«Күй атасы - Құрманғазы»
/лекция - концерт/
Мақсаты: Ұлы күйші, дарынды композитор Құрманғазы Сағырбайұылының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру. Ұлттық өнеріміздің шығу тарихын ұмытпай, дәріптеп, құрметтейтін рухы жоғары азамат тәрбиелеу.
Барысы:
Көш басшымыздың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.
Н.Ә. Назарбаев бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғыртудың алты бағытын белгілейді.
1.Бәсекеге қабілеттілік;
2.Прагматизм;
3.Ұлттық бірегейлікті сақтау;
4.Білімнің салтанат құруы;
5.Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
6.Сананың ашықтығы;
Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады; Бұл-дегеніміз-ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды.
«Рухани жаңғыру» Серік Сейітман
Шыңға биік Ел көз тіксе асқарлы,
Шайыр жазбай, кім жазады дастанды?!
Сүйінші, Алаш!
Тарихыңда толғаулы
Рух жаңғырар жаңа дәуір басталды!
Көк түріктің ұрпағына, уа, құтты
Ту көтерер тағы бір таң атыпты.
Жолын таппай, қаңғырған Ел қаншама,
Кодын сақтай, жаңғырған Ел бақытты.
Бұл жаңғыру – өрге бастау Ұлтымды,
Бұл жаңғыру – төрге бастау Ғұрпымды.
Ұлттық кодым – менің ұлттық құлпым,
Кім көрінген қолды етпесін кілтімді.
Бұл жаңғыру – ұлыларды ұлықтау,
Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау.
«Кісен ашып» Құрманғазы күйімен,
Болмысымды бұлжымастай құлыптау.
Бұл жаңғыру – кемелденіп жаңғыру,
Кеуде соққан күллі әлемді таң қылу.
Жыр алыбы Жамбылдарды жыр қылу,
Ән алыбы Шәмшілерді ән қылу.
Бұл жаңғыру – бастамасы ғажаптың,
Бұл жаңғыру – астанасы ләззаттың.
Жалғаны көп сахнасында жаһанның
Мәдениетін мойындату қазақтың.
Бұл жаңғыру – тарихи сәт сауапты,
Сауапты іске бәріміз де жауапты:
Тұлпарымыз озсын десек бәйгеде,
Ұрпағымыз болсын десек сауатты.
Бұл жаңғыру – Туған Жерді түлету,
Ен даланың кең құшағын гүл ету.
Шығыс, Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік –
Бар қазақтың арман-жырын бір ету.
Асуды асып Қазақстан – ардағым,
Аспанменен астасып тұр арманым.
Ер бастады!
Ел қостады!
Жарылқа!
Тәңір Ием, Туған Елдің БАҒДАРЫН!
Елбасы айтқандай біз ұлттық өнеріміздің шығу тарихын ұмытпай кейінгі ұрпаққа айтып отыру міндетіміз. Осындай Қазақ өнерінде ерекше орны бар, Қазақ халқының аспаптық өнерінде «Күй атасы Құрманғазы» атымен қалған, Ұлы күйші, дарынды композитор-Құрманғазының тұғанына биыл 200 жыл толып отыр. Ұлттық мұрамыздың жандануына теңдессіз үлес қосқан ұлы күйші-композиторға арналған іс-шаралар ұлан-байтақ еліміздің барық өңірлерінде аталып өтуде. Күй ұлтымыздың үні мен сөзі болған, халқымыз дүниеге әкелген көркем құндылықтардың шыңы. Ал Құрманғазы ұлт мәдениетінің асыл қазынасына өлшеусіз үлес қосқан, әлемдік деңгейге шығарған өнер иесі. Халқымыз үшін күй мен Құрманғазы есімі бір-бірімен астасып кеткен ұғым. Құрманғазы бір облыстың немесе бір аймақтың перзенті емес. Ол ұлтымызға, елімізге ортақ, адамзат мәдениетінің тарихында өшпес із қалдырған тұлға.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Елбасы Құрманғазының күйлері ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні екенін атап көрсеткен. Бізде де осы шараларға атсалысып, күйші атамыздың 200 жылдығына орай «Күй атасы - Құрманғазы» атты лекция - концерт ұйымдастырып отырмыз. Осы шараға ауылымыздың Балалар саз мектебінің оқытушылары Толегенова Алия Баймұханқызымен Қағазбеков Қанат Рахымбекұлы келіп отыр. Ендігі сөзді қонақтарға берейік.
Құрманғазы Сағырбайұлы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Жиделі деген
жерде 1816-18 жылдар шамасында туды. Әкесі Сағырбай он екі ата
Байұлының ішіндегі Қызылқұрт руынан шыққан, бүкіл өмірін байлардың
малын бағумен өткізген адам. Құрманғазының анасы Алқа елге сыйлы,
еті тірі Мәтіғул деген кісінің бұла өскен ерке қызы еді. Алқаның
ағалары шетінен төкпе ақын, асқақ әнші, бармағынан бал тамған
күйші, жауырыны жер иіскемеген палуан
болатын.
Жасынан өнердің қадірін біліп өскен Алқа тұңғыш ұлының бойындағы ұлы дарынды жүрегімен сезінді. Ұлының асқан ажарлы, сымбатты әрі ешкімнен қаймықпайтын жүректі, алысқанын алып ұратын қайратты боп өсіп келе жатқанына іштей қуанатын. Ол ұлының бетінен қақпады, қолына домбыра тисе аруақтанып, нұрланып шыға келетін кішкене Құрманның тегін адам емес екенін бірінші болып мойындаған да Алқа еді.
Құрманғазының домбыра тартқанын көрген, естіген Ұзақ деген қарт домбырашы еді. Жас талапкердің домбыра тартқанына сүйсінген қарт күйші болашақ үлкен дарын иесінің табиғи талантын бірден аңғарып, ақ батасын берді.
Құрманғазы болса атақты күйшінің мақтау сөздеріне қанаттанып қария тартқан күйлерді сол бойда қағып алып өз домбырасымен бебеулетіп отырды. Болашақ ұлы композитордың өнер айдынындағы тұсау кесері осылай басталып еді.
Құрманғазы он алтыға толып, оң-солын тани бастады. Ел ішіндегі әділетсіздікті аңғарып, Әкесінің байға қарсы келме, әркімнің өз ризығы бар деген қоңырқай уағызына да құлақ аспай, албырт жас еркіндікті аңсады да тұрды.
Бойдағы бұла күш, асау талант Құрманғазыға өз дегенін істетпей қоймады. Өзіне өзі еркіндік әперіп, қара домбыраны серік еткен Құрманғазы әдейі іздеп барып Ұзақ күйшінің жанына ереді, атақты домбырашылардың күйлерін тыңдайды.
Отызыншы жылдардың аяғында Құрманғазының алғашқы шығармашылық дәуіріне жататын күйінің бірі «Кішкентай» дегенге келеді. Ол күйді Құрманғазы «кішкене інісінің үлкен ағасы Исатайға арнауы» депті. (Видео фильм)
Құрманғазының замандастары мен шәкіртерінің естеліктері бойынша, күйші тік мінезді, шындық пен әділетті жақтаушы және адамдық қасиетті жоғары бағалайтын ірі тұлға болған Оның тілі өте өткір болыпты. Өзімен өмір бойы өштесіп, өтірік жала жауып, әрдайым үстінен ойып қағаз түсіріп жүрген старшина Әубәкір Ақбайев күйшіні дүреге салуға бүйрық бергенде, Құрманғазы төмендегі сөздерді бетіне басқан екен.
Әбеке, Құдай куә, жазығым жоқ,
Мен ұрлап, жалғыз тайды алғаным жоқ.
Жабылмай күш сынассаң жеке шық та,
Алысып, өліп кетсем, арманым жоқ!
«Ақбай»- күйі орындайтын Шәміл Әбілтаев.
Құрманғазы өмірінің көбін құғын, сүргінмен өткізіді. Қудалаудан қашып, әбден шаршаған Құрманғазы Төремұрат батырдың ауылына келгенде оған былай депті:
Нарын еді жайлауым,
Қиқу салған құсы бар,
Қамысы қалың көлдерім-
Бәрі қалды артымда.
Бала жастан бір жүріп,
Асық ойнап алысқан.
Қатар өскен теңдерім.
Қайран туған топырақ,
Барлығынан баз кешіп,
Төремұрат, Нарымбай,
Іздеп келген ерлерім!
«Төремұрат»- орындайтын Қаршыға Ахмедияров.
Өзінің ғылыми еңбектерінде Құрманғазының өмірі мен шығармашылығын ең басты тақырып ретінде жан-жақты зерттеген академик А.Жұбанов «Құрманғазы домбыра аспабының орындаушылық мүмкіндіктерін ұлғайтты, оның тембрлік бояуын, дыбыстық эстетикасын, дыбыс шығару әдістерін, штрихтарын көбейтті»-деген екен.
1973жылы Алматыда өткізілген Халықаралық Музыка Трибунасында Құрманғазының «Сары Арқа» күйі бірінші орынға ие болып, ЮНЕСКО-ның бағдарламасы бойынша музыкалық арналар арқылы таратылатын болды. Сонымен өміршіл, жігерлі, салтантты, қуанышқа толы «Сары Арқаның» өшпес үш бүкіл дүние жүзіне тарап, Тәуелсіздік алған Қазақстанның рухани паспортына айналды.
«Сарыарқа» -Мемлекеттік Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі.
Әрі көлемді, әрі жүрекке жылы тиетін, әрі орындаушылық дарынды керек ететін күрделі, көркем күйлердің бірі Байжұма күйі.
«Жима»-орындайтын Қағазбеков Қ.Р.
«Балбырауын» жігерлі өмір жырын жырлайтын, көктем желіндей көңілді оптимистік шығарма деп баға беруге болады.
«Балбырауын»-орындайтын симфониялық оркестр.
Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір Адайдың үйіне түседі. Үй ішінде шал мен кемпір болады. Бір кезде үй иелері шаруалары болып, далаға шығып кетеді. Осы кезде Құрманғазының көзі керегенің басында ілулі тұрған үкілі сары домбыраға түседі. Оны ұстап қарағысы келіп, қолына алып, бір-екі қағып, әдейі «теріс бұрап» қайтадан бұрынғы орнына іліп қояды. Біраз уақыт өткеннен кейін кемпір мен шал, он жеті-он сегіз шамасындағы қыз кіреді. Қыздың аты Ақмаңдай екен- Мынаған кім тиген?-деп, әке-шешесіне қарайды. Қолына аспапты ала-сала өз бұрауына түсіріп, бір күйге кірісіп кетеді. Ақмаңдай күйдің аяғына шыққан кезде, Құрманғазы қызға қарап:-Шырағым, күйдің шоғын тартпай, боғын тарттың ғой! Домбыраны берші бері!-дейді.
Сондағы қыздың тартқан күйі «Адай» да, Құрманғазының тартқаны «Серпер» күйі дейді.
«Серпер»-орындайтын Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі.
1857 жылы Құрманғазыны тағыда ұстап, айдап Орынбор түрмесіне салады. Жолда келе жатып Құрманғазы «Арба соққан» деген тағы бір күй шығарады. Бұл күй де сырттай аты «Арба соққан» болғанымен онда арбаның салдары, ат тұяғының тарсылы, дауыстаған кучердің дыбысын бермейді. Мұнда күндіз-түні ағаш арбаның үстінде шаршап, езіліп, еріксіз елінен тағы айдауға кетіп бара жатқан адамның жан дүниесінің ауыр ауыр жайы бар.
«Арба соққан»-тыңдау.
Құрманғазы Орал түрмесінде жатып қалады. Артынан анасы Алқа келеді, анасын көріп көзінен жас шығып кетеді. Сонда анасы; «Мен ұл таптым деп жүрсем, жаман, жасық неме екен ғой туғаным. Кімнің алдында көзіңнің жасын шығарып тұрсың?!»-деп, жағынан шапалақтап тартып-тартып жібереді. Сол түні түнімен көз ілмей, ертесі «Қайран шешем» күйін шығарған екен.
«Қайран шешем»-орындайтын Дина Нұрпейісова.
Қазақ халқының дара туған ұлына, оның туғанына 175 жыл толуына арнап, Астрахань жерінде Құрманғазының басына ескерткіш орнатты. Бұл туралы халық ақыны Хамит Ерғалиев былай деп жазды:
Ақ күмбез ақ Еділдің құламасын,
Зиратқа көшіп барды гүл анасы,
Халықтар махаббаты шуағында
Өнердің ұйықтап жатыр ғұламасы.
«Күй атасы» Құрманғазының дәстүрлі жаңа заманда да жаңаша өмірін табуда. Алматыда «Құрманғазы атындағы Мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрі», Құрманғазы атында көше, және шебер күйші атымен домбырашылар сайыстары өтіп тұрады.
/Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі жайлы видео материал./
Құрманғазы шығармашылығында күйлер тобы өте көп. Әр күйінің шығу тарихы, мазмұны ерекше. Әрқайсысының өзінше бір-біріне ұқсамайтын мелодиялық құрылысы, өздеріне тән әуені бар.
Құрманғазының ғұмыр кешкен кезі патшалық Россия жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға бастаған кезі еді. Мұндай озбырлыққа жан-жүрегімен қарсыласу Құрманғазының өмірбаянына айналып, күй тілінде көрініс тауып отырған. Ұрпақ тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңіліп, ой толғау Құрманғазының күйшілік болмысына тән.
Құрманғазының күйлері біздің заманға оның шәкірттері, жолын қуған домбырашылар арқылы жетті. Күйшінің Дина, Мәмен, Көкбала, Сүгірәлі, Меңетай, Ерғали шәкірттері болды. Ол шәкірттерінің шәкірттері болып, бірден бірге алып келіп біздің заманға Құрманғазының асыл күйлері жетті.
Бүгінде осындай дəстүрлі өнерімізді жалғастырып келе жатқан мектебіміздің шәкірттерінің бірі Қанатқызы Жансаяның орындауындағы Құрманғазының «Балбырауын» күйін қабыл алыңыздар.
Халық «Күй атасы» деп атап кеткен ұлы күйшінің мұралары әлемдік музыка өнерінде қазақ сазының құдіретін таныта білді. Екі шекті аспаптан осыншалық әуенге бай, рухты шығармалар тудырған Құрманғазыны тірі кезінде көрген қазақтарды былай қойғанда, өзге жұрттың озық ойлы өкілдері де ұлы композитордың талантына тәнті болған.
Құрманғазының күйлері қазақ халқы шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады. Ол өз туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес қосты.
Ұлт тағдырындағы тарихи ұлы өзгерістердің барша қуаныш-қайғысы қашанда біртуар перзенттерінің тағдыр-талайымен шендесіп жатады. Бұл, орайда, Құрманғазы өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес, өмірімен де туған халқының бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыран кезеңнің хал күйіне ең жарқын айғағы бола білді. Ол өзінің қанатты күйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты, ғылымдағы Шоқан сияқты, майдан даласындағы Кенесары сияқты, өршіл рухына қылау түсірмей, замана тауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешті.
Тағдырдың ең бір қиын бұралаңдарында халқының бойына қуат берген, жігерін жанумен болған Құрманғазы күйлері келер ғасырлардағы толқын-толқын талай ұрпаққа ата–бабаларының мұңы мен шерін, арманы мен рухын ұмыттырмай, үнемі құлағына құюмен болары анық. Ертеңгі Еліміздің болашағы білімді ұрпақ осы Ұлттық өнерді өміршең ететін Жер бетінде Қазақ елі тұрғанда, осынау мәңгілік сарын да ешуақытта үзілмейді. «Мәңгілік елдің мәңгілік сарыны» болып қала берері анық.
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Құрманғазының қазақ музыкасына қосқан үлесін, келесі музыкант-домбырашылар ұрпағына тигізген әсерін асыра бағаласақ та артық болмайды. Оның музыкалық мұрасы – ұлы ақын Абайдың өлеңдеріндей, қазақ халқының ұлттық мәдениетінің ажырамас бөлшегі.
Біздің замандастарымыз қазақ музыкасының майталманы, композитор Құрманғазының үлкен шығармашылық мұрасын сақтап қалу үшін көп игі істер жасады.
Оның қуатты шығармашылық құдіретіне таң қалған. Мәселен, 1820 жылы Орал казак офицерінің отбасында дүниеге келіп, 19 жасында Оралдың әскери училищесін тәмамдап, 50 жасына дейін әскерде қызмет еткен, студент кезінде Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында болып, Еуропа мәдениетін бойына сіңірген, соңына 100-ден аса әдеби шығарма қалдырған қаламгер Никита Федорович Савичев өзінің естелігінде: «Әттең... Құрманғазының еуропалық білімі болғанда, оған музыка әлемінде тең келетін ешкім болмас еді-ау», – деп өкініш білдірген екен. Дегенмен 1934 жылы халқымыздың дара тұлғаларының бірі, композитор, академик Ахмет Жұбанов қазақ ұлт аспаптары оркестрін құрып, оған Құрманғазы аты берілгенде, соңынан тағы бір тұлғалы музыкант, әлемдік дәрежедегі дирижер Шамғон Қажығалиев Құрманғазы күйлерін оркестрге лайықтап, жаңа тыныс сыйлағанда, оны тыңдаған дүниежүзінің музыка қайраткерлері Құрманғазы Сағырбайұлының музыка әлемінде теңдессіз тұлға екенін мойындаған-ды.
«Кісен ашқан» – күйдің аты,
Күй иесі –
Құрманғазы.
«Кісен ашқан» – сыйдың
аты,
Сый иесі –
Құрманғазы.
Дыбыстайды ұлы
оркестр
Бабасының
дыбысымен;
Тыныстайды ұлы
оркестр
Данасының
тынысымен;
Құрекеңнің
екпінімен,
Құрманғазы
дауылымен:
Құрекеңнің кек
тілімен,
Құрманғазы
дәуірімен;
Құрекеңнің
жалынымен,
Құрманғазы
мұратымен;
Махаббатпен, жан
үнімен,
Мұнар күнмен, ұра түнмен -деп Жұбан
Молдағалиев жырлағандай Екпінді,Дауылды, Жалынды дәулескер күйші
Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған лекция -
концертіміз аяқталды.
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем
бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ –
Домбыра! Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана: Одан асқан
жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана. Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай
сорласын Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын. Жалған сөйлеп
көрген емес соның өзінде: Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан
кезінде.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/olen/4991-dombyra.html
©
www.ZHARAR.com
Тарт күйіңді, домбыра! Төгіл, төгіл тәтгі
күй, Тау суындай сылдыра, Желпін, желпін жел соқтыр! Тауда тұман
тұрмасын, Көкте бұлт ыдыра! Тыңдамаған қоймасын, Ойды-қырды қыдыра,
Құлшына тарт, домбыра! Екі желі, үш қазық, Тоғыз ноқта домбыра,
Ойнатайын он саусақ, Құлындайын құлдыра. Бозда-бозда бота күй,
Қашағанды қудыра, Құлшына тарт, домбыра! Еңбек елдің күйшісі-ау,
Құлағымды қиқулат, Көңілімді қандыра, Тәтгі-тәтті күйге тарт
Көргеніңді күй қыла, Құлшына тарт, домбыра! Еңбек елдің жыршысы-ау,
Жанымды бір жадырат, Көкейіме қондыра, Тәтті-тәтті әңгіме айт Жаңа
өмірді жыр қыла, Шежіре, шешен сұңғыла,- Құлшына тарт,
домбыра!
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/olen/3300-dombyra.html
©
www.ZHARAR.com
Қолыма
алсам домбыраны, шерткен өмір дастанын. Арман-шыңға қондырады,
нұрға бөлеп қас-қағым. Атамұра – домбыра, қырандайын сырың бар.
Құмарыңды қандырар, балапандай жырымды
ал.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/olen/10592-dombyra.html
©
www.ZHARAR.com
Бұл домбыра тоғыз перне
тағылған,
Естіген жан үнін аңсап
сағынған.
Тарта білсең дұрыс
қойып,
дұрыс қойып
тиегін,
Кеңітеді көңілдің
көк,
Көңілдің көк
жиегін.
Бұл домбыра талай ғасыр жыр
еткен,—
Махаббатты шыққан ыстық
жүректен.
Жан сезімін
аялатқан,
Аялатқан,
тербеген
Кейде шаттық, кейде
қайғы,
Кейде
қайғы-шерменен.
Бұл домбыра тапқан ақын
жүрегін,
Тартқан жарға айтам деген
тілегін.
Үні тәтті
күлкісіндей,
Күлкісіндей
қалқаның
Сол себептен
домбырамды тартамын.
«Көктегі бұлтты
ыдыратып, Баршаны өзіңе қаратып, Құлындайын құлдырап, Көңілімді
қандырып, Көргеніңді күй қыл», - деген тәрізді жолдармен сырласа
келіп, «Екі желі, үш қазық, Тоғыз ноқта домбыра», - деп сипаттап та
өтеді. Ал дауылпаз ақын Қасым Аманжолов «нағыз қазаққа» деген
сүйіспеншілігін мына өлең жолдарымен жеткізеді: «Домбыра мұнша
шешен болдың неге? Күй толған көкірегің шежіре ме? Сыр қозғап
ғасырлардан жөнелесің Саусағым тиіп кетсе ішегіңе. Аққудың
әуеніндей үнің бар-ау, Сарыарқа самалындай ескен баяу, Бөбектей
бесігінде маужыраған Тыңдаймын мен отырып ұйқылы-ояу». Салқын кеште
терезені ашып тастап, қоңыр сазды домбыраны қолға алсаң, асқар ой
мен қалықтаған қиял қырандай етіп шыңға қондыратынын, ақындар мен
күйшілердің жұмбақ әлемі жарқырап ашылатынын тебірене жырлайды.
Жалпақ жарық жалғанмен бетпе-бет жалғыз қалдырып, бірінен бірі
өтетін күйлермен тербейтін үндемес домбырашы – Жұмекен Нәжімеденов.
Домбыра тақырыбы – ақын жырларының алтын арқауы. «Зейнолла
Шүкіровтың домбырасы мен өзі туралы» өлеңінде домбыра құдіретін
шебер кестелейді. Өлең желісі бойынша Зейнолла ақын ауырып,
емханаға түскенде домбырасын өзімен ала барады. Бірнеше күннен
кейін «домбыра сау, сондықтан ауруханада оған орын жоқ» деп
дәрігерлер оны алып кетеді. Ақын ауруы – домбырасымен бірігеді.
Берген дәрілерді ішпей, сандырақтап, домбырасын жоқтап, ауруға
қайғы қосылып, құсалықтан қаза табады. Тек өз басын ойлайтын
дәрігерлер болары болып, бояуы сіңген соң, «мұны білсек, атайға
домбыра берер ек» деп өкінеді. Енді өкінгеннен пайда жоқ. «Күйін,
мұңын ширатып жіп еткенде бір ұршық кімге айтады тарқатып сол
домбыра ыңырсып: қоңыр төбе басында күйші-Зейнолла-ақын да, тек мен
кейде ойлаймын домбырасы хақында», - деп ақын шерлене өлеңін
аяқтайды. Жыр көгінің мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:
«Бабамның көзімісің?! Данамның сөзімісің?! Жаралған сезім үшін,
Мазасыз жүрегімнің өзімісің?! Домбырам, Қоңыр қазым, аққуымсың!
Арманым, мұңым, сырым, шаттығымсың Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін. Бабамнан қалған мұрам, сен
болмасаң, Өнердің не екенін де білмес едім», - деп домбыра
қадірін аспанға бір-ақ шығарады. Сыршыл өлең-сөздің бәйге бермес
шабандозы, сезім ақыны өзінің жүрегіне балап, ол болмаса өнерден де
мақұрым қалатынымызды жырлай келіп, «ерке назым, шыбынсыз, шуақ
шашқан жазым, сазым, досым» деп аңқылдаған аппақ қардай пәк
көңілімен оған өмірімді де қиям деп ағынан жарылады. Бұл XIX-XX
ғасыр ақындары домбыраның қадір-қасиетін осылай жырласа, қазіргі
замандағы поэзия сахнасының саңлағы, өлең тілімен суерет салып,
халықтың жүрегіне жол тапқан Мұқағалилардың сарқыты Қалқаман Сарин
«Домбыраның шері хақында» сөз қозғайды: «Қасиетіңнен айналдым,
Кешір, Домбыра! Шанағыңды шаң басып, кесір қонды ма? Есі кеткенше
билейтін етегін ашып, Эстраданы қайтейін есірген мына? Қасиетіңнен
айналдым, Кешір, Домбыра! Керуен сазым, тоналды-ау, көшіңнен мұра.
Жатырынан жерініп, Жеті атасына Өркөкіректерді қайтейін өшінген
мына. Қасиетіңнен айналдым, Кешір, Домбыра! Темірден әбден
тесілді-ау төсің, Домбыра. Қанжығасына байлап ап қадірің білмей,
Есерсоқ есек мінгендер есіңді алды ма? Ит үрер тағы ... керуен...
көшіміз жүрер, Дұшпаның – жылап, өзгеріп, досыңыз күлер.
Қасиетіңнен айналдым, Кешір, Домбыра! Екі шегіңнен садаға –
екіжүзділер!» Бұл жалғыз Қалқаман Сариннің емес, көзі ашық,
көкірегі ояу барша қазақтың жан айқайы. Олай дейтін себебіміз,
бүгінде қарапайым қазақтың қарадомалақ балалары екіден бірі домбыра
ұстауді білмейді. Білмегенін былай қойғанда, бұл қасиетті, киелі
аспап оларға тіпті жат, таңсық боп барады. Домбыра – қазақ халқының
жаны мен жүрегі. Ол – еңбекқорлыққа үйретеді, жарысуға, ізденуге
баулиды. Домбыра тарта білу – ата-кәсіп дәстүріне бойлау, бойға
сіңіру. Атадан қалған асыл, баға жетпес мұрамызды жас ұрпақ өз
деңгейінде құрметтеп, қадірлеп, келесі буынға қалдырып отырса нұр
үстіне нұр. Жыр алыбы – Жамбыл өзінің өмірбаянында: «Менің ағам,
әкемнің інісі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес болдым. 12
жасымда одан домбыра үйрендім. Домбыра қолыма тигенде барлық
тентектікті ұмытып, бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді», -
дейді. Міне, қазақтың қай баласы да осылай жастайынан домбыраға,
өнерге, поэзияға жақын болып, сол арқылы тәрбиеленсе, олардан еліне
елеулі, халқына қалаулы азамат өсіп шығатынына ешкімнің шүбәсі жоқ.
Қазақстанның болашағы жас ұрпақтың қолында екеніні тереңнен түсіне
білген әрбір ата-ана бауыр еті баласын бесіктен белі шықпай жатып
осылай тәрбиелесе керек.
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/32719/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме
міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты
сақтаңыз
Домбыра – шарықтата
ән шырқап, күмбірлете күй шертіп, бір жігітке жеті өнерді аз
санаған талантты халқымыздың ең сүйікті ұлттық аспабы. Оған барынша
құрмет көрсетіп, аяқ асты қалдырмай, төрге ілген. Еліміздің
егеменді күнде көкейге келген қуанышы да, қиын қыстау заманда шер
болып шыққан ыза-зары да қасиетті қара ағаштың қос ішегінен күй
болып күмбірлейді. Халықтың әнші, ақын-жырауы, сал-серісі, ұзақ
дастандарды жатқа соғатын жыршылары – бәрі де «әу» деп аузын
ашқанда, өлеңін сенімді серігі домбыраның үніне қосып шырқайды. Бұл
әрбір қазақтың үйінде болуы міндетті және қажетті аспап. Домбыраның
пайда болу тарихы сонау ғасырлар қойнауынан бастау алады. Ең алғаш
сақ тайпаларының қолданған аспабы деген дерек кездеседі. Біздің
қазіргі қолданып жүрген ұлттық аспабымыздың дөңгелек-сопақша
пішінді алғашқы нұсқасын Әбу Насыр әл-Фараби жасаған көрінеді. Ол
заманда әркім өзінің домбырасын өзі қашап, ойып жасаған. Домбыраны
қазақ қалай сипаттап, қалай қадір тұтқаны туралы өткен ғасырлардағы
тілінен бал тамған, өлеңмен ой өрген кемел ойлы кемеңгер ақындар
сыр шертеді. Асылдың сынығындай, шұғаның қиығындай адайдың асыл
текті оғыланы Қашаған Күржіманұлы Есқали сұпыға қонаққа келгенде,
ол амандаспастан: – Бұл үй домбыра тартып, өлең айтуға тігілген
жын-шайтанның үйі емес, Құдайдың үйі еді ғой. «Ит ерткен қонақ
жараспайды» дегендей, шайтанның қу ағашы бұл үйге қайдан келді», -
деп жекіреді. Надан сұпының қылығы кектендірген Қашаған: – Келе
сала, Сұпы-еке, Домбырамды боқтадың. Домбырамды боқтасаң, Өзімді
басқа соққаның, Сұпылығың қай жақта, Шын тентекке ұқсадың.
Қолымдағы қу ағаш, Сайрап отыр бұл ағаш. Қолымдағы ағашым – Алып
жүрген домбыра, Тартқан сайын даңғыра. Домбыра күнә деген сөз Тек
бір айтқан дабыра. Қолымдағы қу ағаш, Сайрап отыр бұл ағаш. Асылы
емен, қарағай, Шыққан жері су ағаш. Аруақты ерлердің Қолындағы ту
ағаш, - деп ағаштың, домбыраның қасиеті туралы суырып салып
айтып береді. Сенімді серігіне тіл тигізгеніне ызаланып, оның
қасиетін асқақтатқан Қашаған болса, XIX ғасырдың аяғында өмір
сүрген қазақ поэзиясының Құлагері, өнер жыршысы, Ілияс Жансүгіров:
«Еңбек елдің жыршысы-ау, Жанымды бір жадырат, Көкейіме қондыра,
Тәтті-тәтті әңгіме айт Жаңа өмірді жыр қыла, Шежіре, шешен сұңғыла,
- Құлшына тарт, домбыра!» - деп қасиетті аспаппен
тілдеседі.
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/32718/

«Кісен
ашқан» – күйдің аты,
Күй иесі –
Құрманғазы.
«Кісен ашқан» –
сыйдың аты,
Сый иесі –
Құрманғазы.
Дыбыстайды ұлы
оркестр
Бабасының
дыбысымен;
Тыныстайды ұлы
оркестр
Данасының
тынысымен;
Құрекеңнің
екпінімен,
Құрманғазы
дауылымен:
Құрекеңнің кек
тілімен,
Құрманғазы
дәуірімен;
Құрекеңнің
жалынымен,
Құрманғазы
мұратымен;
Махаббатпен,
жан үнімен,
Мұнар күнмен,
ұра түнмен.
Тыныстайды бір
тыныспен
Жүз музыкант,
жүз көкірек.
Дыбыстайды бір
дыбыспен
Жүз тіл аспап,
жүз түрлі өрнек.
Жүйрік саусақ
жорғалайды,
Пернелерден сыр
суырып.
Қаныңмен күй
сорғалайды,
Бір жалындап,
бір суынып.
Қобызшы да,
домбырашы
Жігіт тұрсын,
қыздар қандай
Небір сиқыр
сонда, расы,
Кәрі жынды
қоздырғандай.
Көл бетіндей
толқымалы,
Қымқа белдер
ырғалады.
Сыңғыр қағып
шолпылары,
Сылдырлайды
сырғалары.
Үкілеген
бөріктері
Қанатындай тоты
құстың.
Қазақтың жас
өріктері,
Өртегендей
отына ұшқын.
Ұлы оркестр сел
күшіндей,
Тау тасқынын
түйдек атқан.
Зал тым-тырыс
демі ішінде,
Қатып қалған,
күйге батқан.
Керуен қиял
беті ұзаған,
Таудан аққан
дарияша.
Қатар отыр екі
заман –
Жас келіншек,
қария шал.
Шал, шамасы,
бір ғасырдай,
Тоқсанды анық
бұқырлаған.
Кәрі қайың
тұлғасындай.
Жұқарса да
тұқырмаған.
Қарайды әлі
қаршығадай,
Дегдарлық бар
бір тінінде.
Шашы қарға
малшынғандай,
Боз қыраудай
кірпігі де.
Қас-қабағы
салбыраған,
Қоңқақ мұрын,
салпы ерін.
Бір ғажайып шал
бұл адам,
Аңғартқандай
қалпын ердің.
Қайырып қойса
ақ сақалын,
Екі иығын
қымтар еді.
Құрекеңе
ұқсатамын...
Ал кім мына
қымқа белі?
Қызы ма, не
келіні ме?
Әйел емес,
ертегі екен!
От тұрғандай
ерінінде,
Қай бейбақты
өртеді екен?
Аймалаған ақша
беттен
Адам ба екен,
қыран ба екен?
Кім есімін
қақсап өткен?
Кімнің таңы
қылаң еткен?
Қос бұрымын
белге түскен
Кімнің қолы
тарқатты екен?
Бірге өскен,
уәделескен
Қозы ма екен,
Фархад па екен?
Қара көзі кімге
қарап
Ойнақшыды,
күлімдеді?
Қандай жігіт
тілге жарап,
«Күнім» деді,
«Гүлім» деді?
Сондай біреу
бола қалса,
Қалай өлмей жүр
бақыттан?
Арманы не мола
болса,
Садағаша бұл
уақыттан?
Мен жырдан жыр
жылуладым
Бір күн емес,
бір түн емес.
Қазақтың хас
сұлуларын
Суреттеу еш
мүмкін емес.
Сөздің кейде
жалғаны бар,
Бір бояуын
қымтырғандай.
Көзбен көр де
арманда қал,
Көлеңкеге
ұмтылғандай...
Қатар отыр екі
заман –
Жас келіншек,
қария шал.
Керуен қиял
беті ұзаған,
Таудан аққан
дарияша.
Әсем әуен
шымырлатып,
Ой мен бойға
шауып жатыр.
Бірде жанға
зығыр батып,
Бұршақ болып
жауып жатыр.
2
Күйдің аты –
«Кісен ашқан»,
Күй әкесі –
Құрманғазы.
Күймен көзін,
деседі, ашқан,
Күйде жаны,
арман, назы.
Күйге құлақ
тікті дала,
Күйді тыңдап
атқа мінді.
Небір әуен
төкті дана,
Үн біткенді
жатқа білді.
...Сыр суырып
пернелерден,
Лек саусақтар
жорғалайды.
Неге оркестр
тербелді ерен?
Не деп сол күй
сорғалайды?
Күңірене ме,
күрсіне ме?
Елжірей ме,
емірене ме?
Дүлділдердің
дүрсілі ме?
Жер ыңыранып
тебірене ме?
Көкала жал өр
Атырау
Долдана ма
дауыл айдап?
Дүр оянып,
япыр-ау,
Дүрлікті ме
ауыл-аймақ?
