Материалдар / "Күзгі ағаш"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Күзгі ағаш"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілерімен іс-тәжірибе бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2020
341
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы : «Күзгі ағаш»


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Мақсаты: Күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетінде бейнелеу. Күзгі ағашты,

оның бөліктерін анық етіп салуды үйрету. Ағаштың діңін төменнен жоғары қарай жіңішкеретінін, бұталарын,жапырақтарын көлденеңнен салып үйрету,саусақ қимыл қозғалыстарын еркін пайдалану, сызықтарды батыл жүргізу, түстердің үйлесімділігін сезінуге, заттың пішінін ұқсата салуға үйрету. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.


Қолданылатын көрнекі құралдар: Күз мезгілі бейнеленген суреттер,жапырақтың түрлері.

Әдіс – тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.

Қостілдік компонет: жапырақ – листья.


Барысы: Тәрбиеші:

Күтпеген сәт:

- Балалар, бүгін бізге Аяна деген қуыршақ қонаққа келіпті. Ол күзгі орманды аралап жапырақ жинап жүріп, қолындағы себетін бір жерге қойып кетіпті де, оны қайтадан таба алмай қалыпты. Сендер оның себетін көрді ме екен деп сұрау үшін келіпті. Естеріңе түсіріңдерші, себетті біз қайдан көрдік? (Балалар қуыршақтың себетін іздеп табады)

Қуыршақ қуанып:

- Иә, осы, қандай жақсы болды,сендерге рахмет.

Қуыршақ:

- Балалар, мен сендерге сурет алып келдім. Жапырақтар түсіп жатқаны бейнеленген үлгі суретті көрсетеді.

Күз туралы өлең жолдарын айтып беремін.Балалар бірге қайталайды.

Осень, осень золотая

Хорошо что ты пришла

Ты и яболок, ты и меду

И хлеба принесла


- Аяна сендердің жапырақтың суретін қалай салатындарыңды көрейін дейді, біз оған түсіп жатқан жапырақтарды салып көрсетейік. Біз бүгін суретті қылқаламмен саламыз.

Қылқаламмен таныстырамын.

Қылқалам деп аталуының өзіндік себебі бар. Өйткені оның бас жағы қылдан жасалған. Ол өте жұмсақ. Өздерің алақандарыңа сүйкеп көріңдерші, жұп – жұмсақ. (Өзім сүйкеп көрсетемін). Сондықтан оны пайдаланғанда қағазға қатты басуға болмайды. Қылдан жасалған шашақтар темірмен оралып, ағашқа бекітілген.

Жапырақтың салыну жолын түсіндіремін.Қылқаламды (сары,қызыл)субояққа батырып сүйкей жағу әдісі арқылы жапырақты бояйды.

Сергіту сәті.

Жел соқты, жел соқты,

Ағаштар желмен шайқалды.

Жел соқты, жел соқты,

Жапырақ түскен байқалды.

Тыныс алу жаттығуы.Балалар жел болғанда ағаштағы жапырақтар қандай дыбыс шығарады. Ш-ш-ш-ш.

Кәне,түсіп жатырған жапырақтардың үстімен жүрейік.Қандай дыбыс естіледі.

Сыбдыр-сыбдыр.

Балалардың жұмыстарын Аяна аралап көреді.

Айсұлу таңданып, балалардың жұмыстарына ризашылығын білдіріп, мадақтайды:

- Бәрің сурет салуды үйреніп алыпсыңдар, мен де енді сендерден сурет салуды үйренемін.

Қуыршақ Аянамен балалармен қоштасады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: қылқалам мен күзгі жапырақтардың ерекшеліктері жайлы қарапайым түсініктерді;

Игереді: қылқаламмен, бояумен қағаз бетіне жапырақтардың суретін салуды; Меңгереді: ұқыпты жұмыс істей білуді;












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!