Астана қаласы
әкімдігінің
№64 «Асыл бөбек» арнайы
балабақшасы
Ертеңгілік
Тақырыбы: «Күз
сыйы»
ортаңғы «Еркетай»
тобы
Тәрбиеші: Бекеева Ұлбосын
Жасановна
Астана,
2018ж.
Тақырыбы: «Күз
сыйы»
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар,
ата – аналар асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті. Күз бізге
молшылығымен, табиғатымыздың бізге берер байлығы мен
берекесін сыйлайтын ең тамаша жыл мезгілінде тойланатын «Күз сыйы»
атты ертеңгілімізге қош
келдіңіздер.
Төңірек толы, сары
алтын
Күз келді туған
жеріме.
Шуағы нұрлы
жайнаған,
Алтын күз әсем
айналам.
Олай болса, ортада ортаңғы
«Еркетай» тобының бүлдіршіндерін қарсы
алайық.
Келесі кезекті «Күз » әніне
берейік.
Ән: «Күз
»
Жүргізуші:
Ал, балалар,
балалар
Енді бері
қараңдар
Бізге қонақ
келмекші
Сендерді бір
көрмекші
Әуелі жұмбақ
жасырам
Қулығымды
асырам.
Таба алсаңдар
шешімін
Қонағымды ортаға
шақырам
«Көк майсалы көрікті,
алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек
көйлегін» - Бұл не балақайлар? (Күз)
Дұрыс айтасыңдар балалар, олай
болса ортаға күз ханшайымын шақырайық.
Жүргізуші:
Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар
сізді асыға күтті.
Күз
ханшайымы:
Сәлем менің
достарым,
Өмірге көп
қосқаным,
Күз сыйлығын
алыңдар
Сыйлығына
қаныңдар.
Молшылыққа
кенеліп,
Шаттық әнге
салыңдар.
Жүргізуші:
Күз ханшайымы біздің
балалардың дайындаған тақпақтарын қабыл
алыңыз.
Нұрсұлтан:
Құстар кетті ән
салып,
Бұлт торлады
аспанды.
Қыс келеді жар
салып,
Күзгі суық
басталды.
Ануар:
Жемісі мол
теретін,
Күз дос екен
бізбенен.
Бәрін тауып
беретін,
Жомарт екен күз
деген.
Айбике:
Берекесін
сыйлауға,
Өлкемізге күз
келді.
Жемістерін
жинауға,
Шақырады
біздерді.
Рауан:
Көбейді құт
береке,
Астық толы
қамбамыз.
Құтты болсын
мереке,
Алтын күзді
тойлаймыз.
Келесі кезекте ұлдардан
құралған «Вирустар» биін қабыл
алыңыздар.
Би:
«Вирус»
Жүргізуші:
Қарашы күз келді, күз
келді
Жапырақ жауыпты
іздерді.
Құс біткен керуен
тізеді,
Қара бұлт қабағын
түйеді.
Дей келе балалардың
тақпақтарына берейік
Мади:
Алтын, сары, қызыл,
көк
Алуан-алуан
жапырақ.
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
атырап.
Сұңғат:
Алқаптан
бидайды,
Қоймаға ел
жинайды.
Тырнасы
тізілген,
Ұнатам күзді
мен.
Назерке:
Ұшты талдан
жапырақ,
Сары көбелек
секілді.
Аспанда жай
шатырлап,
Тамшы жерге
секірді.
Бауыржан:
О, алақай,
тамаша!
Шашу шашты
жапырақ.
Бақтың іші
алаша,
Аунар ма еді
жатып-ап!
Жүргізуші:
Ән салыңдар
күліңдер
Жайнап гүлдей
жүріңдер.
Күздің тойын
тойлайық
Би билейік
ойнайық.
Ойын : «Егінді егіп
жинаймыз»
Ережесі: Балалар 3-
баладан екі топқа бөлінеді
-
Бала – картоп егеді
-
Бала суғарады
-
Бала – шелекке жинайды
Жүргізуші:
Алтын, сары, қызыл,
көк
Алуан – алуан
жапырақ.
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
атырап.
Дей келе балалардың «Күзге
сәлем» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Ән: «Күзге
сәлем»
Бұлт
ағады
аулаққа
Күз келіпті бау –
баққа
Жаздай піскен
жаңғақта
Шашылады жан -
жаққа
Келесі кезекте балалардың
дайындаған тақпақтарын қабыл
алыңыздар.
Бақдәулет:
Қамба толы
астыққа,
Алғыс саған алтын
күз.
Бір уыс дән шаштық
та,
Қап – қап жеміс алдық
біз.
Алуа:
Қыстың жақын
қалғанын,
Жапырақтар
білгендей.
Желмен ұшып
барады,
Жерге қонып
үлгермей.
Шахназар:
Если на
деревьях,
Листья
пожелтели.
Если в край
далекий,
Птицы
улетели.
Толқын:
Жаңбыр, жаңбыр жауа
бер,
Қорықпаймыз біз
сенен.
Қолымызда
қолшатыр
Кел билеші
бізбенен.
Нұрсұлтан:
Падают, падают
листья,
В нашем саду
листопад.
Желтые красные
листья
По ветру вьются
летят.
Күз
ханшайымы:
Балалар, рахмет сендерге
өздерің өнерлі екенсіңдер. Мен бұдан кейін көп ормандар мен
жерлерде сендер сияқты балалар асыға тосып отыр, ол балалардың да
өнерлерін тамашалауым керек.
Қош, сау болыңдар
балалар!
Жүргізуші:
Келесі кезекте ата – аналармен
ойын: «Картопты үзбей ашу»
Ойын: «Картопты үзбей
ашу»
Ойын шарты: екі ата – ана
ортаға шығып кортопты үзбей аршу.
Жеңімпаз ата – аналар
мадақталады.
Ақ жайықтың толқынындай
тулаған
Жүрек сырын қапияда
ұрлаған.
Келбетіне, кескініне сол
қыздың,
Кімдер қарап, кімдер қарап
тұрмаған.
-Дей келе қыздардың
«Жапырақтар» биін тамашалаңыздар
Би:
«Жапырақтар»
Жүргізуші:
Күн шуаққа
маужырап,
Жатыр еді
атырап.
Ағаштардан
жамырап,
Ұшты кенет
жапырақ.
Құрметті қонақтар, ата –
аналар бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз
берекелі, астықты болсын демекпіз.
Олай болса, сөз кезегі
балабақша меңгерушісі: Мукашева Жанар Ізтілеуқызына
беріледі.