Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Күй өнері-халық қазынасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күй өнері
- халық қазынасы.
Күй өнері - халық қазынасы, мұрасы. Күй -
домбыраның үні мен жан дауысы болса, домбыра - қазақ халқының жан
сезімі мен жан серігі. Адам жанының ішкі толқынысын таңғажайып үн,
әуен, ырғақпен жеткізе білген қазақтың қоңыр домбырасы арқылы пайда
болған күйлерді халқымыздың киелі мұрасы деуге болады. Ұлттың
рухани әлемі мен жан сұлулығын, ерлігі мен өрлігін, даралығы мен
дарындылығын, дархандығы мен даналығын домбыраның үн төкпесінен
танып, сезінуге болады. Аққудың сұңқылы, қаздың қаңқылы, бұлбұлдың
сайрағаны, желдің гуілі, ат тұяғының дүбірі, қасқырдың ұлығаны бәрі
– бәрі күй әлемінен тыс қалмаған. А.Жұбанов күйлердің шығу тарихы
жайлы көптеген деректер қалдырды. Күйді үйретпес бұрын оның шығу
тари-хына баса назар аударған
дұрыс.
Құрманғазы Сағырбайұлы -
қазақтың күйші композиторы,қазіргі Орал облысы,Жаңақала ауданында
туған.Алғашқы ұстазы Хан Базар (Орда) күйшісі – Ұзақ. Құрманғазының
күйлерінде аса жүрдек екпін, шамадан тыс шабыт, асқақ рух
бар.Құрманғазы жолаушылап жүріп бір ауылға түсіп,оны танымаса да,
«құда-йы қонақ» деп үйге кіргізіп күтіп алуы халқымыздың
қонақжайлығын білдіреді. Қазіргі таңда ең танымал күйлердің бірі
болған,«Адай» күйі осы сапарда, адай руынан шыққан Ақмаңдай атты
күйші қызына арналған екен. Күйдің жігерлі де шабытты көңілде
орындалуына қарағанда, Құрманғазыдан қалыспай күй тартыс-қан
Ақмаңдай қыздың өр мінезін бейнелеп тұрғандай әсер қалдырады.
Сонымен бірге күйді тыңдағанда қазақ даласының еркін де жалынды
мінезін бейнелегендей немесе кең даладағы аттың шабысы, жауынгерлік
рух та аңғарылады. Дина Нұрпейісова - Батыс
Қазақстан облысы,Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жерде
дүниеге келген. Күйшінің « Қара қасқа ат» күйіне келер болсақ,
Динаның ұзатылу тойында әкесі: «Қызым – ау, менің қолымнан кетіп
барасың, жасауыңа не қалайсың, ала ғой қалағаныңды» -дейді. Сонда
Дина : « Әкешім, осы уақытқа дейін бетімнен қақпай еркелетіп
өсірдіңіз. Егер қисаңыз жас кезімді, бақытты балалық шағымды еске
алып жүрейін, маған Қара қасқа атты сыйлаңыз. Сіздерді ,елді
сағынғанда мауқымды басайын», - дейді.Сонда әкесі:« үш болысқа аты
шыққан атымды сенен неге аяп қаламын» - деп ақ батасын берген. Күй
маз-мұны, жылқы малының жүрісі; аяң, желіс, шабыс
т.б. бейнеленген.
Дәулеткерей Шығайұлының
ата-бабасы орыс ханынан бері қарай хандық биліктен қол үзбеген төре
тұқымы. Алайда, Дәулеткерей биліктен гөрі күйшілік
өнердің жолына түскен және домбыра күйлеріндегі лирикалық бағыттың
негізін салушы. Жанға жайлы лирикалық сипаттағы Дәулеткерей
мектебі, төкпе күй табиғатын кеңейте түсумен бірге, тақырыптық
аясын кеңейтті. Ол өзінің әрбір күйін айрықша талғаммен, ерекше
сұлулықпен сомдаған. Оның кез – келген күйі табиғаттың өзіндей
табиғи қалпымен, әсем сазымен, ойлы да сыршыл сезіммен қайран
қалдырады. «Қос алқа» күйі – халыққа кеңінен танымал күйлердің
бірі. Дәулеткерей бұл күйінде сұлу қыздың бейнесін, оның әдемі
жүрісін, алқаның сылдырын бейнелеген.
Қазанғап Тілепбергенұлы - Ақтөбе облысы, Шалқар
ауданында туып өскен. Оның күйлері домбырадағы сүйретпе қағыс пен
ілме қағысты астастыр-уымен ерекшеленеді. Шығармалары негізінен
жекелеген кісілерге, жан – жануар-ларға құрылған. Жан – жануарларға арналған
күйлерінің ішінде жылқы малына арналған күйлері өте көп.
