Материалдар / Күйзелістін алдын алу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Күйзелістін алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Алдын алу жұмыстар туралы мәлімет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
535
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күйзелістің алдын- алу жолдары.

Осы заманның талғам- талабына сай болуы үшін адам баласына көп күш керек. Оған әркім төтеп бере алмай қалатын кездерде кездеседі. Барлық адамның организімі бірдей емес, сондықтан кейбіреулер шаршап- шалдығып, өзіне тиісті жұмысты уақытында атқара алмай сүрініп- жығылып жүреді. Ондай адамдарда демалыста, үзілісте болмайды. Ал ғасыр талабы өте жоғары, сауатты адам өз білімін әр минут толықтырып, ой шеңберін мейлінше кеңейтіп отыруы керек. Заман дамыған сайын оған қоса жаман жақтарымызда баршылық. Яғни оқушыларымыздың бойында немқұрайлық, сабаққа қызықпауы, ойлау қабілеттері нашарлап мектептен кейін шаршап, жүйкесі жұқарып, басы ауырып, әлсіреп организімінде нейроэндокринді өзгерістер орын алады. Бұны «мектептегі стресс» деп атаймыз. Бұл сырқатқа бірден- бір себепші ересектер екендігін баса айту керек. Әр баланың физиологиялық , психикалық ерекшеліктерін ескеріп жатпастан тәрбиелеймін деп қатаңдыққа бой ұрады, сөйтіп баланың жанына қаяу түсіреді. Отбасы мен мектеп, мектеп пен қоғам арасындағы қарым- қатынасы жақсы болмай, ұрпақ денсаулығының жақсаруы екіталай. Олай дейтініміз көп жағдайда жеткіншектің психологиялық ерекшеліктеріне мән бермейміз. Жеке бас қобалжушылығы мен реактивті қобалжушылық деген бар. Мысалға мектепте ертең бақылау жұмысы десе бір бала күні бойы қайғырып, қиын есеп келсе қайтем, төрт алып қалсам, апам ұрсады ғой деген ойлармен басы қатып жүреді. Ойындағыдай жасамаса іші не басы ауырып қалады. Бұл жеке бас қобалжушылығы. Ал реактивті қобалжушылыққа бейім баланың көңіл- күйі уақытша ғана бұзылады, енді қайттым, деп ойлағанымен тез- ақ ұмытып кетеді. Сонда біз кімді емдеуіміз керек, баланың көңіл- күйін бе, әлде ауруды ма, әрқашан қобалжып жүретін баланы емдеуге тура келеді, ағзасында асып бара жатқан өзгеріс болмағанымен, қызметі салғырт, әлсіз органдар өз әсерін білдіріп қояды. Ал кейбіреулері қорыққаннан өтірік айтуы мүмкін, мұндайда ең бастысы баламен ашық әңгімелесу керек. Яғни жан дүниесін түсінуге тырысуы керек, қандай ой, не нәрсе мазалайтынын білу керек. Бір- біріміздің ойымызды, сөзімізді тыңдамауымыздың салдарынан түсінбеушілік, келіспеушілік, реніш туындайды. Соның салдарынан адам стреске ұшырайды. Стрестік жағдайлар адамды ауруға ұшыратады. Тіпті өзіне - өзі өлім тілейтін жағдайға ұшырайды. Басына түскен қиындыққа шыдай алмай, морт үзіліп кетеді. Бұл да бір қазіргі заманның өзекті мәселесіне айналып бара жатыр. Өмірдің ауыртпалығынан құтылуға жол жоқ деген сезім мен күрделі құбылыста өзін жоғалтып , күш- қуат, ой- өрісін мүжіп алады. Бұндай жағдайларда не жасауға болады, жігері мен қайратқа сүйенген адам барлық кедергілерді жеңе алады. Өте күрделі жағдайларда өзінің парасатты ойларымен дәл шешімін тауып шығып кетеді. Ең





алдымен өзіңді өзгертуің керек. Басқаша ойлау, мидағы бағдарламаны жақсы арнаға бұру керек. Өміір – ойын, сіз ойыншысыз сәтсіздіктер алынбас кедергі болудан қалады, сәтсіздік уақытша жеңіліс, одан соң міндетті түрде жеңіс келеді. Жағдайды дұрыс бағалап уақытында тоқтай білген жөн. Жеңдің бе, жеңіске қуан, өзіңе тағдырға алғыс айт. Сондай –ақ өз мақсатын, өз ісін сүюі тиіс, сонда ол мақсатты іске асыру оңайға түседі. Адам жүрегінде қызығушылығы мол болса, сонда ғана қабілеті артып, жақсы істерге қол созады. Бұрын психикалық ауруларды ғана қара ойлардың салдары деп білсек, қан қысымы, жүрек, ішек, асқазан тәрізді аурулардың бәрінің бастауы ойдан, ойдың уытынан шыққан дейміз. Ойы саудың – жаны сау, жүректі тазарту, тәрбиелеу арқылы көзге

көрінбес мөлдір дүниеге жақындай түспекпіз.



























Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі 2000 жылғы 5 қыркүйекте № 479, 553, 554 хаты негізінде басшылыққа ала отырып кәмелет жасқа толмағандар арасында «Амангелді ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері А.Серікұлына





Мәлімет

суицидтің алдын- алу мақсатында іс- шаралар ұйыдастырылды. Ю.Л. Ханинның әдістемесін қолдандым, нәтижесінде 9 бен 11 сынып оқушыларында орташа деңгейде алаңдаушылық, толқу бар екені анықталды. Осы тесттің нәтижесі бойынша 9 сынып оқушыларына «Мамандық және оның қажеттілігі, өз болашағыңды анықтауға арналған ережелер, ұстанымдар таныстырылды» 11 сынып оқушыларына «Алаңдаушылық және оны жеңу жолдары, адам қалай өзіне сенімді бола алады» психологиялық сабақтар, жеке кеңестер, сынып жетекшілері мен ата- аналарына ұсыныстар берілді. Емтихан алдындағы қорқынышты , абыржуды, өзін- өзі бақылау дағдыларын, өзіне, өз күшіне деген сенімділігін арттыру, емтихан тапсыру кезінде эмоциялық өзін- өзі реттей білушілікке үйрету, дағдыландыру жұмыстары жүргізіледі.









Мектеп директоры: А.К.Айтмағамбетов Орындаған педагог- психолог: Ш.Б.Төлеубаева

06. 05. 2016 оқу жылы.





Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 1 сынып оқушысы Сабитбеков Сырым Дүйсенбекұлына



Педагогикалық – психологиялық мінездеме



Сабитбеков Сырым Дүйсенбекұлы 2008 жылы 15-ші қарашада туған. Толық отбасына жатады, тұрмыс жағдайы жақсы, баланың физологиялық- психологиялық даму жағынан жағдайлары бар. Сырым денсаулығына байланысты үйден оқиды. Балабақшаға барған, отбасының балаға деген қарым- қатынасы, тәрбиелік әдісі, баласының жағдайына, үлгіріміне қызығушылық танытып көмектесіп отырады. 2015 оқу жылының желтоқсанның 2- нен бастап мамыр айының 24 -дейін психологиялық дамуына арналған сабақтар өткіздім. Сабақ саны – 41. Осы аралықта Сырымның бойынан өзгерістерді бақыладым. Желтоқсан айында Сырым бес минут ғана шыдап отыратын, өте қозғалғыш, сөйлегіш болатын, өз бетінше қаламсап, қарындаш ұстап жаза әрі сурет сала алмайтын. Қазір өзі жазады, суретке қарап сурет салады, қандай жазбаша нұсқаулық болсын орындап береді, шыдамдылығы 35 минутқа жетті. Сабақ үстінде бостан- босқа сөйлемейді, арасында ғана, жұмыс қабілеті әр түрлі кейде жоғары, кейде орташа, төмен. Ұғымы жеңіл нәрсені тез жаттап алады, әрі ұмытпайды, логикалық ойлауы жақсы, көрген, естіген нәрселерін ауызша айтып отырады. Әсіресе нүкте арқылы нұсқаулықты өте жақсы орындайды. Танымдық деңгейі жақсы, бірақ жүйелеп, саралап, топтастыра алмайды, жеке дара, үзіп- үзіп айтады. Сөздік қоры бар, бірақ оны жүйелей алмайды, қысқа ғана айтады. Зейіні тұрақсыз, ойлауы шапшаң, жеңіл болса эмоциялық екпіні тез.





Мектеп директоры: А.К. Айтмағамбетов

Дайындаған педагог- психолог: Ш.Б.Төлеубаева







25.09.2017 оқу жылы 10-11 сынып оқушыларына арналған сауалнаманың нәтижесі.

Мектеп бітіргеннен кейінгі жоспарыңыз, жұмыс жасау-0 жұмыс істеп жүріп сырттай оқу- 4 оқу- 40

Мектеп бітіргеннен кейін оқуға қай оқу орнына түсесіз, колледж- 7 техникалық – 12 медициналық- 13 педагогикалық- 19 жоғарғы оқу орына -37

Мектеп бітіргеннен кейін жұмыс істеуден бастасаңыз қандай салада еңбек етер едіңіз

Өндірісте -2

Құрылыста- 1

Ауыл немесе орман шаруашылығы -1

Көлік-1

Байланыс-1

Сауда- 2

Қоғамдық тамақтандыру орындарында- 16

Білім- ғылымда -10

Өнерде -10

Мектеп бітіргеннен кейін қандай мамандықты таңдағыңыз келеді,медициналық- 10 педагогикалық-3 механик-2 әскери саласы- 15 суретші -1 кәсіпкер-1 заңгер- 2 өрт қауіпсіздігінде -9 аудармашы -1

Бұл мамандық сізді несімен қызықтырды, ұнайды- 20 жалақысы- 20 сұранысы көп- 4

Қай сыныпта оқып жүргенде бұл мамандыққа қызығушылық пайда болды, 6-7 – 5 оқушы 8 сынып- 4 оқушы 9-10 сыныпта- 21оқушы 11сыныпта- 14 оқушы

Қызығушылықты кім тудырды ата- ана- 15 ұстаз- 3 мамандар- 8 таныстар-18

Таңдаған мамандығыңызға не әсер етті, әдеби кітаптарды оқу- 11 радио тыңдау- 0 теледидарды көру- 33

Осы таңдаған мамандығыңызды аламын деген сенім бар ма, иә-44 жоқ-0

Мамандық таңдау үшін қандай көмекті қажет етесіз, кездесулер ұйымдастыру- 10 мамандардың кеңесі керек- 10 ата- ананың қолдауы- 14 білімділік керек- 10

Мына көрсетілген мамандықтарға өзіңіздің қызығушылық көзқарасыңызды білдіріңіз, 10балл- аспазшы, тігінші. 5балл- бухгалтер, сатушы. 1 балл- официант, пошта қызметкері. 0 балл- жүргізуші, коммуналдық тұрмыс мекемесі.

Бос уақытыңызда айналысатын ісіңіз, сурет салу-3 әдеби кітапты оқу- 7 спортпен айналысу- 15 интернет желіде отыру-5 теледидар көру- 14















Дайындаған педагог- психолог Ш.Б.Төлеубаева

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!