Материалдар / Коучинг сессия
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коучинг сессия

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жаңашыл мұғалімдер үшін қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2018
303
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Коучинг сессия Жунисбаева А.Ж.


«Оқыту мен оқуда диалогтық оқытуды пайдалану»


Мақсаты: Диалогтық оқыту тәсілін түсіне отырып бірлесіп білімді игеру арқылы оқушылардың достық қарым-қатынасын зерттеуде іс-әрекетке тарту және ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етуді қарастыру.

Коуч іс-әрекеті:1. Сабақ мақсаты мен міндеттерін таныстыру.

А) Бүгінгі сабақтан мен не күтемін...

2.Топқа бөлу (қима қағаздан сұраққа жауап табу арқылы)

3.Бейне ролик «Диалог»

4.Рольдік тапсырма

5.Сергіту жаттығуы.

6.Кері байланыс. (коучинг нәтижесін бағалау)

7.Рефлексия.


Күтілетін нәтиже: 1.Диаолгтық оқыту тәсілінің қажеттілігін түсінді.

2. Өз тәжірибесінде іске асыруға ақпарат алады.

3.Өз сабақтарындағы осы уақытқа дейінгі жүргізген топтық жұмыс туралы пікірлерімен кері байланыс орнатады.

4.Мұғалімдердің топтық жұмысқа деген көзқарасы өзгереді. 


Қолданылған әдіс-тәсілдер: жеке ,жұптық,топтық, диалогтық, сто.

Түйінді идея: Бірлесіп жұмыс барысында әңгімелеріне қарай

ой-пайымдаулары айқындалады.


1 қадам Мұғалімдерді әннің мазмұнына қарай және авторын сәйкестендіру арқылы екі топқа бөлінді.Мұндағы мақсатым: осындай топқа бөлу әдісімен жұмысқа деген белсенділігін арттыруды дамыту және қызықтыру.

2қадам Топқа бөлінген соң «Диалог» бейнекөріністі көру. (5минут)

Бейнекөріністі көріп отырып кейбір мұғалімдердің көңіл-күйлері әсер еткендей болды.

Ой-қозғау әдісі бойынша мынандай сұрақтар төңірегінде диалогтық оқыту әдісін пайдаланып әр мұғалім өз пікірлерін ортаға салды.

Ж.есімді мұғалім мына бейнекөріністі көре отырып адамдардың жалғыздығы, ешкімге сырын сыртқа аша алмауы өзіне зиян тигізгені көрініп тұр, сол себептен адамдар бір-бірімен әңгімелескені қажетті,яғни әр уақытта сұхбаттасқан үлкен пайда келтіретіні туралы дәлелдер жеткілікті.


А. Есімді жас маман көрген бейнекөріністен кейін өз ойын былау тұжырымдады. Адамдардың бір-бірімен тіл табысу ішкі жан дүниесіндегі сырын ақтарады соның нәтижесінде жеңілдеп қалады .

Сен осындай жағдайда не істер едің? Мен өзімді қинағанша достарыммен жағдайымды бөлісер едім. Мұғалімдер бір-бірімен талқылау кезінде «мүмкін» «егер» сөздерін пайдаланып өз пікірін дәлелдеуде «сондықтан» «солай болу керек» сұрақтарға сүйенді. Бұл кезде мұғалімдер бірігіп істеген жұмыстың құндылығын түсінеді.


2 қадам Диалогтық оқыту дегеніміз не,оқушылар үшін, мұғалімдер үшін қандай ұтымды жақтары бар,оқушының білім алуын қолдауда түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау сияқты түрлі тәсілдерді қалай пайдалануға болатыны туралы шолу жасадым. ( МАН 101 бетте толық жазылған)

Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады.

Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал.

3 қадам.Рольдік тапсырма Сын тұрғысынан ойлау тәсілі арқылы.


Тапсырма №1топ


Мектеп әкімшілігінің есебі

Тақырып: «Өткен оқу жылының қорытындысы»


Қойылым барысында байқалатын жайлар:


а) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі

ә) қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы

с) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді




Тапсырма №2топ


Сонымен солай дейік...................


Тақырып: «ҰБТ –білім сапасының басты көрсеткіші»

Қойылым барысында байқалатын жайлар:

А) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады

ә) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді

б) әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанмен, мұқият бағалау жүргізіледі

с) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады ( олар келісімге келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу.

Осы тапсырмада екі топта образға кіріп қойылым дайындады.

Тапсырма барысында мұғалімдердің тіпті оқушылар сияқты кірісіп кеткені, тақырыпты екінші топпен диалогтық әңгімемен жалғастырғаны табысты болды. Бұл жерден мұғалімдердің қызығушылығын байқадым,берген тапсырмамның идеясын дұрыс түсінгендерін көрдім.Осы тапсырмадан кейін жақсы көңіл-күй сыйлау үшін АКТ ы пайдалана отырып бірігіп «Армандастар» әнін орындадық. Әріптестеріме жұмыстарын бағалау үшін «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісін  түсіндіріп, стикер таратылды. Жұмысты орындау барысында байқағаным мұғалімдерде белсенділіктің, ынтымақтастықтың, топ ішінде жағымды ахуалды аңғардым және спикерді өздері таңдады. Жазған тілектеріне жауап берді, олар бір- біріне жазған сындарын жақсы қабылдады.Кочинг сабағы кезеңінде топқа бөлу, постер құру, оны қорғау, стикермен жұмыс, диалогтік тәсілдерді   мұғалімдер тез қабылдады, себебі жастар көбірек қатысуға тырысты. Топқа берілген тапсырмаларды орындауда жауапкершілікпен қарап өздерінің қолдарынан келетін мүмкіндіктерін  көрсете білді. Бағдарлама ұсынған әдістер әріптестерімнің тәжірибелерінде жаңа ұғым қалыптастырды. Сонымен  қатар әріптестерім аз да болса өз сабақтарын түрлендіріп өткізуге мүмкіндік алды.Коучинг сабағының нәтижесінде менің әріптестерім сабақта балаларын түрлі әдістер арқылы топтастыруды, постер мен стикермен жұмыс жасауды, сергіту сәттерін бейнеролик, түрлі қимыл ойындары арқылы өткізуді, оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін қолдануды, сыни тұрғыдан ойлау модулінің әдістерін, жеті модуль аясында тәжірибені түрлендіре беруге болатынын үйренді. Әріптестер әр-түрлі оқыту стратегияларын, түрлі педагогикалық тәсілдерді қалай және қай жағдайда қолдану керектігін ұғынды. Сондай-ақ әрбір оқушымен болатын жеке кері байланыстарды да естен шығармау керектігін мойындады.

Рефлексия (әріптестерім төмендегі сұрақтарды пайдаланды)

1

Не үйрендім?


«Постер» деген жаңа құралды, «Метатану» деген терминді,

Ынтымақтастық оқу дегенді, бірлескен оқудың мәнін,кеңістіктен ойлануды...

2.

Не түсіндім?


Бұл сабақ барысында анағұрлым маңызды мәселе бейне көріністің идеясын, бірлескен жұмыстың нәтижелі болатынын, диалогтық оқытудың қажеттілігін...

3.

Қалай қолданамын?


АКТ-ы пайдалану арқылы, топтық жұмысты ұйымдастыруда, проблемалық тапсырмалар,жаңа әдіс-тәсілдер арқылы



 Жаңа қоғам ұстазы- рухани дамыған,рефлексияға, кәсіби қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани дамуына жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс. Болашақта өзгеру үшін бүкіл күш-жігерімді жас-ұрпақты тәрбиелеуге арнаймын деп есебімді аяқтаймын.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!