Материалдар / К.Салықов шығармашылығына арналған тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

К.Салықов шығармашылығына арналған тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды көрнекі ақын творчествосымен таныстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2021
660
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өмірді өлеңімен өрнектеген.

Ақын Кәкімбек Салықовтың шығармашылығына арналған кеш.

І бөлім «Сыршыл ақын,сұлу сазгер» К.Салықовтың өмірбаяны.

ІІ бөлім «Асаудай жүген-құрық қалжыратқан» К.Салықов өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы.

ІІІ бөлім «Сұлу сазға сұранған» К. Салықовтың әндерін орындау.

ІV бөлім.Қорытынды.Марапаттау.

І бөлім «Сыршыл ақын,сұлу сазгер»

Ерке Есілді жағалай қонған Солтүстік Қазақстан облысы таланттарға кенде емес.Аты әлемнің әдебиет сүйер болса,Ғалым Малдыбаев,Зейнел-Ғаби Иманбаев,Игібай Әлімбаев сынды қалам зергерлері қазақ жұртшылығына танымал тұлғалар.

Осы қатарды жалғастырып тұрған біздің даңқты жерлесіміз,белгілі мемлекет және қоғам қайраткері болған қазақтың көрнекті ақыны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықов еді.

Кәкімбек Салықов 1932 жылы 22 қаңтарда Шал ақын ауданының Еңбек ауылында дүниеге келген.Ақынның әр қияға құлаш ұрған балалық және балауса жастық шағы Көкшетау өңірінде өтті.1950 жылы Сырымбет бөктеріндегі Казгородок қазақ орта мектебін бітірді.Үкілі Ыбырай ауылында өсті.Ақан серінің елімен етене жақын көршілік құрғандықтан ақындық пен сазгерліктің қайнар көзінен сусындады.

Домбыра тартып,ән салуға бала күнінен құштар ақын сазгерлікке жастай құлаш ұрып,әндер шығарды,өлең –жырға деген махаббаты өте ерте оянды.Қазақтың «аққан жұлдызы» атанған ғалымы Шоқан Уәлиханов ғұмыры,қариялардың айтып отыратын аңызға бергісіз әңгімелерінің әсері де аз болған жоқ.Әсіресе сол кезде аты айға тартқан ғұлама Қаныш Сәтпаевтың жас ұрпаққа зор ықпал еткендігі соншалық,Кәкімбек Салықов та кеншілік оқуына тәуекел етті.

Кәкімбек Салықов –мамандығы бойынша кен инженері.1955 жылы Мәскеудегі Түсті металл және алтын институтын бітіргеннен кейін Жезқазған шахталарында ,оның шінде 6жыл шахта бастығы қызметін атқарды.Кейін Қ.Сәтпаев атындағы Жезқазған кен-металлургия комбинаты парткомының хатшысы,Жезқазған қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.Осы жылдары жауқазын лирика мен өндіріс тақырыптарын тамаша игерген «кенші-ақын» деген атпен Кәкімбектің есімі ел ішіне кең танылды.

Алғашқы «Сыр»жинағы,әсіресе осындағы «Гәкку» және «Домбыра» поэмалары ел құлағын елең еткізді.Әйгілі ақын Сырбай Мәуленов Кәкімбектің өзін көрмей тұрып, «Литературная газетада» жазған мақаласында бұл жинаққа жоғары баға беруі үлкен ризашылықтың белгісіндей.Келесі «Жезкиік» жинағы ақынның дарын қуатын дәлелдей түсті.

Сұлуды адам жаны қимайды екен,

Беймезгіл еске түссе қинайды екен.

Жезкиік,сен есіме түскен кезде,

Бір өзім кең далама симай кетем.

Қазақ музыкасының дүлдүлі Нұрғиса Тілендиев пен жезқазғандық композитор Жақсыгелді Сейілов ақынның бұл өлеңін сұлу сазға айналдырды.

«Жезкиік» әні орындалады.

Кәкімбек Салықовтың өлеңдеріне көптеген қанатты композиторлар ән жазды. «Бір ауыз сөз», «Атамның берген ақылы» ,«Аққу әні», «Туған жер», «Сағыныш» «Үш арыс», «Дүниеде мен сүйетін бір адам бар, «Ғажайып ән айналайын» ,«Соғыстан қайтқан солдаттар» әндеріи халық арасында жиі айтылады.

Ақиық ақын 500ге тарта ән жазған. Сазгерлер Кәкімбектің өлеңдеріне ән шығаруға құмар болып тұруы жырларының сұлу сазға сұранып тұратынын паш етеді.

Кәкімбек Салықовтың поэзиясы сан қырлы.Оның «Дала», «Қырандар», «Гәкку», «Эдельвейс», «Ғасырға тең бір мезет», «Жезкиік», «Кенесарының соңғы сөзі», «Че-Гевара» ,«Үкілі Ыбырайдың абақтыда жазған сөзі» атты поэмалары оқырман қауымның жоғары бағасына ие болған дүниелер.

«Букетовке реквием», «Тәттімбет», «Кеншілер туралы баллада», », «Эдельвейс», «Ғасырға тең бір мезет», «Че-Гевара» атты поэмалары орыс тіліне аударылған.

Кәкімбек ақын өз елін,қазақ елін жан-тәнімен сүйеді.Оның еліне ,халқына ,туған жеріне деген сүйіспеншілігі халықтың да оған деген зор махаббатын туғызғаны анық. Осы орайда ақынның «Ойтолғақ» атты жинағындағы мына бір жыр жолдары дәлел.

Орындамас айтқанын сұйық кісі,

Болу қайда дүйім жұрт ұйытқысы?

Жер-жаһанға атағым жетер десең,

Өз еліңнің болып ал сүйіктісі.

Ақын өлеңдері оқылады.

Азамат ақын Арал апатының мұңы мен мұқтажына білек сыбана кірісті. Кеңес үкіметі жасырып жүрген ауыр апаттың бетпердесін ашуға себепкер болды.Бұрынғы одақтық Жоғары Кеңестің Экология комитетін басқарды.

Өмірді өлеңімен өрнектеген сезімтал да сыршыл ақын, жүрекке жайлы да жақын тиетін қазақи әсем әндердің ырғағын бұзбай жалғастырып әкеткен тамаша сазгер Кәкімбек Салықовтың есімі мәңгі есте қалады.

Ақынға баға берген әдебиет сыншылары,ақын-жазушылар да оның тума талант иесі екенін мойындады.

Сырбай Мәуленов;«Талды тауының қойнына кіргенде,Есіл қзенінің жағасында жүргенде,киік станциясынан шығып, бетпақтың шөліне беттегенде,Сарыағаш курортының саясында отырғандабіз онымен ойша жиі ұшырасып жүрдік.Өзі Москвада жатса да,оның жазған «Жезкиігі»желдей зулап алдымыздан орағытты.Өн бойына тыныстай мөлдір лиризм құйылған «Жезкиік» өлеңі Кәкімбек поэзиясының бүкіл болмысындай сезіледі де тұрады маған. Көлемі шағын, алаң аясы тар кішкене өлеңде қаншама сурет,қаншама сыршылдық, қаншама ой жатыр»-дей келе,оны «Сөз кенінің инженері» атаған.

Көрнекі ғалым Серік Қирабаев «Кәкімбек Салықов» мақаласында ақынға биік баға беріп, өз пікірін білдіреді. Жұмабай Есекеев «Аққудай жырдың төресі», Жанар Қанафина «Жүйтки бер,қазақтың желқанатты ақыны», «Текті топырақта туған дара тұлға» деген мақалаларын арнаған.

ІІ бөлім «Асаудай жүген-құрық қалжыратқан» К.Салықов өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы.

ІІІ бөлім. «Сұлу сазға сұранған» К. Салықовтың әндерін орындау.

ІV бөлім.Қорытынды.Марапаттау.













Өмірді өлеңімен өрнектеген

Ақын Кәкімбек Салықовтың шығармашылығына арналған кеш.













Өткізген: Тұяқова Қарлығаш Жалбырқызы.

Жалтыр негізгі мектебі

2021 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!