Қызғыш құстар
шаңқылдай ма?
Көлдерінен
үркітті не?
Көкте сұңқар
саңқылдай ма?
Сілкіндірді
бүркітті не?
Ақ найзалар
қақ, бөлініп,
Шәуілдей ме
қара мылтық?
Қара төбет, көк
бөрі ұлып,
Тұр ма қотан
алабұртып?
Әлде қыздың
сыңсуы ма?
Не жесірдің
жоқтауы ма?
Бір сұрапыл сын
сыры ма?
Алтын таққа
оқталу ма?
Сәтсіз күні
туған бөбек
Жөргегінде
тұншықты ма?
Әлде түзді туға
бөлеп,
Атой салған үн
шықты ма?
Сансыз сұрақ
тіл ұшында,
Дәлелді де,
даңғыра да.
Дауылы да,
тынышы да
Толғатады
домбырада.
Домбыраның
тұтқынымын,
Күймен ашқам
құлағымды
Тағы отырмын
құт күні мен,
Тыңдап сол бір
бұлақ үнді.
Құрманғазы
мекемесі,
Құрекеңнің ер
кескіні.
Құрекеңнің
мекені осы.
Құрманғазы
оркестрі.
Оркестрі күй
пірінің
Кең сарайдың
қақ төрінде.
Сыйлап жұртқа
сиқыр үнін,
Құрман мұңын
шақты еліне.
Пай, пай,
Тағдыр, Тағдырекем,
Қызықсың-ақ,
бұзықсың-ақ!
Қанша адамнан
тандың екен,
Қыс орнатып
қызыл шұнақ?
Сұлудай-ақ, жас
қаны айдап,
Сиқырлаған
бозбаланы,
Сен келесін,
баспен ойнап,
Алданғанның аз
ба обалы?
Жоқ сияқты
тойымың да,
Пейіліңді кім
апшытты?
Не бір боздақ
қойыныңа
Күліп кіріп,
жылап шықты.
Көп болдың ғой
өгей ене
Данаға да,
дарынға да.
Жомарт қолды
бөгейді не,
Жаймайсың ба
барыңды алға?
Жақсылығың кем
демеймін,
Бересің тек
өлшеп неге?
Таразыңды
теңдемеймін,
Не салсаң да
бөлшектеме.
Жаралғансың,
Тағдыр, тегі
Күн мен түннен,
ақ, қарадан.
Нұрсың бірде
таңертеңгі.
Кейде сенсің
қап-қара лаң.
Қарыздар ма сол
лаңға
Не Құрекең күй
тәңірі?
Зорды тапқан
зобалаң ба?
Қайда осынау
сый тамыры?
Емсе де оның ел
бармағын
Өнерімен кісі
емдеген,
Кім халықтың ең
ардағын
Қуғындаған,
кісендеген?
Жә, Құрекең
шағынбайды
Күндеріне кесе
басқан,
Тасқындайды,
ағындайды,
Заман туды
кісен ашқан.
3
Ау, қария,
түкті баба,
Құбылады сыр
бетіңде.
Ұқсайсың сен
тіпті ана
Құрекеңнің
суретіне.
Домбырасын
сыйға тосқан,
Бәлки, саған
атай тағы?
Әлде Ілияс
жырға қосқан
Күйшімісің
Матайдағы.
Болмай-ақ қой
көпке күндей,
Жетеді осы
тыңдауың-ақ.
Құрекеңдей –
Бетховендей
Бір жерде екеу
тумауы хақ.
Аспас тіпті
ақын одан,
Күйде оның
қонысы кең.
Кемдігі тек –
оқымаған,
Артық па не
сонысымен?..
Жас болғансың,
соң қалғансың,
Бәлки, сонда,
сорлы бала!
Мүмкін, кейін
сандалғансың
Құрманды іздеп
cap далада.
Құрекең де
кенже қалып,
Ер Исатай
күресінен.
Өкінішін
меңзеді анық
«Кішкентайдай»
күйі есілген.
Кім ожаудай қу
ағаштан,
Қос тал қылдай
екі шектен
Шалқар әуен
бұлақ ашқан,
Туған елдің
дертін шерткен?
Кім домбыра
шанағына
Жомарт дарын
жанын берген
Ер жігіттің
талағына
Ерен қайрат,
жалын берген?
«Құрманғазы,
Құрекең ғой!..»
Қарттың ерні
күбірлейді.
«Дыр екен ғой,
пір екен ғой...»
Шеру, шайқас
дүбірлейді...
Кәріліктің
зардабы ма,
Шалдың көзі
жасаурайды.
Естілгендей зар
дабылы,
Асан қайғы,
асау қайғы.
Мерт болды
елдің Исатайы,
Мерт Махамбет,
батыр ақын.
О сондайлар
туса тағы
Тақты өртеуге
шақыратын!
Солар ма тек
ердің соңы,
Бөрік киген
қалмады ма?
Сансыз керуен
елдің соры,
Кім шыдайды
салмағына?
Бірде ауыз
жаласады
Ақбоз патша,
қара сұр хан.
Бірде ырылдап
таласады
Аш бөрідей алас
ұрған.
Қарақшыдай
елден безген
Хан орнатты
азап түнін.
Патша «түрме»
деген сөзбен
Байытты, рас,
қазақ тілін.
Біліп алды мұны
мықты
Құрманғазы
абақтыда.
Өнерлі орыс
тілін ұқты,
Үйренді одан
сабақты да.
Індет болса
қазаққа хан,
Патша орысқа
одан бетер.
Арыстан ел
дозақталған,
Туғаны ма адам
бекер?..
Күйші аяғы
кісендеулі,
Күйші қолы
бұғауланған.
Дала таңы
кешеулеулі,
Дала көзі
бұлауланған.
Құрман қанша
айдау көрді,
Түрмелерді
алмастырды.
Тек күйінен
жайлау көрді,
Жаңа жазмыш
жалғас тұрды.
Қылмыс бопты
қай заманнан
Адал адам ақ
тілесе?
Қансыраған,
найзаланған
Туған жерге бақ
тілесе?
Сарт-сұрт соғып
қара шынжыр
Домбыраның
шанағына,
Күйші қолы алас
ұрды,
Шерткен сайын
қан ағыла.
Көзбен көрсе
шал мұндайды,
Ару оймен көріп
отыр.
Күйінткендей
сол мұң-қайғы,
Қос бұрымын
өріп отыр.
Ол көрініс
өткінші тек,
Көз жұмғандай,
көлеңкедей –
Кезекті аккорд
жеткенше тек,
Сонан соң ол
көп еркедей.
Көп еркедей
күннен туған,
Шұғыла, шуақ
жері, елі.
Не керемет
үннен туған
Қуанышқа
беріледі.
Әкетеді
аспандатып
Музыканың әлемі
іліп.
Өлеңдетіп,
дастандатып
Арбайды әуен –
әдемілік.
Әдемілік
көргені де
Сірә оның ес
білгелі,
Жыласа тек –
жөргегінде,
Күлкі сосын
естігені.
Тауқыметін
тартпаған жас
Біздер кешкен
майданның да.
Концертте осы
қартқа жолдас,
Келіп отыр
қайдан мұнда?
Бұлбұлы ма
Алматының,
Жыр мен енер
ордасының?
Жұлдызы ма
талма түннің?
Сыры қандай өз
басының?
Қанаты ма,
қаруы ма
Қарағанды
шахтерінің?
Не ардақты аруы
ма
Оңтүстіктің,
мақта елінің?
Аққуы ма
Сарыарқаның,
Алтын астық
айдынының?
Ақ жүзінен сол
қалқаның
Аңғарамын айдың
нұрын.
Не Құрекең
жерлесі ме
Асқақ күймен
ауызданған,
Бесігінен
зердесінде
Күйші жайлы
аңыз қалған?
Әйтеуір бір күй
достары –
Жас келіншек,
қария шал.
Дәуірлейді күй
дастаны,
Көбік шашқан
дарияша.
Тасытқандай зал
жігерін,
Жетті шырқау
бұрылысқа,
Мың адамның
жан-жүрегін,
Қысып ұстап бір
уыста.
Бұл күй – қазақ
шежіресі,
Бұл – халықтың
көкей көзі.
Бұл күй – қиял
терезесі,
Бұл – Құрманның
дөкей кезі.
Мұңына елдің
құлақ асты
Бұрқанған күй
жаны алыптың,
Екі шекті қу
ағашты
Мұрасы өткен
даналықтың.
Зәбір шекті,
азаптанды,
Булықтырды
арқандай түн.
Армандады азат
таңды,
Түрмелерді
талқандайтын.
«Кісен ашқан»
сол туралы
Дабылдайды,
дауылдайды.
Жанға жігер
толтырады.
Бір нөсер күш
сауылдайды.
О Құреке,
молаңда сен,
Осы оркестр үні
барса,
Дүр сілкініп
оянбас па ең,
Етпес пе едің
түнді пәрша?
Тебіренбей
жатасың ба,
Тақ орнатса
саған елің?
Сен де оркестр
атасына
Бір ескерткіш
соғар едің.
Арнар едің
күйдің күйін
Бұл қанатты
заманаға.
Тартар едің
сыйдың сыйын,
«Жыршымын, деп,
саған, ана!»
Шіркін соны
көріп сөнсең!
Біз де ынтықпыз
келбетіңе.
О дүниеде
еліксің сен,
Тәңірісің жер
бетінде.
...Қатар отыр
екі заман –
Жас келіншек,
қария шал.
Керуен ойдың
беті ұзаған,
Таудан аққан
дарияша.
4
Соңғы аккорд,
соңғы шырқау,
Тынды оркестр
бір дүр етіп.
Лүпілдейді
жүрек мылқау,
Дәл көжектей
дір-дір етіп.
Кісендердің
шалдыр етіп
Үзілгенін
естігендей,
Демін алды зал
дүр етіп.
Рахат самал
есті нендей!
Ғасырлардың
сыры бар күй,
Бес минутке
сыйып өтті.
Асыл жанның
сыйы бар күй
Көктем нұрын
құйып өтті.
Өнер күшін жыр
етем мен,
Тыңдап күйді
жыр дастандай.
Бір бес минут
Құрекеңмен
Бірге жасап,
сырласқандай.
Кешір бірақ,
Құрман баба,
Отырғам жоқ
сені жырлап.
Сені жырлау
арман ғана,
Аялаған мені
жылдап.
Талай қазақ
майталманы
Саған сөзін
арнады да.
Оларды да айта
алмаймын
Жете алды деп
арманына.
Келіншек пен
қария да
Арқауы емес
дастанымның.
Аты да жоқ
жарияға
Бұл бейтаныс
достарымның.
Рұхсатсыз
өздерінен
Күй тыңдадым
құлағымен,
Залды шолдым
көздерімен.
Көрдім көңіл
шырағын мен.
Осы ұрпақтар
арқылы ғой
Сенің, Құрман,
тірілгенің,
Шапақ атып
жарқын ойың,
Ағытқаның күй
ілгегін.
Жауларыңды
жықты ұрпағың,
Тек солардай
кісі дастан.
Сені тыңдап
ұқтым тағы:
Кезекті жыр
«Кісен ашқан».
Революция,
дауыл жайлы ол,
Өмір жайлы озат
өткен.
Дана Ленин,
дәуір жайлы ол,
Аруағыңды азат
еткен.
Күй де, жыр да
сан саладан,
Құйылады
бұлаққа бір.
Кісен ашқан –
Таң сол адам,
Кісен ашқан –
Ұлы Октябрь,
Ал күйшінің
құдіретіне
Бас иелік
түрегеліп.
Бір аунап түс,
о Құреке,
Көре алмасаң,
тірі келіп.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Күй атасы - Құрманғазы» /лекция - концерт/

шағым қалдыра аласыз