Материалдар / Латын әліпбиіне көшудің маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Латын әліпбиіне көшудің маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі өзінің сан ғасырлық тарихында түрлі өзгерістерге ұшырап біздің заманымызға қазіргі қолданылып жүрген күйінде келді. Әрине, кейінгі уақыттарда да өзгеріп заман ағымына ілесіп отыратыны анық. Ақыр, соңы 1940 жылдан бастап қазірге дейін кирилица жазуына тоқталған болатынбыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2020
323
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Латын әліпбиіне көшудің маңызы

Қазақ тілі өзінің сан ғасырлық тарихында түрлі өзгерістерге ұшырап біздің заманымызға қазіргі қолданылып жүрген күйінде келді. Әрине, кейінгі уақыттарда да өзгеріп заман ағымына ілесіп отыратыны анық. Қазақ жазуының да ғасырлар бойы түрлі әліпбилерде қолданылып келгеніні тарих беттерінен байқауға болады. Сақ жазуы, олардай кейін өмір сүрген ғұндардың «бітік жазуы», үйсіндер мен түрік қағанаты қолданған көне руна жазуларына қарап ата-бабамыздың да өз заманына лайық биік өрелі, мәдениеті дамыған халық болғандығын түсінеміз. Х ғасырға қарай Ислам дінінің Орта Азияға таралуына байланысты руна жазуы өзінің маңызын жоғалтып «өлі жазуға» айналды. Ислам діні арқылы енген араб жазуынан да халқымыз аса қатты зиян шекті деп айта алмаймыз. Содан бастап елімізде он ғасырға жуық араб жазуының үстемдігі орнады. Тек, Кеңес үкіметінің орнауынан соң ғана, түрік тілдес халықтар арасындағы мәдени, рухани байланысты әлсірету үшін әліпбиіміз әлсін-әлсін кирилл мен латын жазуларына өтумен болды. Ақыр, соңы 1940 жылдан бастап қазірге дейін кирилица жазуына тоқталған болатынбыз.

Әр халықтың өзіне тән жазуының болуы оны ақпарат алаңында өзге жұрттарға деген тәуелділіктен сақтайды. Қазіргі күні әлем бойынша кириллицаны қолданатын жұрт атаулы санаулы ғана. Әрине бір ғасырға жетер-жетпес уақыт үйренісіп қалған кириллицадан латынға көшеміз деу көпшіліктің үрейін алғаны рас. Латынға көшу арқылы тіліміздің мәртебесін көтере түсеріміз анық.

Біз үшін латынға көшу несімен маңызды болмақ? Біріншіден  әлеми ақпараттық кеңістікке көштен қал­май енеміз десек, сондай-ақ күнделікті қолданатын қондырғыларды (оргтехниканы) еркін пайдаланамыз. Екіншіден дүниежүзінде шашырап кеткен қазақ ұлтының басын біріктіруге қолайлы мүмкіндік болмақ. Осы күнге дейін Қытайдағы қандастарымыз төте жазуды, өзге елдердегілер латын, Қазақстандағы халық кириллицаны қолданып үш жаққа тартып келдік. Ендігі мүмкіндікті пайдаланып барлығын бір ізге түсіре алсақ құба-құп.

Қазақ жазуының тағдырын шын сөз еткіміз келсе, алдымен қазақ тілінің өзіне ғана тән төл дыбыс құрамының басын ашып алғанымыз жөн. Өйткені көбіміз дәл осы мәселеге келгенде шорқақпыз. Оған себеп жылдар бойғы «орыстандыру» сая­саты болды. Аға ұрпақ білетін болар, кезінде «бәріміз түгел орыс тіліне көшсек, коммунизмге тез жетеміз» деп, Кеңес басшыларының бірі тастаған ұраныда болған еді. Ең жанға бататыны, орыс тілінің «игі ықпалы» деген сылтаумен өткен ғасырдың 50-ші жылдары төл сөздеріміздің жазылу емілесіне қосылған и, у тәрізді таңбалар (дыбыс емес) болды. Оқулық пен оқу құралы біткен осы күнге дейін түгел сол жапсырмадан арыла алмады.
Мектептен (тіптен балабақшадан) бас­тап «қазақ тілінде 42 дыбыс (?) бар» деген тоқпақпен өскен ұрпақтан не сұрайсыз. Өзгені былай қойғанда, қазақ тілінің мұғалім-оқытушыларының өзі осыған ұйып қалған. Сондықтан да мен бүгінгі қазақ әліпбиін «қазақ-орыс», тіптен, керісінше, «орыс-қазақ» әліпбиі деп атауға мәжбүрмін. Өйткені бүгінгі әліпби мен еміле-ереже түгелімен жүйесі (туыстығы) бөлек орыс тілінен келген көшірінді. Дәлел керек пе? Онда кез келген оқулықтың бетін ашыңыз немесе кез келген қазақ тілі кабинетінің босағасын аттаңыз, «қазақ тілінің өзіне тән дыбыстары» деп 7-8 таңбаны ең көрнекі тұсқа бадырайтып бөліп қояды. Сонда осы бір санаулы дыбыс­тан басқа қазақ тілінің өзіне тән дыбыстары болмағаны ғой…
Басқаша қалай ұғуға болады?

Тағы бір ойландыратын жағдай – латын әріпіне тек еліміздегі қазақ тілді ортаға ғана көшпеуі керек. Ондай жағдай болатын болса біз үшін түкте пайдасы болмайды. Ұтарымыз жоқ. Оның соңын ойлаудың өзі қорқынышты. Біз тек өзімізге тиесілі қазақ тілінің әліпбиін ғана өзгерте аламыз. Қазақстанда тұрып, өз болашағын Қазақстанмен байланыстырған кез-келген этнос өкілі мемлекеттік тілді білуді, үйренуді борыш және міндет санауы тиіс деп ойлаймыз. Бұл азаматтар мемлекеттік тілді латын қарпімен үйреніп, барша ұлтпен бірге жаңа әліпбиде оқып, жазып-сызатын болады

Латынға өту сөзсіз керек нәрсе. Бірақ әбден ойланып барып шешім қабылдау керек. Латынға өтеміз деп түрік бауырларымыз ә, ұ, ң, қ сияқты дыбыстарынан айырылып қалды. Нәтижесінде Әлиді Али, Құдіретті Кудрет деп жүр. Өзбектің латыны таза компьютер пернетақтасына негізделген техникалық латын болып шығып, нәтижесінде толық сіңісіп кете алмады. Әзірбайжан мен Түркімен латыны әжіптәуір жақсы. Дегенмен де оларда да кемшіліктер бар. Сондықтан да ешкімге еліктемей де, жалтақтамай да өзіміздің қазақ латынын қабыдауымыз керек. Оған қоса осы сәтті пайдаланып қазақ тілінің орфографиясына да өзгерістер енгізіп алуға болады. 

Кейбір кісілер экономикалық тиімділігін ойлап, техникалық үлгідегі латынға өткенді қалайды. Алайды, технократияның құлы болып, Мұхтар Шаханов айтқандай компьютер басты жарты адамға айналып жүрмейік! Ұлттың болашағы экономикалық мүддеден әрқашан да жоғары тұруы тиіс...

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!