Латын әліпбиіне көшу – ел болашағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Латын әліпбиіне көшу – ел болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын әліпбиіне көшу – ел болашағы.Өткенімізді жаңғырту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Латын әліпбиіне көшу – ел болашағы

Латын әліпбиі – тәуелсіз ел ретіндегі

еркін таңдауымыз

Темірбаева А.Д

Тәуелсіздігіміздің басты тірегі – мемлекеттік тіл. Қазақ елі өзінің даму тарихында бірнеше әліпбиді басынан өткізді.оның бірі саяси енді бірі мәдени жағдайларға байланысты.Атап айтар болсақ тарихшылардың тіл білімін зерттеушілердің мәліметтеріне сүйенсек. 1926 жыл Қазақстанда араб графикасынан – латын әліпбиіне, ал латын әліпбиінен бүгінгі кириллицияға көшу 1937 жылы басталып, ол 1940 жылы толық аяқталған болатын.Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бермен қарай көтеріліп келеді.2006 жылы елбасы Н,Ә.Назарбаев Қазақстан Халықтары Ассамблеясының ХІІ сесиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек.Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік.Әйтседе латын қаріпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер соның ішінде посткеңістік елдердің латын қаріпіне көшуі кездейсоқтық емес.Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай , оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек» ,- деген болатын. «Қазақстан -2050» стратегиясында латын графикасына 2025 жылға дейін жүйелі, біртіндеп көшу мәселесі сөз болды.Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесіне алаңдаушылық тудырып отырғандар бар.

Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасап, тіліміздің ішкі табиғи әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қтянатын болдырмай, қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсіру деп түсіну кажет.Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты латын әліпбиіне көшудің жобасын әзірлеп, еліміздің тарихындағы әліпби реформасының, сонымен қатар өз тәуелсіздіктерін алғаннан кейін кирилициядан латынға көшкен Өзбекстан, Түркменстан, Әзірбайжан тағы басқа елдердің тәжірибелерін зерттеп және де осы реформаның бұл елдегі оң тұстары мен жіберілген кемшіліктерін бәрін де зерделеп, жинақтап осы негізде «Қазақ әліпбиінің тарихы , тағылымы және болашағы» деген тақырыпта кітап шығарып көпшілікке ұсынды.

Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз.Латын әліпбиіне көшкенде қазақ тілі жоғалмайды.Сондықтан шошудың қажеті жоқ.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазақ тілін бір­тіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыс­тарына жаңа серпін бертінін Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің Жолдауында ашып айтты.
«Бүкіл әлемдік тәжірибе осы біздің таңдауымыздың дұрыс екенін дәлдеп отыр. Латын әліпбиі – жаһандық коммуникация мен ақпарат қайнар көзіне айналды. Латын әліпбиіне көшу, қазақстанның әлемдік қарым-қатынасын одан әрі нығайта түсетін маңызды құрал екеніне сеніміміз мол. Көтеріліп жатқан мәселе өте өзекті. Елбасы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын айтып, нақты бағыт-бағдарын көрсетіп берді. Енді оны халық болып қолдауымыз қажет.


18 мектеп гимназия

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Досбаева Алуа Сайлаубекқызы




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2021
341
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі