғалімдер өзара тілдеседі, әңгімелеседі



Стикерлер

1 минут

Ендеше, бүгінгі коучингіміздің тақырыбы

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту дегеніміз не?»

1. Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?
2. Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?
3. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы.




Презентация


5 минут

Слайд бойынша тақырыппен таныстыру

«Диалогтік оқыту» туралы презентация

Мұғалімдер презентациямен танысады



Презентация

Теориялық материал












15 минут

Топ мүшелерінің міндеттерін бөлгізу.


ДЖИГСО әдісі.

МАН бойынша диалогтік оқыту туралы таратпа материалдар ұсынылады.

(1-топта оқып, түсінгендерін постерга түсіру, 2-басқа топтарға қонаққа барып, топтарда талқылайды, 3-өз тобына келіп, алған мәліметтерді жинақтап, постерді толықтырады)

Постер салған кезде

осы сұрақтарды қамту:

1.Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?
2.Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?

3.Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы.

Стикерлер арқылы бағалайды (тиімді, тиімсіз тұстары)

Мұғалімдер материалды оқып, танысады, түсінгендерін постерга түсіреді,

топтарға қонаққа барып, талқылайды.


Постер қорғайды


Топтар бір-бірін бағалайды


Таратпа материалдар,

постер, маркер, стикерлер

Сергіту сәті

2 минут

Серігу сәтін жасату


Мұғалімдер сергіту сәтін жасайды


Сергіту сәті

Бейнефильм



12 минут

Бейнефильм көрсету:

«Егіздер» (әңгіме-дебат)

«Құдаймен тілдесу» (зерттеушілік әңгіме)

«Бастық пен қол астындағы жұмысшы» (куммулятивтік әңгіме

Бағыттаушы сұрақтар:

-Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңыздар?

-Үш бейнефильмнің айырмашылығы бар ма? Қандай?



Бейнефильмдердің қай әңгіменің түріне жататындығын анықтаңыздар.

(рөлдік ойын қолдануға болады, бірақ уақыт тығыз)

Мұғалімдер бейнефильмді көреді


Бейнефильм мазмұны бойынша өз ойларын айтып, ой бөліседі


Көрген бейнефильм бойынша әңгіменің түрлерін анықтайды

Бейнефильм

Тренинг

10 минут

«Бірлескен жұмыс» тренингін өткізу (тұз)

Топ мүшелері бірлесе отырып, ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Нәтижеге  жетуге бірлесіп ұмтылады, бір-бірін жетелейді



Притча, музыка, ваза, тұз,

түрлі-түсті борлар, қағаздар, стакан

Рефлексия

5 минут

Коучингті «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен қорытындылау. «Екі жұлдыз, бір тілек» көрнекілігіне өз пікірлерін жазған соң, тілек ағашына ілгізу.


Бағалау парағына коучинг соңындағы көңіл-күйлерін белгілету


«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Қатысушылар өз ұсыныстары мен тілектерін «Екі жұлдыз, бір тілек» көрнекілігіне жазып, тілек ағашына іледі



Мұғалімдер бағалау парағына көңіл-күйлерін белгілейді

Жасыл, сары, қызыл дөңгелектердің көмегімен бағалайды


«Екі жұлдыз, бір тілек»,

бағалау парағы, бағдаршам (жасыл, сары, қызыл дөңгелектер)
















Әңгіме-дебат барысында:

1)ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;

2)ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;

3)қарым-қатынас көбіне «Иә,бұл солай»,

«Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады.

4)Орта бірлесуден гөрі,көбіне бәсекелестікке бағытталған.


Кумулятивтік әңгіме барысында:

1)айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе береді;

2) әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылар өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайды;

3)идея қайталанады және жасалынады,бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.



Зерттеушілік әңгіме барысында:

1)әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;

2)әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен,мұқият бағалау жүргізіледі;

3)қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;

4)қатысушылар сұрақ қояды және оны дәлелдейді,осылайша әңгімеде дәлелдеме көрінеді;

5)топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады.



























1. Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?



















2. Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?




















3. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!