Күз мерекем-күз
берекем.
1-жүргізуші:
Бейне нұрлы көкте күн,
Білсеңөмір – көктемің.
Айқара ашаресігін,
Хош
келдің! – деп мектебің
Балдырғандар, бұл мәлім,
Еркелігін тастайды.
Қыркүйекте мұғалім
Оқу
жылын бастайды.
2-жүргізуші:
Күн
қарына алады,
Күздің соңғы айы бұл.
Қар
да жауып қалады,
Алдамаса пайымым.
1-жүргізуші:
Екінші айы бұл күздің,
Доп
қуып, футбол ойнаймыз.
«Күзгі балын» мектептің
Қазан айында тойлаймыз!- деп ақын ағаларымыз
жырлағандай, бүгінгі «Алтын
күз»
мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші:
Келді міне, алтын күз ,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол
өнімді әр ісімен
Риза етіп халқын қыз.
1-жүргізуші:
Қыры толы егіске,
Бағы толы жеміске.
Елді сыйға кенелтті
Қолы ашық періште.
2 -жүргізуші: Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі
бар.
Табиғат қай кезде болмасын – тамаша дүние. Күз
келсе – біз сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, қыс түссе – аппақ
қарда алысып ойнаймыз, (қысқы ойындардың өзінің бір ерекшелігі бар
емес пе?); көктем де қабат-қабат тонымызды шешіп, күннің сәулесіне
қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды, ұшып келген құстарды
көріп, жаңа өмір басталғандай боламыз; ал жазда – көлге барып, суға
түсіп, жазғы демалысымызды ерекше өткізуге
тырысамыз.
1-жүргізуші: Ия, өте дұрыс. Ақындар да әр жылмезгіліне тамаша
өлеңдер жазып, табиғаттың сұлулығын өлең жолдары арқылы бізге жеткізген. Сол
өлеңдердің көбін біз мектепте оқып, жаттап жүрміз ғой. Жыл
мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, бүгін біз
күзге деген құрметімізді
көрсетпекшіміз.
Құрметті қауым!
«Күз мерекем-күз
берекем» атты алтын
күз мерекесінің бағдарламасымен таныс
болыңыздар:
-
Ән
шашу
-
«Сен білесің бе?» викториналық
сұрақтар
-
Жұптық
би
-
Ойын
-
Мерекелік
кафе
Ендеше осы бүгінгі мерекемізге
әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын
таныстыру.
Мектептің тәрбие ісі жөніндегі
орыбасары: Алимханов Ерік
Төлеуханұлы
Мектептің психолог маманы:
Айманханова Аяулым Сұңғатқызы
2-жүргізуші:
Салқын тартып түз демі,
Білдіреді күзнені?
Шым
еткізер жүректі
Тырналардың тізбегі, -дей
келе, 5-сынып оқушысы Мурзаканова
Аружанды ортаға шақыруға рұқсат
етіңіздер!
1-жүргізуші: Ызғырықты жел өтіне
Шыдап баққан тербетіле.
Ағаш біткен шашып жатыр
Алтын теңге жер бетіне.
Ортаға 6-сынып
оқушысын шақырамыз.
2-жүргізуші: Тұратұғын құлап көктен,
Күн
де салқын қыратты өпкен
Момақансып, сылдыр
қақпай,
Жылтырайды бұлақ біткен.
Келесі 7-сынып
қыздарын қошаметпен ортаға
шақырайық.
1-жүргізуші:
Қолшатырлар
көбейіп,
Бұлт тұмшалады
өңірді.
Келді міне алтын күз
,
Аспан жасы
төгілді.
Күн қайтадан
ашылды,
Ерке-шолжаң бейне
іс.
Таң қалдырар
адамды
Мың құбылған
бейнесі.
2 кезең.«Сен білесің
бе?» білгірлер сайысы. Мен қойған 9
сұраққа кім жылдам әрі дұрыс жауап береді, сол жеңіске жетеді.
Қатысушыларға арнайы сыйлықтарымыз
бар.
1. Ең үлкен, ұшатын
құс? (африкалық
дуадақ)
2. Ең ұзақ жұмыртқа басатынқ
құс? (кезеген альбатрос, 75-85
күн)
3.
Африкалық түйеқұс қалай аталады? (страус)
4.
Қанатсыз түйеқұс қалай аталады? (киви)
5.
Алдыңғы аяғы ескекке айналған жүзетін құс?
(пингвин)
6. Ең үлкен пингвин қалай
аталады? (император)
7.
Қыран құстар мекені қалай аталады?
(ұябасар)
8.
Аққудың балапаны қалайаталады? (көгілдір)
9.
Жыл санауына кірген құс? (тауық)
1-жүргізуші: Құлақ түрсең аңдай
қағып,
Күзкеткендей әнге
айналып.
Жел
сынсытса, қобыз тартып,
Қыртыңдайды таңдай
қағып.
кезек берсек
2-жүргізуші: Әлсін-әлсін күркілдеп,
Ашу
қысып,
Зіркілдеп.
Бұлт
Оттығын шаға алмай,
Желп-желпетер шыр-пыр
боп
1-жүргізуші: Гу-гулейді жел өктем,
Қашты ебелек дедектеп
Сол, сол екен…
Боз
тұман,
Құрды перде кенеттен.
3. Келесі әр сыныптың дайындап
әкелген жұптық билерін тамашалайық!
2-жүргізуші: Алма пісті бағымда,
Пісті балдай қауын да.
Жүзімдер тұр мөлдіреп,
Үзер шағың келді деп.
Алтын дәнін сары дала
Құйып жатыр қамбаға.
Күз
еңкейе береді,
Жер
жемісін тереді.
Кезекті келесі номинацияға беруге рұқсат
етіңіздер. «Өз өнерін көрсету».
1-жүргізуші: Табиғатты адамзат
аялаған,
Егін егіп, мал бағып
саялаған.
Қарасындай көзінің қорғай
жүріп,
Қамқорлығы не шқашан аямаған,- деп ақын ағамыз
жырлаған екен.
2-жүргізуші: Тамаша. Ал, Мұқағали атамыз «Табиғатты өлеңмен
өрнектеп…» деген өлеңінде былай деген
екен:
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр
тынысын,
Пә
ктабиға тжүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей,
адам, қалай ғана қатыгездік жасайсың?
Ол
анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.
1-жүргізуші:
Ас дәмденер
түрленіп,
Пиязды біз бір
делік.
2-жүргізуші:
Екі дейік
шалқанды,
Буға піссе ол
дәмді…
1-жүргізуші:
Қызылшаны үш деп
қой,
Сондай тәтті, тістеп
көр!
2-жүргізуші:
Картопты аттап
өтпелік,
Саусағыңды төрт деп
бүк.
1-жүргізуші:
Күнде жейтін
кәдімгі,
Бес дейік біз
сәбізді.
2-жүргізуші:
Өсімдік
көп…
Біліп
ал:
1-жүргізуші:
Қойма дерсің түбін
дәл…
Бірге: Жуа, пияз,
сарымсақ,
Секілді де түрі
бар…
2-жүргізуші:
Олай болса, «Мерекелік кафе»
атты көрменің де кезегі келіп
қалды.
1-жүргізуші:
Өте
жақсы. Олай болса біздің балалар табиғатты қалай
сүйетіндерін байқайық. Ал ол үшін кезекті
«Мерекелік
кафе» кезеңіне берейік. Мұнда әр сынып өздерінің
кафелерінің менюімен таныстырады.
2-жүргізуші: Жер бетінде гүлдеді,
Жер
бетінде түрленді.
Жасырылған көмбедей,
Жер
астында – түйнегі…
Мұндай жеміс көрдің бе,
Жемістерін тердің бе?…
Өсімдікті осындай,
Ал,
санайық кел, бірге.
1-жүргізуші: Алтын күз де атырап
Аздап тыныс алыпты.
Жапырақтар қалтырап
Жерге түсіп қалыпты.
2-жүргізуші: Алма-алмұрт албырап,
Жеміс-жидек пісіпті.
Қауын-қарбыз балбырап,
Қамбаларға түсіпті.
Құрметті қонақтар, оқушылар! Әділ қазылар алқасы
бүгінгі байқауымыздың қорытындысын шығарғанша,
6-сынып оқушысы Құдабалинов
Жігердің орындауындағы әнді қабыл
алыңыздар!
Ендігі сөз кезегі әділ қазылар
алқасында.
1-жүргізуші: Жемісі мен мөлдіреген бағы
бар,
Сары күздің саумал сазы
танымал.
Самал жел мен баяу ғана
толқиды
Сары масақ, қауызында дәні
бар.
2
жүргізуші: Сары шалғын сыбдырласа
белеңде
Салқын тартты сабыр тауып
өзенкей.
Өрлі-төмен құлдилайды құс
біткен
Қайтар кезін ойламайын дегендей,- деген өлең
жолдарымен бүгінгі күз мерекесіне арналған кешімізді
аяқтаймыз.
2-жүргізуші: Бүгінгі
жеңіске жеткен сыныпты құттықтаймыз! Жеңістерің құтты болсын! Келесі
кездескенше!
«Маралды орта
мектебі»КММ
Жауапты: Дюсупова
А.К.
2018-2019 оқу
жылы