400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көз-табиғаттың ең қымбат сыйы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда оқушының ғылыми жобасы бойынша жасаған қорытындысы жарияланған,адамзаттын көз -табиғаттың ең қымбат сыйы екендігін ұмытпай ,көзге әрдайым күтім жасау керек екенің естеріне салғысы келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көз – табиғаттың ең қымбат сыйы

К өру қабілетінің адам өмірінде қаншалықты маңызды екендігі туралы

М Горький былай дейді: «Көру қабілетінен айырылудан қорқынышты ештеңе жоқ» шынында адам өзі қоршаған орта туралы 90% мәліметті көз арқылы алады. Ежелгі философтар көз – табиғаттың ең қымбат сыйы, ал көру – Құдайдың сыйы

деген! «Мың рет естігеннен, бір рет көрген жақсы » деп бекер айтылмаған. Қазақта ең қымбат затты көзінің

қарашығымен теңестірген. Бұл тегін айтылған сөздер емес.

Құрметті достар!!! Біздің көпшілігіміз көзіміздің күнделікті өміріміздегі рөлін шынымен түсінеміз бе ? Көзіміздің сау болуы үшін нені, қалай істеу керектігін білеміз бе? Соңғы кездердегі көру жітілігінің нашарлау динамикасының өсу деңгейі қарқындап бара жатыр. Елімізде 1 миллионнан астам адам түрлі көз ауыруларына шалдыққан, көз жанарының мүлдем семуі яғни суқараңғылықпен 37 мың адам тіркелген. Әрине осы өзекті мәселенің туындауына ,адамзат баласының тіршілік ортасы мен тұрмыс –жағдай, компьютер,теледидар,одан қала берді ұялы телефон экрандарына үздіксіз телміру ,экологияның нашарлығы ,дұрыс тамақтанбау сияқты іс-әрекеттер көз жанарының әлсіреуінің негізгі бірден бір себебі екендігі бұлтартпас айғақ .

9-10 сынып оқушыларынан алынған Көз жітілігін сақтауға кері әсер ететін іс -әрекеттер бойынша сауалнамаға жауаптарына жасалған талдау, оқушылар арасында көз жанарының төмендеу себептерін айқындап беріп тұр деп айтуға болады

Әрине,қазіргі әлемде электрондық құрылғыларды пайдаланудан бас тарту мүмкін емес. Сіз қай жерде болсаңыз да – демалыста немесе жұмыста болсын, оқуда немесе каникулда болсын – жаныңызда әрқашан смартфон, ноутбук немесе планшет болады. Тіпті кітаптарды біз электронды түрде оқимыз. Гаджеттер біздің өмірімізді айтарлықтай жеңілдетеді, бірақ теріс әсері де бар. Ең алдымен, әңгіме біздің көру қабілетімізде болып отыр. Сандық технологиялар ғасырында көз денсаулығын бұзбау үшін бірнеше кеңестерді пайдаланыңыз. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, заманауи дисплейлер мен мониторлар көзге зиян келтірмейді.

Алайда «компьютерлік көру синдромы» шынымен де бар. Егер гаджеттердің экрандары қатысты болмаса, мәселе неде?

Picture 4 Жауабы оңай: біздің көру қабілетіміздің нашарлауына әкелетін әдеттеріміз.



Негізгілері:

  • Көлікте оқу.

  • Дұрыс емес қашықтық. Зерттеулерге сәйкес, көз бен монитор арасындағы ең қауіпсіз қашықтық – 50см.

  • Жарық және жарықтық. Бөлмедегі немесе жұмыс орнындағы жарық жайлы жұмыс үшін жеткілікті болуы тиіс.

  • Ұсақ қаріп. Өзіңізге барынша жайлы әріп мөлшерін таңдаңыз.

  • Үзілістердің болмауы. Компьютермен ұзақ уақыт жұмыс істегенде көзге түсетін ауыртпалықты басуға мүмкіндік беретін кішігірім үзілістер жасау керек.

  • Көз үшін демалыс. Тағы бір қарапайым ереже бар: монитормен 20х20х20 жүйесі бойынша жұмыс істеу Әрбір 20 минут

сайын 20 секундқа демалыс беру , шамамен 20 метр алысқа қарау керек.

Сондай-ақ қызу жұмыс кезінде көзді жыпылықтатуды ұмытпауға тырысыңыз. Көздің мөлдір қабығы үнемі ылғалданған болуы тиіс.

  • Жасанды көз жасы. Экрандағы бейнеге зейін қойған кезде, көз әдеттегіден 2-3 есе сирек жыпылықтайды. Бұл қорғаныс функциясын орындайтын жас қабыршағының кебуіне алып келуі мүмкін. Кебуге жол бермеу үшін, құрғақ көз синдромының пайда болуын және жағымсыз сезімдердің пайда болуын болдырмайтын жасанды жас препараттарын пайдаланыңыз.

  • Көзге арналған гимнастика жасаңыз. Шаршауды басатын және көз бұлшықетін “жеңілдететін” оңай жаттығуларды мерзім сайын жасау өте пайдалы. Жаттығулар тек алдын алу үшін ғана емес, сонымен қатар көру қабілетінің алғашқы белгілері кезінде де тиімді болуы мүмкін.

О Picture 28 фтальмологқа жоспар бойынша барып тұруды да ұмытпаңыз. Егер сіз жайсыздық пен жағымсыз симптомдарды сезінсеңіз, дереу маманғакөмекке жүгінген жөн.

Қажетті ақпаратпен қаруланған көптеген адамдар өздерінің көздерінің денсаулығы туралы ойланады деп үміттенемін. Біздің жұмысымыз ең алдымен мектеп оқушыларына бағытталған. Негізгі гигиеналық ережелерді сақтау, белгілі бір талаптарды орындау, оқушылардың көру қабілетін үнемі тексеріп отыруға және қажет болған жағдайда дер кезінде дәрігермен кеңесу , табиғаттың берген сыйы, көзіңіздің сау болуының ең алғы шарты болып табылады.

Алматы облысы Жамбыл ауданы

Қарғалы №2 мамандандырылған лицей ұстазы

Ихсанова Ельнур Орынбековна















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10.11.2023
320
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі