Материалдар / Лекция - концерт «Ұлттық аспаптар»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Лекция - концерт «Ұлттық аспаптар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2019
889
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық - педагогтік колледжі











Лекция – концерт.

Тақырыбы: «Ұлттық аспаптар»






Жеке пәндер әдістемелері кафедрасының оқытушысы Рысбаева Г.Ж.





Алматы

Сабақтын тақырыбы: «Ұлттық аспаптар» - лекция – концерт.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Жаңа сабақты жаңа технологиялық әдіс бойынша тарих, қазақ әдебиеті пәндерімен байланыстырып, лекция – концерт түрінде өткізу. Қазақтың дәстүрлі күй өнері, ұлт аспаптар туралы, композиторларының өмірі және шығармашылық жолдары туралы білім алушылардың білімін кеңейту.

2. Дамытушылық: Білім алушыларының музыкаға деген қызығушылығын арттыра отырып, ой-өрісін, музыкалық сауатын, ән айту,музыка тыңдау, есте сақтауға, домбыра, асатаяқ, сақпан, және т.б. аспаптарда ойнауға, қабілетін дамытуға өз бетінше еңбектенуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, асыл мұраларды қастерлеуге, патриоттық, эстетикалық тәрбие беруге,әдептілікке тәрбиелеу.«Көш керуені», «Ата толғауы», «Әлқисса» күйлерін ойнағанда, екпінді ұстауға , оркестр- ансамбльмен ойнауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: лекция – концерт сабақ

Сабақта қалданылатын әдістер:

  1. Музыканы қабылдауға үйрету.

  1. сұрақ-жауап,әңгімелесу

  2. көрнекілік (нота мәтінін дайындау, композиторлар портреттері,аспаптар сүреттері)

  3. іс-тәжірибе( ұлттық аспаптарында ойнау,музыка тыңдау, ансамбль.ән айту, дирижерлау, ұрмалы аспаптар қолдану).

  1. Гностикалық әдіс-іздену әрекеті,мәселе қою арқылы жүреді.

  1. мәселе қойып, оқыту.

  2. жартылай іздену.

  1. Ғылыми әдіс:

  1. перспективтік және ретроспективтік

  2. логикалық

  3. индуктивтік, дедуктивтік

  4. салыстыру

  5. қорытындылау

  6. талдау

  1. Басқару әдісі:

  1. білімді мұғалімнің көмегімен меңгеру

  2. білім алушыны қолпаштау,көтермелеу мотивтері

  3. тарихи әдіс

  4. бұзу әдісі

  5. сюжеттік ойын арқылы рөльге кіру

  1. Бақылау әдісі:

  1. ауызша және жазу

  2. техникалық құралдарды қолдану

  3. музыкалық шығармашылық арқылы білімді тереңдету

Сабақтың тәсілі: топпен жұмыс.

Қолданылатын көрнекіліктер:

1. Портреттер: Н.А.Тілендиев, Құрманғазы Сағырбаев, Дәулеткерей Шығаев, А.Жұбанов және т.б.

2. Халық аспаптарға арналған буклеттер.

3. Нақыл сөздер жазылған плакаттар: «Ұлттық аспаптар»

«Ән халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі» ( Жамбыл)

«Музыканы сүю үшін ең алдымен оны тыңдай білу керек» (Д. Шостакович)

«Күй тілі – көп заманның алуан ісі. Күйлердің әлемге аян бар мәнісі Өмірді күймен қоса алмайтын Керқұлақ көр соқырдың алданысы. (І. Жансүгіров)

«Әнге әуес, күйге құмар бала жаны - сұлу өмірге құштар болып өседі»

(М. Әуезов)

4. Аспаптарға арналған кітаптар көрмесі.

5. Музыкалық аспаптар көрмесі: фортепиано, домбыра, сазсырнай, асатаяқтар, қобыз, тұяқтас, шаңқобыз, бас домбыра, баян және т.б.

6. Аспаптардың сүреттері.

7. «Бейне сюжеттері»

Техникалық құралдар : интерактивті тақта, магнитофон, DVD, CD, ауди кассеталар, ноутбук. Пәнаралық байланыс: музыка әдістемесі, қазақ әдебиеті, тарихы, вокал, эстрада, педагогика, сурет, математика . Негізгі әдебиеттер: 1) Жайымов А., Бүркітов С., Ысқаков Б. «Домбыра үйрену мектебі» Өнер 1992 (51б) 2) Мерембаев Қ. «Домбыраға арналған педагогикалық репертуар» Өнер 1978 3) Райымбергенов Ә., Райымбергенова С. «Күй – қастерлі әуез» , Атамұра 2005 (125 б.б) 4) Тастанов Х. «Домбыра үйрену мектебі»

5) Электронды оқулық «Музыка» (2 – 3 сыныптарға арналған) 6) Электронды оқулық «Энциклопедия классической музыки»


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Негізгі бөлім.

Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев «Көш керуені». Орындайтын оркестр.

Жүргізуші (Асқанбаев Дархан): Армысыздар! Құрметті ұстаздар, білім алушылар!

Қазақтың тарихы бар, мол мұрасы,

Қашанда өнер сүйген ықыласты,

Қобыздың үні қандай керемет ең,

Ал қандай күмбірлеген домбырасы – дей келе, бүгінгі «Ұлттық аспаптар» тақырыбындағы лекция – концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Ия, қазақ халқы аспаптарға өте бай. 60 – тан астам ұлттық аспаптарымыз бар. Ерекшелігі сонда өзге елдерден қарағанда біздің аспаптарымыздың әр – қайсысының атқарар қызметі ерекше, дара әрі өзге ұлтардың аспаптарымен салыстыпғанда бай. Ежелгі мол асыл мұрасы бар, түркі тілдес еліміз музыканың қадірі мен қасиетін жоғары бағалаған. Осыған орай алғашқы музыкалық аспаптар қалай пайда болғаны туралы видео – ролик көрсек. Назарларыңызды экранға аударыңыздар!

1-ші кезеңі «Алғашқы музыкалық аспаптардың шығу тарихы»

  • Алғашқы музыкалық аспаптардың шығу тарихы. (Бейне – ролик )

Жүргізуші: Алғашқы музыкалық аспаптарды зерттеген: Болат Сарыбаев, және Ахмет Қуанұлы Жұбанов. Осы атақты тұлғалар жайында мәлімет тыңдаңыздар!

Сарыбаев Болат(1927 - 1984) – музыкатанушы, өнертану кандидаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойынша бітірген, халық аспаптар кафедрасында дәріс берген, бір мезгілде қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау мен зерттеу жөніндегі қызметтерімен айналысты. Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрлі халықтардың төрт жүзге таман музыкалық аспабын қамтиді, ол сондай – ақ сыбызғы, сырнай,жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл, және басқа халықтық қазақ музыкалық аспаптары жинамасының иесі. Ол бұл аспаптарды Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар мұражайға тапсырған. Б.Сарыбаев «Қазақтың халық аспаптары» монографиясында табылған аспаптардың түрін, қатарын, дыбыстық берілімін, ойнау тәсіліне ғылыми сипаттама бере отырып, жіктеді.

Ахмет Құанұлы Жұбанов (1906 - 1968) – қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. А.Қ.Жұбановтың мұрындық болуымен қырқыншы жылдары ұйымдастырылған ғылыми экспедиция сексенінші жылдарға дейін Қазақстанның түкпір – түкпірінен 10 мыңдай ән – күй нұсқаларын жинаған. Қазақтың кәсіпқой халық композиторларының өмір дерегін жинастырып, шығармаларын нотаға түсіріп, халық – ұлт аспаптар оркестірін жинаған. Ұлттық өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын берді. Ленин орденімен, тағы басқа ордендермен, медальдармен марапатталған.

Жүргізуші:

Нағыз қазақ, қазақ емес,

Нағыз қазақ – домбыра – күйкілжіген, қазақтың төрдегі орын алатын, киелі де қасиетті нағыз қазақтықтың белгісі іспетті домбыра туралы видео – ролик тамашаласақ. Назарларыңызды экранға аударыңыздар!

2-ші кезеңі «Домбыра» аспабы

  • «Домбыра» аспабы туралы бейне ролик

  • Болат Жанар «Домбыра аспабым» өз шығармашылығынан өлең оқиды.

Көп тараған күйлердің бірі – “Аққу”. Бұл топтағы күйлер негізінен аңызсыз тартылады. “Аққу” тобындағы күйлердің ортақ ерекшелігі – мұнда құстың ұшуының дыбыстық сипаты беріледі.

  • Әліппаева Жаннұр орындауында Н.А.Тілендиевтың күйі «Аққу» (слайд - шоу)

Жүргізуші: Профессор Құдайберген Жұбанов жетіген жайында былай деп жазған еді: «Тегінде, «ән» парсының «оһаник» деген сөзінен шықса керек»деп, жетіген аспап туралы Ескелдиева Гүлдана «Жетіген туралы аңыз»- ды оқиды.

3-ші кезеңі «Жетіген» аспабы

Ескелдиева Гүлдана «Жетіген туралы аңыз».

«Қаһарлы қыстың қақаған аязынан мал қырылып, үлкен жұт болады. Қазақтың ауыла ашаршылыққа ұшырайды. Онымен қоймай,сүзек ауруы тарап, ел ішінде көбейеді. Көпке әйгілі күйші қарттың жеті ұлы бірдей осы ауруға шалдығып, бірінен соң бірі көз жұмды. Қаралы қайғыға душар болған күйші көкірегін кернеген мұн – зарын күйге қосады.

Үлкен ұлының дәм – тұзы таусылғанда «Қарағым», екінші ұлы өмірден қайтқанда «Қанат сынар», үшінші ұлы қайтыс болғанда «Құмарым», төртінші ұлы қаза тапқанда «От сөнер», бесіншісінің жүрегі тоқтағанда «Бақыт көшті», алтыншысының жамбасы жерге тигенде «Күн тұтылды», жетіншісі жер жастанғанда «Жеті ұлымнан айрылдым» деп азалы күй шерткен екен»

Жетіген – жеті ішекті дыбысты көне шертпелі аспап. Аспап келбеті ұзынша келген жәшік тектес болады. Беті жұқа тақтайшамен жабылып, үн беретін ойықтар салынады. Көне түрінде 7 ішегі болған және оларға тиек ретінде 7 асық тағылған. Ішектер аттың қылынан тартылып, әуен ырғағын қалпына келтіру үшін асықтар қойылған. Бұл аспаптың қазіргі заманда шыққан жаңа түрінде ішектер саны 25-тен асады. Дыбыс көлемі 2-2,5 октаваға дейін жетеді.  Барлық ішектеріне құлақ күйін келтіретін арнайы үлкен тиектер тағылады. Тыңдаушыларға жағымды әсер сыйлайтын жетігенді ертеде көк пен жерді байланыстыратын ғажайып қасиетке бай аспап деп, оны тек сарайларда, шағын топ алдында ғана ойнаған.

4-ші кезеңі «Сазсырнай» аспабы

Сламжанова Торғын: Сазсырнай – қазақ халқының әуенді, сазды, үрлемелі, ұлттық, музыкалық аспабы. Сазсырнайды әртүрлі дүниелерден істеп алады. Олардың көне түрлерін құм «қыштан» істейтін болған. Кей жағдайларда сазсырнайды ағаштан ойып, желімдеп істейді. Соңғы кезде қолайлы дүниелерлен де істей беретін болды. Сазсырнайдың сырт бейнесі, құстын үлкен «жұмыртқасына» ұқсас болады.

5-ші кезеңі «Сыбызғы» аспабы

Жарыс Ботакөз: Сыбызғы - үрлемелі көне аспап. Қурайдан, ағаштан және күмістен жасалады. Сыбызғының үні жұмсақ, құлаққа жағымды. Өзінің қарапайымдылығына қарамастан, дыбыс шығару тәсілі өте қиын. Орындаушыдан үлкен шеберлікті талап етеді.

Қамыс сырнай - тілшесі бар қамыстан жасалған үрлемелі аспап.

Ел арасында кең тараған сыбызғының түрі қурайдан немесе ағаштан жасалған. Түп жағына 3 – 4 ойнау тесігі ойылады. Кейбір жетілдірілген сыбызғыда 12 тесікке дейін болады. Сыбызғы – ерекше жаттығуларды талап ететін аспап. Түтігінің жоғары аузын маңдай тіске тақап, ерін мен тілдің көмегімен түтекке тербелген ауа толқыны белгілі бір қысыммен бағытталады. Осының нәтижесінде ызындаған үн шығады. Бұл үн тесіктер арқылы музыкалық жүйеге келтіріледі.Біздің заманымызда сыбызғы көптеген халақ аспаптары ансамбльдер мен оркестрлерінде қолданылып, музыка өнерінен өзіне тиісті орын алып келе жатыр.

Серғали Үсіпбековичтың орындауында халық күйі «Кербез қыз»

6-ші кезеңі «Асатаяқ. Сақпан» аспаптары

Қабышева Гүлназ: Асатаяқ – халық арасында ерте заманнан пайдаланып келе жатқан көне музыкалық аспап. Аспап ұрып, ойнайтын музыкалық аспаптың жетілген түрі. Оған әр түрлі сылдырмақты, әшекейлі қоңыраулар, қаңылтырлар ілінеді. Музыканың ырғағына қарай сілікіп ойнағанда одан бір – біріне ұласа сыңғырлаған нәзік үн шығады. Бұрын асатаяқпен бақсылар өз ойын сүйемелдеп, отыратын болған. Аспап басқа түрлі көлемде жасалатын болған. Бұрынғы тағылған қоңыраулардан шығатын дыбыстың күші белгісіз болатын. Қазір асатаяқ ансамбльдегі басқа аспаптар үнін көркемдеп, көріктендіре түседі. Бұл аспап көптеген музыкалық коллективтерде кеңінен пайдаланады.

Кемалова Динара: Сақпан – өзіндік үнімен ерекшеленетін сілкімелі қазақ халқының көне музыкалық аспабының бірі. Ертеде үй тұрмысында, әсіресе мал шаруашылығында кеңінен қолданылған. Қойшылар көктемгі төл кезінде бұл аспаптың дыбысымен қой, қозы қайырған. Шаруалар егістікке қонған құстарды үркіту үшін де пайдаланған. Кейбір өнерпаздар сақпанмен өзінің әуенін сүйемелдеген. Сөйтіп, сақпан музыкалық аспап дәріжесін көтерілді.Аспап жұқа тақтайшадан жасалады. Әуелі бірнеше тілшелерді дайындап, бір – біріне қаттап бекітеді және сыртын өрнекпен әшекейлейді. Бұл аспапты сілкіп ойнайды.

7-ші кезеңі «Қобыз» аспабы (бейне материал) (Қорқыт атаның күйі «Ұшардың ұлуы»)

8-ші кезеңі «Шаңқобыз» аспабы (Серғали Үсіпбековичтың орындауында халық күйі «Шаңқобыз толғауы»)

Бұлбұл Тұрдыжанова: Шаңқобыз – бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын.Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшандата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады. Аспапта жеке ән - күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін суйемелдеуге болады. Шаңқобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.

9-ші кезеңі «Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев - Халық Қаһарманы»

Ескелдиева Гүлдана: Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы (1925-1998) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырақ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі. Москваның П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған қайраткер. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет т.б. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасын айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Тілендіұлы Нұрғиса музыкасын жазған М.Әуезовтың, Ш.Аймановтың, Т.Ахтановтың, Ә.Тәжібаевтың пьесалары, сондай ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасын мен экран өнерінің классикасына айналған. Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал серілік дәстүрдің соңғы тұяғы. Ол өнер туындату барысында уақыттың идеологиялық өктемдігіне, ассимиляцияшыл әсіре үрдісіне мүлде мойын ұсынбастан, өзінің тәңір дарытқан төлтума қалпынан қылдай ауытқымай жүріп, шығармашылық даралығын сақтап қала алды.

10-ші кезеңі Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев «Ата толғауы» (орындайтын оркестр, Слайд - шоу)

11-ші кезеңі. Көрермендерге сұрақ – жұмбақ.

1. Бір нәрсе көлемі үлкен едәуір зор,

Айтқаны әп – әдемі өлең мен хор.

Әрпі бар доп – домалақ доп сияқты,

Оқыса үйренеді оқыған қол.

2.Қалдырмай емге етін,

Қақтаған күн бетін

Астында төмпештің,

Атқарар міндетін.

3.Мінгенім дайым менің бір арғымақ,

Бітіпті төбесіне екі құлақ.

Тартатын сегіз жерден бедері бар,

Кетеді қол тигенде қатты зырлап.

4.Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,

Қорқыттың үні болып аңырайды,

Тартқанда легізбенен, шын ниетпен,

Азнаса көмейінде ел жылайды.

5.Жүректі баурар үні бай,

Баршаға ортақ тілі бай.

6.Сызылған үні,сүйкімді,

Үрмелі аспаптың бір түрі.

ІІІ Сабақты қорытындылау

Бұл сабақты Мұхтар Әуезовтың мына сөзімен қорытындылаймын : «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге құштар болып өседі».

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!