3. Жаңа сабақты
оқып игеру жоспары
Ішкі
интеграция
1. Күн. Күн жүйесі
туралы жалпы түсінік.
2. Күн жүйесіндегі
Жердің орны.
Оқушылардың назарын
жарық көзі - күнге аудару. Күн барлығына ортақ.
Риясыз. Қазақта бір керемет сөз бар «Күн ортақ, жақсы
адам ортақ» деген.
1. Күн жүйесі және ондағы планеталар
туралыне білеміз?
2. Күн
жүйесін қандай жалпыадамзаттық құндылықтармен
байланыста қарастыруымызға болады?
Ақиқатпен,
сүйіспеншілікпен байланыстыруға
болады.
Күн ақиқат, Жер
ақиқат.
Шындық Ақиқатта
жатыр.
Ақиқатсыз шындық
жоқ.
Слайд арқылы көрсете
отырып, жаңа сабақ туралы мәлімет
беру.
Күн аспан
әлеміндегі сансыз көп жұлдыздардың бірі. Оның
жасы 5 млрд жыл
шамасында.
Күн бетіндегі
температура + 6000°С градусқа жуық, ал екінші жағындағы температура
одан да көп. Табиғатта мұндай температура кезінде заттардың барлығы
ерекше газ тәрізді күйде
болады.
Қатты қызып тұрған
зат жарық сәуле таратады.
Күннен
шыққан жарықты адамның жан дүниесімен салыстырайықшы.
Жан дүниесі таза адам әрқашан
Нұр шашып тұрады.
Жарық секундына
300 000 ш.ш.(км) жылдамдық пен таралады. Күннен
шыққан жарық жерге 8 минут 19 секундта жететіндігі
туралы айтылады. Слайд
көрсету. Жарықсыз көру де жоқ,
яғни ақиқатқа апаратын жол міндетті түрде жарық нұрлы
жол.
Күн дегеніміз -
температурасы өте жоғары, шар тәрізді аспан денесі. Жерден
Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 000 000
ш.ш.(км.) Күн – Жерге өте жақын орналасқан жұлдыз. Күнді Жер
айналып жүреді.
Күн дегеніміз
- жұлдыз, балқып қызған керемет үлкен газды шар. Бұл күн
жүйесіндегі жұлдыздардың ең үлкені. Күннің тарту күші зор
болғандықтан барлық планеталарды өз орбитасында ұстап
тұрады.
-Күн неліктен басқа
планеталарды өзіне тартады?
-Ал, енді рухани
тұрғыда Күнді риясыз сүйіспеншілік деп қарастырсақ, риясыз
сүйіспеншіліктегі адамдарда өзіне
тартады.
Планета –
«кезбежұлдыз» деген мағынаны беретін грек
сөзі.
Планеталар да
жұлдыздар сияқты белгілі бір орында тұрмайды, үздіксіз
қозғалып аспан әлемін кезіп жүреді. Себебі, олар үнемі
Күнді айналып жүреді.
2. Жер туралы не
білесіңдер? (Жер – Күн жүйесіндегі планета. Оның пішіні шар
тәрізді. Ол Күнді айнала және өз білігі арқылы
қозғалады).
Жер – Күн жүйесіндегі тоғыз планетаның бірі.
Жер – әлем денесі. Оның әлемдегі
орны:
Жер шары
Күн
жүйесі Галактика Галактикалар
тобы Әлем
(ғарыш)
Жер шары – Күннен
бастап санағандағы үшінші планета, адамзаттың тіршілік ететін
бесігі. Күн жүйесі – орасан зор жұлдыздар шоғырының (150
млрд. мөлшерінде) бір бөлігі, ол - Галактика деп
аталады. Жерді қоршаған бүкіл дүние – әлем немесе ғарыш деп
аталады.
Күн жүйесіне: тоғыз
ірі планета және олардың серіктестері, астероидтар, кометалар және
метеор денелер енеді.
Жердің табиғи
серігі – Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта
айналады. Әлемдік дене ретінде Жер өз білігін айналады. Жер өз
білігін бір тәулікте, 24 сағатта бір айналып
шығады.
Жердің өз
білігінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса,ол
күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Осы
күнгі космогониялық
түсінік бойынша Жер осыдан 4,5 млрд. жыл бұрын Күн
айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан,
планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған.
|