Қазанғаптың « Торы жорғаның бөгелек қағуы» күйінде жылқының
музыкалық бейнесі басқа қырынан көрінеді. Динаның «Қара қасқа ат»
күйінде жылқының жүрісі берілсе, Қазанғаптың « Торы жорғаның
бөгелек қағуы» күйінде жорғаның бөгелек қағып тұрғаны, басын
шұлғығаны суреттеледі.
Тәттімбет Қазанғапұлы -
Қарқаралы өңірінің Мыржық тауы етегіндегі Қызылжар қыстауында
дүниеге келген. Күйші шығармаларының өзегінде - өмір шындығы,
сұлулыққа құмарлық, үміт пен арман, сағыныш пен ойшылдық, терең
толғаныс, сырлы сезім мол. Терең ойға, философиялық талғамға толы
шертпе күйлердің үздік үлгісі Тәттімбет болып саналады. Оның
шығармалары домбырада оң бұрауда да,терең бұрауда да кезігіп
отырады.Күйлерінің ішінде-«Сылқылдақ»- шертілетін күйдің үздік
үлгісі. Тәттімбет ауылы көршілес елден қыстап шығуға жер сұрап
алады да, сол маңға қоныстанады. Осы елде күйші бір қызбен домбыра
тартысына түседі. Тәттімбет осы күйін сол бір естен кетпес қызығы
мол күй сайы-сына арнап, соның естелігі ретінде тартқан. Бұл
күй – Тәттімбет күйлерінің ішін-дегі шертпе күйге ғана тән қос ішікті алма –
кезек қағып орындау арқылы шертіл-тін күй.Күйден қыздың нәзік
күлкісі,сылқым жүрісі,кербез қимылы
байқалады.
Халық күйлері – бұл халықтың
тұрмыс тіршілігін, адам тағдырын, жалпы өмірдегі болмысты суреттеп
баяндайтын күй. Халық күйлері ұрпақтан – ұрпаққа жеткенімен,
шығарған кісілердің есімдері ұмыт болған соң, халық күйі атанып
кеткен. Халық күйлері әр түрлі тақырыптарды қамтитын
тарихе ерекшелігімен құнды. Аңыз – әңгімелер желісінде туындаған
деуге болатын күйдің бірі - « Нар идірген». Ел аузында қалған
әңгімелерге қарағанда бұл күй - тартыс үстінде туған. Ертеде қазақ
халқы айтысқа түскенде тек ән түрінде сөз жарыстыру арқылы ғана
емес, сонымен қатар аспаптық музыка арқылы күй тартысқа да түскен
екен. Күйдің мазмұны бойынша, бір шалдың маясы болады. Оның ботасы
өліп қалып , мая иімей боздап ботасын іздейді. Шал, кімде – кім
нарымды иітсе сол адамға жалғыз қызымды беремін деп жар салады.
Осыны есітіп үш (шал, жігіт, бала) күйші келеді.Алдымен бірінші
кезекті жасы үлкен шалға береді.Мая иіп
бастаған-да,қыз шалға барғысы келмей қулық жасап келесі
күйші ойнасын дейді.Екінші кезекте жас жігіт ойнайды.Күйшілер маяны
иіту мақсатында бар күш – жігерін, шеберлігін салып,әрқайсысы өз
бетінше көркем бейнені күй арқылы беру үшін барын салады. Шал мен
жігіттің орындаған күйі бір – біріне әуені жағынан
жа-қындау.Ал үшінші домбырашы балаға кезек
жетпейді.Бұған қатты қапаланған бала «Күйдім – жандым» деген күй
тартыпты. Бұл күй алдыңғы екеуіне
ұқсамай-ды. Екпіні тез, қалып қойып, қапаланған, күйінген
ырғақ бар.
А. Жұбанов, « Домбыра - қазақ халқының музыка аспабы» атты
баяндамасында: «Көшпелі жұрттың өмір серіг болған осы , көзге қораш
көрінетін шағын аспап – домбыра қазақ халқының хатқа түспеген
тарихының талай беттерін паш етеді. Халық өзінің ата мұрасынан
қалған осы «кітабын» қастерлеп, артықша бағалайды» -
деген.
Дина Кенжеқызы Нұрпейісова (1861, Бекетай құмы, Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 31 қаңтар 1955, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі.
Өмірбаяны
Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.
Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.
Дина 1880 жылы Беріш ішіндегі Бесқасқа руынан шыққан Тұрманұлы Қанас деген жігітке тұрмысқа шығады. Қанас пен Динадан Нұрпейіс атты бір ұл туған. Алайда, алғашқы перзенті дүниеге келген соң Қанас көп кешікпей қайтыс болады. Дина ата салтымен қайын інісі Шәпекке қосылады. Күйеуінің атын атамайтын дәстүр бойынша Дина күйеуі Шәпекті «Жәпек» деп атайтын болған. Кейбір деректерде «Жәпек» деп жазылуы содан. Динаның алғашқы күйеуінен көрген перзенті Нұрпейіс 14 жасында қайтыс болады. Кейін ел ішінде санақ па, сайлау ма, әйтеуір бір тізім алу атай алмаған Дина фамилиясының орнына қайтыс болған тұңғышы Нұрпейістің есімін атаған. Міне, Динаның Нұрпейіс келіні атануының сыры осында. Жәпек пен Дина бақытты ғұмыр кешіп, берекелі жанұя құрған.[1]
ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫ
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815 ж., қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туып, 1862 ж. қайтыс боған) – күйші-композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі.
Өмірбаяны[өңдеу]
Тәттімбет атқа ерте мініп, ел ісіне ерте араласқан адам. Батыс-Сібір генерал-губернаторы генерал-майор Фон Фридрихс Тәттімбет туралы арнайы жинаған мәліметінде мынандай дерек келтіреді: » Тәттімбет — ақ сүйектер әулетінен, бірақ көпестер гильдасына тіркелмеген. Қарқаралы округіндегі Нұрбике-Шаншар болысында 1842 жылдың 20 қаңтарынан 1845 жылдың 25 қаңтарына дейін болыс болды. Бұл жұмыстан өз арызы бойынша 1854 жылдың 29 шілдесіндегі бұйрықтың негізінде босатылды, қылмыс жасамаған, тергеуде, сотта болмаған » (ООМА, 3-қор, 3-тізім, 3902 -іс). Тәттімбет Ресей патшасы Александр II-нің таққа отыру салтанатына қатысқан. Сондай-ақ, Шоқан Уәлиханов, Григорий Николаевич Потанин, Адольф Янушкеевич сияқты оқымысты-ғалымдармен, Алшынбай, Құнанбай, Шорманның Мұсасы, Жайықбайдың Ыбырайы, Кішкентайдың Аққошкары, Сандыбайдың Ердені, Уәлиханның Шыңғысы сияқты дала шонжарларымен, Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан-сал, Жаяу Мұса, Орынбай сияқты әнші-ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяк, Шашақ сияқты күйшілермен қадірлес-сыйлас болған. Бұл адамдар Тәттімбет көкірегінен күмбірлеп төгілген әсем күйлердің тұсауын кесіп, талғампаз сарапшысы болып отырған.
Оның өнеріне Біржан сал:
» Тәттімбет — ардагерім, Арғын асқан, Қырық түрлі күй айналған бармағына», — деп сүйсінеді.
Тәттімбет талай-талай додалы күй айтыстарына түсіп, қарсыласын тосылту үшін, домбырада қалыс, шалыс, теріс, қосақ бұрауларын көп қолданған. Бұл дәстүрдің орнығуына мұрындық болған. Абайдың анасы Ұлжанға апа болып келетін Малқара қыз, Шұбыртпалыдан шыққан Итаяқ, Найман ішіндегі Шашақ сияқты дәулескер домбырашылармен Тәттімбет күй айтысына түскенде домбыраны бірде башпайымен қағып, келесіде ұстарамен тартып, енді бірде пернелерін қиып тастап тартып өнер көрсеткені туралы қызықты әңгімелер ел ішінде күні бүгінге дейін айтылады. Домбырашылық өнер арғы ата-тегінен дарыған. Алғаш домбыра тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден үйреніп, анасы Ақбөпеден тәрбие алған. Тәттімбеттің әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйі бар.
Тәттімбет күйлері өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен сезімін аңғартады. Ол негізінен лирикалық композитор. Шығармалары философиялық түйіндерімен астасып жатады, ал музыка тілі көңілге қонымды, тез жатталғанымен орындауға қиын, күрделі болып келеді. Тәттімбет күйлеріндегі лирикадық сарындар, әуен толқындары қазақтың кең даласы мен оның сұлу табиғатын суреттейді.
1855 жылы 24 наурызда Ресей патшасы Александр ҚҚ-нің таққа отыру тойына Тәттімбет өнерпаз ретінде Сарыарқа қазақтарының өкілдерімен бірге Санкт-Петербургға барған. Осы сапарында өзінің тамылжыта тартқан күйлері арқылы Ресей астанасының өнер сүйер қауымының назарын аударып, күміс медальға ие болды. Сол медальді Егіндібұлақ ауданы “Қаратау” кеңшарының тұрғыны Тәттімбеттің шөбересі [[Өзек Кәбішұлында сақтап қалған.
Тәттімбет күйлерін насихаттаған өз інісі Жақсымбет, балалары Мұсатай, Исатай, сондай-ақ домбырашылар Н.Шынтеміров, Ғ.Айтбаев, А.Әжібекұлы, С.Қарабаева, Т.Түсіпбеков, Ғ.Кәріпбеков, т.б. күйшінің өзіндік ерекшеліктерін сақтап, күй тарту мектебіне айналдырған. Кеңес дәуірінде Тәттімбет күйлерін Ә.Хасенов, М.Хамзин, У.Бекенов, сондай-ақ М.Тілеуханов, А.Байбосынов, Ж.Нұржауов, т.б. кәсіби күйшілер орындап, насихаттады. Қазақ композиторларының камералық-аспаптық, симфониялық және опералық туындыларында Тәттімбеттің көптеген күйлері пайдаланылды. Мысалы, Евгений Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында “Былқылдақ”, “Қос басар”; “Жамбыл” фильмінде “Сары жайлау” күйлері орындалады. М.Сағатов Тәттімбеттің “Сылқылдақ” күйін эстрада оркестрінің сүйемелімен трубаға арнап пьеса жазды.
Күйшінің туған жерінде Егіндібұлақ халық аспаптар оркестрі, Қарағанды қаласындағы музыкалық училище Тәттімбеттің есімімен, ал Ақтоғай ауданындағы халық ансамблі композитордың есімімен аталады. 1984 жылы Егіндібұлақ ауданында композиторға ескерткіш-белгі (мүсіншісі Ж.Молдабеков, археолог А.П. Малков) қойылды. Алматы мемлекеттік консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) 1971 жылдан шертпе күй класы жұмыс істейді. Ол Тәттімбет күйлерін негізге ала отырып, Қазақстанның басқа да өңірінің шертпе күй дәстүрлерін жинақтап үйретеді.[1]
Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.[1]
Өмірбаяны
Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орны – Астрахан облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.
Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.[2] Құрманғазының әкесі Сағырбай (шын аты Дүйсенбай деген сөз бар) өнерге мойын бұра алмаған, шаруа адамы болыпты. Құрманғазының бесінші атасы Балтабай әулеті шетінен домбыраға тіл бітірген өнерпаз болса керек. Ал жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ аңызды, сөз дарыған адам екен. Күні бүгінге дейін ел ішінде «Ершінің еркегін қойып, әуелі әйелімен айтысып ал» деген сөз бар. Құрманғазының нағашы жұрты - Беріш руы. Ерлік пен еркіндікті дәстүр еткен елдің қызы, Құрманғазының анасы Алқа да келін болып түскенше даланың ерке желіндей еркін өciп, еркек - шора болып, ойын - тойдың шырайын келтірген. Кейін Игіліктың қызы Әуеске үйленгенде Құрманғазы үшін Беріш руы енді қайын жұрты болады. Құрманғазының бала кезінен - ақ ең айткыш тілі, ең сезімтал тілі қос ішекті домбыра көмейінен шығатын күй тілі еді. Сондықтан да, ол сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көpiп тыңдасымен-ақ домбырасынын тілін мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Сондықтан да, өзінің замандастары Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін құныра тартып, сол күйлерден уақыттың ең шыншыл сырын ұғады. Ал Құрманғазының ұстазы - Ұзақ болатын. 1830 жылы Беріштен шыққан Исатай Тайманұлы және оның жан досы, дауылпаз ақын, дәулескер күйші Махамбет Өтемісұлы бастаған Жәңгір-ханға шаруалар көтерілісінде Құрманғазы да болады. Сол жылдарында «Кішкентай» деген күй шығарады. 1857 жылы Құрманғазыны түрмеге отырғызады. Сібірге айдатайын деп жатқан жерден ол қашып құтылады. Екінші рет оны Орынбор түрмесіне қамайды, бірақ генерал-губернатор Перовскийдің қолдауымен құтқарылады. Түрме тақырыбына бірталай күй шығарады: «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Арба соққан», «Перовский маршы», «Не кричи не шуми», «Машина». 1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Ерғали Есжанов, Меңдіғали Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менетай, Менқара, Сүгірәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан.
Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған.