Материалдар / Коучинг. Кері байланыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коучинг. Кері байланыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
314
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы Арал ауданы

Қызылжар елді мекені № 81 орта мектебі

Акбергенова Салтанат Асылбаевна

География пәнінің мұғалімі

Жоғары санатты

Екінші/ негізгі/ деңгейлі мұғалім

Коучинг жоспары



Тақырыбы:

Кері байланыс – сабақтағы маңызды үрдістің бірі

Мақсат:

Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері мен оның маңыздылығы жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері мен әдістері жайлы ақпаратпен танысады. Кері байланыстың сабақтағы маңызды үрдіс екенін түсінеді. Оқушылардың көңіл-күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін біледі.

Түйінді идеялар:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Сабақтағы кері байланыс, оның түрлері, әдістері.

Сабақта қолданылатын материалдар:

А- 3 парақтары, интерактивті тақта, маркер, қалам,карточкалар,бейнеролик,кері байланыс түрлері кір жаятын жіпке қыстырылған А-5 қағаздары.

Оқыту әдістері:

АКТ

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3. Топтық жұмыс

Дереккөздері:

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді оқыту жөніндегі нұсқаулық» Мұғалімге арналған нұсқаулық,  Power Point


Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

Тапсырмалар Коучтың іс-әрекеті

І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу (5 минут) Келген әр қатысушығасәлемдесіп,сәттілік тілеймін.Коучингке қатысушы мұғалімдер орындарында отырады.

Топқа бөліну (2 минут)

 Кеспе қағаздары арқылы топқа бірігеді. (әріптен басталатын суреттер арқылы).

 Picture 70 Басталатын әріп суреттерін таңдау арқылы төрт топ болып бірігеді.Топ мүшелері бір-біріне сәттілік айтады.

 «Миға шабуыл» (10  минут)  «Жабайы қаздар» бейнеролик арқылы топтық жұмыс,топ ережесін шығару.

  Бастапқы кері байланыс.Көңіл-күй мен эмоциялық жағдайға кері байланыс.Мұғалімдердің коучингке эмоциялық тұрғыдан дайындығын байқау.
 Мұғалім сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды. (бұдан көңіл күйінің өзгерген, өзгермегенін білуге болады)

 Сұрақтар бойынша жеке жұмыс:

  1. Кері байланыс дегеніміз не?

  2. Кері байланыстың қандай түрлерін білесіз?

  3. Кері байланыс не мақсатпен жүргізіледі?

  4. Кері байланыс сабақтың қай кезеңінде жүргізіледі?

  5. Рефлексия мен кері байланыс синоним сөздер ме?

ШShape1 ағын дәріс  (10 минут)

  Power point арқылы кері байланыс түрлері, әдістері  туралы  қысқаша мәлімет беру және кері байланыс пен рефлексияның ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіремін. (слайд бойынша)

Мұғалімдер түртіп алады.

Сергіту сәті (3 минут)

 «Қалпағым менің үш бұрышты»

Сергіту сәті барысында мұғалімдер математикалық бұрыштар арқылы ,қимыл қозғалыстарын жасайды.

Топтық және шығармашылық жұмыс: ( 12 минут)

« Кері байланыс- сабақтағы маңызды үрдістің бірі ».

Төрт топ осы тақырыпта өз жұмыстарын қорғайды.

Жұмысты түрлі бағытта қорғау ұсынылады. Әрбір топ ерекше бір кері байланыс түрін ойлап табу.

Топтар ақылдасып сабаққа кері байланысты қалай жасайтыны жайлы пікірлеседі. Оны топ алдында қорғайды. Топ ішінде бірігіп жұмыс жасайды, диалогқа түседі, талқылайды.  Топ ішінде ерекше кері байланыс түрін шығарады.

Осылай бір-бірімен тәжірибе алмасады. Қорытынды кезең. Рефлексия (7 минут)

  «Өрмекші торы» әдісі арқылы коучингтен алған қажетті ақпараттарын ортаға салады.

Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.

Қатысушы мұғалімдердің коучингтен қандай білім алғандарын көрсетеді.

Кері байланыс  (2 минут) 

«Оқушы бейесі» А4 қағаздың ортасын бүктеп оқушы бейнесін жасап кері байланыс жазады.

«Кері байланыс – сабақтағы маңызды үрдістің бірі» атты

тақырыбында өткізген коучингісінің SWOT талдауы


Мықты жағы

1. Мұғалімдер сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері мен әдістері жайлы ақпаратпен танысты.

2.Кері байланыстың сабақтағы маңызды үрдіс екенін түсінді.

3. Оқушылардың көңіл-күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін білді.

4. Бейнедәрістен тақырып бойынша жан-жақты терең мағлұмат алды.

5. «Өрмекші торы» әдісі бойынша қорытынды шығарды.

6.Коучингтен соң әріптестерім «Оқушы бейнесі» әдісімен кері байланыс берді. Коучингті жоғары бағалады.

7. Коучинг сабағыма әріптестерім белсене қатысты

8. Олардың бәрі тамаша сезімде, жақсы көңіл күйде рахметтерін айтты.

9. Бұл тақырыптың мұғалімдер үшін керекті де, өзекті мәселе болғандығы.

10. Әр топтың талқылаулары, теориядан алған білімдерін тапсырма барысында салыстыра отырып қорытынды жасағандары маған жақсы әсер етіп, күш-қуат бергендей болды.

Әлсіз жағы

1.Коучингке дейін кейбір әріптестеріміз кері байланыс пен рефлекцияны ажырата алмауы

2. Сабақ барысында кері байланысты қолданбауы

3. Кері байланыс түрлері мен әдістерін толық білмеу

4. Мұғалімдердің толық жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өтпеуі

5. Теориялық білімдерінің жеткіліксіздігі

6. Қысқа мерзімді жоспарға толыққанды көшпеуі

7. Ұжымда тәжірибесі аз жас мамандарға көмек беруі

8. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың аздығы.

9. Топтасып жұмыс істеуге мұғалімдедің психологиялық дайындығының төмендігі

Мүмкіндіктер.

1.Мектеп әкімшілігінің қолдауы болды.

2.Ккабинеттің қолайлығы мен АКТ құралдарын қолдандым


Қауіп –қатер /Топтық жұмыста/

1. Ерекше кері байланыс түрін топ алдында қалай жасайтындығын талқылауда бірін-бірі тыңдауы төмендігі



1


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!