Материалдар / Латын әліпбиіне көшу - заман талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Латын әліпбиіне көшу - заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама.Бірлестік жетекшілеріне әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
809
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

«Латын әліпбиіне көшу қисынсыз пікір емес,заман талабы»

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде: “Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет.Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады “-деген болатын.

  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Сонымен қатар Елбасы білім беру жүйесінде жаңа алфавитті енгізуде әдістемелік база мен мұғалімдер дайындаудың қажеттігін атап көрсетіп, үкіметке кезеңдеп енгізу жоспарын әзірлеуді тапсырды. 2022 жылға дейін қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді аяқтап, 2022 жылы мектептерде оқытуды бастау жоспарлануда.

Әліпби –дыбысты таңбалап жазуға,жазу ойдағыны қағазға түсіруге,тілді дамытуға арналған қаріптер тізбесі.

Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның он жылында қызу талқыланып келеді. «Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік»- деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін бәріміз де санамызбен түсініп , оның шынында да , қазіргі қоғамға тигізер ықпалы туралы ойлануымыз қажет.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы бірталай пікірталастар туындай бастады.

Бүгінгі таңда елімізде латын әліпбиіне көшу әлі де екі жақты тартыс пен талас тудырып отырған мәселе болып табылады. Халықаралық деңгейде ойлайтын ойшылдарымыз бен ұлттың нағыз жанашырлары латынға көшуді дәріптесе, кейбір зиялылар қауымы тарихтың бұл үрдісіне әліге дейін қарсы болып келеді.

Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз керек.

«Бұл үдеріс жақсы дайындықты және ойластырылып жүргізілуді қажет етеді. Осы орайда, XX ғасырда кириллица негізінде қазақ тіліндегі әдеби және ғылыми мұралардың ауқымды қоры әзірленгенін есте сақтағанымыз жөн. Ең маңыздысы, қазақстандықтардың болашақ ұрпағына арналған халықтың осынау қазынасы жоғалып кеткен жоқ. Біз қазақ тілін латын әрпіне көшіру жөнінде мемлекеттік комиссия құрамыз,» - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Біз қазақ тілінің мәртебесін, қазақ тілінің тазалығын ойлауымыз қажет! Негізі қазақтың тілі жұмсақ, үнді, мәдениетті тіл. Кейбір әріптердің ана тіліміздің әуезін бере алмауына байланысты тіліміз өзінің бастапқы қалпын жоғалтып жатыр. Осы орайда біз латын әліпбиіне көшуіміз керек. Біріншіден, бұл қазақтың тіліне ең жақын әліпби. Екіншіден, біз шетелдегі отандастарымызды ұмытпауымыз керек. Олардың елден хабар алуы да біраз жеңілдей түседі , өйткені көп елдерде осы латын әрпі пайдаланады.Үшіншіден, латын әліпбиін меңгерген жастарымыз келешекте ағылшын тілін үйренуге бейім болады, сол арқылы әлемдік ақпаратпен сусындай алады. Мәселен, көрші Өзбекстан елі асығыстау болса да, латын алфавитіне көшті. Түрік мемлекеті, Әзірбайжан латын әліпбиін пайдаланады. Артықшылығы болмаса, ешқандай қиындық көріп отырған жоқ.

Тарихи құжаттарға сүйенсек латынға осы уақытқа дейін көшкен ағайын Түркі тілдес мемлекеттер:

1.Әзербайжан 1991 жылы шешім қабылдады,бірақ 10 жылдан кейін 2001 жылы Жарлық шықты.Президент деңгейінде 2 Жарлық,5 қатаң шешім,бұйрық және тыйымдар нәтижесінде ғана іс оңалды.

2.Түркіменстан 1993 жылы еш дайындықсыз әліпбиді ауыстырды,бірақ кирилл әліпбиін айнытпай қайталау нәтижесінде тілдік дыбыстары таңбаланбай қалды.

3.Түркия небәрі 7-8 айда жаңа әліпбиге ауыстырған.

Сонымен бұл мәселе бойынша біздер де, Елбасының айтқан сөзін қолдап, латын алфавитіне көшудің жолдарын қарастыруымыз керек. Сондықтан бізге ХХІ ғасырдың күллі тынысын бойына сіңірген, жаһандану талабын ескеретін, жиырма жылдан астам тәуелсіз тарихы бар жаңа тұрпатты Қазақстанның бүгіні мен болашағын толық бейнелей алатын әліпби қажет.

Біз латын әліпбиіне көшу барысында не ұтамыз, латын әліпбиі бізге не береді?

Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымызды былайша жіктеп көрсетуге болады:

Ең алдымен, тіл тазалығы мәселесі, қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен қалап алмаған, кешегі бодандық жүйенің өктем саясатының әмірімен күшпен таңылған кейбір кірме әріптерден арылып, таза казақ әліпбиін калыптастыру бағытындағы игілікті қадам деп түсінеміз. Сондықтанда тіліміздегі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.

Мысалға тегі арқылы ұлтты тануға болады.Бұрынғы орыстан келген «ов», «ев», «ин» жалғауларынан құтыламыз.1996 жылдың 2 сәуіріндегі № 2923 Жарлығының 1-тармағында:Ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып, өзгертуге хақылы,алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуы тиіс.

Екіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Қарапайым ғана мысал келтірер болсақ, қазір ұялы телефондарымыздың өзінде латын қарпінде жазу оңай, ал кириллицада қазақшаны тере алмай қиналып жататынымыз бар. Себебі, латын әліпбиінің базасы қалыптасқан, әрі ауқымы кең.

Үшіншіден, бүгінгі таңда кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен.Ал қалған мемлекеттердің көбі толықтай латын әліпбиіне көшкен. Түбі бір түркі дүниесі негізінен латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол-табиғи іс. Сондай-ақ бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақтар тұратынын ескерсек, солардың 80 пайызы латын әліпбиін қолданатын көрінеді. Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға қарыштап, өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Қуантарлығы бүгінде мектеп шәкірттері даярлық сынып, бастауыш сыныптардан-ақ ағылшынша үйренуде. Жастардың көбі ағылшын тілін жақсы меңгеруде. Әлеуметтік желілерде де ағылшынша жазатын жастардың дені күннен күнге артуда. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, көп кешікпей көпшілік арасында кең таралып, ауқымы кеңейе түсетініне сенімдімін. Сондықтанда латын әліпбиіне көшуден қорқуға еш негіз жоқ деп ойлаймын.

Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар е әрпі созылыңқы және қысқа айтылуына байланысты мысалы: Liber - тәуелсіз, Liber – кітап сөздердің мағыналары өзгереді. Түркияның ғалымы Әбдіуақап Қара өзінің «Латын әліпби қазақ тілін еркіндікке шығарады» атты мақаласында Түркия халқы латынға 1928 жылы өткенімен онда бар-жоғы 29 әріп бар. Олардан бірқатар дауыстылар ескерілмегенін бүгінгі ғалымдар айтып отыр. Негізі түркі тілдерін 34 таңбамен белгілеуге болады. Бүгін түрік латын әліпбиінде 5 әріп кем болып отырғанын айтады. Тіл ғалымдары, солардың ішінде ең ұтымды алфавиттің Қазақстан қолданған кирилл әліпбиі екенін айтуда. Мәселен, түрік ғалымы Хатиже Ширин Ұсер қазақ-кирилл әліпбиі өзге түркі-кирилл алфавитіне қарағанда, таңбаның графикалық және фонетикалық тұрғыдан бір-бірімен байланысты болуы және бір дыбысқа бірден көп таңба берудің болмауына байланысты мұқият дайындалғанын айтады. Бұл тұрғыда қазақ-кирилл әліпбиін дайындаған тіл ғалымы С.А. Аманжоловтың рөлінің зор екендігін атап өтеді.  Бүгінгі күнге дейін Тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда қызу талқылауда ойларын да айтып бөлісті. Айта кетсек, солардың бірі - филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің пікірі: «Латын әліпбиіне көшудің қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, бізге өзге тілден енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайтынын, латын әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшуін және қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, әліпби және емле ережені бірдей қамтиды – деп айтты. Әрине, ұлт үшін маңызды өзекті мәселелердің оңды шешілуіне қосып отырған кәсіби білікті мамандардың пікірлері ескеріліп, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін жасалу жолдарына қатысты өрбісе және басқа жоғарыда аталған елдердің тәжірибесіне қарап салыстыра отырып жасалса құба-құп болар еді. Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған, бірақ орыс графикасында ғана жасалған, болашақта қазақ графикасында жасалады деген ойдамыз.Қазір технологиялық жетістіктер қарыштап дамуда.Компьютердің түйметақталары,бағдарламалық қамтамасыз ету кем дегенде екі тілде және түрлі белгілерді пайдалануға мүмкіндік беретін болғандықтан,техникалық тұрғыдан алғанда,заманауи цифрлық басып шығару технологиялары латын әліпбиінде еңбектерді қайта жаңғыртуға мүмкіндік берері белгілі. «Абай жолы» романының 1- томын 3-4 минут аралығында латынға аударыпты.Классикалық шығармаларды,оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды латын тілінде сөйлетуге қаржы қарастырылмақ.

Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып отыр.

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жоспарланған.Бірінші кезең 2018-2020 жылдары,екінші кезең 2021-2023 жылдары,үшіншісі -2024-2025 жылдарды қамтиды.Елбасы 2017 жылдың соңына дейін ғалымдардың және жалпы жұртшылықтың көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа латын графикасының бірыңғай стандартын қабылдау қажеттігін баса айтып,тапсырыс берді.Сол уақыттан бастап латын қарпіне көшу туралы қызу ой-толғаулар күрделене де көбейе бастап,басылым беттерінен орын ала,теледидар хабарларынан халық талқысына ұсынылды.Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі комиссия жанындағы жұмыс тобына кіретін ғалымдар алға қойылған мақсатқа сәйкес жаңа қазақ әліпбиінің жобасын дайындады.Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру- жаһанданудың дүниежүзілік үдерісінің өркениеттік талабы,жаңалық-жетістіктермен,ғылым-біліммен қарым-қатынаста болу үшін аса қажет екендігін көпшіліктің көңіліне ұялатты.Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен латын әліпбиіне байланысты 4 бірдей бағытта жұмыс істейтін топтар құрылды.1орфографиялық жұмыс тобы.2-әдістемелік жұмыс тобы.3-терминологиялық топ,4-жұмыс тобы сараптамалық-техникалық топ деп аталады.Бұлар жаңа әліпбидің IТ технологияға,компьютерлік технологияға сәйкестігін қарайды.Мәселен,қазір акут проблемалары туралы көп айтылып жүр.Осы мәселелердің тігісін жатқысып,ыңғайлап,заманауи тұрғыда қиындықсыз қолдану үшін мүмкіндіктерді зерттеп,іске асырады.Бір сөзбен,орфографиялық топ пен әдістемелік топ жасаған жұмысты техникалық жағынан сараптап,іске қосатын болады.

Жаңа бекітілген әліпби нұсқасында 6 әріптің басына белгі ноқат қойылған.Ендеше,жаңа әліпби қабылданып,оған арнайы перне тақта әзірленгенге дейін ол белгілерді қалай қоямыз?

Ноқатты қоюдың екі тәсілі бар:Біріншісі,бұл ()белгісін қою үшін қойылатын әріптен кейін «0301» санын теріп,артынан тез AIt+X комбинациясын басасыз.

Екінші тәсіл, «Вставка» , «Символ», «Другие символы»,және ашылған парақтан «обычный текст» шрифтін таңдаймыз,сосын «Объединенные диакр. знаки» таңдаймыз. Соңында қажетті белгіні тінтуір арқылы тауып, «Вставить»-қа басамыз.Бұл белгіні көп пайдаланатын бұйрықтар тақтасына бекітіп қоюға да болады.Бейне түсініктемеде «Вставка», «Символ» «Другие символы» ішінде үлгі ретінде мынадай көзге көрінетін ()белгі таңдалған.Мұнда бұл белгінің басқада бірнеше түрі бар.Оларды да жоғарыдағы екінші тәсіл арқылы жазуға болады дейді мамандар.Идеалды,яғни бәрінің көңілінен шығатын әліпби әлемде ешқашан болмаған,болмайды да.Оны мамандардың бәрі біледі.Өмір өз талабын қояды.Қазақ елі тілдік реформа жасауға кірісті.Бұл дүниежүзінде қалыптасқан қазіргі заманға сай қажеттіліктен туындауда.Латын әліпбиімен қазақ жазуының реформасы рухани жаңғыруымыздың бел ортасы,шешуші факторы,стратегиялық бастама болмақ.Қиындықсыз өтетін реформа болмайды.Не нәрсе де күреспен келері анық.Дәл осы мәселе қажырлылықты,жүректілікті қажет ете,жігерлілікке,күшті күреске тіремек.Басты шарт-қазақ тілінің үндестік заңын,дыбыстық-мағыналық құрылымын,буын мен тасымал жігі мен сөйлеу ырғағын бұзбау.Бұған тіл ғалымдарының ғана емес,интернет технологиялық саладағы мамандар да,жалпы көзі ашық,көкірегі ояу азаматтар да өз ойларын ортаға салу керек.Бәріміз бірігіп күресе,бұл үлкен істі іске асыруымыз қажет.Себебі,елбасы бізге жол ашып беріп отыр.

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры десек, бүгінгі компьютер заманында әлемдік ғаламтор жүйесіндегі ақпарат кімнің қолында болса, сол өз билігін емін-еркін жүргізе алады. Ал ақпараттың басты құралы – жазу. Яғни, ғаламтор жүйесінде үстемдік жасаушы – ол латын графикасы.

Біз, Қазақ Елі, уақыт көшіне ілесіп, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы.


Лабай жалпы орта мектебі






Баяндама тақырыбы:




«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»





Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиет

пәні мұғалімі

  Ханафина Айнұр

























2018/2019 оқу жылы

3


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!