Жаңаөзен
қаласы
№ 9 орта
мектеп
Баяндама
Тақырыбы:
«Латын әліпбиіне көшу
–рухани жаңғыру талабы»
Қазақ тілі
мүғалімі: Шырақбаева З.Ж
2018-2019 оқу
жылы
Латын әліпбиіне
көшу – рухани жаңғыру талабы
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне
көшірудің кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру және
әдістемелік жұмыстар жүргізілуі керектігін қадап
айтты...
Бүгінгі күнгі бұқаралық
ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен
талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне
көшіру үрдісі. Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы
ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол
ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың
рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму
деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени
құбылыс. Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ
өміріміз жалғастық табады. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз
ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық
өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті,
әлеуметтік психологиясына әсер
етеді.
Бұқаралық ақпарат
деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы
білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда . Бұл дегеніміз –
білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б.
қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен
беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы
графиканың негізінде таралады дегенді білідерді. Демек, латын
әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына
қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны
сөзсіз.
Түркітектес халықтар
тілінде латын әліпбиі 1926 жылдан бастап қолданылады. Латын
әліпбиін алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі – Түркия мемлекеті.
Біздің елде ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялылары латын әліпбиіне
көшу мәселесін көтерді. Қазақ тілінің табиғатына сай әліпби үлгісін
жасап, қолданысқа енгізген болатын.
Қазақ тіл білімінің,
әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым А.Байтұрсынұлы: «Біздің
заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық
дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса,
жаза білу керектігі одан да артық», - деген
болатын. Бұл – ХХ ғасырдың басындағы қоғамдағы
коммуникациялық үрдістерді зерделеуден туған ой болатын. Қазір
адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басып отыр. Жазудың маңызы
бұрынғыдан бірнеше есе өскен заман. Сондықтан, әлемдегі елдердің
басым бөлігі, соның ішінде туыстас түркі халықтары
қолданатын латын әліпбиіне көшу – жаһандану дәуіріндегі рухани
жаңғырудың алғашқы да маңызды сатысы
болмақ...
Латын әліпбиіне көшу
мәселесі өткен ғасырдың 90-жылдары көтерілді де тез басылып
қалды. Тілші ғалымдар латын әліпбиіне көшудің тиімді
жақтарын жан-жақты дәлелдеп берген
болатын. Солардың басты-бастыларын атап
көрсетейік:
-
шет елдердегі (Қытай, Монғолия, Түркия т.б. )
қазақтармен мәдени, рухани байланысты нығайту үшін
қажет;
-
қазақ тілінің төл дыбыстарын таңбалауда ұтымды
мүмкіндіктер туады, ол өз кезегінде тіл үйренушілерге жеңілдіктер
береді;
-
қазақ тілінің әуезділігі, орфоэпиялық
заңдылығы қалпына келеді;
-
интеграциялану үрдісіне оң ықпал түркі тектес
мемлекеттердің етеді;
-
ағылшын тілін меңгеру оңтайлана
түседі;
Латын әліпбиіне көшудің ұтымды жақтары бұл
айтылғандармен шектелмесе керек. Оны уақыттың төрелігіне
қалдырайық.
. Қазақтан тәуелсіздік
алып, әлемдік ақпарат кеңістігіне дербес шыға бастағалы бері латын
графикасына көшу мәселесі туындады. Қазіргі таңда бүкіл түркі
жұртшылығы біртіндеп латын әліпбиіне көше бастады. Демек, оған
сұраныс бар деген сөз. Сондықтан да заманауи технологияға тәуелді
екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз керек,
дегенмен оның бізге тиімді және тиімсіз жақтары да бар, оны да
ескергеніміз жөн. Біріншіден, тиімді жағы бәріміз интернетті
пайдаланамыз, әсіресе интернет жүйесіндегі латын әліпбиінің маңызы
өте зор. Осы тұрғыдан алғанда, ақпараттық технология сапасында біз
көп мемлекеттерден артта қалып келеміз, сондықтан да мұндай шешім
қабылдауымыздың басты себебі – оған заман талабы ықпал етуде. Латын
әліпбиінің тағы да бір тиімді жері – тілдік ерекшелігімізді сақтау,
әлемдік интеграция, ақпарат алу мүмкіндігіміз артады. Себебі, латын
жазуы ағылшын тіліне ұқсас, дүниежүзіне кең тараған әліпби. Сол
арқылы біз интернет желісінде ақпарат алуда, ғылым, білім саласында
осы кеңістікке көп кіріп, жастарымыз латын әліпбиіне тез
үйренулеріне, ақпарат алуына мумкіндіктер
артады.
Басқа ұлт өкілдеріне бұл
өте тиімді және жеңілірек болады, себебі өзге ұлт өкілдері төл
әріптерді қиын қабылдайды. Ал латын әліпбиі өте танымал. Көптеген
ұлт өкілдері шетел тілдерін – ағылшын, неміс тілдерін еркін оқиды,
егер біз де латын әліпбиіне көшсек, қазақ тілін емін-еркін оқуға
мүмкіндіктер туар еді. Ал екіншіден, тиімсіз жағын айтар болсам –
кімге болсын бір әріпті тастап, екінші әріпке көше қою оңайға
соқпайды. Оны өзіміз де білеміз. Меніңше, шегірткеден қорқып, егін
екпеген болмайды, дұрыс та
емес.
Осыдан бес мың жыл бұрын
адам баласы жазу үлгісін тауып, ойы мен пікірін хатқа түсіру
жүйесін жасаған болатын. Сол кезден бастап әріп пен жазу адамзат
баласының өмірінің ажырамас бөлігі болып қана қоймай, оның
тыныс-тіршілігі мен өмір сүру механизміне айналды. Ертедегі
жазуларды бабалардың қолтаңбасы десек, бүгінгі күні олардың тасқа
қашалып жазылғандары құнды мұра ретінде мұражайларда
сақтаулы.
Қазақ тілі латын
графикасына көшетін болды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев
осындай жарлыққа қол
қойды.
Ә. Жүнісбектің Қазақ латын
әліпбиінің «Ұлттық жобасы»
№
|
кирил
|
латын
|
аталуы
|
№
№
|
кирил
|
латын
|
аталуы
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
|
А а
Ә
ә
Б
б
Ғ ғ(-Г
г)
Д
д
Е
е
Ж
ж
З
з
Й
й
Қ қ(-К к)
Л
л
М
м
Н
н
|
A
a
Ä
ä
B
b
Ğ ğ(-G
g)
D
d
E
e
J
j
Z
z
Y
y
Q
q(-K k)
L
l
M
m
N
n
|
а
ә
бы
ғы(-гі)
ды
е
жы
зы
ый
қы(-кі)
ыл
мы
ны
|
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
|
Ң ң
О
о
Ө
ө
П
п
Р
р
С
с
Т
т
У
у
Ұ
ұ
Ү
ү
Ш
ш
Ы
ы
І
і
|
Ň
ň
O
o
Ö
ö
P
p
R
r
S
s
T
t
W
w
U
u
Ü
ü
Š
š
І ɪ
İ
і
|
ың
о
ө
пы
ыр
сы
ты
ұу
ұ
ү
шы
ы
і
|
қазақ тілі әліпбиі 2025 жылға дейін латын
графикасына кезең-кезеңімен көшеді.