Күз ханзадасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күз ханзадасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Күзгі Ханшайым мен Ханзада»
Мақсаты: Күз туралы балалардың дүниетанымындарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау. Әр баланың бойындағы қасиеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ қызымен жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: суреттер,күз бейнесі,үнтаспа,шарлар т.б.

Ұйымдастыру кезеңі
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата – аналар,ұстаздар,оқушылар! Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен егістіктегі астығымен келеді. Бүгінгі « Күзгі Ханшайым мен Ханзада» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Армысыз асыл халқым ақ жүректі,
Баласына арналған ақ тілекті
Сыңға түсер достары арасында,
Ер намысты ер жүрек ұлдар кепті
2-жүргізуші:Жас ұлан ғой ертеңі ел мақтаны
Қырандар ғой тәңірі көк аспаны
Арта берсін абырой мен атақ даңқы
Қарсы алайық құрметпен қыздарымызды
Ұстанған қазағымның ата - салтын
Жансың лайым бәрінің жұлдыздары -, дей келе Ханзада мен Ханшайымдарымызды ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар!(Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)
1-жүргізуші:

Нұртазина Альбина – Дәндібай Хасан
Пахова Зарина – Мамытов Мейірбек
Дуйсенбина Бернара – Әділхан Бекарыс
Айсина Ақерке – Қуандық Шапағат

Мұратова Жансезім-Алиев Нуржигит
2-жүргізуші:
Кімдер жүйрік өнерпазды білейікші
«Ханзада мен Ханшайым» деп жүрейікші
Әділқазы алқасынан әділдікті
Ал балаларға сәттілік тілейікші - дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:Кдырбаева Айдана

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:Урынбасарова Айзат
1-жүргізуші:
Қайсы әнші, кім биші,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!- деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
1 - бөлім: «Атымды менің сұрасаң...» (өзін таныстыру)
2 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
3-бөлім: «Күзгі сый» (көкөніс,жемістерден күзгі сый дайындау)

4 - бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
2-жүргізуші:
Есте қалар бұл күндер,
Бал - бұл жанған жыр күндер
Бүгін өнер көрсетпек
Оза шапқан дүлділдер
Ойнап, тойлап күлейік
Жеңімпазды білейік
Талапкердің бәріне
Шалқар шабат тілейік.
1-жүргізуші:
Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Атымды менің сұрасаң...» деп аталады. Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.
2-жүргізуші:«Өнерлі бала – елдің көркі»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би - билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп өнер сайысына кезек береміз.
1-жүргізуші:3 - бөлім: «Күзгі сый» ханзада мен ханшайым ортаға шығып,күзгі көкөністер мен жемістерден өз ойларынан тосын сый әзірлеу.
Шеберлері өнер тамған қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан
Шебер қолдар өз - өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан.
2-жүргізуші:4 - бөлім: «Сұлулық сыры»
Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған
Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып қарасатын
Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз!
1-жүргізуші:Қазағымның жігіттері мен қыздары жұп болып сынға түсті,
Салт - дәстүрлер жаңарып еске түсті
Ханшайым мен Ханзада анықталып сын сағатта,
Бұл сағатты ата - ана көптен күтті.
Қуаныш бүгін мынау құтты болсын
Қыздарымыз бен ұлдарымыз өсе берсін болып мықты!
2-жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші,
Әділқазыларға төрелік берейікші
Жеңіп шыққан аруға,
Құттықтап сәттілікті тілейікші.
Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
1-жүргізуші:
Жүзден жүйрік күшімен
Мыңнан тұлпар мықты шың
Құттықтаймыз ал енді
Ханзада мен ханымды
Өрге жүзіп өнері
Тауға өрлесін талабы
Шоқтай болып жанады
Қуанышпен жанары,- деп «Күз ханшайымы мен ханзадасын» шын жүректен құттықтаймыз.
Бүгінгі мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.06.2018
795
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі