|
Молдабекова Мақпал
Шохановна- жоғары санатты қазақ тілі
мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Жаңартылған білім мазмұны бойынша ,I
(ілгері) деңгейлік, тренерлік курсы бойынша сертификатталған
мұғалім.
|
|
|
Мектебі:
|
№ 25
орта
мектебі
|
|
|
Мерзімі:
|
14.03.18 ж
|
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Критериалды бағалау-оқу –танымдық құзырлықты
қалыптастырудың тиімді жолы»
|
|
|
Сілтеме
|
«Жаңартылған білім мазмұны» слайд – таныстырылымы,
«Қалыптастырушы бағалау бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап»,
«Жиынтық бағалау бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап» және
«Критериалды бағалауды өткізу тәртібі туралы»
|
|
|
Жалпы мақсаты
|
Мектепте жаңартылған білім
мазмұны аясында курстан өтпеген ұстаздарға кәсіби қолдау көрсету,
жаңартылған білім мазмұны мен критериалды бағалаудың ерекшеліктерін
ұғындыру, критериалды бағалауды жүргізу жолдарын
үйрету.
|
|
|
Міндеттері
|
-
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктерін
ұғындыру;
-
Мұғалімдердің жаңартылған білім мазмұны аясында өз
іс-әрекеттерін тиімді жүзеге асыруына артуына ықпал
ету;
-
Критериалды бағалаудың ерекшелігін
ұғындыру
|
|
|
Оқыту нәтижесі
|
Шеберлік сыныптан кейін
мұғалімдер:
-
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері бойынша
толыққанды ақпаратқа ие болады;
-
Критериалды бағалауды жүргізу дағдыларын
меңгереді;
-
Жүйелік-әдістемелік кешенге тіркеліп, ақпарат
алмаcады.
|
|
|
Түйінді идеялар
|
Жаңартылған білім мазмұнын
жүзеге асыру – білім берудің жаңа парадигмасына көшу жағдайында
оқытудың тиімді стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың
функционалдық сауаттылығын арттыру.
Критериалды бағалау –
белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол
жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен
сәйкестендіру үдерісі.
Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу
үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім
беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу
нәтижесі туралы нақты ақпарат алу болып табылады.
|
|
|
Ресурстар
|
Флипчарттар, маркерлер, стикерлер (әр түсті)тапсырмаларға
арналған ақ беттер видиоролик
|
|
|
Психологиялық
ахуал орнату
|
Шеберлік сыныпқа қатысушыларды
үдерісіне тарту және жағымды психологиялық ахуал орнату
мақсатында
«Әуенді 14 тілек» таныстырылымын
ұсынамын.
|
|
|
Кіріспе
тапсырма
|
“Өмір ағашы”.
Шеберлік сыныпқа қатысушыларға
плакаттар мен маркерлер таратып, жаңартылған білім мазмұны және
критериалды бағалау жүйесі туралы білетін ақпараттарын анықтау
мақсатында осы тапсырманы ұсынамын.
Тамыры- жаңартылған білім берудің
мақсаты мен мәні;
Діңгегі
–
жаңартылған білім мазмұны туралы пікіріңіз;
Бұтақтары
–
критериалды бағалау туралы білетін ақпаратыңыз;
Жемістері
–жұмыс
нәтижеңіз.
Топтар
ынтымақтаса отырып тапсырманы орындап, өз идеяларын өзге топтарға
ұсынады. Мен жауаптарын тыңдап, қолдау көрсетемін. Постер
қорғау.(тамыры, діңгек, бұтақ, жемістің суретін салу арқылы постер
қорғау)
|
|
|
Топқа бөлу
|
«Телефон», «Мектеп»,
«Бәйтерек», «Гүл» суреттер арқылы 4 топқа бөлу.
1 - топ: Телефон
2 - топ: Мектеп
3- топ:
Бәйтерек
4 - топ: Гүл
|
|
|
1
тапсырма
|
1 - топ: замануи телефон
суретін салады, немесе телефон маделін жасайды.
2 - топ: түрлі елдердің түрлі
тарихи кезеңдеріндегі білім беру үрдісінен хабар беретін
түрлі-түсті фотосуреттер таратып, мынадай тапсырма
ұсынамын:
1.Осы суреттерді белгілі бір
реттілікпен орналастырып, постер жасаңыздар.
2.Постерді қорғаңыздар,
неліктен осындай реттілікті таңдағандарыңызды түсіндіріп, басқа
топтардың сұрағына жауап беріңіздер. Критериалды бағалауды жетік
меңгеру үшін мұғалімнің күнделікті жұмыстағы нақты қадамын анықтап
ұсыныңыз.
3- топ: Бәйтерек суретін
немесе мүсінін жасайды.
4 - топ: Гүлдің суретін немесе
мүсінін жасайды. Өздерінің топ атауларының суретін салу немесе
жасап, келесі топқа беру, бағалау. Әр топ жұмыстарын алмастырып,
бір бірін бағалайды. Осы жасаған жұмыстарымызға критерий ,
дескриптор Талқылауға арналған сұрақтар
ұсынылады:
1.Жаттығуларда бағалау
критерийлері болды ма?
2.Жаттығулардың жақсы немесе
нашар орындалғанын қалай бағалай аламыз?
3.Сізге неліктен мұндай
баға қойылғаны түсінікті ме?
4Сізге ... қойылды,
неге?
5. Сіз жаныңызды отырған
әріптесіңізге баға қою кезінде неге көңіл аудардыңыз? 4. Жұмысты
бағалау қиын болды ма?
6. Сіздің бағалауыңыз
қандай қиындықтар туындатады?6. Сіздің бағалауыңыз қандай
аспектілерді қамтыды?
7. Сіздің әріптестеріңіз
не үшін және неге баға алғандығын түсінеді ме? 8. Сіздің
оқушыларыңыз әр сабақ сайын бағаланады
ма?
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап
айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер
тізбесі.
|
|
|
«Жаңартылған білім
мазмұны. Ерекшеліктері.
Мәні.
Мақсаты»
слайд-таныстырылымы.
|
Таныстырылымды көрсете отырып,
шеберлік сыныпқа қатысушы әріптестеріме жаңартылған білім мазмұны
аясында орын алған өзгерістер мен ерекшеліктер туралы туралы
мағлұмат беремін. Ұстаздардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап
беріп, әріптестерімнің ойларына қолдау
көрсетемін.
|
|
|
Сергіту
сәті
|
Мақсаты: шеберлік сыныпқа
қатысушылардың «зерігу» аймағына түсуінен сақтау, әріптестердің
келесі тапсырмаға серпіліспен ауысуына ықпал
ету. Тақтаға сағаттың суреті
ілінеді, ал топтарға стикерлер таратылады. Ұстаздарға «Сіздің өз
біліктілігіңізді арттыруға арналған ең қолайлы уақытыңыз?» деген
сұрақ қойылады, әр мұғалім стикерге атын жазып, өзінің унатқан
уақытына стикерді жабыстырады.
Уақытты атаған кезде мұғалімдер топтасады да келесі әрекеттер
жасайды:
• 6-9 (18-21) сағат аралығындағылар - амандасады,
• 9-12 (21-00) сағат аралығындағылар – құшақтасу,
• 12-15 (00-03) сағат аралығындағылар – арқа түйістіру
• 15-18 (03-06) сағат аралығындағылар – жақсы сөз, тілек айтады
бір-бірлеріне. Топтар осы уақыт аралығы
арқылы топтасып отырады. Мұғалімдер сағат тілі бойынша бөлініп,
жаттығулар жасайды да, топтарға бөлінеді.
|
|
|
2
тапсырма
|
«Идеялар жәрмеңкесі» әдісін қолдана отырып, топтардың
жаңартылған білім мазмұны мен критериалды бағалау жүйесі туралы
жазған тың идяеларын кәрзеңкеге жинақтап, топ ішінде талқылап, не
себепті осы идеяларды таңдағанын өзге топтарға түсіндіріп
береді.
|
|
|
Ой
түйін
немесе
«Бүгінгі шебер сынып маған
.......»
|
Топ
мүшелеріне, соның ішінде жаңартлыған білім мазмұны бойынша курстан
өтпеген ұстаздарға , өздерінің коучинг барысында меңгерген жаңа
білімдері мен дағдылары туралы «Бүгінгі шебер сынып маған .....»
тіркесімен басталатын ой түйін немесе қорытынды жасауды
ұсынамын.
|
|
|
Рефлексия
|
«Менің бүгінгі сабақтан алған
әсерім» эссе жаздыру
Басқа нұсқалары да
болады:
(сауалнама, қалаулы/қолжетімді,
түсінгенім/түсінбегенім)
|