Материалдар / Латын әліпбиіне көшу - заман талабы!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Латын әліпбиіне көшу - заман талабы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын әліпбиіне көшу – заман талабы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде: "Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет.Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады "-деген болатын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
3259
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде: "Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет.Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады "-деген болатын.

Біз латын әліпбиіне көшу барысында не ұтамыз, латын әліпбиі бізге не береді?

Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымызды былайша жіктеп көрсетуге болады:

Ең алдымен,тіл тазалығы мәселесі, қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен қалап алмаған, кешегі бодандық жүйенің өктем саясатының әмірімен күшпен таңылған кейбір кірме әріптерден арылып, таза казақ әліпбиін калыптастыру бағытындағы игілікті қадам деп түсінеміз. Сондықтанда тіліміздегі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.

Екіншіден, латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Қарапайым ғана мысал келтірер болсақ, қазір ұялы телефондарымыздың өзінде латын қарпінде жазу оңай, ал кириллицада қазақшаны тере алмай қиналып жататынымыз бар.Себебі, латын әліпбиінің базасы қалыптасқан, әрі ауқымы кең.

Үшіншіден, бүгінгі таңда кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен.Ал қалған мемлекеттердің көбі толықтай латын әліпбиіне көшкен. Түбі бір түркі дүниесі негізінен латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол-табиғи іс. Сондай-ақ бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақтар тұратынын ескерсек, солардың 80 пайызы латын әліпбиін қолданатын көрінеді. Демек, біз болашақта латын әліпбиіне көшер болсақ, сол қандастарымызбен жақындаса түсеміз. Түсіне білген қоғам үшін мұның да маңызы зор екенін атап көрсеткім келеді.

Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға қарыштап, өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Қуантарлығы бүгінде мектеп шәкірттері даярлық сынып, бастауыш сыныптардан-ақ ағылшынша үйренуде. Жастардың көбі ағылшын тілін жақсы меңгеруде. Әлеуметтік желілерде де ағылшынша жазатын жастардың дені күннен күнге артуда. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, көп кешікпей көпшілік арасында кең таралып, ауқымы кеңейе түсетініне сенімдімін. Сондықтанда латын әліпбиіне көшуден қорқуға еш негіз жоқ деп ойлаймын.


«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты», - деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда. Ендігі кезекте, сол ғалымдарымыздың жан-жақты еңбегі сараланып, түрлі әдістемелік жұмыстар жүргізілетінін түрлі ақпарат көздерінен оқып-біліп танысып жатырмыз.

Сол ғалымдарымыздың еңбегін бағалап, ел болашағы үшін қабылданғалы отырған маңызды шешімге қолдау білдіру, жақсыны үйренбекке ұмтылу – жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті деп түсінемін!

Назар қойып, тыңдағандарыңыз үшін рақмет!















Латын әрпі туралы  Жалпы латын әрпінің тарихы Нәзірдің «Жаңа әліп-биінде» толық жазылған. Бірақ бұл жалпы алғанда білу үшін керек болса да, қазіргі қай әріп жақсы, қай әріп жеңіл деген таласқа келгенде латыншаларға да, бізге де пайдасы шамалы, дәлелдігі жоқ. Дегенмен латын әрпінің тарихына, оның араб әрпінің баспасына қалай келгенін айтып өткен жөн.  Араб әрпі ең әуелі жазба түрде жарық көрген. Баспасы болмаған. Уақыт өте келе даму үдерісі арқылы баспа машиналар пайда болған соң ғана бізге жетті. Ең қызығы латын әрпін алғаш шығарған латын елі қазір жоқ. Латын бұл кезде жоғалған ел. Қазіргі Еуропа мәдениеті дамымай тұрып, әріпті төресінен арабтан үйренген. Қазіргі қолданыстағы әріптері тегі арабтың тамыры. Тек өзгеріске ұшыраған.  Айналып келген кезде мәдениетті ел өнерді, табиғатты өздеріне икемдеп, сыртқы түрлерін өз қажеттіліктеріне қарай өңдеп алады. Ал біз бұл жағынан қалыс қалып қойғанбыз. Қалай бар солай қабылдауды әдетке айналдырып алғанбыз.  Тегінде латын әрпін алған елдер неге алып отыр? Алуларына қандай себеп бар? Олардың себебі бізде бар ма, осы мәселеге жауап іздеп көрсек. Мәселен латын әрпін әзірбайжан алса, оларда бұрын сөзге өлшенген дыбыс заңында әріп болмаған. Жазу ережелері, емлелері тіпті жоқ болатын. Қазір латын әрпін алғанмен, емлелері жоқ. Осы күні олар латын әрпімен жазған сөзді дұрыс оқи алмайды. Аталған ел латын әрпінің түрін тексермей, өз тілдеріндегі дыбыстарын есептемей алып отыр. Міне, бұл еліктеу жасаудың қажеті жоқ. Бұл арты жақсылыққа әкелмейді. Сондықтан әріптің өзі мәдениетке керек деген пікірді дұрыс ұстанған жөн.  Жоғарыда көрсетілген зерттеулер қоғам қайраткері, ғалым, лингвист, математик - Елдос Омарұлының еңбегі бойынша түйінделді.  Ал «ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі» жөніндегі зерттеулер еңбегінде «Латын әрпін алу туралы» мақаланың авторы Қ.Нұрымұлы былай дейді: « Біздің 7 жылдан бергі бала оқытып келе жатқан тәжірибемізге қарағанда, араб әрпінің кемшілігін көріп келе жатқан жоқпыз ба? Алғашқы жылдары, «аор» жазса келе жылдары а-ны қалдырып «ор» жазды. Өткен түркішілдер жиылысында, бір мықынды әріпке көшуге қаулы етті. Қысқасы Ақаңдар (Ахмет Байтұрсын) қалай мақтанса да әріпіміз құбылмалы екендігінде дау жоқ.»  Аталған пікірге қарап отырып, қазіргі орыс әрпінің де бізге кері әсері барын айта кеткен жөн. Бұл біріншіден тәуелсіз ел бола тұра, өзіміздің төл әріпке икемделген әліппеміздің болмауы. Ал латын әрпіне өту арқылы біз грамматикалық, фонетикалық, морфологиялық жағынан болсын жеңілдікті сезінеміз. Байқап отырғандарыңыздай, Ахмет Байтұрсыновтың жасаған «төте» жазуы бүгінде қытай қазақтарының арасында жақсы сақталған. Дегенмен аталған әріптің құны жоқ. Себебі оның құны тек архив ақтаруға негізделмесе, ол ендігі ескілік болып қала бермек. Сондықтан ХХ ғасырдың басында латын әрпіне өту туралы дау туған екен оның бір мәнісі бар. ХХІ ғасыр ширегінде бұл мәселе қайта қолға алынса, ендігі іске кірісу керек. 



































Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті.

Жиында Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды.

Қазақстан Президенті мемлекеттік тілді реформалау рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті.



– Бұл күндері қазақ тілінің жаңа әліпбиіне байланысты мәселе қоғамда қызу талқылануда. Оған көптеген адам қатысты. Латын қарпіне көшу туралы идея біз тәуелсіздік алған кезден туындаған болатын. Қазақ жазуының латын қарпіне көшуі әрдайым менің айрықша бақылауымда болды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы ретте, Елбасы латын қарпіне көшу үдерісінің тарихи мәні бар екеніне тоқталып, бұл мәселені бірлесе шешу қажеттігін айтты.

– Әлемде ешбір ел өзінің жаңа әліпбиін бүкіл халық болып осылайша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңызды. Латын қарпіне көшуге байланысты Президент Әкімшілігіне 300-ден астам өтініш келіп түсті. Жастардың бұл үдерісті қолдағаны қуантады, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің жаңа әліпбиінің жобасын талқылауға жетекші қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми орта мен жұртшылықтың белсенді түрде атсалысқанына назар аударды.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне атқарылған жұмыстардың нәтижелері жөнінде А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбек және Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Е.Тілешов баяндады.

Елбасы жиынға қатысушылардың есебі мен пікірлерін тыңдап, айрықша мән беруді қажет ететін жекелеген мәселелерге тоқталды.

– Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттарын қолдаймын. Жобаны іске асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді. Бұл өте маңызды. Сонымен бірге, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үдерісіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті бұл реформа басқа тілдердің дамуына нұқсан келтірмей, азаматтардың құқықтарын бұзбауға тиіс екеніне ерекше тоқталды.

– Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі орыс тілді азаматтардың құқықтарын, орыс тілі мен басқа да тілдердің мүмкіндіктерін шектемейді. Орыс тілінің кирилл қарпінде қолданылуы өзгеріссіз қалады. Ол бұрынғыдай қызмет атқара беретін болады. Жаңа әліпбиге көшу қазақ тілін меңгеруді жеңілдетеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы латын қарпіне көшу күрделі үдеріс екенін, сондай-ақ оның мақсаты тілімізді дамыту және оны әлемдік ақпараттық кеңістікке шығару үшін жағдай жасау болып табылатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жаңа әліпбиді білім беру жүйесіне енгізу үшін мұғалімдер мен әдістемелік базаны дайындау қажеттігін айтып, Үкіметке оны кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жоспар әзірлеуді тапсырды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиін реформалауға қолдау білдіріп, оны іске асыруға белсенді атсалысқан барша қазақстандықтарға, ғалымдар мен тілтанушыларға алғыс айтты.





























Латын әліпбиіне көшу-елдігімнің белгісі

(пікірсайыс)


Мақсаты:

Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Дерек көздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір), бейнежазба, ғаламтор материалдары.

Сабақтыңтехникалыққұрал-жабдықтары:Интерактивтітақта

компьютер.

Барысы

І Кіріспе бөлім. «Ой шақыру»

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.

Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Бүгін біздің сыныпта да бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр.

Ендеше, «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» тақырыбында өткізілгелі отырған ашық микрафон алаңын бастаймыз.

ІІ Негізгі бөлім. «Еркін микрафон»

Мәселені талқыламас бұрын қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилертарихы туралы Сейтбек Қуаныш таратып айтып береді.

Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатыны белгілі болды. Ендеше алғашқы талқылайтын сұрақтармен таныс болыңыздар.

ІЛатын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары

  1. Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?

  2. Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?

Осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітсек:...

ІІ Латын әліпбиін үйренудің жолдары

  1. Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?

  2. Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің.

ІІІ Латын әліпбиіне көшудің тиімсіз тұстары

  1. Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін?

  2. Латын әліпбиіне көшсек, неден ұтыламыз?

ІІІ Қорытынды бөлім. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»

Көрермен не дейді?..

ІҮ Рефлекция. «Дауыс беру»

Оң жақ: қолдаймыз (ақ)

Сол жақ: қолдамаймыз (қара)






































1-оқушы (тарихшы): Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді.

Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың кебімен күштеп енгізілді. Түркі заманынан мұра болып қалған осынау құндылық «руно» жазуы еді. Одан кейін араб шапқыншылығы кезеңінде елімізге араб жазуы (төте жазу) ислам дінімен қатар келді. Латын және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді. Мұндағы мақсат – алфавитке көшу арқылы қазақ халқымызды рухани есеңгіретіп, халықтық болмыс, ұстанымдарынан айырып, мәңгүрт етіп алдарына салып айдап өз дегендерін жүзеге асыру еді.

«Ресей тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, үкіметке онан артық іс болмас» деген Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы жарық көрген «Қазақ» газетіндегі жанайқайы бекер емес-ті.

Кеңес үкіметінің орыстандыру саясаты мақсаты терең, ауқымды қарқынмен жүзеге асырылды.Нәтижесінде, орыс тілі өмірдің көптеген салаларында жалғыз ғана тіл болып, ұлттық тілдерді ығыстырды.
Сондықтан кеңес үкіметі құрамындағы қазақ, өзбек сияқты басқа да түркі халықтарының санасында кириллица мәжбүрлеумен және зорлық-зомбылықпен байланыстырылады.

Қазіргі сөз болып жатқан қазақ алфавитінің кириллицадан латын әліпбиіне ауыстыру мәселесін отарсызданудың бір маңызды қадамы, отарлаушылардың зорлап таңылған алфавитінен арылу, еркіндік алу деп түсінемін.


