Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Курстық жұмыс. Абай мұрасының зерттелуіне шолу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
|
МАЗМҰНЫ |
|
|
|
|
|
Кіріспе |
3 |
|
|
|
1 |
АБАЙ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІНЕ ШОЛУ |
|
|
|
|
1.1 |
Абай шығармаларының қазақ мектептерінде оқытылу тарихы және оның теориялық негізі |
5 |
|
|
|
1.2 |
Абай Құнанбаев мұрасының зерттелуі |
7 |
|
|
|
2 |
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ |
|
|
|
|
2.1 |
Абай Құнанбаевтың поэзиясындағы педагогикалық ойлар |
10 |
|
|
|
2.2 |
Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі педагогикалық ойлар |
14 |
|
|
|
2.3 |
Абай Құнанбаевтың педагогикалық ойларын жүйелеу және оны оқу үрдісіне ендіру |
21 |
|
|
|
3 |
Балаларға қара сөздерді педагогикалық жеткізу |
23 |
|
|
|
|
Қорытынды |
25 |
|
|
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер |
27 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Қоғамның тарихи даму кезеңінде өткен дәуірден бізге жеткен мәдени, әдеби мұралардың өсіп келе жатқан жас буынды оқыту мен тәрбиелеуге септігін тигізетін мүмкіндіктерін сарқа зерттеп, тәлім-тәрбие ісінде қолдану бүгінгі күн талабы. Өйткені, жан-жақтан қаулап арам шөптей басып келе жатқан құнсыз дүниелердің жастар өміріне дендеп еніп бара жатқанын көріп отырмыз.
Бұдан былайғы кезде осы мүмкіндікті кеңінен зерделеп, байыту арнайы ғылыми зерттеулердің үлесінде. Осындай мүмкіндігі мол, бай мұраның бірі Абай (Ибраһим) Құнанбаев шығармалары екені белгілі. Бұл ретте кейінгі кездерде орындалған теориялық, тарихи-педагогикалық зерттеулерді айтуға болады.
Қазіргі кезде оқыту теориясына қатысты, әсіресе, соның ішінде оқыту әдістеріне байланысты "жаңа технология", "белсенді әдістер" деген секілді бір қарағанда жаңа сипаттағы ұғымдар пайда болды. Ал, олардың көпшілігі, компьютерлік технология, аудио-видео технологияларынан басқалары, кәдімгі ертеден бері қарай қолданып келе жатқан әдістер мен тәсілдердің түрліше топтастырылуы мен талдануы. Бұл ретте, акын шығармаларындағы дидактикалық идеяларды да тың сипатта талдап, жаңаша көзқараспен зерделесек осы "жаңа технология мен белсенді әдістерді" байыта түспек.
Осыған орай біршама жұмыстар жүзеге асып та келеді, атап айтсақ, Х.Арғынбаев, Қ.Б.Жарықбаев, Қ.Қ.Құнантаева, А.К.Көбесов, С.Қалиев, Т.М.Әлсатов, С.¥зақбаева, К.Ж.Қожахметова, І.Р.Халитова, А.Н.Ильясова т.б .еңбектерін атап өтуге болады.
Абай шығармаларындағы педагогикалық ой-пікірлердің ерекшеліктеріне байланысты кейбір пікірлерді А.Н.Ильясова, А.Е.Дайрабаева, ІР.Халитовалардың ғылыми-зерттеулері мен Н.Берікұлы, А.Бейсенбаева, Ә.Қоңыратбаев т.б. жекелеген мақалаларынан табуға болады. Бірақ, оларда оқыту теориясы тұрғысынан толық талданып, практикалық мәні жеткілікті ашылмаған.
Ғұ0000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000лама ақын шығармаларындағы педагогикалық ой-пікірлерді іздестіруде Я.А.Коменский, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий т.б. белгілі педагог ғалымдардың еңбектеріне негіздей отырып, олардағы басты ұғымдар, тұжырымдар, ереже, қағидалар мен қазақ жерінде педагогикалық ойлардың дамуына ерен үлес қосқан және алғашқылардың бірі ретінде Ы.Алтынсарин десек, оның пікірлерін жалғастырған А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, МЖұмабаев т.б. еңбектерін зерделей келе, Абай мұрасындағы осыған орай пікірлердің сәйкестігін, оларды түсіндірмелеуде, ұғынуда тигізетін септігін басшылыққа алдық.
1 АБАЙ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІНЕ ШОЛУ
1.1 Абай
шығармаларының қазақ мектептерінде оқытылу тарихы және
оның теориялық негізі
Дидактиканың мәңгілік мәселелері қалай оқыту, не нәрсеге оқыту, не үшін оқыту, кімді оқыту, қашан оқыту, нәтижесі қандай болуы керек, қалай бағалау керек деген секілді т.б. тұрады.
Абай шығармаларын педагогика, философия, психология, әдебиеттану, тарих тұрғысынан зерттеуші ғалымдар А.Байтұрсынов, МЖұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, С.Қирабаев, Қ.Мүхаметқанов, Х.Сүйіншәлиев, Ғ.Есімов, З.Ахметов, М.Мырзахметов, С.Қалиев т.б. тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің бар екендігін көрсетсе, Ш.Әлжанұлы және одан кейінгі Қ.Жарықбаев, А.Көбесов, К.Қунантаева, А.Бейсенбаева, А.Дайрабаева, І.Халитова ақын мұрасында педагогикалық ой-пікірлердің бар екендігін өз еңбектерінде атап көрсеткен.
Өлең, поэзия арқылы тәрбиелеу мен білім беру халқымыздың дәстүрге айналған жолы десек жаңылмаймыз.
Ақын, жыраулардың ел аралап көпшілік алдында жыр-дастандар орындауының өзі білім мен тәрбиені уағыздаудың ұрымтал түрлерінін бірі болғаны белгілі. Бұл үрдіс ертеден келе жатқан, әсіресе, көшпенділер арасында кең тараған тәсіл.
Десек те, Орхон-Енисей жазбаларындағы әйгілі "Күлтегін" дастанынан бастап, одан кейінгі Қорқыт жырлары, Оғызнама, әл-Фараби шығармалары, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Иссауи, Ахмет Иүгнеки, Сүлеймен Бақырғани т.б.хандық дәуірдегі жыраулар мен ақындар мұралары педагогикалық ойларға толы екенін зертгеуші ғалымдар айтып келеді.
Абай шығармаларында оның өмір тәжірибелерінен туындаған, кейінгілерге өнеге болатындай осындай дидактикалық мәндегі туындылар, пікірлер, тылсырымдар, ереже, қағидалар мол. Олар өлең түрінде берілгендіктен сөздердің ұйқасы, мазмұндылығы, меңгеруге қолайлы, шынайы өмірден алынғандықтан нанымды, кейбір өлең ырғақтары тіпті иландырып еліктетіп әкетеді.
1.2 Абай Құнанбаев мұрасының зерттелуі
Абай Құнанбаев – ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгерімен деңгейлес тұрғаны – білген адамға айқын шындық.
Абай халықтың түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін оқу-білім қанша-лықты терең ұғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында. ақын үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс, білім - міне осылардың түйісіп келуі шарт.
Абайдың педагогикалық мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баулу. Ақын, ойшыл ұлы ұстаз – Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы - сол халықтың еңбек сүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады. Еңбекті Абай, басқада қазақ ағартушылары сияқты - байлықтың, молшылықтың көзі - деп санады. Жастарды енбекке шақырды. Оған 1886 жылы жазған мына бір шумақ өлеңін келтіруге болады.
"Қартайдық, қайғы ойладың ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан,
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман - деп, өз кезіндегі еңбек етпейтін жастардың осындай жағымсыз мінездерін сынады. Енді бірде Абай
"Осындай сидам жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ,
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері қу борбай сымпыс шолақ.
Абай даналығы еңбек ет – мал тап деген ақылға саяды. Тек еңбек, еңбек құмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты - еңбек ғана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді – деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ.
Еңбек Абайша айтсаң-өнер. Жастардың еңбек тәрбиесі, сонда ғана жүзеге асады, егер ол халықтың бүкіл көпшіліктің, түптеп келгенде, бүкіл қоғамның игілігі не айналғанда, оның молшылық қажетіне жараған жағдайда, білім алып, бақытты болған шағында. Ол еңбек тәрбиесі – басқа барлық тәрбиенің негізі. Басқалары ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, эстетикалық, экологиялық пен экономикалық еңбек тәрбиесінің құрамдас бөлігі екеніне дәлелдеп берді.
Енбек тәрбиесін, оқу мен білім алудың негізі – деп түсінген Абай жас ұрпақтың барлық тәрбиесінің көзін-бұлағын еңбектен іздеді. Ол еңбек пен қоғамдық еңбектің тұтастығын, бірлігін – парасаттылық пен инабаттылықтың, білімділіктің, тұлғалықтың, ісіне талғамын, үлгілері - өмірдің, тіршіліктің жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететінін аса көрегендікпен дәлелдеді, оған өлең жолдарын, ғақлияларын арнады. Ең бастысы: еңбек пен адамгершілік сапасын қалыптастырады, адамды, жастарды эсгетикалық рухта тәрбиелеп, оларды әдемілкке, көрнектілікке жеткізеді, оларды жарқын болашаққа шақырады, материалдық игілікке жол ашады. Ақын пікірінше еңбек – адамды жан-жақты дамыған, ғұламалыққа көтереді, баулиды, жетелейді. Абай арманы еңбекке, адамгершілікке, ақыл-ойға, парасаттылық пен инабаттылыққа негізделген, үлкен мәдениеттіліктің қайнар бұлағына айналған. Абай тағылымы - даналықтың, ғұламалықтың, құдіреттіліктің, имандылықтың кәусар тамшысы, ағынды тасқыны, дария көлі, мұхиты.
Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді. Бірақ, ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, білім-ғылым түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыр әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы – ағартушылық көзқарасы қоғамның дамуындаағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді. Ал қоғам өміріндегі көптеген адамгершілік, моральдық проблемалардың, мысалы, әділдік, бірлік, достық, білімділік, еңбек сүйгіштік, талаптылық, адалдық, солармен қатар озбырлыққа жауыздыққа, екіжүзділікке төзбеушілік секілді сан түрлі мінез-құлық мәселелері қай заманда да мәні жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт, жағдай өзгерді дегенмен, халықтың ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып, жаңаша сипат ала отырып, жалғастық тауып өрістеп, дами беретінің ескерсек, Абай поэзиясы кейінгі дәуірлердің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір шындығын танып-білуге үлкен себін тигізе алатыны қақ. Олай болса, Абай творчествосын өз дәуірінің шеңберінде ғана қалатын, осы мағынада біз үшін тек тарихи маңызы бар, өткінші құбылыс деп санауға болмайды, ол - заман ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл мұра.
Тарихи принцип тәрбиелік тағылым Абай творчествосының сол дәуірдегі қоғамдық өмірмен тамырластығын танып-білудің бірден-бір қажетті шарты екенін мойындай отырып, ақын шығармаларын бүгінгі оқырмандар әсіресе, жасөспірімдер қалайда өздерінің өмірге көзқарасы, арман-мұраттарын жалғастыра, жанастыра қабылдайтынын жоққа шығара алмаймыз. Абай творчествосының өз заманымен, сол кездегі қоғамдық өмірімен байланысын, сол кезде қандай зор танымдық, тәрбиелік міндет атқарғанын, сөз өнерінде не жаңалық әкелгенін толық түсінсек, сонда ғана біз оның кейінгі кезеңдерде, қазіргі заманда қоғамдық ой-сананың, мәдениеттің, оқудың өркендеуіне қандай ықпал жасап келе жатқанын толық аңғара аламыз.
2 АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
2.1 Абай Құнанбаевтың поэзиясындағы педагогикалық ойлар
Абай Құнанбаев шығармаларындағы педагогикалық ойлардың өзегін «біл», "оқы", "үйрен", "ізден", "ұқ" тұжырымдары құрайды және ол өлеңдерінен бастау алып, қара сөздерінде айқындала түседі. Ақынның "біл" тұжырымның басты идеясы "білген, білген-ақ сан қылса," – дегенге саяды. Осыдан барып "білген деген не?" сұрағы туындайды.
Осыған орай "Мұны жазған кісінің атын білме, сөзін біл.. біреу білмес сен білсең, білгеніңнің бәрі тұл... шын сөз қайсы біле алмай, әр нәрседен құр қалма...", "Орыс тілі, жазуы-білсем деген таласы...аз білгенін көпсінсе... талап қыл артық білуге" - мұндағы "біл" дидактиканың білім беру мақсатына меңзейді.
Ғұлама ақынның "біл" тұжырымы адамның өнері мен білімінің уәзіні, өлшеуіші, себебі ақын адамньң бірінен бірінің артықшылығын өнері, білімінен байқауға болады...дейді. Ақынның "біл" тұжырымы жекелеген адамның дара қабілеті мен қасиетіне байланысты тағы бір қырынан "Сегіз аяқ" өлеңінде танылады, "сөйлеймін десең өзің біл...білгенге маржан, білмеске арзан" сөздің бағасы тындаушылардың білімі, ұғынып, түсінуіне байланысты, естіген сөздің байыбына бара алмаса "білмейді" деп бағаланады. Себебі, не істесе де, қалай істесе де білімді адам жолын табады деген сенімімен ақын "білгенге жол бос" деп түйіндейді.
Ақын шығармаларындағы дидактикалық тұжырымның бірі "үйрен". Оқу, оқытудың бір қыры білім беру болса, тағы бір жағы үйрету, "білімдіден аяман, сөздің майын" - дегені ұстаздар қауымына үлгі боларлық. Оның "үйрен" тұжырымы ақыл табу, мал табу болса, кімнен үйренуді де жаңсайды, олар ақсақалдан, әкеден, білімдіден, ұстаздан үйрен, оқу, білім алуға қатысты, оқыту үйрету ата-ана, ұстаздың міндеті болса, үйренуге ынталы болу баланың міндеті. Олай болмаған күнде "ел танымай, үй танып құр шаруасын да ұқпайтын" адам пайда болады дегенге саяды. Осы "үйрен" тұжырымының бар мәні "тез үйреніп, тез жойма". Бұл дидактиканың басты ұстанымдарынын бірі - білімнің беріктігі, іргелі, түбегейлі, керек десеңіз мәңгілігі.
Оқу іс-әрекеті педагогикада зейін қойып тындау, естігенін терең ойлау арқылы пайымдау, бұрынғы алған білімімен ұштастыра отырып, жаңаны меңгеруге ұмтылу; алған білімін іс жүзінде пайдалану жолдарын меңгеру, басқаша айтқанда өмірмен ұштастыру деген секілді қағидалар арқылы іске асады. Бұған ақынның "оқы" тұжырымындағы "оқыған білген, білген-білген-ақ, оқыған білер әр сөзді, жасынан оқу оқып, білім алған" ұғымында оқыған "ой табады", оқыған "біледі", оқыған "білімді" ең соңында оқыған адам парасатты.
Бұл жердегі ақын айтқан «әр сөз» біздіңше ой өрісі кең, ауқымды, білімдар, оқыған дегенді ұғындырады.
¥ғу немесе ұғынып түсіну - оқу, үйрену, білім алудың ойлау іс-әрекетімен тығыз байланысты жолдарының бірі. ¥ғу туралы ақын өлеңдеріндегі жан-жақты пайымдаулар сөзді түсініп қана қоймай, ұғыну немесе терең ойлау арқылы парқын пайымдау ретінде айтылады, "мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық", "өлеңді айтпақ түгіл, ұға алмайсың, қарыны тоқ қас надан ұқпас сөзді", "сөзді ұғар көкірегінде болса көзді" ол үшін айтылмақ сөз-ұнасымды, орайлы, жарасымды, сөзі тәтті, мағынасы түзу болсын деген талап та қояды.
Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінің дидактикалық мәнін көре білгендіктен болса керек, бірқатар зерттеушілер оны бала тәлім-тәрбиесінің бағдарламасы деген ұйғарымға келген. Мұндағы ойлар педагогиканың негізгі қағидаларының бірі "оқытуды тәрбиемен ұштастыру" басқаша айтқанда оқыту мен тәрбиенің бірлігі немесе бір үрдістің (процестің) екі жағы деген түсінікті нақтылай түседі.
Ақын адам болудың жолын: ғылым іздеу, талапты еңбекке дағдыланған, ойлы болуға ұмтылған, осының жолында балалықты қиған, жақсыны көріп, сондай болуға ұмтылған бала. Дидактиканың басты қағидаларының бірі "болмасаң да ұқсап бақ" деген ой тұжырым. Жалпы ақын жақсыларға ұқсау керек екенін бүкіл шығармашылығының өн бойында дәріптеп өткен. Алайда, осы "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінде білім алуға үндеумен қатар "ғалым болуға ұмтылу керек" деген ойды "болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз" деп жеткізеді. Ақын осы өлеңінде ғылымның пайдалы тұстарын санап өтеді: 1. Ғылым арқылы адамның өмірден өз орнын табу мүмкіндігінің кеңейетіні; 2. Ғалым болуға талаптану- бойындағы бар қабілет мүмкіндіктерін өз пайдасы, игілігіне жаратуға жол ашады; 3. Ғалым адамға ұқсауға ұмтылу дегеніміз – үнемі іздену, мақсаттылық болып, осының өзі адамның өміріне мән береді, қызықты, мазмұнды, мағыналы етеді; 4. Ғылым - дүние (байлық). Бай болғысы келмейтін бала да, ересек адам да жоқ. Демек, ғылым осы байлық табудың ең адал, ең адамгершілікті жолы; 5. Ғылым, мал дегені - ғылымның өзі дүние, мүлік, мал, байлық дегені. Бұған қазіргі заманда күнде көзіміз жетіп отыр. Абай Құнанбаев шығармаларынан оның "іздеу" немесе "іздену" тұжырымы да дидактиканың аса қажетті машықтарының бірі деуге болады. Ол "іздеу" санатына жалпы шынайы дүниені танып-білуден жан дүниесін, рухани әлемін толықгыру, дамыту және одан күнделікті өмірге қажетті іс-әрекетке дейінгі үрдістерді қарастырады. Бұған ақынның "біреуден біреу артылса" өлеңіндегі "тіленіп, телміріп іздөнер...жүрер әрқайдан іздөнер" деп өнер, білімді талапты адам әрқайдан өзі ізденіп табады деген оқу үрдісіндегі аса маңызды іс-әрекеттің мәнін ашып көрсетеді. Іздеу туралы "ғылымды іздеп.. дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім...білсем деп жөнін, көп іздедім қаңғырып" дегенін білу үрдісінің ғылым, білімді меңгерудегі күрделі, бірақ тиімді желісі деуге болады.
Дидактика туралы сөз қозғағанда оның «атасы» Я.А.Коменскийдің «¥лы дидактикасын» және басқа да классик педагогтардың еңбектерін айналып өте алмаймыз. Осыған орай мұнда «Коменский акиқаттың бір саласы-логика, оның көзі - діни сапа..., ал екінші саласы - табиғатты танудан шығады» деп белгілеген. Оның жалпы педагогикалық көзқарасының негізі - мектеп адамгершіліктің шеберханасы болуы керек деген тұжырымға негізделеді. Осы тұрғыдан альш қарағанда, Абай Құнанбаев та өз шығармаларында өсіп келе жатқан жас буындарды оқыту, оларға өнер үйрету немесе олардың белгілі бір Қаншалықты ақылды болса да талабы болмаса құр ақылдың ғылым, білімге пайдасы аз.
Диалектиканың таным туралы қағидаларына сүйенсек, ол мынадай үш сатыдан тұрады:
1-сатысы, қоршаған ортаны: зат, дүние, адам т.б. жанды қабылдау. Бұл тек қана бас миында кергенІн, естігенін, түйсінгенін шағылдыру емес, сол қабылдап отырған нәрсенің сипатын, қасиеттерін саралау, сол негізде ары қарай ой жүргізу. Бұнда сезім мүшелері арқылы қабылданған қасиеттер негізінде жауап іздеу басталады. Абай 43-қара сөзінде "ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретімен көңілге түседі" дегенін зат не құбылыс туралы сыртқы сезім мүшелері мен ішкі түйсік арқылы мәліметгер жинау және оны ой елегінен өткізіп, талдау, саралау кезеңі десек те болады, бұны ол "көңілге түсіруші бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілге суреттемек" деп келтіреді. Іріктеп алу барысында қажеттілерін көңілге түйіп, еске сақтап, керек еместерін ұмытады.
Осы кезден танымның 2-сатысы - дерексіз ойлау басталады. Белгілі болғандай бұл кезеңде әлгі қабылданған қасиеттер негізінде салыстыру, топтау, жіктеу, екшеп бөліп алу, талдау, ақын мұны "кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол көп жиғаны бар адам: сынап орынды-орынсызын бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, қарап табады" деп ой өрбітеді.
Әлгіндей ой елегінен өтіп сараптау жүргеннен соң ғана осы ми қызметінің нәтижесі ретінде зат не құбылыстың қасиеті, сапалары анықталады, бірақ не үшін қажет екені белгісіз. Бұл таным үрдісінің 3-сатысының басталуы. Бұл кезде әлгі белгілі болған қасиет, сапалар тексеріліп, тәжірибеден өтеді, "... жақсы нәрседен көңілде жақсы әсер хасил болу секілді нәрселер" дегені осыған сай келеді. Бұл кезеңде көмескілер нақтыланып, ұғымдар, түсініктер туындайды, "тыстан тауып алып, ішке салғанын" бекіту іске асады. Абай осы үрдісті "жан қуатыменен адам хасил қылған өнерлерді күнде тексерсең күнде асады" осы кезден бастап, айқындалған нәрсені іске қосудың басталатына меңзейді.
2.2 Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі педагогикалық ойлар
Ғұлама ұстаз Абайдың таным үрдісіне қатысты пікірлерінің шыңы осы 43-қара сөзінде мынандай үш түрлі ұғым төңірегінде даму тапқан: "подвижный элемент" - біз бұны қозғаушы қуат-энергия деп ұғындық; одан кейінгісі "сила притягательная однородного" - сараптау деп, ал "впечатлительность сердца" - әсерлену немесе сыртқы ықпалдан туындайтын көңілде қалатын із, тап деп ұғындық. Осыларды талдаудан бұрын "қуат" сөзіне ақын берген мәнділікті ұғыну керек секілді. Қазіргі күні қуат дегенді энергия деп пайдаланып жүрміз. Психолог ғалымдардың және Абайдың "қуаттың ішінде үш артық қуат бар., ол жоғалса, адам ұғылы хайуан болды, адамшылықтан шықты" деген пайымдауларын зерделей келе, қуат деп адамның психикасы немесе ішкі жан дүниесін қимылға келтіретін, түрткі беретін тұлғаның өз бойындағы күштерін айтуға болады деп түйіндедік.
Таным үрдісі ақыл-ой қызметімен сезім мүшелері арқылы ғана іске асады десек жаңсақ болары анық. Өйткені, мұнда адамның ішкі жан-дүниесінің алатын орны бар. Жан-дүние деген поэзияға жақын сөзді ғылым тіліне аударсақ, ол психиканың қызметі болып табылады. Ақыл, ой-қызметінің сапасы мен мүмкіндіктерін көрсетеді.
Бұның дидактикалық мәні тереңде жатқанымен адамның көз көрінеу іс-қимылы, мінезі, жүріс-тұрысы тағы басқаларына қарата берілетін баға. Абай ақылды қызығу, құмарлану, қажеттенумен байланыстырады. 15-қара сөзінде қызығуды адамның танымдық іс-әрекетінің басты қозғаушы күші ретінде пайымдағанын керуге болады, "әуел - пенде адам болып жаратылған соң, ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсені іздеген кезі өмірінің ең кызықты уақыты болып ойында қалып" дегені бүған дәлел. Қызығу – бұл психиканың қызметі үрдісі болып, ол адамның белгілі бір нысананы таңдауы болып, сол нысананың өмірлік мәні, тартымдылығын білдіреді. Ол қажеттену негізінде туындайды, бірақ онымен кабысып кетпейді. Қызығу әртүрлі затқа не іс-әрекетке қарай бағытталады да, егер ол тұрақтанып қалса қажеттенуте айналады. Абайдың "есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен.." дегені осы қызығудың тұрактанып қажеттенуге айналуына мысал. Осындай тұрақтанған қызығудан туындаған қажеттену адамның таным ауқымын кеңейтуге және терендетуге себеп бола алады. Бұны ұстаз "..әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға кұмарлық пайда қылатын нәрсе екен... әрбір құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде бір түрлі мастық пайда болады екен" – деп қызығу мен қажеттенуден туындайтын кұмарлықты таным үрдісін жүзеге асырудағы қозғаушы күш ретінде қарастырады. Одан кейінгі іс-әрекетті осы үрдістердің тереңдеуі ретінде талдай келіп "бір түрлі мастық пайда болады екен" деп одан соң оның пайдалы, зиянды тұстарын зерделейді. Осы кезден бастап есті мен есердің танымы екіге айрылады: есті кісілер "ақылды қолдан жібермей...ізденеді, есер... екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі, соны көрдім" дейді. Осыдан барып ол мынадай ғылыми-педагогикалық маңызы терең, оқу теориясында ескермесе болмайтын кеңес береді, "есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал" деп ары қарай мұнда не нәрсені ескеріп есеп алу керек екенін "сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей өткізіпсің? Жоқ болмаса, не қылып өткізгенінді өзің де білмей қалыппысың?".
Білім алу, білім беруді ұйымдастыру ғылыми білім арқылы дүниені тану үрдісі десек жаңылмаспыз. Өз кезегінде есеп алу осы үрдістің дұрыс, бұрысын, мақсат, міндеттерін айқындап алуға көмектеседі.
Таным үрдісіндегі ақыл қызметі, ондағы ерік, күш қайраттың орны, сезіммен осы алғашқы екеуінің байланысы, Абайдың 17-қара сөзінде қарастырылады. Біз ақын философ деп жүрген Абайды ұстаз ретінде танытатын бір тұсын осы қара сөздері десек жаңылмаймыз. Өйткені, осы 17-қара сөзін жазу тәсілі мен стилінің өзі дидактикалық талаптардың түсінікті, анық, айқын, бірізді, қысқа да нұсқа дегендеріне сәйкес келеді. Мұнда алдымен ғұлама ұстаздың осы сөзді жазудағы мақсатын, адам болмысының аса маңызды сипаты болып табылатын ақыл, біз психологияда ерік күші, ырық деп жүрген қайрат және сезім үшеуінің өмірдегі мәнін айқындап алуға мүмкіндік туғызатыны анық.
¥стаздың 17-қара сөзінің басталуында-ақ ол "ақыл, қайрат, жүрек үшеуі өнерлерін айтып, ғылымға жүгініпті" деп олардың өзара тығыз байланысына жаңсайды. Біз психологияда ерік күші деп адамның бір істі үйренуі, белгілі бір мақсатқа жету үшін талмай ізденуі мен жан құмарынан бас тартуы, қиьшшылыктарды жеңудегі табандылығы, мұқалмайтын жігері, сөзімін басқарудағы күш салуы т.е.с барлығы қайтпас қайраттың ісі деп білеміз. Мұны қайраттың өзі былай түсіндіреді: "ей ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын" дейді де қайрат немесе ерік күшінің адамның өзін танудағы қызметін "әуел өзіңді білуге ерінбей, жалықпай үйрену керек" деп тиянақтайды. Ерік күші туралы И.М.Сеченов "ырық тек қимылды ғана басқаратын иесіз агент емес, - бұл тіпті кейде сақтануды да ұмытып кететін, белгілі бір нәрсе үшін қимылды басқаратын сана мен ізгілікті сөзімнің іс-әрекеті - ауд. Т.Г." дейді. Демек, қайрат немесе ырық, сана, сөзіммен тығыз байланыста болып, кейде оларды өзіне бағындыра алады, осы қара сөзінде Абай қайраттың бұл қасиетін бір істі "ерінбей, жалықпай орнына келтірмек...орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай" көрсеқызар, нәпсі азғыруынан кұгқаратыны, бойды адасудан жиғызып алатыны көрсеткен.
Таным үрдісі жайлы тақырыпты оқытуда оның негізі танып білу философиясы немесе гносеология екенін айта келіп, оның кезендеріне токталу арқылы оқу үрдісіндегі көрінісі зерделенеді. Осыған орай оның кезендері қарастырылады:
1. Нақты пайымдау - сезім мүшелері арқылы сыртқы дүниемен қарым-қатынасқа ену, олардың әртүрлі қасиеттерін бір мезетте түйсіну,
сезінуден басталады. Осыған байланысты ұстаз Абайдың 43-қара сөзінде "көзбен көріп, құлақпен есітіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады" деген.
Таным процесінің екінші кезеңі – дерексіз ойлау. Түйсіну және қабылдау арқылы алған деректерді "сынап, орынды-орынсызын бәрінде бағанағы жиған нәрселерінен есеп қыльш, қарап табады," – делінген 43-қара сөзінде, бұл заңдар мен заңдылықтардың қалыптасу барысын көрсетеді.
Ал, үшінші кезеңде әлгі табылған заңдар мен заңдылықтар немесе шығарылған қорытындыны іс жүзінде, практикада қолдану Абайша былай берілген: "адамның ғылыми білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады", -деген 38-қара сөзінде.
Абай көрсеткен үш элемент дүниені танып білудің әр қырын қарастырады, мысалы, "впечатлительность сердца" дегеніміз – дүниені эмоция арқылы немесе әсерлену арқылы танып білу. Бұл қабылданған зат не құбылыстың мәңгі есте сақталуына шарт түзетін аса қуатты тәсіл десек те болады. Осы жерде мынандай сұрақ туындайды: Білген артық па? Не болмаса сөзген артық па? Білім күшті ме? Не сезім күшті ме? Білім ақиқат па? Сезім ақиқат па? міне осыларды талдауға тура келеді, мәселен, "подвижный элемент" не көрдің? не білдің? соны шапшаң ұғып, "арты қайдан шығады, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды жіберіп қармаққа тез қозғап жібереді", Бұл ішкі қозғаушы күш (мотив) ол сезіммен ұштасып жатады. Айталық, қажеттену (потребность) бір нәрсенің жетіспеуін не жоктығын сезіну, түйсіну. Абай "егер бұл болмаса, көп білуге, көп оқу оңды пайда бермейді", - дейді. Кез келген білім мекемесінің оқу үрдісін бақыласақ, көбінесе білім берудің рационалды жағы ескеріліп, эмоционалды жағына мән берілмей қалатындығын байқаймыз.
¥стаз Абай айтқан "сила притягательная однородного" біртектестердің тартылуы - ақыл күші, сыртқы дүниеден алған деректерді салыстыру "түгел ұқсаған ба?" яки бір ғана жерден ұқсаған ба? Бұл педагогикадағы дерексіз ойлау тәсілдерінің топтау, жіктеу, талдау, сараптау секілді ой қызметін көрсетеді, "соған ұқсағандарын тексересің" немесе жіктеу "әр нешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап талдау, білмегенін сұрап, оқып, бөтеннен хабарланып білмей тыншытпайды".
Жалпы педагогика бойынша кейінгі кезде жарық көрген ресейлік және қазақстандық оқулықгардың дидактика бөлімінде таным үрдісінің мәні бұрынғы оқулықтардағыдай нақгы ашып көрсетілмеген, мысалға Б.Лихачев, Л.П.Крившенко т.б. кейбір оқулықтарды келтіруге болады. Алайда таным үрдісінің оқытуды ұйымдастырудағы, психологиялық, философиялық, педагогикалық мәнін жан-жақты қарастыру ғана оны дұрыс пайымдауға жол ашады.
Кесте 1 - Оқытушы мен оқушының іс-әрекетін ұйымдастырудағы Абайдың танымдық пікірлері
Акын шығармаларындағы таным сатылары |
Оқытушының таным іс-әрекетін ұйымдастыруы |
Оқушының танымдық іс-әрекеті |
|
|
|
Мақсаттылық – дидактиканың тағы бір мәселесі. Білім алу, оқып үйрену алдымен, алдына ізгі мақсат қою арқылы іске асатыны белгілі. Бұл өз кезегінде әркімнің өз алдына қойған жеке мақсаты, соған кіретін білім алудағы жеке мақсаты болса, оны жүзеге асыратын білім алу үрдісіндегі ұстаздар тарапынан қойылатын оқытудың мақсаты, әр сабақтың мақсаты, әркімнің дербес іс-әрекетінің мақсаты болып бөлшектенеді. Осылардың барлығының іске асуына тірек болатын ниет пен талап "иннәмал-әғмал бин ниет" немесе іс істеу үшін ниет, талап керек. Демек, алдымен мақсатты қойып, сол мақсатты жүзеге асыруға ниет ету керек екені айқындалды. Ниет ету Абай ұғымында көздеген істі жүзеге асырудың бастамасы. Бұл пікірлер негізінен діни танымға байланысты айтылғанымен таным діни ме, жоқ зайри ме, бәрі-бір таным емес пе? Осыған орай, 32-қара сөзінде "ақиқат мақсатпен" деп аддыға қойған мақсаттың шынайылығына мән береді. Бұндағы бастысы алдыга қойылған мақсат іске асатын, оған шамасы келетін, пайдалы болуы шарт. Әйтпегенде шынайы емес жалған, пайдасыз болмақ.
Дидактиканың түпкі мақсаты білдіру, үйрету болса олар ақыл, ғылымсыз іске асуы мүмкін емес, "ақыл, ғылым – бұлар кәсіби" немесе іздену, үйрену, оқу арқылы пайда болады, ал Бұл өз көзегінде сөзім мүшелерінің қызметі арқылы сыртқы дүниені қабыддаудан бастау алады, "көзбен көріп, қулақпен есітіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстага дүниеден хабар алады", - дейді Абай.
Ақынның үйрету туралы пікірлерін дидактиканың ережелері тұрғысынан талдап көрелік:
1. Үйреніп болмайынша кұзету немесе өзін өзі қадағалау немесе үйрене алдым ба, дұрыс үйрендім бе, қандай қателіктер кетіп жатыр деген секілді. Оқыту үрдісінде осы уақытқа дейін оқушыларға айтылмай келе жатқан нәрсе осындай үйренуге үйрету;
2. Ескеру немесе үйренгенін, білгенін үнемі есіне алып, тұрмыста іс жүзінде қолданып, қайталап еске алып тұрмаса ұмтылып қалатыны. Оқу және оқытуда алған білімін іс жүзінде қолдануга үйрету жеткіліксіз
болғандықтан жылдам үмтылып, күнінде бір керек болып қалса іске жарамай қалатыны;
3. Ықыласымен өзін-өзі аңду немесе өзін-өзі бақылау ұмытып қалған жоқпын ба, есімде бар ма екен, есімде сакталып калды ма, жоқ па? егер есімде бар болса оны сол күйінде іске жарата аламын ба? деген секілді. Мулда тіпті қайталап істеп, орындап көріп, үйренгенін қаншалыкты іске жарата алатынын бақылап көру;
4. Шын жаны ашып тұрмаса болмайды немесе жүзеге аскан, үйретілген не болмаса енді үйренбек болып жатқан іс-қимылдың таза ниет пен қалаудан, шын қажеттенуден туындауы. Демек, оқыту да білім алуға, үйренуге шынайы қажеттенуін туындату керек. Бұл білім беру қағидаларының басты үхтанымы, түл-қасына айналмайынша терең де, дэйекті білім, білік болмайды.
5. Салғырттық адамның ішкі сөзімі мен санасының сәйкестігіне тосқауылдық келтіретін немқұрайды, салдыр-салақтық секілді білім алуға, әр нәрсені үйренуге кедергі келтіретін психикалық күй. Шын ниет таза көңіл мен қажеттену болмаған жерде орын алатын ешбір адамға пайда бермейтін теріс мінөз.
Абай мұрасындағы дидактикалық пікірлердің бірі 31 -қара сөзіндегі "естігенді ұмытпастыққа" берген нүхқауы десек те болады. Ол "эуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші, сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұқпынып, ынтамен ұғу керек; үшінші, сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші, ой кеселді нәрселерден қашық болу керек" деп белгілейді.
Ал, 32-қара сөзінде білім алып, ғылымға ұмтылудың қажеттенулер мен ішкі жан-дүниесінің сұрау талаптарына тоқталады. ¥стаз Абай білім, ғылым үйренбекке "талап қылушыларға оның өзінің біраз шарттары бар" дей отырып, оны білмей іздегенмен табылмайтынын айтады. Сол шарттар мыналар:
1. Білім-ғылым табылса дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемеу басқаша айтқанда риясыз;
2. Әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хү_зур хасил болады;
3. Сол рахат білгенінді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады;
4. Әрбір естігеніңді, көргеніңці, көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.
Келтірілген шарттардан соң ақын, оны жүзеге асырудың тетіктерін психологиялық тұрғыда ашып көрсетеді.
Зерттеуіміздің бірінші бөліміндегі ақынның өлеңдеріндегі "үйрен", "ізден", "оқы", "біл", "ұқ" тұжырымдары қара сөздерінде жалғасын табады.
Осыған орай, ғұлама ақынның 33-қара сөзіндегі «үйренбек керек» тұжырымы жалпы білім, ғылым, өнер іздегевдерге дидактикалық нү-сқау десе де болады. Онда ақын үйренудің мақсатын «көрсетеді». Олар мыналар:
1. Ол ісімді бұл ісімнен асырайын деу.
2. Ерінбей істей беру керек, өнерді асыра түсу, көбейте түсуді ойлаыстыру.
3. «Дарқансың, өнерлісің» дегенге мақтанып кетпеу.
4. Барды қанағат етпей оны одан ары көбейте беру
Бұлар дидактиканың адамның бойында бар мүмкіндіктерін ашып, оны одан ары дамыту деген қағидасына сай келетін пікірлер десе де болады. Әуел басында Бұл ойлар Абай тарапынан алдымен, дидактикалық одан соң экономикалық мәнде айтылған. Енді осыларды жүзеге асырудың жолдарын да «үйретеді»:
1. Өнер арттыру үшін түзден артық ісмерлер іздеп тауып, солардың өнерін көріп, бірге істеп «істес болып», талаптану арқылы бүрынғы өнерін, білімін одан ары арттыра түсу;
2. Бір нәтижеге қол жеткен соң «еріншек, салдау, салғырт, кербөздікке» салынбай «осы да болады ғой» демей сол нәтижені арттыра түсу, токтап қалмай істей беру, үйрене беру, оқи беру;
3. Адамдардың алдау мен мақтағанына сенбей, уақытты өткізіп алмай барды көбейту. Осы қара сөзіндегі соңғы 3,4, нұсқаулар негізінен экономикалық тұрғыдан айтылғанымен оқу, білім, ғылымда да осы жолды ұстанған жөн.
2.3 Абай Құнанбаевтың
педагогикалық ойларын жүйелеу және оны оқу
үрдісіне ендіру
Абай мұрасындағы осыған орай пікірлерді талдау барысында, біз оларды педагогика пәндерін оқытуда пайдалану бағыттарын төменгіше анықтадық:
-
таным үрдісі, оның сатылары; оқу іс-әрекетіндегі таным үрдісінің алатын орны;
-
оқыту ұстанымдары және оларды оқытуда ақын шығармаларындағы дидактикалық пікірлерді пайдалану;
-
оқьпу әдістері және онда ақын шығармаларындағы осыған орай идеяларды ендіру;
-
білім алу, оқу және оқытудағы мақсаттылықтың мәні және оның ақын шығармаларындағы сипаты мен сабақтастығы;
-
оқу және оқытудың міндетгері мен Абай мұрасындағы осыған орай пікірлердің маңызы;
-
оқыту мазмұнын жаңғыртуда ақынның дидактикалық пікірлерін пайдалану мүмкіндіктері;
-
оқу іс-әрекетінің нәтижесін бағалауда ақын идеяларын колдану жолдары.
Зерттеу нәтижелерін практикаға ендіру мақсатында "Абай Құнанбаев шығаларындағы педагогикалық ойларды педагогика пәндеріне ендіру" тақырыбында арнайы курс жасалуы керек.
Арнайы курстың мақсаты мынадай болу керек – Абай Құнанбаев мұрасындағы педагогикалық ойларды отандық педагогиканың мазмұнына ендіру мүмкіндіктерін қарастыру; оқу үрдісіне ендіріп тәжірибеден өткізу арқылы ондағы педагогиканың теориясына қатысты пікірлерін студенттердің меңгеруін тексеру. Осыған орай арнайы курстың міндеттері белгіленді:
-
ақын мұрасында педагогикалық ойлардың бар екендігін және оның педагогиканың теориясын оқытудағы маңызын ашып көрсету;
-
болашақ педагог мамандардың білімін оқыту теориясына қатысты улттық ой-пікірлермен толыктыру;
Абай Құнанбаев педагогиқасындағы «оқы», «біл», «үйрен», «ізде», «ұқ», "ұғын", "түсін" тұжырымдарын педагогика пәніне ендіру жолдарын көрсету.
Ақын шығармаларының әдебиет, тіл, тарих, музыка, физика, химия, т.б. пәндерді оқытуда олардың мазмұнына сәйкес тұстары мұғалімнің мүкіндіктерше байланысты әр түрлі деңгейде қолданыс тапқаны және оның шығармаларының тәлім-тәрбиелік мақсатта балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін жүйелі болмаса да қолданылып келе жатқаны анықталды. Дидактиканың төмендегідей негізгі санаттары тұрғысынан талдау жасадық: оқыту және оқыту үрдісі, оқытуды ұиымдастыру формалары, оқыту ұстанымдары, оқыту әдістері мен тәсілдері, оқыту құралдары, оқыту мақсаты т.б.
Ақын қара сөздеріндегі педагогикалық ойларды оқушыларға жеткізу
Абай қарасөздеріндегі ой - толғам (десант тәрбие сағаты)
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату;
2. Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін оқушылар бойына дарыту;
3. Ата-анаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
4. Оқушының сыни түргьщағы көзқарасына еркіндік беру. Әдісі: Пікірлесу, ой козғау.
Жоспары:
I. Өзектендіру (Абай өлеңінен үзінді оқу)
II. "Топтастыру" стратегиясы.
III. "Жиг СО-1" стратегиясы. ІҮ. Ой-толғаныс (эссе).
IV. Қорытынды.
Барысы: I. Өзектендіру.
Әділет пен ақылға
Сынатып көрген - білгенін,
Білдірсе алыс, жақынға
Солардың сөйле дегенін.
Ызалы жүрек, долы қол,
Ұлы сыя, ащы тіл.
Не жазып кетсе жайы сол,
Жек көрсендер, өзің біл.
(Абай өлендерінен үзінді оқи отырып, кемеңгер Абай қасиеттерін топтастыру)
II "Топтастыру" стратегиясы.
1. Кемеңгер Дана
Абай
Философ Ақын
Сазгер Аудармашы
2. Оқушылармен бірлікге Абайдың қарасөздеріне түсірілген бейнеклипті тамашалау (үзінді 5 мин.).
3. Абай. Жиырма тоғызыншы қарасөзі (мәтін әрбір оқушыға таратылады да, сол мәтіннің оқушылар тәрбиелік мәнін ашады).
III. "Жиг СО-І" стратегиясы.
"Отбасы" тобы (Бүл стратегияда оқушылар 3-4 топқа бөлініп, отбасын қүрайды. Таңертең отбасы мүшелері жұмысқа кетеді де, тапсырма орыңдайды. Қайтадан жүмыстан оралып, естігендерін ортаға салады.
Тапсырмалар:
1-топқа: Ата керген - оқ жонар, шеше көрген - тон пішер.
2-трпқа: Егер мен заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп бомайды деген кісінің тілін кесер едім (отыз жетінші сөз).
3-топқа: Ананың көңілі – балада, баланың көңілі - далада.
4-топқа: Балапан үяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
5-топқа: Адамның адамшылығы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады... (он сегізінші сөз).
(Отбасы мүшелері мақалдарды жан-жақты талдап, тәрбиелік мәнін ашады да, өз тобымен бірлікте осы мақалдарды катыстыра мәтін қүрайды).
ІҮ. Ой-толғаныс (эссе жазғызу).
Оқушылар ата-ана, оларды қүрметтеу туралы ойларын қорыта келе, "Атадан ұл туса игі" тақырыбында эссе жазады.
Ү. Қорытынды.
Мүғалім бүгінгі өмірмен байланыстыра тәрбие сағатын қорытыңдылайды.
Қорытынды
Жалпы Абай шығармаларындағы педагогикалық ой-пікірлерді зерттей келе, төмендегідей тұжырым мен ұсыныстар жасауға болады:
1. Өлең, поэзия арқылы тәрбиелеу мен білім беру халқымыздың дәстүрге айналған жолы десек жаңылмаймыз. Ақын, жыраулардың ел аралап көпшілік алдында жыр дастандар орындауының өзі тәрбие мен білімді уағыздаудың ұрымтал түрлерінің бірі болғаны белгілі. Бұл үрдіс ертеден келе жатқан, әсіресе, көшпенділер арасында кең тараған тәсіл. Өлең түрінде халыктың танымдық өресін өсіру, білім ауқымын кеңейту XIX ғ. соңына дейін жақсы сакталып келсе, бүтінгі күні оның жұрнақтары ғана қалған.
2. Абай Құнанбаев шығармаларындағы педагогикалық ойлардың өзегі саналатын «біл» немесе «білу» тұжырымы тартымды тәлімдік пікірде айтылуымен оқыту теориясының мәнін ашып, мағынасын ұғынуға мүмкіндік береді.
3. Ақын шығармаларындағы дидактикалык тұжырымның тағы бірі "үйрен". Бұл оқытушы мен оқуышалардың арасындағы қарым-қатынастың мәні мен мағынасын пайымдауға шарт түзеді.
4. Ақын шығармаларындағы басты дидактикалык тұжырым "оқы" болса, мұндағы мақсат білу, ой табу. Бұл қалай пайда болады? дегенде ақын кітаптан ерінбей оқу арқылы, ғылым іздеу арқылы келеді, сондықган оқыған біледі, оқымаса ол надан.
5. Абай Құнанбаев шығармаларынан оның «іздеу» немесе «іздену» тұжырымы да дидактиканың аса қажетті машықтарының бірі деуге болады. Ол «іздеу» санатына жалпы шынайы дүниені танып-білуден жан дүниесін, рухани әлемін толыктыру, дамыту және одан күнделікті өмірге қажетгі іс-әрекетке дейінгі үрдістерді қарастырады.
6. Ғұлама ақынның 7, 12, 13, 15, 17,19, 25, 27, 31, 32, 33, 38, 44, 45 қара сөздерін таным теориясы тұрғысынан талдай келе, оның дидактикалық пікірлерінің оқытуды ұйымдастырудағы оқушы мен оқытушының танымдық іс-әрекетінің кезеңдерінің мәнін ашып көрсету мүмкіндігіне ие болдық.
Біздің зерттеу жұмысымыз Абай шығармаларын оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың барлық талаптарын қамтиды деп айта алмаймыз. Сондықтан болашакта төмендегідей бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет:
-
Абай шығармаларын "Педагогика тарихы" пәнінде оқытудың жаңа технологиясы;
-
Абай шығармаларындағы педагогикалық ойларды тәрбие теориясын оқытуда пайдаланудың педагогикалық шарттары;
-
Абай шығармаларын болашақ ұстаздарды даярлауда қолданудың теориялық негіздері т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
-
Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А, 1992.
-
Бержанов Қ. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. -Алматы, 1973.
-
Бержанов Қ., С. Мусин. Педагогика тарихы. -А, Мектеп, 1984
-
Дуйсенбинова Адамгершілік тәрбиесіне айқын бағыт //Қазақстан мектебі. 7-1991ж
-
Жампеисова В.В. Формирование основ педагогической культуры старшекласников. Алматы – 1996
-
Жақыпов А. Өнеге өрісі -А., Мектеп, 1975.
-
Зязин Б.П. Профессиональное самовоспитание педагога. Алматы, «Мектеп» - 1989
-
Коменский Я.А. Великая дидактика. Избр.пед.соч., М., 1955
-
Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алматы «Рауан» - 1992
-
Лернер И. Дидактические основы метолов обучения. - Москва, Педагогика, 1981.
-
Педагогика (Под ред. Ю.К. Бабанского. – М., 1988)
-
Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. - Алматы, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі баспаханасы, 1992.
-
Сабақ беру тиімділігін арттыру/Құрастырған Б. Сманов. -А, 1989.
-
Төлеубеков А. Р. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. -Алматы, 1991 ж.
-
Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. /Құрастырған Ж Нүржанова. -Алматы, 1991.
-
Харламов И.Ф. Педагогика. М. «Высшая школа», 1990
-
Хмель Н.Д., Хайруллин Г.Т., Муканова Б.И. Педагогика, Алматы – 2005
26