400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Лексика. Сөздің лексикалық мағынасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

4.1. Тақырып №2

Лексика. Сөздің лексикалық мағынасы.

4.2. Мақсаты:

алған білімі негізінде ойлау қабілетін дамыту, ой қорытып нақты шешім қабылдауға тәрбиелеу.

4.3. Дәрістің тезисі:

Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп бөлінеді. Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің Лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу Лексикасы жатады. Жазба тіл Лексикасына көне дәуір кітаби Лексикасы мен қазіргі кітаби Лексика жатады. Мазмұнына қарай Л.: 1) есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді. Сипаты мен көрінісі жағынан Лексика былайша сараланады: 1) омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Л. атауы тілдің сөз байлығы деген ұғыммен қатар қаламгер тілі, көркем шығарма тілі деген ұғымды да білдіреді. Мыс., Абай тілінің Лексикасы, Сұлтанмахмұт тілінің Лексикасы, батырлар жырының Лексикасы, т.б. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халықтар тілінің көпшілігінде термин болып қалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арқылы келіп орнықты. Бұл термин – бір тілдегі барлық сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің диалектілері де енеді. Лексиканың құрамына енген сөздерді тексеретін ғылым– лексикология, мағыналарын тексеретін – этимология, сөздік жасау, сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін – лексикография кіреді.

4.4. Сабақтың көрнекілігі: Тақта, ноутбук, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.

4.5. Әдебиеттер:

1.Б.Ж.Доскеева " "Қазақ тілі" ( мед.оқу орын.арн.) Алматы 2012

2.Б.Ж.Доскеева " Кәсіби медициналық қазақ тілі " Алматы , 2012 .

3."Қазақ тілі " ( Денс.сақ.қызм.арн.) құраст.: Ә.Иманбекова , Г.Иманбекова , Г.Имантаева , Ә.Әмірова . Алматы , 2008

4.6. Бақылау сұрақтары:

1. Фонетика дегеніміз не?

2. Қазақ әдебиетінде неше әріп бар?

3. Дауысты дыбыстардың саны неше?

4. Дыбыс дегеніміз не?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
24.02.2022
1945
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12