БЕКІТЕМІН:
ММ №14 мектеп – гимназия
директор О.А.Надеин ____________
« »12. 2018 жыл
|
Өткізетін орын: №14 мектеп-гимназия |
Өткізген: Шуленбаева Гулфайра Сихымбековна Мустафинова Акбота Аманжоловна |
Күні: 12.12.2018 |
|
Тақырыбы: Критериалды бағалау дегеніміз не? |
||
|
Мақсаты: Ата-аналарға критериалды бағалау туралы түсінік беру |
||
|
Уақыты |
Жоспар |
Ресурстары |
|
0-2 минут |
Топқа бөлу. Ата-аналар қолдарына берілген түстер байланысты 4 топқа бөлінеді. 1 топ: Қызыл түстілер 2 топ: Сары түстілер 3 топ: Жасыл түстілер 4 топ: Көк түстілер |
|
|
3-6 минут |
Психологиялық ахуал. Ата – аналармен шаттық шеңбері құрылады. Ата – аналар өздерін таныстырып өтеді. Ата – аналардың бала санына қарай отшашу арқылы қошеметтейді. |
|
|
7-12 минут |
Критериалды бағалау туралы түсінік беру
|
|
|
13-20 минут |
Топтық жұмыс. Тапсырма: Пілдің суретін саламыз. Сурет салынып болған соң, қарсы топтарға суреттерін ұсынып, өзара бағалайды. ( 1- топ 3,4,5 деген баға қойылады, дәстүрлі баға, келесі топтар жазбаша бағалайды) Сіздерге қойылған баға түсінікті ме?
Баға нақты болмағандықтан, топтар бір-бірін кері байланыс арқылы бағалайды. Қорытынды: дәстүрлі бағадан, оқушының кері байланыс арқылы бірін-бірі бағалағаны ұтымды болады. |
3 флипчарт, маркер |
|
20-25 минут |
Екі бағалау түрін салыстыру. Ата-аналарға кері байланыс пен дәстүрлі бағалау түрлері ұсынылады. Ата-аналар өздерінің балалары үшін қай бағалаудың түрі ұтымды екенін анықтайды. |
2 бағалау түрі |
|
25-35минут |
Жеке жұмыс Ата-аналар дескрипторды пайдаланып пілдің суретін салады. Дескриптор
Қорытынды: дескриптор болғандықтан, жұмыс нақты бағаланады. |
А4 қағаз, маркер |
|
35--40 минут |
Қорытынды. Рефлексия. Ата-аналар жасаған жұмыстарынан қорытынды жасап, ойларын айтады.
Критериалды бағалау туралы ата-аналарға арналған ЖАДНАМА Құрметті ата-ана! Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Бағалау мектепте критерийлер негізінде жүргізіледі. Бағалау критерийлері сіздің балаңыздың нені білуі және істеуі қажет екенін көрсетеді. КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ
Қалыптыстырушы бағалау Жиынтық бағалау
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ Қалыптастырушы бағалау барысында сіздің балаңызға баға қойылмайды. Сабақ барысындағы қалыптастырушы бағалау мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы жүзеге асады. Мұғалімнің кері байланысына назар аударып, оқуда нәтижелерге қол жеткізу үшін балаңызға қолдау көрсетуіңіз өте маңызды. Бұл оқудағы олқылықтардың алдын алуға және жиынтық бағалауға дайындалуға өз септігін тигізеді.
ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Жиынтық бағалаудың балдары жиналып, тоқсан аяғында тоқсандық бағаға және оқу жылы аяғында жылдық бағаға ауыстырылып қойылады. Бұл үшін келесі шәкіл қолданылады: 0 % Бағаланбады 1%-20% Қанағаттанғысыз 21%-50% Қанағаттанарлық 51%-80% Жақсы 81%-100% Өте жақсы ТОҚСАНДЫҚ БАҒА Тоқсан барысында тапсырған барлық жиынтық жұмыстарынан жинақталған нақты пайыздық көрсеткіштегі балы. Бөлім бойынша жиынтық жұмысынан алған балдың 50% мен тоқсандық жиынтық жұмысынан алған балдың 50% жинайды. Жылдық баға үшін шәкілге сәйкес барлық тоқсан бойынша алған балдардың максималды мүмкін балға пайыздық қатынасы алынады. Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес оқу жетістігінің деңгейлерін көрсеру құралы. Рубрикада мұғалім әрбір оқушы үшін әрбір критерий бойынша оның қол жеткізген оқу жетістігінің деңгейін белгілеп көрсетеді
АТА-АНАҒА НЕНІ ІСТЕГЕН МАҢЫЗДЫ? • Оқу барысында балаңызға қажетті қолдау көрсету және көмектесу. • Балаңыздың оқу нәтижелерін қадағалау. • Мұғалімдермен сенімді қарым-қатынас орнату және балаңыздың оқу нәтижелерін олармен үнемі талқылау. • Мектепте өткізілетін іс-шараларға (оқыту семинарлары, тренингтер, бағалау бойынша кеңес беру және т.б.) қатысу. Жиынтық бағалау бойынша балаңыздың барлық жұмыстары арнайы жиналып, рубрика беріледі. Балаңыздың жұмыстарымен мектепте танысуға болады. |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Критериалды бағалау дегеніміз не?

шағым қалдыра аласыз