Айша


2-оқушы (тілші-ғалымдар): «Латын алфавитіне көшу — заман талабы» - деп ойлаймын. Себебі әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі қандай болса да этнос үшін өте маңызды.

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Себебі латын әліпбиіне көшу арқылы біз психологиямызды, ми қабыршығы астындағы санамызды орыс тіліне деген тәуелділіктен босатамыз деп ойлаймын. Сондықтан мемлекеттік тілдің латын әрпіне көшуі – заман талабы. Бұл мәселені көтеру – Президентіміздің көрегендігін көрсетеді. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» - деген болатын. Ендеше орыс тіліне жалтақтай беріп қарайтынымыз да осы кертарпаның бірі деуге болады. Бұл жолда латиницаға көшу – тиімді әрекет. Ол біздің ұлттық кодымызды сақтап, ұлт ретінде дамуымызға жол ашады.


3-оқушы: Қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес. Солардың ішінде латын әліпбиін дүние жүзі елдерінің көбісі қолданатыны деректерден белгілі. Латын әліпбиі бізге таңсық емес, себебі ол біздің қоғамға әлдеқашан еніп кеткен. Оны еліміздегі кез- келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Ал, «латынның бізге берері не?» дегенде, толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Мысалы, «Үштұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру бағытында ел бойынша ағылшын тіліне көп назар аударылып келеді. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу дегенді білдіреді. Оған қоса, ағылшынша білсең – әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің мол. Осы орайда, латын әліпбиіне көшуді шет тілдерін жоғары дәрежеде игерумен байланыстыруға болады. Енді «Не үшін латын әрпіне көшуіміз керек?» деген сауалға жауап іздер болсақ, латын жазуы қазаққа бұрыннан таныс, қолданысқа оңай, игеруге ыңғайлы. Оған қоса, жаратылыстану ғылымдарында да оның қолданыста дәлділігі мен ептілігін дүниежүзінің өмір тәжірибесі дәлелдеді және бұл әліпби ақпараттық- технологиялар саласын дамытуға септігін тигізері сөзсіз.
Латын әліпбиін қолдану- озық техника мен компьютер тілін меңгеруге жол ашады дегеннен бөлек, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтеді, шет елде жүрген қандастарымыздың осы жазу арқылы қазақ жеріндегі барлық жаңалықтан хабардар қылады деген де әңгімелер айтылып жүр. Мүмкін, бұл бастама, шынымен, еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолына ашылар есік болар деп ойлаймын.


4-оқушы: Латын әліпбиіне кіру- әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет. Бұл басқасын айтпағанда, түркі халықтарына ортақ әріп. Сонымен қатар, әріп қолданысы қазақ тілінің фонетикасына үйлесімдірек болып табылады. Біз, әлемдік ғылым мен технологияны, экономиканы игеру үшін ағылшын тілін үйреніп келеміз. Латын әліппесі сол тілді игеруге негіз, тиімді алғышарт болары сөзсіз. Халықаралық терминологияны алыңыз, немесе медицина мен басқа ғылымдар тілі көбінесе латынша жазылады.


Менің пікірімше, ынтасы бар адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ, соның ішінде жоғары білімді немесе шет тілін білетін адамдарға.
Алысқа бармай- ақ қоялық, қазір көп адамдар әлеуметтік желілерде отырады. Сонда отырып- ақ, өзаралатыншажазудыүйрене берсе де болады. Себебі, ондакөбісініңаты- жөндерілатыншаболыпкеледі. Электрондықпошталары да солай.

5-оқушы: Менің ойымша, , латын әліпбиіне өтуіміз еліміздің бай мәдениеті мен мұрасымен көптеген шетелдік оқырмандардың терең танысуына жол ашады. Ал, жастар үшін әлем кеңістігі, дамыған елдердің мол жинақталған техникалық, әдеби тағы басқа туындыларын  түп нұсқада оқуға жол ашылады.



6-оқушы: Менің ойымызша, латын алфавитін меңгере алу-алмау қорқынышы, қазақ тілін білу деңгейі және көпшіліктің ұлттық санасының орыс тілі, сонымен қоса кириллицаға тәуелділігі мәселесі.

Латын алфавиті жайлы Уикипедия: «Неміс, француз, ағылшын, испан, итальян тағы басқа роман және герман тілдерінің жазбаша негізі болып табылатын қазіргі заманғы латын әліпбиі 26 әріптен құралған», деген мәлімет береді.

«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес», — жазады Н.Ә. Назарбаев мақаласында. Шынымен, заманауи құралдар: компьютер, ұялы телефон, т.б. нәтижесінде ағылшын тілі әр-қайсымыздың үйімізге кеңінен кіріп жатыр. Сонымен қатар, қазіргі еңбектеніп жатқан 50-60 жас аралығындағы қызметкерлердің көбі кезінде мектепте болсын, ЖОО оқыған шағында ағылшын, француз немесе неміс тілі бойынша қарапайым білім иеленді, сондықтан оларға да латын әріпіне көшуге қиындық туғызбайды.



7-оқушы:

Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан,сонау тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп ойлаймын.Ертерек қолданысқа енгізгенде әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тілдерін үйрену, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз жеңілдей түсер ме еді бәлкім.Ал қазіргі кезде көшу қиын шығар.Өзіңіз ойлап көріңіз, тұтас әліпби түгілі,бір қала не өкілетті органның(мысалы милицияны полицияға) атауын өзгертудің өзі қанша машақатты,қағазбастылықты, қаражатты талап ететінін.

Жалпы латынша жазуға көшуге оң көзқарастамын,бірақ кешігіп қалдық кой деймін.

Латын əліпбиіне көшіу – ол, өз əліпбиімзіге оралу, нақтырақ айтақанда түрік əлеміне, тіліне оралу деп түсінемін, сондықтан   тез арада көшуіміз кажет деген пікірдемін.











Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның мемлекет ретіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру және осы мемлекетке атау берген қазақ халқының рухани әлеуетін күшейту үшін қашанда жаңғыруға бастайтын идеяларды ортаға салып, олардың орындалуына мән беріп тұрады. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қазіргі кезеңдегі қазақ елінің бүгінін сараптап, ертеңгі бағытын айқындаған бағдарламалық еңбек. Біз осынау маңызды еңбектегі ұлттық сана, ұлттық бірегейлікті сақтау, интеллектуалды қоғам қалыптастыру сияқты мәселелердің аса өзекті екендігін сезіне отырып, олардың ішінде бір ғана мәселеге – латын әліпбиіне көшу мәселесіне тоқталмақпыз. Елбасы таяу жылдардағы ең маңызды міндеттерді атап өтіп: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деді. Латын әліпбиіне көшудің, әлбетте, кейбір қиындықтары болады. Дегенмен, қиындықсыз өтетін реформа да болмайды. Мәселенің маңыздылығы ондай қиындықтарды еңсеруді қажетсінеді. Еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де тиімді боларлық мәселенің шешілуіне байланысты қоғамда әртүрлі пікірлер қалыптасуда десек, сол ойлардың көпшілігі жаңа әліпби таңдауды қолдайды. Дегенмен, бұл бастамаға қарсы пікірлер де баршылық. Біз сол пікірлердің негізгі уәждеріне тоқталсақ. Біріншіден, латын әліпбиіне көшсек, қазіргі жазумен хатқа түскен әдебиеттерді оқи алмай қаламыз, оларды жаңа әліпбиге көшіруге уақыт пен көп қаржы керек деген пікірлер де айтылып қалады. Жаңа әліпбиге көшкен сәттен бастап ондай әдебиеттер оқырмансыз қалмайды. Себебі, кирилше оқи білетіндердің буыны әлі де сан ондаған жылдар ондай әдебиеттерді қалағанынша оқи береді. Сонымен бірге, кирилше оқи алмайтындар, яғни мектепте сауатын латын әліпбиімен ашқандар он бір жыл оқып мектепті бітіргенше әлгі әдебиеттердің ең маңыздылары мен қажеттілері латын әліпбиіне көшірілетін болады. Сондай-ақ, үш рет әліпби ауыстырылған ХХ ғасырда қазақ баласының сауатсыз болып қалмағанын уақыттың өзі дәлелдеді емес пе?! Қазіргіден де қиын шақта сауатсыз болып қалмаған халқымыз бүгінгі білімі мен ғылымы, ақпараттық технологиясы дамыған дәуірде сауатсыз болмақ емес! Енді кейбір ағайындардың бұрынғы мұраларды білмей қаламыз дегеніне нақтырақ тоқталайық. Қазақ хандығы дәуірінен бері алсақ, онда біздің шамалауымызша, 650-700 томдық еңбектер жаңа әліпбиге бастапқы кезеңде көшірілуі тиіс. Қазақстанның қазіргі даму деңгейі үшін осы 700 том кітапты дайындау дегеніңіз аса үлкен шаруа емес. Қазір Қазақстан жылына екі жарым мыңнан астам атаулы кітап шығарады екен. Ендеше жаңағы 700 том дегеніңіз Қазақстанның 3-4 айлық баспа өнімі ғана. Бастапқы жылдарда осындай еңбектерді дайындап халыққа ұсынсақ, одан кейінгі жылдарда үдеріс мейлінше жылдамырақ қарқын алып, қалың көпшілік латынға көшкенімізге алғысын айтатын болады. Екіншіден, латын әліпбиіне көшсек, онда қазақ тілін үйрену қиындайды дейтіндер де бар. Мәселе әліпби де болса орыстілдер 20 жылда кириллицамен тілімізді меңгеріп алар еді, ендігілері сылтау ғана. Тіл үйренуге талап білдіріп, шынайы мақсат қойған адам сол латын әліпбиі негізіндегі ағылшыншаны да, тіпті әліпбиі мүлдем күрделі делінетін қытай тілін де үйреніп алды ғой. Үшіншіден, латын әліпбиін енгізсек жаһандануға тезірек бейімделіп кетеміз дейді базбір ағайындар. Бұл да соншалықты қауіп ететін себеп емес. Жаһандану заманында ұлттық келбетімізді сақтап қалу – әліпбиге байланысты емес, ол ұлттың дін, рух, намыс, тіл, дәстүр сияқты қасиеттерін жоғалтпай ұстануына байланысты. Сондықтан бүгінгі және келешектегі қазақ баласы өзінің ұлттық тамырларына аса берік болса біз мықты халық, іргелі ел, қуатты мемлекет болмақпыз. Латын әліпбиіне әлдеқашан көшкен өзбектер мен түрікмендер, әзірбайжандар бізден бұрын жаһанданудың құшағына еніп кетпегенін көріп отырмыз ғой. Төртіншіден, қытай, жапон, корей, еврей, грузин, армян, грек жұрттары өз әліпбилерінде, олар латынға көшпейді, бірақ солар жұрттан қалып жатқан жоқ, сондықтан бізде қазіргі әліпбиде қала берсек деген сыңай байқалады. Әлгі аталған халықтардың әліпбилері олардың байырғы жазулары. Кирилл жазуы біздің қай атамыздан қалып еді, осы араны ажырата білген жөн. Одан да тереңірек білгіміз келсе ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласына келген алғашқы кирилл әліпбиі ғылыми ортада «Миссионерлік алфавит» деп аталады. Басында Ильминскилер тұрған осы миссионерлік алфавит - отарлау саясатымен славяндардан басқа халықтарға таңылған алфавит. Сондықтан да ол отарлық саясаттың қазіргі өміріміздегі «мұрасы». Бұл жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілдің болашақта үстем болатындығын айта келіп: «Осы контексте қазақ жазуының кириллицаның перифериялық нұсқасы болып отырған бүгінгі жағдайынан арылуымыз қажет» деген болатын. Ал латын әліпбиі бұл біздің тәуелсіз ел ретіндегі өзіндік еркін таңдауымыз. Бұл таңдау тіліміздің төл табиғатын сақтау, түркілік тұтастыққа жету, әлемдік ақпарат кеңістігіне ену үшін жасалған қадам. Ендеше бұл стратегиялық қадамның дұрыс – бұрыстығын емес, оны орайымен орындаудың амалдарын қарастырғанымыз абзал болмақ. Бесіншіден, кейбір әріптестеріміз латын жазуына қарсылықтарын Ахаң бастаған Алаш зиялыларының латынға қарсы болуымен ұғындырғысы келеді. 1920 жылдардың орта тұсында Ахмет Байтұрсынұлы бастаған ұлт зиялылары латын әліпбиіне қарсы болғаны рас. Ахаңдар бізге мұсылмандықпен келген, исламның ізгі, иманды қасиеттерін дарытқан байырғы араб жазуын қалдыру үшін латын әліпбиіне қарсы болып, жаңа өкіметтің саясатынан қауіптеніп, қазақты араб жазуы арқылы ата дінінен ажырамаса екен деген тілекпен жаңаша жазуды қабылдағысы келмеді. Ахаңдардың араб жазуын қимауының жөні де, жайы да қисынды, ал біздің түбі миссионерлік саясатпен келген қазіргі жазуды қимауымыз тіптен қисынсыз. Сондықтан да мұнда Ахаңдардың қарсылығын емес, неге қарсы болған принциптерін мейлінше терең ұғынған жөн болар. Ал Ахаңның әліпби түзудегі керемет көрегендігі мен білгірлігі бүгінге де үлгі болмақ. Қазіргі кезде қоғамның барлық саласы дерлік латын әліпбиіндегі таңбалармен жақсы таныс деуге боларлық. Айталық, мектеп оқушысы бастауыш сыныптан бастап-ақ латын әліпбиі негізіндегі ағылшын немесе француз, неміс тілдерін оқиды, одан жоғарылай келе бірліктері осы әліпбидегі физиканы, периодтық жүйесі латыншамен берілген химияны, өсімдіктер мен хайуанаттар әлемінің атаулары тағы да осы әліпбимен таңбаланған биологиялық пәндермен танысады. Химиядағы Менделеевтің периодтық кестесі, физикадағы халықаралық бірліктердің СИ жүйесі, барлық математикалық шартты белгілер мен теңдеулер латын таңбаларымен берілген. Ендеше, орта мектепті бітіргендердің баршасы латын таңбаларымен әлденеше рет кездесіп, оларға көздері әбден үйреніскен. Бұған қоса, күнде тұтынып жүрген тұрмыстық заттарымыздың барлығы дерлік шетелдің дүниелері. Олардағы жазулардың баршасы да латын таңбаларымен жазылған. Соларды шатыспай-ақ баршамыз күнделікті таңбасын танып, қажетті тетігін басып қолданып жүрміз. Әртүрлі сусындар, киімдер, заттар атаулары да латын таңбаларымен берілген. Оларға да жалпы халықтың көзі үйренген. Бұларға қоса интернет ресурстарының адрестері тек латын таңбаларымен белгіленген. Қазіргі балалар мен жастар интернетті қолданғанда біз сияқты кирилл әріптеріне тұра жүгірмейді, негізінен, латын әріптерін пайдаланады. Бұлар аз десеңіз, көшедегі латын әріптерімен берілген қызылды-жасылды жарнамалардан көз тұнады. Яғни, қазіргі қоғамда өмір сүріп жатқан кімге де болса, латын әріптері етене таныс. Ал 1929 жылы Қазақстан латын әліпбиіне көшірілгенде халық дәл бүгінгідей осы алфавитпен таныс болды дей алмайсыз, сонда да сол заманда сауатсыз, мүлдем мақұрым қалған адам болмаған. Енді латын жазуына көшкенде Қазақстан не ұтпақ, соларға келейік.

1-оқушы

Біріншіден, латын әліпбиінің өзіне келсек, онда бұл әліпби қазіргі жазуымыздан мейлінше жетілдірілген, ыңғайлы әліпби болмақ. Алдымен біз кезінде жазу емлесінде жіберілген орайсыздықтарды жөнге келтіреміз және қазақ тілі үшін тән емес басы артық дыбыстарды алмаймыз. Бас артық таңбалардан арылып, бұрынғыдай 42 емес, 26 бәлкім 28 немесе 29 таңбадан тұратын мейлінше ықшам, ыңғайлы әліпбиді таңдаймыз. Қазіргі кезде мамандар арасында қазақ тіліне тән ә, ө, ү, ұ сияқты дыбыстарды қалай таңбалаймыз деген пікірлер туындауда. Әліпби мәселесімен ұзақ жылдардан бері шұғылданып келе жатқан белгілі ғалым Әлімхан Жүнісбек өз нұсқасында оларды Ä ä, Ö ö, Ü ü,U u деп таңбалаған. Ал кейбір ғалымдар латын әліпбиіне мұндай қосымша таңбалар қоспай-ақ оларды қосалқы белгілер арқылы берейік дейді. Мәселен, ә-ні ае, ө-ні ое, ү-ні we деген сияқты. Біздің ойымызша, түпнұсқа латыншаға диакритикалық белгілер арқылы қосымша таңбалар бергенше бір дыбысты осылайша екі қосарлы таңба арқылы берген жөн сияқты. Бұл болашақтағы латын жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінің халықаралық кеңістікке жылдам енуіне де мүмкіндік береді. Ендігі бір мәселе ф, в, ц әріптерін жаңа әліпбиге енгізу – енгізбеу мәселесі. Әлімхан Жүнісбектің нұсқасында бұл таңбалар берілмеген. Біздің ойымызша, егер аталған таңбаларды мүлдем енгізбесек, онда осы әріптер кездесетін тілімізге енген әртүрлі атаулар мен терминдерді жазуда қиындық туатын сияқты. Осы арада тілдің фонетикалық құрылымы да, оның лексикалық байлығы сияқты мейлінше жылдамырақ өзгеріске ұшырамағанымен, бәрібір эволюцияға түсетіні белгілі. Аталған таңбалар біздің фонетикалық жүйемізге әбден енген дыбыстарды таңбалайды. Оның бер жағында бұл таңбалардың латынша f, v нұсқалары бар, ал ц-ға келсек, онда көптеген халықтардың алфавитінде ол ts арқылы беріліп жүр, мұндай тәжірибе 1930 жылдардағы латын әліпбиімізде де қолданылыпты. Сонда Әлімхан Жүнісбек нұсқасына ф, в таңбаларын енгізсек, жаңа қазақ әліпбиі 28 таңбадан тұрмақ.

2-оқушы

Екіншіден, бүгіндері жазудың ең тиімді құралына айналған, миллиондар пайдаланатын компьютердің түйметақтайшасын жетілдіреміз. Қазіргідей қазақ әріптері оңаша ауылдай шетте жайғаспай, көз бен қолға ыңғайлы тұсқа орналасатын болады. Яғни терудің тиімділігі артады. Сонымен бірге, миллиондар пайдаланатын интернетке ену үшін бүгінгідей біресе қазақ,біресе ағылшын таңбаларына ауысып отырмаймыз. Интернеттегі өзімізге қажетті сайттарды өз таңбаларымызбен – ақ ашу мүмкіндігіне ие боламыз да уақыт үнемдейміз. Үнемнің қай түрі болса да уақыт үнемдеуге апаратынын ескерсек, онда ұтарымыз көп болмақ.

3-оқушы

Үшіншіден, біз бүкіл әлем тартылып жатқан ақпараттық кеңістікке енуді мейлінше һәм барынша жеңілдетеміз. Бұған интернет, халықаралық пошта, көлік тағы да басқа әлемдік қарым-қатынас құралдарын қолдану мейлінше жеңілдейді.

4-оқушы

Төртіншіден, қоғамда көрнекі ақпарат, жарнама, түрлі тауарлар мен заттар, интернет арқылы өмірімізге әлдеқашан енген әліпбиді заңдастырамыз.

5-оқушы

Бесіншіден, мемлекеттілігі бар түркі ағайындармен байланысымыз бұрынғыдан да арта түседі. Қазіргі кириллицаға негізделген қазақ әліпбиін тұтынатын түркітектес бауырларға келсек, онда біздің олардан әліпби жағынан алшақ тұрғанымыз аңғарылады. Төмендегі кестеге назар аударайық:


























«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ















Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі

(«Тіл – бар білімнің кілті» атты онкүндік аясында 9-11-сынып оқушыларының қатысуымен өткізілген пікірсайыс жоспары)






Пән мұғалімі: А.Қомпыш
















2017-2018 оқу жылы

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!