Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
күлтегін
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Күлтегін» интеллектуалды сайыс
Мақсаты:
- Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
- оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру, тарихи мәдениетке, ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, тарихқа деген ой қызығушылықтарын арттыру;
- оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сөз қорларын байыту.
Күтілетін нәтиже:
-алған білімдерін түрлі жағдаяттарда қолдана білу;
-сөйлеу мәдениетін көтері;
-аналитикалық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
-танымдық қызметіне қызығушылық туғызу;
Іс шара түрі: зияткерлік сайыс.
Көрнекі құралдар: Электронды тақта, МS PowerPoint-та жасалған слайдтар
Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! « Күлтегін» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер. Алдарыңызда өз білімімен, ақыл ойымен тапқырлығымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ойынға 3 адамннан тұратын үш топ қатысады.
Сонымен, «Білім- білікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» – деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйене отырып ойнымызды бастайық.
Ойынымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1)
2)
3)
«Сендердің білімдерің – ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі. Сендер өздігінен білім алуға неғұрлым көбірек еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар» деген екен Н.Ә.Назарбаев, Олай болса топтарға сәттілік тілей отырып, ойын шартымен таныстырып өтейін.
Ойын 4 кезеңнен тұрады.
1-айналым «Дарабоз» ( әр топқа кезек –кезек 12 сұрақ)
2- айналым «IQ - дода»
3- айналым. «Құпия сандық»
4- айналым. «Алтын қақпа»
1 кезең «Дарабоз» деп аталады, әр топқа 12 сұрақтан қойылады, 1с жауап беру керек.
1 топ:
-
Әлемдегі ең ірі құс (Африка түйеқұсы)
-
Әлемдегі ең ірі ойпат ( Амазонка)
-
Әлемдегі ең терең көл ( Танганика)
-
Радионы кім ойлап тапқан (Александр Попов)
-
Сақ патшайымы (Томирис)
-
Түрік қағанатының құрылған жылы (552ж)
-
Қасым хан тұсындағы қазақ халқының саны ( 1 млн-ға жуық)
-
Исатай менМахамбет бастаған көтеріліс болған жылдар? (1836-1838жж)
-
Игі тілекпен әндетіп үй-үйді аралау дәстүрі қалай аталады? (Жарапазан.)
-
« Ұлыс күні алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген ұғым нені білдіреді ? (Реніш болған , адамдарды , ағайын, дос- жараңды татуластыту.)
-
Қазақ АКСР-ң алғашқы астанасы? (Орынбор)
-
Абайдың шәкірттерінің ішінде ең мол мұра қалдырған ? (Ш.Құдайбердиев
-
Астана қай өзеннің жағасында салынған (Есіл)
2 топ:
-
Әлемдегі ең ескі тау (Орал таулары)
-
Ең ыстық планета ( Шолпан)
-
Әлемдегі ең тұзды теңіз (Қызыл теңіз)
-
Кеңесары Хан қай жерде қаза тапқан (Қырғыз жерінде)
-
«Тат» сөзінің мағынасы (құл)
-
Түркілерде отбасы мен балалардың қамқоршысы кім саналады? ( Ұмай ана)
-
Қазақ хандығының «Алтын ғасыры» қай ханның кезінде? (Тәуке хан)
-
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс болған жылдар? (1783-1797жж)
-
Алашорда үкіметінің төрағасы? (Ә.Бөкейханов
-
Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті: (Қ.Сәтбаев)
-
ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің кайнар көзі (халық)
-
Наурыз сөзі парсы тілінде нені білдіреді –Жаңа күн деген сөз.
-
Еліміздің астанасы қай қала
3 топ:
-
Әлемдегі ең тынық мұхит (Тынық мұхиты)
-
Әлемдегі ең үлкен шөл (Сахара)
-
Күштің өлшембірлігі (В)
-
Қазақтың ең соңғы ханы ( Кенесары)
-
Яса деген не? ( заңдар жинағы)
6.Абылайдың шын есімі? (Әбілмансұр)
7.Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс болған жылдар? (1837-1847жж)
8. Ұлы Отан соғысы аяқталған жыл мен күн? (1945 ж, 9 мамыр)
9. 1950 жылдардағы ұлттық прозаның жетістігі болған Ғ.Мүсіреповтың романы? ( «Оянған өлке»)
10. Қазақстан БҰҰ-ға кірген жылы (1992 ж.)
11. Наурыз көжеге неше түрлі дән қосылады!
2- айналым «IQ - дода»
10 – Қуанышты хабар жеткізуші адам риза болатындай сыйлық ұсынатын дәстүр. (Сүйінші)
20 –Өсімдікпен қоректенетін жалғыз жыртық аң қандай? ( АЮ)
50 –Әлемдегі ең ескі ту қай елге тиесілі (Дания)
10 –Бір елдің азаматтарының билік үшін күресі (Азамат соғысы)
20 –Пультті кім ойлап тапты ( Шәкен Ниязбеков )
50 –Әлемдегі ең биікте орналасқан жасанды мұз айдыны қалай аталады?. (МЕДЕУ)
10 – Күн жүйесіндегі ең жақын биік нүкте? (Олимп тауы)
20 – Экваторды екі рет кесіп өтетін өзенді ата? (КОНГО)
50 – Қазақстан 2012 жылы ЮНЕСКО-ға материалдық емес мәдени мұра тізіміне айтыс өнерін, Наурыз мерекесі мен тағы бір құндылықты енгізуді сұрап, өтініш берген еді. Үшінші мұраны атаңыз? (Қара жорға биі)
3-айналым «Құпия сандық»
3 сандықта үш сұрақ болады. Әр топ бір сұрақтан таңдап алып жауап береді. 2 минут уақыт
1 сұрақ
2 сұрақ
3 сұрақ
4-айналым «АЛТЫН ҚАҚПА»
Тұлғадан сұрақ Бейне сұрақ
( Белгілі тұлғаны таңдай отырып, сол пәнге қатысты қойылған сұраққа жауап, береді)
1 Әдебиеттанушы. 2) Тарихшы 3) Әдебиет пәні мұғалімі
Міне құрметті қатысушылар сайыс кезеңдері аяқталды, сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.
Марапаттау рәсімі.
Қорытындылай келе, әр топтың жинаған қорларын есептеп жеңімпаз белгілі болады. Әр топқа марапаттау қағазы берілді. Мұндай сабақты өткізу барысында оқушылардың өз білімін барынша көрсету, оны пайдалану мүмкінлігін артып, өз тобының жеңісі үшін күресу, сонымен ұйымшылдық қабілеттері бір-біріне көмек беру арқылы артып, сабаққа белсенді қатыстыру.
С.Асанов атындағы №38 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«КҮЛТЕГІН»
зияткерлік сайысы
ДТІЖО: Досова Амина Калмырзаевна
2022-2023 оқу жылы
«Наурыз мейрамы жайлы не білеміз?»
Викториналық сұрақтар сайысы
Мақсаты:
Армысыңдар, құрметті халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Қош келдіңіздер сұрақ сайысымызға.
Наурыз құтты болсын деп айтамыз!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз мерекесі баршамызға құт-береке әкелсін!
Кел, Наурыз, тарихымдай ғұрпым асыл,
Ақтарып тереңдерден жыр тумасын.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз мерекесі баршамызға құт- береке әкелсін!
Ойын шартымен таныстыру: Балаларға сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берген балаға а асық беріледі. Көп асық жинаған бала жеңімпаз атанады.
Қазақ халқы наурызды қашан қарсы
алады?(Наурыздың 22-сі күні таңғы сағат үште)
Халықтың түсінігі бойынша наурыздың 22-сіне қараған түні даланы кім
аралайды?(Қызыр)
Не себепті осы түні қос шырақ жағылады? «Жалғыз шала
сәуле болмас» деп жаңа жыл табалдырықтан үйге енгенде жарық
болсын деген ұғымынан. ( Отқа, күнге, жарыққа деген құрметтің
белгісі).
Не себепті таза киініп, үйді таза ұстайды ? («Жаңа жыл мұнтаздай
таза үйге кірсе , ол үй ауру- сырқаудан, пәле- жаладан аман
болады»). деген сенімге байланысты.
Ыдыс атаулыны толтырып қою себебі не ? (Ыдыс мол болсын деген
ұғымға байланысты ).
«Ұйқыашар» деген не? (Бойжеткендердің өзі ұнатқан жігіттеріне арнап
соғымның етін уызға салып пісірген тағамы).
«Селт өткізер», «дір еткізер» деген не? (Жігіттердің қыздарға
арнаған сыйлықтары).
Ұлыс күні қар не жаңбыр жауса , неге жарыған ? (Нұр жауды, «туар
жыл жақсы болды») деп қуанған.
Қос қолдап амандасып, тос соғыстырудың қандай мәні бар ? («Өмір
тірегім – төсім, тіршілік көзім екі қолым аман –сау
болсын !» ) дегенді білдіреді.
Отпен алыстау себебі не? (От киелі сондықтан «алыс-алыс пәледен
қалас!» деп айналысты отпен аластап, тазалайды.
Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады ? оларды атаңдар .7 .(
соғымнан қалған сүр ет , сүт . езілген құрт, бидай, пияз,
сәбіз, қойдың басы) .
«Жаңа туған Наурызды шомылдыру» деп аталатын салт жөнінде не
білесің? ( Топ-топ адамдар билеп, от ұстап арыққа , не өзенге
барады. Олар жағалай жайғасып, суға шомылаты.) бұлда тазарудың
белгісі.
«Қасиетті көк өгізді күту» нені білдіреді.(Наурызға болжау жасатуды
білдіреді. Ауыл адамдары түнде жиналып көк өгізді күтеді. Ол екі
рет мөңіресе керісінше болады деген ұғым бар.)
Наурыз тілек – Наурыз күнгі амандасу, бата тілек айту.
Наурыз төл – Наурыз айында туған төл . төл басы деп аталады.
Наурызша — Наурызда түскен қырбақ. Қарайған жерді жасыра
алмай қыраулап жауған жұқа қар .
Наурызшешек – Наурыз айында гүлдейтін көпжылдық өсімдік .
Наурыз жыры – Жаңа жыл – Наурызға арнап айтылатын тұрмыс –салт
жырының бір түрі .
Наурыз бата – Наурызға арнап сойылған малдың басы мен жамбасына,
ескі жылдың дәміне берілетін арнаулы бата .
«Самалық» деген не? (Самалық – самал деген мағынаны білдіреді.)
Наурыз күні даланы Қызыр баба аралап , Самарқанның көк тасын
ерітеді деген адамдар самалық айтады.
Самалық, самалық ,
Қан тауының көк құсы
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Самалық , самалық,
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме, көрдің бе?
« Қабақ сындыру» дегенді қалай түсінесің?
Сүт көп , көмір аз.
Жаңа жыл жарылқа ,
Ескі жыл есірке, - деп үйдегі ескі ыдысты (қабақты ) сындырып , «қабақ сынды , қайғы кетті деп ырым жасаған .
21. Наурыз сөзі парсы тілінде нені білдіреді –Жаңа күн деген сөз.
22. Наурыз күні не себепті көрісуден басталады ? (Жаңа жыл жақсылықтан басталсын .Аман-есен бір-бірімізді ендігі жылға дейін көрейік деген ырымға байланысты.
23. Наурыз көжені тоя ішу –қандай ұғымға байланысты қалыптасқан? ( «Жыл бойына тоқшылық болсын» деген ырымға қатысты.
24. Игі тілекпен әндетіп үй-үйді аралау дәстүрі қалай аталады? (Жарапазан.)
25. « Ұлыс күні алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген ұғым нені білдіреді ? (Реніш болған , адамдарды , ағайын, дос- жараңды татуластыту.)
26. Тоқым қағар – Бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі .
27. Бастаңғы – Шесесі бір жаққа жолаушылап кеткенде бой жеткен қыз жасайды . Қыздың үйіне құрбы- құрдастары жиналады.
29. Ата – бабаларымыз амандасқанда не себепті «Мал – жан аман ба ?»деп сұрайтын. ( Малдың орны ерекше екенін ұғындырады. Кисе киім, жесе тағам, мінсе көлік – тіршіліктің көзі болғандықтан. Малды ерекше құрметтеген.
30. Сүйінші – Жақсы хабар жеткізетін кезде жасалатын рәсім. Немерелі болған әже сүйінші сұратып жас балалар мен келіндерін жан-жаққа жіберед. Құрметті оқушылар, наурыз мерекесіне арналған сұрақ – сайысымызды тамамдаймыз. Келесі Наурызда да төрт көз түгел уайым – қайғысыз адамдықпен кездесейік . Бас аман, бауыр бүтін болсын!
«Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Құрылтай жиналысы сайлауына әзірлену керек. Бірлік пен әділдік жолында күресіңдер!...» (Ә. Бөкейханов)
«Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз» (А. Байтұрсынов)
«Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» (М. Дулатов)
Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші, сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді, немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынатын дәстү
р. (Сүйінші)
1)Мәтінде сипатталған тарихи үрдістің орын алған кезеңі. «…адамзат қоғамының даму қарқыны артты. Адамдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады.» Неолитте
2) Мәтінде сипатталған жағдайдың себебінен дала тұрғындарының шаруашылығына енген өзгеріс. «Табиғатта құрғақшылық бет алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады. Бұлақтар суалып , өзендер тартылып қалды.