400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күн

Материал туралы қысқаша түсінік
«Step by step» технологиясын қолдана отырып, баланы өз бетінше өмір сүруге дайындау, сыни ойлауға, заман талабына сай дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Күн»

Кіріктірілген ұйымдастырылған іс -әрекет

«Балдәурен» ортаңғы тобы


Тәрбиеші: М.С.Джегибаева

Музыка жетекшісі: Г.А.Абуева

Білім беру саласы: Қатынас, Әлеумет, Шығармашылық.

ҰІӘ: Сөйлеуді дамыту, Қоршаған ортамен танысу. Музыка, жапсыру.

«Step by step» технологиясын ұйымдастырылған іс әрекетінде қолдану.

Мақсаты: «Step by step» технологиясын қолдана отырып, баланы өз бетінше өмір сүруге дайындау, сыни ойлауға, заман талабына сай дағдылардыландыру.

Балаларға тірі және өлі табиғат нысандары туралы түсінік беру. Олардың бір-бірімен байланысы жайлы мағлұмат бере отырып, сөздік қорын, ой-өрісін, қиялын, қызығушылық сезімдерін ояту. Балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастыру.

Білімділік міндеті: Тірі және өлі табиғат туралы білімдерін кеңейту; Музыкаға деген қызығушылықты қалыптастыру.

Дамытушылық міндеті: Тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарына қызығушылық танытады; Ән айту дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Табиғатқа сүйіспеншілікке және қамқорлық жасауға баулу. Балаларды музыкалық шығармашылыққа, әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Үлгі суреттер, тірі және өлі табиғат нысандарының ресурстары, мақталы таяқша, гуашь, атрибуттар, дәндер мен сурет салу, балаларға берілген рольдерді өздері кейіпкер болып рольді сомдап шығады, мнемокесте, карточкалар, блум кубигі.

Қолданылатын әдіс –тәсілдер: «Step by step» әдісі, мнемокесте, Блум кубигі. Кіріспе:

Ерекше сәлемдесу:

Балалар суреттегі смаликтер арқылы сәлемдеседі. Балалар мен бүгін балабақшаға кележатсам, есіктің алдында бір қоян тұр екен, ол қоян бізге бір хат алып келіпті.

Тосын сәт: Қоян келеді

Хатты оқу: Балалар бұл хатта тапсырмалар бар екен. Сол тапсырмаларды орындасақ мына қорап ашылады екен. Қорапта не бар екен? Қәне онда тапсырмаларды орындайық. Кәнікей, хаты оқып көрейікші? Ішіндегі тапсырманы орындауға қоянға көмектесейікші.

Ойын: «Қызықты табиғат» әлеміне саяхат жасап келейікші? Ойын арқылы тақырыпты ашамын.

Балалар табиғат дегеніміз не? Табиғат нешеге бөлінеді? Дұрыс айтасыңдар табиғат екіге бөлінеді екен, тірі және өлі табиғат нысандары болып, олай болса осы табиғат нысандарын бір-бірінен ажыратып алайық.

Тірі табиғат дегеніміз: олар өседі, өнеді, тыныс алады, қоректенеді, көбейеді және азаяды, тұқым шашады. Оларға адамдар, жануарлар, жәндіктер, өсімдіктер, ағаштар, бұталар, құстар, жемістер, көгөністер, балықтар жатады екен.

Өлі табиғат дегеніміз: қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды, өнбейді екен, оларға жататындар тау, тас, күн, жел, су, құм, топырақ жатады. Бірақ тіршілік атауы оларсыз өмір сүре алмайды, сондықтан олар бір-бірімен тығыз байланысты.

Мысалы: келтірсек топырақ өлі табиғат ал, өсімдіктер тірі табиғат, егерде топырақ болмаса өсімдіктер қайда өседі, қалай тыныс алады, әрине топырақ арқылы екен, ал өсімдіктердің жайқалып өсуіне себепкер болатын мөлдір су және шуағын шашқан алтын күн. Балықтар қайда жүзеді? Әрине суда су болмаса балық тіршілік ете алмайды, балықтар өзендер мен мұхиттардың түбінен өсетін өсімдіктермен қорекетенеді және суда жүзеді. Күн нұрын шашқанда ағаштар бүршік атады, жеміс береді, жапырағы күзде сарғайып жерге түседі, осылайша біз жыл мезгілдерін ажыратып тірі және өлі табиғатқа қамқор болып отыруымыз керек. Енді, балалар сендер «Күн» туралы ән жаттаңдар.

Музыка жетекшісі: Ал, балалар ән жаттаммас бұрын, біз дауысымызды жаттықтырып алайық.

Дауыс жаттығуы: «Ән саламыз» (Т.Сарыбаева). Дауыс жаттықтыру ережесін еске түсірейік. Балалар, бәріміз алдымен денемізді тік ұстап, иықты көтермей, терең дем аламыз. Жарайсыңдар.

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Ән айту: «Күн» Б.Ғизатов (мнемокесте арқылы ән жаттау). Композитордың өмірбаяны туралы түсінік беру. Музыка жетекшісі әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді. Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді. Ән айту дағдыларын дамытуға ықпал ету: ре (ми) — ля (си) диапазонында. Әнді көңілді, сөздерін таза, анық айтуға көңіл бөлу. Жеке және хормен айту.

Ойын: «Күн мен жаңбыр» (балаларға карточкалар таратылады).

Мақсаты: Балаларды музыканың әртүрлі сипатын ажыратуға баулу (көңілді-күн, сабырлы -жаңбыр, мұңды- бұлт). Шығармалардың көңіл-күйін сезіне білуге үйретеді.

Шарты: Көңілді күн мен бұлт суреттері бейнеленген карточкалар таратылады. Балалар екі түрлі шығарманы тыңдап, әуен сипатына сәйкес суретті көрсетеді.

Жарайсыңдар, балалар.

Тәрбиеші: балалар енді біз аймақтарға бөлінейік.

Аймақтарға бөлу:

  1. Көк түс ( Табиғат – Ана): (Спикер Нұриман)

Көркем әдебиет дамыту орталығында «Табиғат- Ана» ертегісімен танысатын боламыз.Ертегіні оқып беру.

  1. Қызыл түс: (Гүл) (Спикер Ата- ана). Өнер дамыту орталығында тірі және өлі табиғат нысандарының жапсыру. Дәндерді жапсыру арқылы сурет салатын боламыз. Жапсыру жолдарын түсіндіру.

  2. Жасыл түс: (Ағаштар) (Спикер Нұрасыл). Ғылым дамыту орталығында тәжірибелер жасап тірі және өлі табиғат нысандарын зерттеу.Т опыраққа су құйып гүл отырғызу және суғару.

Негізгі кезең: Орталықтармен жұмыс.

Көркем әдебиет орталығы «Табиғат - Ана» ертегісінде кездескен тірі және өлі табиғат нысандарының ең маңыздысы қайсысы екен. Олар мақтанып аяғында қандай шешімге келеді.

Күн: (Аяла!): Табиғат-Ананың жақсы көретін баласы менмін өйткені мен шуақты сәулемді бүкіл әлемге шашамын, менсіз өсімдіктер, ағаштар, гүлдер тіршілік ете алмайды дейді.

Топырақ: (Нариман) менсіз ешбір жемістер, көгөністер құнарланбайды мен Табиғат-Ананың сүйікті баласымын.

Балаларым сендер бір-бірінсіз тіршілік ете алмайтындарына көздері жетіп кешірім сұрапты. Табиғат-Ана балаларының түсінгендеріне мәз болып қуаныпты.

Өнер орталығында: Дәстүрден тыс боялған дәндерді қолданып тірі және өлі табиғат нысандарының және оларды бір-бірінен ажыратады. Балаларға жапсыру жолдарын көрсетіп түсіндіру.

Ғылым орталығында:

Тәжірибе жасап көрсету.

1-тәжірибе топыраққа өсімдікті отырғызып суғару. Топыраққа су құйса батпақты, дымқылды болатынын түсіндіру.

2- тәжірибе өлі табиғат нысаны тастарға су құйса ол топырақ сияқты батпақ болмайды, кепсе борпылдамайды, су құйса да құймаса да бірқалыпты болып жатады тек кеуіп кететінін көрсету.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп, кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

Кері байланыс:

Балаларды Блум кубигі арқылы ашық және жабық сұрақтар қою арқылы бағалау, мадақтау.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
25.06.2023
307
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі