Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Коучинг "Оқу сапасын арттыру мақсатында АКТ қолдану әдістемесі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Коучинг сессиясының жоспары
16-күн |
1-сабақ |
Тақырыбы: |
Оқыту мен оқуда АКТ қолдану мақсаттары. Оқу сапасын арттыру мақсатында АКТ қолдану әдістемесі. |
Мақсаты: |
Мұғалімдер оқу үдерісінде көмек көрсетуге арналған сапалы педагогикалық құрал ретінде сыныпта АКТ тиімді қолдану қағидаттарын әзірлейді. Озық педагогикалық тәжірибе негізінде сабақ жоспарына АКТ қолдану әдістерін енгізеді. |
Оқу нәтижесі: |
Мұғалімдер оқу үдерісінің танымдық, аффекттік, әлеуметтік бөліктеріне негізделе отырып АКТ қолданылатын сабақ жоспарларын дайындайды. |
Түйінді идеялар: |
АКТ – оқуда мұғалімге көмек көрсететін педагогикалық әсерлі құрал, ол мұғалімді алмастырмайды және сабақ барысындағы оқушылардың ойын- сауығы емес. Техникалық жағынан керемет АКТ тиімді түрде қолданылмаған жағдайда белсенді емес болуы мүмкін. АКТ қолдану үш аспектіні қамту керек: әлеуметтік (оқушылар арасындағы өзара әрекеттестік), аффекттік (эмоциялық, жағымды, қызықты) және танымдық (сабақтың оқу мақсатына жетуге бағытталған). |
|||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||
Психологиялық жағымды ахуал орнату
Топқа бөлу
20 минут
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл 15 минут |
Сәлемдесу «Каким будет мир через 20 лет» бейнеролигі көрсетіледі. Мақсаты:20 жылдан кейінгі АКТ-ң қолжетімді түрлері қандай болатынын елестету. Нәтиже: Әлі де даму үстінде екенімізді түсіне білу. 2.Топқа бөлу.«Мозаика» құзыреттілікті дамытатын ойыны Топтарға немесе бөлек ойыншыларға бірнеше бөлікке бөлінген АКТ-мен жұмыс түрлерінің атауы суретті кескіндермен тарқатылады.Дабыл бойынша жеңіс ұпайын алу үшін әрқайсысы жылдам әрі дұрыс кескіндерді құрастыру керек.Кескіндерді біріктіріп, жинақтаған әріптестер бір топ болады. Әр топ суреттегі АКТ-ге байланысты метафора тауып, топқа ат қояды. 1-топ. a computer 2-топ. Telefon Топ ережесі қатынас ережелері:
• Біреуді сынауда шектен тыс кетпеңіз, әсіресе
талқылағанда абай болыңыз. Мейлінше аз шағымданыңыз. Барлық сәтте
шама керек Мақсатымен таныстыру АКТ қолдануға арналған жаттығу.Топтық жұмыс. Тренер әрбір топқа ағылшын тілінде жазылған 5 сөз береді, олар түрлі АКТ-мен жұмыс түрлерін білдіреді және сол іс-әрекеттерді жасап көрсетуі қажет. 1. podcast 2. photo collage 3. video clip 4. presentation
Мақсаты: АКТ-мен жұмыс жасайды. Нәтиже: АКТ-мен жұмыс жүргізе отырып, топпен АКТ-мен жұмыс жасауды түсіндіре алады. Топтардың өзара критерий арқылы бағалауы.
Рефлексия.
|
|||||||||||||
Кіріспе Миға шабуыл 15 минут |
Сабақ басында мұғалімдердің өздерінің сыныптарында АКТ қолдану туралы идеяларын талқылау және қағаз бетіне түсіру.. Қатысушыларды топтық талқылауға шақыру. Қатысушыларға арналған сұрақтар:
(наличие возможностей использования ИКТ учениками для решения текущих учебных задач или работы над учебным проектом).
|
|||||||||||||
Мағынаны ашу кезеңі 20 минут |
Қатысушыларды топтық талқылауға шақыру. Т кестесе арқылы оқытуда АКТ қолдануда дұрыс және бұрыс рөлін анықтап салыстырады. Қатысушыларға арналған сұрақтар: • Мектепте АКТ тиімді қолданудағы кедергілер. • Сынып жағдайында АКТ-ны барынша қолдану жағдаяттары. • Сыныпта АКТ қолдануда туындайтын кедергілер. Түйінді идея: АКТ-ны жан-жақты қолдану
|
|||||||||||||
Сергіту сәті 5 минут
Мағынаны тану 25 минут
Қорытынды 20 минут
Бағалау 5 минут
Ой толғаныс 5 минут
|
Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу. 1. Психогимнастикалық жаттығу: «Бұзық телефон» Мақсаты: Топтағы мүшелердің алғырлығын,байқампаздығын бақылау Нәтижесі:АКТ-ң бір түрі ұялы телефон арқылы тапсырманы тиянақты орындауға болатынын айта алады. Нұсқау: Барлық топ мүшелері екі топқа бөлініп,қатарға тұрады.Топ басындағы кісі келесі адамның құлағына бір сөз сыбырлап айтады.Анау оны келесі адамға жалғастырады.Соңындағы топ мүшесінен сөз сұралып,дұрыс хабар жеткеніне көз жеткізу керек. -Есту мүшесі арқылы алыстағы достарыңмен сол мезетте қалай хабарласар едің? -Олай болса, телефондарыңызды алып, ватсап арқылы бір-бірімізге қолдау сөздер жазайық.
«Пікірлер аймағы» әдісі арқылы 2 топқа АКТ қолдану әдістемесі беріледі. 1-топ 2-топ Тиімді қолданыс тиімсіз қолданыс
АКТ тиімді тәжірибесі АКТ тиімді қолдану әдістеріне назар аударту мақсатында слайдтарды көрсетіп, СМК сайтына тіркелу,BilimLand-ке тіркелуді,онда қалай жұмыс істеуді үйрену. Ресурс: Таныстырлым: сандық сауаттылық (Білім беру платформасын қараңыз). Жеке жұмыс:берілген ресурсты оқу Жұптық жұмыс:талқылау
Фильмдер бойынша презентация жасайды.Ең үздік фильмге Оскар сыйлығын табыс ету Мақсаты: Тапсырманы power point бағдарламасына салып, призентация жасау Нәтижесі:АКТ-ны пайдаланып, power point бағдарламасын қолдануды көрсетеді Топтық жұмыс. Power point бағдарламасына салып, призентация қорғау Кері байланыс: «SMS» әдісі арқылы тыңдаушыларға ұялы телефон арқылы сабақ қалай өткендігі, қалай жемісті жұмыс істегені туралы бір-біріне қысқа хабарлама жібереді.
«INSERT» кестесін толтыру арқылы АКТ туралы қандай мәлімет білетіндеріне анализ жасау. İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді.
|
16-күн |
2-сабақ |
Тақырыбы: |
Оқу сапасын арттыру мақсатында АКТ қолдану әдістемесі. |
Мақсаты: |
Мұғалімдер оқу үдерісінде көмек көрсетуге арналған сапалы педагогикалық құрал ретінде сыныпта АКТ тиімді қолдану қағидаттарын әзірлейді. Озық педагогикалық тәжірибе негізінде сабақ жоспарына АКТ қолдану әдістерін енгізеді. |
Оқу нәтижесі: |
Мұғалімдер оқу үдерісінің танымдық, аффекттік, әлеуметтік бөліктеріне негізделе отырып АКТ қолданылатын сабақ жоспарларын дайындайды. |
Түйінді идеялар: |
АКТ – оқуда мұғалімге көмек көрсететін педагогикалық әсерлі құрал, ол мұғалімді алмастырмайды және сабақ барысындағы оқушылардың ойын- сауығыемес. Техникалық жағынанкеремет АКТ тиімді түрде қолданылмаған жағдайда белсенді емес болуы мүмкін. АКТ қолдану үш аспектіні қамту керек: әлеуметтік (оқушылар арасындағы өзара әрекеттестік), аффекттік (эмоциялық, жағымды, қызықты) және танымдық (сабақтың оқу мақсатына жетуге бағытталған). |
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөлу 10-минут Миға шабуыл 15 минут Мағына ашу 25 минут Мағына тану 25 минут Сергіту сәті 20 минут Қорытынды 30 минут 5 минут |
Бейнеролик «Новые компьютерные технологии в образовании»көрсетіледі. http//www.youtube.com/watch?v=8CRvK9FUHSk
Ақпараттық технология туралы мәлімет тыңдау ұсынылады.
Топтарға бөлу. 1-топ «сайт» 2-топ «ватцап»
Графикалық органайзер Әрбір санат бойынша АКТ-нің маңыздылығын пайымдай отырып,үш сөйлемнен жазады.
ҚМЖ көрсетіледі. Нұсқаулықпен жұмыс Мұғалімдерге арналған ұсыныс: сыныпта АКТ бесленді және тиімді түрде қолданылатын сабақ жоспарын әзірлеу. Қиындық туған жағдайда анимация/бейне қолдануға болады. Бұл жағдайда ресурсты қолдану сыныппен сапалы кері байланыс орнату, жалпы тапсырма түрінде жүзеге асады. Топтық тапсырма АКТ тиімді пайдалану бойынша сабақ жоспарын әзірлеу «Баспалдақ әдісі» бойынша бағалау: сабақ жоспарын өзара бағалау, бағалау: критерийлер бойынша Өз орындарыңызды белгілеңіздер: Төмен деңгей 1-4; Жоғары деңгей 8-10; Өздерін реалистік тұрғыдан бағалайтындар 5-7:
Топ мүшелеріне –өздерінің АКТ қолдану туралы идеяларын талқылау ұсынылады. Ресурстар:331-бетте Джигсо әдісі АКТ-ның педагогикалық стратегиясы (Білім беру платформасын қараңыз). Интербелсенді тақта және сыныптағы өзара әрекеттестік (Білім беру платформасын қараңыз). Ескерпе: Көптеген қазіргі заманғы АКТ құралдарының болуына қарамастан (интербелсенді тақта және дауыс беру құралдары, планшеттер, web- камералар және т.б.), барлық мектептің оған қол жеткізу мүмкіндіктерінің деңгейін назарға алу қажет. Дегенмен, бұл жайт мұғалімдерге сабақты жоспарлау және осы идеяларды жүзеге асыру үдерісіне кедергі болмауға тиіс. «Конверт-сұрақ» әдісі арқылы топтарға сұрақтар беріледі. Сұрақтар: «Шлагбаум» әдісі арқылы 1-топқа «Мектепте АКТ тиімді қолданудағы кедергілер», 2-топқа: «Жағдаяттарды шешеміз» әдісімен сынып жағдайында АКТ-ны барынша қолдану жағдаяттарын құрастыру
Бәрін білгім келеді ойыны
Келесі жұмыс:141-148 беттер Тұжырымдамалық карта Сабақ жоспарларын өзара бағалау. Критерий –АКТ-ны қолдануда оқу үдерісінің аффекттік, әлеуметтік және танымдық белгілерінің болуы. Қатысушылардың рефлексиясы. «Бүгінгі сабақта сіз үшін маңызды болған екі негізгі қорытындыны тұжырымдаңыз». Ресурстар: 2.0 білім беру (Білім беру платформасын қараңыз). Стандартты құзыреттер модульдері (Білім беру платформасын қараңыз).
Кейс стади Жеке ақпаратты оқушы ашып қойды. Сіз не істер едіңіз? Сөйлемдердің реттілігін ауыстырып қоямын. Жарнамалық ролик редакциялау.
Қатысушылардың рефлексиясы. «Бүгінгі сабақта сіз үшін маңызды болған екі негізгі қорытындыны тұжырымдаңыз». Рефлексия №13, «Үш М және Ә».Мұғалімдер өздері үшін маңызды болған 3 негізгі мәселе, бір әректе бойынша ой тұжырымдайды.
|