Түсінік хат
Бүгінгі таңда оқушылардың дүниетанымын кеңейту
және оларды шығармашылық іс - әрекетке баулу, сонымен қатар өз
бетінше ізденушілік қасиеттерін жетілдіретін жұмыстардың бірі
факультатив жұмыстары болып табылады. Факультатив сабақтар жүргізу
арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттері
кеңейеді.
Физиканы тереңдетіп оқыту 9 сыныптарда
факультативтік сабақтар арқылы жүзеге асырылады. Факультатив
сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығына байланысты және оқу
программасы бойынша жүйелі түрде байланысып отырады. Оқушылар үшін
факультатив сабақтарды ұйымдастыру мектептің бірыңғай принципіне
қайшы келмейді, керісінше, ол мектеп алдында тұрған бірқатар
маңызды міндеттерді табысты шешуге жағдай жасайды. Бұл міндеттердің
ішіндегі аса маңыздыларының бірі - дидактиканың жеке (даралап)
оқыту принципіне сай келеді. Яғни, әрбір оқушының табиғи қабілетіне
сәйкес ақыл - ойын, қабілетін дамытуға бағытталған жұмыстар
жүргізіліп, ғылым мең техниканың казіргі жетістіктерін мектеп
білімінде толығырақ қамтуға, оқыту ісінде оқушылардың шығармашылық
тапсырманы орындауына көбірек көңіл бөлуіне, өз бетінше білім алуға
деген ізденістеріне мүмкіндік береді.
Факультативтік оқу оқушылардың
сабақтары басталғанға дейін немесе сабақтан соң бекітілген кесте
бойынша жүргізіледі. Факультатив сабақтарды
өткізуде келесі жағдайлар ескеріледі:
факультативтік сабақтар әдеттегі сабаққа
ұқсамауы тиіс;
үлгермеуші оқушылар үшін қосымша сабақ, түріне
айналмауы
тиіс;
жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерді
даярлайтын
(репетиторлық) сабаққа немесе жоғары оқу
орындары
түріндегі лекция курсына айналмауы
тиіс;
үйірме сабақтарының белгілі бір формаларын
көшірмеуі тиіс.
Мақсаты: Берілген тақырыптар бойынша
физиканың заңдылықтарын, олардың ашылу тарихын, күнделікті тұрмыста
қолданылуын, физиканың өндіріспен, ауылшаруашылығымен, техникамен,
ғарышты игерумен байланыстылығын ашып көрсету, пәнаралық байланысты
жүзеге асыра отырып, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, жеке
тұлғаны білімділікке, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа ынталандырып, өз
бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру.
Факультативте есеп шығару
сабағын өткізудің өзіндік қиындықтары болады. Кез келген тақырыпқа
байланысты конкурстық, олимпиадалық есептерді таңдап алуға болады.
Мұндай есептерді шығару барысында есеп мазмұны мен оны шығарудың
мүмкін жолдарын оқушылармен бірге талдау олардың есептерді өз
бетінше шығаруға деген дағдысын жедел дамытуға, зерттеушілік
қабілеті бар оқушыларды табуға мүмкіндік береді. Мұндай оқушылар
теориялық материалдарды оқып - үйрену кезінде көзге түспесе де,
шығармашылық есептерді шығару барысында жаңа қырынан танылуы
мүмкін.
9
сынып тақырыптық күнтізбелік жоспар.
р\с
|
Мазмұны
|
Сағат саны
|
Күні
|
Күтілетін нәтиже
|
1
|
Механика. Негізгі түсініктер мен
заңдар.
|
1
|
|
Танымын кеңейту
|
2
|
Дененің кеңістіктегі орны. Координаттар
жүйесі.
|
1
|
|
Танымын кеңейту
|
3
|
Қозғалысты график түрінде
көрсету.
|
1
|
|
Білім деңгейін жоғарылату
|
4
|
Қозғалыстың салыстырмалылығы.
|
1
|
|
Танымын кеңейту
|
5
|
Есептер шығару
|
1
|
|
Білім деңгейін жоғарылату
|
6
|
Бірліктер жүйесі.
|
1
|
|
Қызығушылықтарын арттыру
|
7
|
Жылдамдық өзгере алады.
|
1
|
|
Танымын кеңейту
|
8
|
Шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалғанда уақытқа
қатысты дененің координаты қалай өзгереді?
|
1
|
|
Танымын кеңейту
|
9
|
Айналып тұрған дене бетіндегі
қозғалыс.
|
1
|
|
Танымын кеңейту
|
10
|
Қозғалыс заңдары.
|
1
|
|
Танымын кеңейту
|
11
|
Есептер шығару
|
1
|
|
Қызығушылықтарын арттыру
|
12
|
Табиғаттағы күштер және денелердің
қозғалысы
|
1
|
|
Білім деңгейін жоғарылату
|
13
|
Дененің серпімділік күші әсерінен
қозғалуы.
|
1
|
|
Танымын кеңейту
|
14
|
Дененің бірнеше күштің әсерінен
қозғалуы
|
1
|
|
Білім деңгейін жоғарылату
|
15
|
Есептер шығару
|
1
|
|
Білім деңгейін жоғарылату
|
16
|
Сақталу қасиеті бар физикалық
шамалар.
|
1
|
|
Білім деңгейін жоғарылату
|
17
|
Күштің жұмысы. Механикалық
жұмыс
|
1
|
|
Білім деңгейін жоғарылату
|
18
|
Денеге түсірілген күштердің жұмысы және дене
жылдамдығының өзгеруі
|
1
|
|
Танымын кеңейту
|
19
|
Жерден жоғары көтерілген дененің потенциалдық
энергиясы
|
1
|
|
Білім деңгейін жоғарылату
|
20
|
Есептер шығару
|
1
|
|
Білім деңгейін жоғарылату
|
21
|
Есептер шығару
|
1
|
|
Білім деңгейін жоғарылату
|
22
|
Үйкеліс күшінің жұмысы және механикалық
энергия
|
1
|
|
Танымын кеңейту
|
23
|
Энергияның айналуы және машиналарды
пайдалану.
|
1
|
|
Қызығушылықтарын арттыру
|
24
|
Механикалық тербелістер.Серіппеге ілінген дененің
тербелісі
|
1
|
|
Танымын кеңейту
|
25
|
Тербелмелі қозғалыстың
энергиясы
|
1
|
|
Қызығушылықтарын арттыру
|
26
|
Тербелмелі қозғалыстың геометриялық
моделі
|
1
|
|
Қызығушылықтарын арттыру
|
27
|
Есептер шығару
|
1
|
|
Білім деңгейін жоғарылату
|
28
|
Есептер шығару
|
1
|
|
Танымын кеңейту
|
29
|
Меншікті тербелістер
|
1
|
|
Қызығушылықтарын арттыру
|
30
|
Тест жұмысы
|
1
|
|
Танымын кеңейту
|
31
|
Графиктер арқылы есеп шығару
|
1
|
|
Қызығушылықтарын арттыру
|
32
|
Есептер шығару
|
1
|
|
Қызығушылықтарын арттыру
|
33
|
Қайталау
|
1
|
|
Танымын кеңейту
|
34
|
Қорытынды сабақ
|
1
|
|
Танымын кеңейту
|