жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Коучинг. "Оқушылардың академиялық біліктілігін арттыру және эффективті білім беру процесіндегі CLIL әдісі"
Математика пәні мұғалімі Жакупбекова Г.М.
Коучинг сессиясының жоспары
|
Коучинг тақырыбы: |
Оқушылардың академиялық біліктілігін арттыру және эффективті білім беру процесіндегі CLIL әдісі |
||
|
Мерзімі: |
13.10.2017 ж. |
||
|
Жалпы мақсаты: |
Оқыту мен оқуда пән мен тілді кіріктіру арқылы мұғалімнің пәнді меңгертуге қажетті тілдік білім мен дағдыларды оқушылардың академиялық біліктілігін арттыруда қолдану аясын кеңіту |
||
|
Оқу нәтижелері: |
- CLIL әдісі туралы түсініктері болады; -Пәнді меңгертуге қажетті тілдік білім мен дағдыларды оқушылардың академиялық біліктілігін арттыруда қолдану аясы кеңейді ; |
||
|
Түйінді идеялар: |
CLIL – пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі |
||
|
Ресурстар |
Таныстырылым, таратпа материалдар |
||
|
Құралдар |
А3 қағазы, маркерлер, магниттер, стикерлер |
||
|
Қолданатын әдіс-тәсілдер |
Топтық жұмыс, таныстырылым |
||
|
Жаттығулар мен тапсырмалар /уақыт/ |
№ |
Коучтің іс- әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
|
3 минут |
1 |
Жағымды психологиялық ахуал тудыру. Өзіңізге жақын адамнан қандай жылы сөз естігіңіз келеді. Стикерлерге жазыңыздар. |
Жағымды, жылы сөздер жазады, жүрекке іледі |
|
Тапсырма 7 минут |
2 |
Коучинг тақырыбы мен мақсатымен таныстырады. "CLIL әдісі туралы білетініміз" тақырыбын талқылау ұсынылады |
Тақырыпты талқылап, ойларын флипчартқа түсіреді, қорғайды |
|
3 минут |
3 |
" CLIL деген не ?" бейне ролик |
Бейне ролик көреді |
|
Таныстырылым 5 мин |
4 |
CLIL әдісін 1994 жылы көптілді білім беруді зерттеуші Дэвид Марш Еуропадағы тілдік білім берудің жағдайын үйлестіру бойынша жұмыс істеу барысында енгізді. Халықаралық сарапшылар CLIL әдісін төмендегідей анықтайды:
CLIL әдісі тілге бағытталмаған пәндердер мен осы пәнді оқытудағы тілдің даму шеберлігіне бағытталған. CLIL әдісі оқушылардың мәдени біліктілігін, тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді, ал бұл қазіргі қоғамда жұмыс берушілердің ең қажет ететін дағыларының бірі болып табылады. CLIL әдісін еліміздің көптеген білім ордалары оқыту үрдісінде қолданып жатыр. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде де бұл әдісті кеңінен қолданылуда. Өйткені, кейбір пәндер оқушылардың ана тілінде жүргізілмейді. Сондықтан пәнді оқытудағы тіл – екінші тіл болып табылады. Оқушы осы тілде пәнді түсіне отырып, өз ойын екінші тілде жеткізе білуі қажет. Жалпы CLIL әдісінің негізгі принциптерін анықтауда бес аспект белгіленді. Оның әрқайсысы оқушының жас ерекшелігіне, әлеуметтік-тілдік ортасына және CLIL әдісіне тереңдеу деңгейіне байланысты жүзеге асады.
CLIL-дің оқушыларға берер мүмкіндігі Тілді тек тіл ретінде ғана емес, таным құралы ретінде пайдалану: - сын тұрғысынан ойлау; - тілдерді жоғары деңгейде меңгеру және қызметтің барлық салаларында қолдана білу; -өз мәдениетін бағалау; - басқа да мәдениеттерді түсініп, құрметтеу; - азаматтық жауапкершілік; - функционалдық сауаттылық; - өмір бойы білім алу. 1999 жылы профессор Ду Койл CLIL әдісі бойынша сабақтарды жоспарлаудың негізгі және маңызды 4 «С» қағидаларын дамытты. Аталмыш қағидалар топтамасы қалыптасқан тілдерді оқыту дидактикалық қағидаларынан айырмашылығы бар. Мәселен, CLIL әдісінің қағидалары аясында мазмұн (пәндік мазмұн, пәнаралық байланыс), тіл және таным (сыни тұрғыдан ойлау процесі) ұсынылған. Жоғарыда аталған ұстанымдар CLIL бойынша жүргізілетін сабақтың негізін анықтайды. Мәселен, сабақтың мазмұны пәнаралық байланыс, қарым-қатынас оқушылардың шетел тілі арқылы өз ойын білдіре білуі ол диалог немесе монолог әлде басқа да формада болуы мүмкін. Келесі, таным арқылы ұсынылған тапсырмалар оқушылардың дүниетанымын артырып, әлем тануға құштарлығын кеңейтеді. Соңғысы, мәдениет ұстанымы арқылы қалыптасқан жағдай, әлемдегі жағдаятқа оқушылардың көзқарасын анықтап, өз ойларын жетілдіруге жағдай жасайды
Жалпы білім беретін мектептерде CLIL әдістемесінің негізін келесідей постулаттар құрайды:
- Мәтіндерді шет тілінде оқу қажетті дағдылар болып табылады. Қорыта айтқанда, CLIL әдісінің мақсаты:
Біз екінші тілді меңгеруде оқытудың жаңа кезеңіне қадам басып отырмыз. Бірнеше жыл бойы жүргізіліп жүрген зерттеулердің нәтижесінде СLIL әдісінің ұтымды тұстарын барлық ел көріп отыр. Оны мұғалімдер ғана емес, оқушылар ата-аналар да бағалайды. |
Қажетті ақпараттарды түртіп алады, сұрақ қояды |
|
Рефлексия 2 мин |
4 |
"Бес саусақ" әдісі арқылы бағалау
Б Сұқ саусақ - бұған көңіл бөлу керек; Ортаңғы саусақ - маған мүлде ұнаған жоқ Шылдыр шүмек - бүл жерде жағымды психологиялық атмосфера болды... Күшкентай бөбек - маған жетпеді... |
|
ас бармақ -
маған бәрі ұнады, тамаша

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген