Материалдар / Критериалды бағалау жүйесінің тиімді ықпалы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Критериалды бағалау жүйесінің тиімді ықпалы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, студенттердің оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен студенттердің оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2023
256
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Критериалды бағалау жүйесінің тиімді ықпалы.

Қостанай автомобиль көлігі колледжінің

қазақ тиілі мен әдебиеті пәні оқытушысы :

Нұржанова Гүлмир Қарсаққызы.


  Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі -  әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – белсенділік, жауаптылық, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін студент білімін бағалауда жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірі- студент білімін критериалды бағалау. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы студент өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді. Бағалауды өткізу үшін, студенттердің нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. Осы мақсатта оқытушы оқыту ортасын құру керек. Бұл орта студенттердің   мүмкіндіктеріне жол ашатын тәсіл критериалды бағалау болып табылады. Критерийлер студенттер жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. 

Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, студенттердің оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен студенттердің оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

      Студенттердің оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары. 

Критерийдің мазмұны:

Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама). Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы. Критериалды бағалау технологиясы студент өз іс-әрекетіне баға береді, жауапкершілік  қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді.

Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған  болса, жиынтық бағалау мақсатты баға  қою және оқыту қорытындысын шығару үшін қажет. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау)  маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту,оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс.

Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі студенттің білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы  бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында, сабақтың ортасында,сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі  тапсырма деңгейіне сәйкес  5-10 минут  болуы мүмкін. Мәселен, 1 курс студенттерімен қазақ тілі мен әдебиеті сабағында « Қазақстан табиғаты. Өзендер мен көлдер» тақырыбын өту кезеңінде студентердің білім деңгейін бақылау мақсатында алынған қалыптастырушы бағалау критерийін былай көрсетуге болады:


ОМ1

Білу және түсіну


Ой қозғау. мынa сөздер мен сөз тіркестерінің мaғынaсын түсініп, сөйлем құрaңыз.

Табиғат, қоршаған орта,өзен, экология, көл,жануар, өсімдіктер, су қоймалары.

Дескриптор:

сөздердің мағынасын түсінеді;

сөйлем құрайды.



Ой қозгайды, сөйлем құрап жазады.


ОМ2

Қолдану


Тыңдалым дағдысы.

Тыңдалым мәтіні. Өзендер қайдан пайда болады? https://kk.warbletoncouncil.org/como-

Дескриптор:

мәтіннен қажетті ақпаратты алады;

мәтіні бойынша конспект жасайды;

өз ойын жүйелі жеткізеді.


Мәтінді тыңдайды, қажнтті ақпараттарды жазады.

ОМ3

Сыни ойлау

зерттеу


Оқылым дағдысы. Мәтінді оқу.

Дескриптор:

қосымша ақпарат көздерінен мәліметтер жинайды;

сөз әдебі орамдарын қолданады.

Студент ойланады,мүмкіндікше жауап береді

ОМ4

рефлексия




Көршіңізбен сұхбaт құрыңыз.

1.Қандай өзендерді білесің?

2.Тобыл өзені туралы aйтыңыз.

3.Ең сұлу көлді сипаттап беріңіз.


Тапсырма орындайды


Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу -  жиынтық бағалаудың  нәтижелі, сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңында студент білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың  бастауы негізі  қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда студент білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың ұтымдылығы дәлелденіп отыр.

     Критериалды бағалау сабақ бойы жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және студенттердің өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, студенттердің өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады.
Бағалау критерийі қазақ тілі мен қазақ әдетиеті сабағында мәтінмен жұмыс, мәтінді бөліп оқу, мазмұндау, сұхбат құру, мәнерлеп оқу, тест, шығармашылық жұмыстарды бағалау кезінде өте ыңғайлы. Мысалы: жаңа сөздермен танысқан уақытта екі минут оқып, естеріне сақтап қалған сөздерді бір — біріне жатқа айтып, содан соң сөздік дәптерге жатқа жазу,
• барлық сөз түгел, қатесіз, әдемі, таза жазылса — 5 ұпай
• Бір сөз жетіспесе,1-түзету енгізілсе, әдемі, таза жазылса — 4 ұпай
• Екі сөз жетіспесе, 3-4 түзету енгізілсе — 3 ұпай
• 3 сөз, қатесіз таза жазылса — 2 ұпай
• Ештеңе жазбаса – 0 деген ұпайлар қойылып бағалау критерийі бойынша бір
бірінің дәптерлерін тексеріп, баға қойып, қойған бағасын не үшін қойғанын айтып беріп отырды. Бұл жұмыста студенттердің есте сақтау қабілетін дамытуға, сауатты жазуға , тексерген уақытта мұқият болуға, бір –бірін адал бағалауға үйренді.
Ауызша мәтінмен топта жұмыс жасаған кездегі бағалау критерийі:

-мәтіннен ең басты (ключевые) сөзді табу – 5 ұпай

-мәтін бөліктеріне жоспар құру – 5 ұпай
-мәтін бойынша сұрақтар дайындау – 4 ұпай
Бұр критерийлер бойынша студенттердің топ ішінде өздеріне тиісті жұмысты бөлісіп алып, тиісті берілген бір уақыт ішінде орындауға үйренеді.
Грамматикалық тапсырманы орындаудағы бағалау критерийі
• студент жұмысты орындады, талдау жүйесін сақтады, қатесіз орындады және жазуды дұрыс рәсімдеді -5 ұпай
• судент жұмысты орындады, бірақ сөз табының белгілерін анықтауда қателер жіберді – 3 ұпай
• студент жұмысты орындады, бірақ, талдау ретін бұзды.
• қойылған талапты орындай алмады — 0
Бұл критерийлерге сүйене отырып, студенттерді сауатты, жазуға үйренеді. Кей кезде осы берілген критерийлерге қарап отырып, дәптерлерін тапсырмас бұрын өздерінің қателерін байқап «а, менің бағам «4»немесе «3» болады» — деп, кейбір балалар өздеріне алдын ала баға беріп жатады. Ол дегеніміз, яғни, студенттер өздерінің жіберген қателерін, түзетулерін байқап үйренгендерін байқауға болады.
Сабақ соңында кері байланыстардан сөйлем факт, көзқарас, сөйлемді аяқтау тірек сызба, сұхбатты жалғастыру түрлерімен аламын.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
• заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
• жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
• студенттердің білім сапасын арттырады;
• студенттердің тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
• тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.

Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше екені белгілі. Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру – заман талабы. Олай болса, білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор.



Қолданылған әдебиеттер:
1.«Солтүстік Қазақстан» газеті 2014ж, №7,1-2 бет
2.Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды бағалау жүйесі . Әдістемелік нұсқау,11-бет.

3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері»Дербес білім беру ұйымы оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін енгізу тұжырымдамасы
4. «Критериалдық жүйедегі қалыптастырушы бағалау» mukataeva_g@ukk.nis.edu.kz



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!