Критериалды бағалау қағидаттары. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Критериалды бағалау қағидаттары. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны.

Материал туралы қысқаша түсінік
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұнын түсіндіру Критериалды бағалау қағидаттары туралы түсінікті қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қалалық информатика пәні мұғалімдеріне 16.08.2017 "Жаңартылған білім аясындағы критериалды бағалау" тақырыбындағы коучинг жоспары

Сабақтың тақырыбы

Критериалды бағалау қағидаттары. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны.

Сабақ мақсаты

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұнын түсіндіру Критериалды бағалау қағидаттары туралы түсінікті қалыптастыру

Тренинг

Көңіл-күй тренингі «Шаттық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, есімінің алғашқы әріпі бойынша өз бойындағы жақсы бір қасиетін атайды.


Шағын топтарға біріктіру.

Турлі түсті стикерлер арқылы топқа бөлемін. Сол стикерлерге сабақ соңында кері байланыс жасайды.

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бағалау деген не?

Бағалау не үшін қажет?

Бағалаудың мақсаты қандай?

Бағалауға кімдер қатысады және бағалау үдерісі кімге әсер етеді (бағалауға мүдделі тараптар)?

Бағалаудың қандай түрлері бар?

Тыңдаушылардан сұраққа өз бетінше жауап беріп, кейіннен әріптесімен жұптасып талқылауды сұрау.

Қорытындылау үшін коуч негізгі үш бағалау түрі бар екенін түсіндіреді: оқу үшін бағалау, оқуды бағалау және диагностикалық бағалау.

Қолданылатын бағалау түрі бағалаудың мақсатына байланысты екеніне мән береді: Оқу үшін бағалаудың мақсаты үздіксіз кері байланыс ұсыну үшін оқуды бақылау болып табылады.

Жиынтық бағалаудың мақсаты белгілі бір уақытта оқудың нәтижесін қорытындылау болып табылады. Жиынтық бағалау әдетте сыныпта жиі өткізілетін оқу үшін бағалауға қарағанда анағұрлым ресми әрі құрылымдалған болып келеді. Диагностикалық бағалау оқушыларға оқытылатын тақырып және/немесе оқушылар бөлінетін оқу топтарына арналған салаларды анықтау үшін оқу курсы басталмас бұрын қолданылады. Курста диагностикалық бағалау емес, оқу үдерісіндегі маңызына байланысты оқу үшін бағалау және жиынтық бағалау үдерістері қарастырылатынын еске салу.

Оқу үшін бағалау сыныптағы әдеттегі тәжірибенің бір бөлігі болып табылады. Бұл критериалды бағалаудың бөлігі болып табылатын қалыптастырушы бағалау аясында жүзеге асырылады.


Бейнетаныстырылым көрсетіледі.

1) Критериалды бағалау дегеніміз не?

Критериалды бағалауды енгізу қажеттігі неден туындайды? Коуч оқу үдерісіне критериалды бағалау жүйесін енгізу жаңартылған оқу бағдарламаларының түйінді идеяларының бірі екенін айта келе, талқылауды таныстырылым слайдтары арқылы қорытындылайды: Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата- анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс. Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.

Коуч жұмысты қорытындылайды:

Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты

бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.

Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:

1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;

2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы оқушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдау жасау.

3. Бірыңғай стандарттар және сапалы бағалау құралдары мен бағалау механизмдерін қалыптастыруға көмектесу.

4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз ақпарат ұсыну:

- Оқушыларға олардың білім сапасы туралы;

- Мұғалімдерге оқушылардың оқу жетістіктері туралы;

- Ата-аналарға балаларының оқу мақсаттарына қаншалықты жеткендігі туралы;

- Басқару органдарына білім беру қызметінің сапасы туралы.


Коуч 10-слайд бойынша критериалды бағалау жүйесінің мазмұнының әрбір тармағын түсіндіреді және жаңартылған оқу бағдарламасы аясында критериалды бағалау жүйесінің мазмұнын айқындайтын құжаттарды таныстырады.

Талқылау Тыңдаушылар шағын топта


«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау деген не? Критериалды бағалау қағидаттары қандай болуы мүмкін?» деген сұрақтарды талқылайды: - Оқу мен бағалаудың арасында қандай байланыс бар? - Дұрыс бағалау дегеніміз не? - Дұрыс бағалау неден құралады? - Оған қандай сипаттар тән?

- Бағалауды табысты болуына не ықпал етеді? - Критериалды бағалау оқу үдерісіне қалай әсер етеді?

Топтық жұмысты қорытындылау мақсатында тренер 2-үлестірме материалын таратып, әр бөлім бойынша кестеге жазба енгізулерін (анықтамалар, сызбалар, мысалдар, т.б.) ұсынады. Критериалды бағалау оқушылардың даму бағыттарын белгілеуге қалай көмектеседі? Тыңдаушылар өз жауабын топтағы әріптестерімен талқылайды.

Коуч пікірталасты қорытындылайды: Оқу жетістіктерін бағалау дегеніміз кері байланыс беру арқылы оқу үдерісін түзету және басқару үшін оқушының қол жеткізген нәтижелері мен жоспарланған оқу мақсаттарын арасындағы байланысты анықтау үдерісі.

Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата- анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.

Критериалды бағалау қағидаттары: - Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. - Шынайылық, анықтық және валидтілік. - Ашықтық және қолжетімділік. - Үздіксіздік. - Дамытуға бағытталғандық. Бұл қағидаттар қалыптастырушы бағалаумен қатар жиынтық бағалауда да анық көрініс табады.


Рефлексия:

Критериалды бағалау қағидаттары өзара тығыз байланысты екенін түсіну маңызды. Тыңдаушылар осы мәселелерді талқылағанда өздеріне сенімді болып, теориялық түсініктерін тәжірибе жүзінде қолдана білуі тиіс.


Сабақты қорытындылау .

Тыңдаушылардың кері байланысы.


Білдім Білгім келеді


Ресурстар «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы, оқу жоспары Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулық 1-үлестірме материал. Блум таксономиясы 2-үлестірме материал. Критериалды бағалау қағидаттары (үлгі) Таныстырылым 3-күн 2-сабақ Сабақтың тақырыбы Критериалды баға



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.12.2017
2929
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі