Материалдар / КТЖ Қазақ тілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КТЖ Қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Күнтізбелік жоспар, 5свнып әсіресе бұл орыс сыныптарындағы қазақ тілі мұғалімдеріне таптырмас қажет. Мұғалім бір біріне көмек беру арқылы біршама белеске жетеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қырқүйек 2021
509
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады














«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» ПӘНІНЕН

2-СЫНЫПТАР ҮШІН

ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


(жылдық бағаға «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар үшін)









Кіріспе


«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына сәйкес үш немесе одан да көп пәндерден жылдық бағаға «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады.

Бір немесе екі пәннен жылдық бағаға «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар үшін оқу жылы аяқталған соң өткізілетін мектеп құрастырған кестеге сәйкес оқу жылына арналған жиынтық бағалау ұйымдастырылады.

Оқу жылына арналған жиынтық бағалау қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар қосымша жиынтық бағалауды қайта тапсырады. Қосымша жиынтық бағалау жаңа оқу жылы басталғанға дейін өткізіледі.

Білім беру ұйымдарында оқу жылына арналған жиынтық бағалау мен қосымша жиынтық бағалау осы спецификацияға сәйкес өткізіледі.

Білім алушы қосымша жиынтық бағалаудан «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, қайта оқу жылына қалдырылады.


1. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мақсаты


Оқу жылына арналған жиынтық бағалау пән бойынша білім алушылардың күтілетін нәтижеге жеткенін көрсете алуына қосымша мүмкіндік беру және оқуды жалғастыру үшін қанағаттанарлық баға алу мақсатында өткізіледі.


2. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Жаратылыстану» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында).


3. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі


Жиынтық бағалау барлық еске түсіруге мүмкіндік беретін көрнекі құралдары: диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталары жабылған оқу кабинетінде өткізіледі.

Жиынтық бағалау басталар алдында білім алушыларға жиынтық бағалауды өткізу ережесі мен жұмысты орындау уақыты хабарланады. Білім алушылардың жұмысты орындау кезінде бір-бірімен сөйлесуіне болмайды. Білім алушылар жұмысты орындауға кіріспес бұрын ұйымдастырушылық сипаттағы сұрақтарды қоюға құқылы.

Білім алушылар өз бетінше жұмыс жасауы қажет және бір-біріне көмектесуге құқығы жоқ. Жиынтық бағалауды өткізу кезінде білім алушыларда көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздік немесе анықтамалық әдебиеттер (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) болмауы тиіс.

Жауаптар ұқыпты жазылғаны дұрыс. Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жиынтық бағалауға берілген уақыт аяқталған соң білім алушылардан жұмысты тоқтатып, өздерінің қаламдарын/қарындаштарын партаның үстіне қоюын өтіну қажет.


4. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың балдары балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес бағаға ауыстырылады.


ЖБ балдары

Балдардың % пайыздық мазмұны

Баға

0-5

0-39

қанағаттанарлықсыз - "2"

6-9

40-64

қанағаттанарлық - "3"

10-12

65-84

жақсы - "4"

13-15

85-100

өте жақсы - "5"


Қорытынды баға оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың/қосымша жиынтық бағалаудың бағалары мен жылдық бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады.


Жылдық баға

Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың/қосымша жиынтық бағалаудың бағасы*

Қорытынды баға

2

2

2

2

3

3

2

4

3

2

5

4


Ескерту: * Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың/қосымша жиынтық бағалаудың бағасы қағаз журналдың «Емтихан бағасы» бағанына қойылады.


5. Оқу жылына арналған жиынтық бағалауға шолу


Ұзақтығы – 40 минут

Балл саны – 15 балл


Тапсырма түрлері:

КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар

ҚЖТ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар

ТЖТ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Аталған нұсқа көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін 7 тапсырмадан тұрады.

Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар берілген жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар есептелген мәні, сөзбен немесе қысқа сөйлеммен жауап береді.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

Оқу жылына арналған жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім

Бөлімше

Оқу мақсаты

Тапсырманың

сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл


1


Тірі табиғат

2.1 Өсімдіктер

2.2.1.7 Өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндіру

2.2.1.2 Өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін сипаттау

2.2.1.3 Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау

Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды




1



3

2.2 Жануарлар

2.2.2.1 Жануарлар класының өкілдерін

ажырату: бунақденелілер, балықтар,

қосмекенділер, бауырмен

жорғалаушылар, құстар және

сүтқоректілер

1

4

2.2.2.3 Жануарлардың көбею

жолдарын түсіндіру

1

2

2.3 Адам

2.2.3.4 Денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау

Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды


1

1

2.2.3.2 Дұрыс дене сымбатын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру

1

1



2

Заттар және олардың қасиеттері

3.3 Су

2.3.3.1 Судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы);

Білім алушы жабық түрдегі сәйкестікті анықтауға бағытталған тапсырманы орындайды


1

2

3.2 Ауа

2.3.2.2. Ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі);

1

2

Барлығы

7

15

Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері


«Жаратылыстану» пәнінен оқу жылына арналған

жиынтық бағалаудың тапсырмалары



1-тапсырма

Дұрыс жауабын тап.


а) Бөлме гүлдерін неліктен терезеге жақын қояды?

А) кедергі жасамауы үшін

В) жақсы тыныс алуы үшін

С) терезені әдемі көрсету үшін

D) жарықты көбірек сіңіруі үшін

[1]

b) Жапырақтың түсуін жылдың қай мезгілінде бақылауға болады?

А) күзде

В) жазда

С) қыста

D) көктемде

[1]

c) Өсімдік суды қай бөлігі арқылы сіңіреді?

А) жемісі

В) сабағы

С) тамыры

D) жапырағы

[1]

2-тапсырма

Қай жануар қай топқа жатады? Сәйкес нөмірін жаз.


ҚShape1 ұстар

Жәндіктер

Сүтқоректілер

Қосмекенділер


[4]


3-тапсырма

Жұмыртқа салатын жануарларды белгіле ().



[2]

4-тапсырма

Сөйлемді толықтыр: «Тазалық – ... кепілі»


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!