Материалдар / Лебеда
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Лебеда

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеде халықты шөппен емдеген Байтелі туралы жазылған. Халықтың сауабына қалған жанашыр көптеген өсімдікті даладан іздеп тауып, шипа жасаған. Мақала биология, химия пәні мұғалімдері үшін құнды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2021
461
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қасиет иесі-Байтелі

Бұрынғы заманда халықты ақысыз, шөппен емдеп, сырқатынан айықтырған емшілер болған. Сондай емшінің бірі- Байтелі әулие. Ол - Бекет атаның бел баласы. Байтелі Бекет атаның шөппен емдеу әдісіне ізденушілікпен, қызығушылықпен ден қояды. Ата да өзіне керекті шипалы шөптерді тергенде оны қасынан тастамай ертіп жүреді екен. Бізді қоршаған табиғат бай. Адамдарға не керек, бәрі айналадан табылады. Дәрумендік шөптердің қандай қасиеті бар, қандай ауруларға ем, дәрілік өсімдіктер қай жерде өседі, соны жалықпай, ұғындырып отырады екен. Өзінің ықыласты болу себебінен, ол ата айтқан кеңестерді жалықпай, сабақтан соң, тағы да, өз бетімен ізденеді. Бекет ата өмір бойына адамдарды оқытып, ауырып қалса, емдеп, сырқатынан жазып отырған. Мешітінің бір бөлмесін жас ұрпаққа арнап, сол жерде ем-дом жасаған. Маңғыстау жерінде де небір шипалы өсімдіктер бар. Адам баласы олардың игілігін көрген.

Сол кеңестердің пайдасы болар, Байтелі де көптеген ауруға шипа тауып, халықтың ықыласына бөленген. Атап айтар болсақ, жүрек қабынуы, өкпе ауруы, жүрек шаншуы, буын сырқырауы сынды ауруларды шөппен емдеп жазған. Оның емінен соң, адамдар құлан таза жазылып, ризашылығын білдірген. Ол өмірден өткен соң, шипасын тапқандар басына барып, түнеп, әулие санаған. Маңғыстауда Байтелі әулие дейтін киелі орын содан қалған.

Ата-бабалар тегін емес. Мен де өскенде шөппен емдейтін дәрігер болғым келеді. Сол ата-баба жолымен науқастарды емдеп, сауабын алсам деймін. Қазір елімізде короновирус індеті жүріп жатыр. Бәлкім, оны да инемен емдемей, шөппен емдеп, айықтыруға болатын болар. Барлық дәрінің дені шөптен алынғанда неге оның емі содан табылмайды деп ойлаймын. Бекет ата, Байтелі әулие салған сара жолды жалғастырғым келеді.

Қасиет иесі-Байтелі

Әділ Аружан, №20 М. Әуезов атындағы орта мектептің 8-«Б» сынып оқушысы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!