Материалдар / «Лэпбук - мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың жаңа технологиясы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Лэпбук - мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың жаңа технологиясы»

Материал туралы қысқаша түсінік
I. КІРІСПЕ ІІ. Негізгі бөлімі 2.1. Лэпбук деген не? 2.2. Лэпбук неден тұрады? 2.3. Лэпбук не үшін қажет? 2.4. Лэпбуктің балабақшада мәні мен қолдану барысы. Бүгінгі уақыт, қоғам басты тұлға мұғалімге жаңаша талап қойып отыр. Қазіргі уақыттағы мұғалімнің біліктілік деңгейі де, ішкі жан дүниесі де жетілген, жан-жақты болуы керек, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Біз алдарымыздағы отырған тәрбиленушілерді рухани жан-дүниесі бай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыруымыз керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2022
956
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ШҚО білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақбота»бөбекжайы»КМҚК»









Тақырыбы: «Лэпбук - мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың жаңа технологиясы»















Дайындаған: Шакенова Г.И















Глубокое кенті,

Қазан, 2021ж





  1. КІРІСПЕ

ІІ. Негізгі бөлімі

2.1. Лэпбук деген не?

2.2. Лэпбук неден тұрады?

2.3. Лэпбук не үшін қажет?

2.4. Лэпбуктің балабақшада мәні мен қолдану барысы.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ


































КІРІСПЕ


Бүгінгі уақыт, қоғам басты тұлға мұғалімге жаңаша талап қойып отыр. Қазіргі уақыттағы мұғалімнің біліктілік деңгейі де, ішкі жан дүниесі де жетілген, жан-жақты болуы керек, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Біз алдарымыздағы отырған тәрбиленушілерді рухани жан-дүниесі бай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыруымыз керек. Сонымен қатар мұғалім ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Active Studio бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпыну керек.

Осы жерде мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың білім беру әдістемелері арасында «Lapbook» қазіргі заманғы құрал туралы айтқым келеді. Мен өз жұмысымда жаңа «Lapbook» әдістемелік құралын пайдалана бастадым.

Лэпбук – салыстырмалы түрдегі жаңа оқыту құралы. Алғаш рет лэпбукты америкалықтар құра бастады. Лэпбук (lapbook) – ағылшын тілінен тура аударғанда (lap-тізе, book-кітап) деген мағынаны білдіреді.

Лэпбук – бұл қалташалары, есігі, терезелері бар жинамалы кітапша, жылжымалы бөлшектерден құралған, оған бір тақырыптың материалдары орналастырылады. Бұл бүлдіршіндермен белгілі біртақырыпты бекітуге арналған тамаша тәсіл және кітаптың мазмұнын ұғыну арқылы, зерттеу жұмысын жүргізу, оның барысында бала ізденіс жасайды, ақпаратты сұрыптап және талдайды.

«Лэпбук» - мектепке дейінгі балалардың танымдық – зерттеу белсенділігінін дамуы түрінін инновациялық формасы, балалардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамуына жақсы әсер тигізеді, тәрбиеленушілер әр сала бойынша білімдер алады және алған білімдерін қолдана алады.

Тақырыптың өзектілігі Интерактивтік папка – лэпбук / Lapbook / - бұл қолдан жасалған кітапша бірнеше қалташаларымен, терезелерімен, конверттерімен, қозғалмалы детальдарымен ерекшеленеді. Бала оларды алып, салып, қарап, ойнап алады. Нақты бір тақырып бойынша зерттеп, оқып үйренген іс-әрекеттің қорытынды кезеңі. Осы папканы толтыру үшін бала бірнеше әрекеттер жасау керек: бақылау жасау, берілген материалды оқып дайындау, тапсырмаларды орындау. Лэпбукты жасағанда балалар білімдерін толықтырады, өткен материалды қайталап, пысықтайды. Алған білімдерін бір жүйеге келтіреді, папканы алғанда өткен тақырыптар естерінде қалып, ойға тез келеді.

Мақсаты: педагогтарды жаңа бірлескен қызмет түрімен таныстыру, лэпбук тақырыбын дайындау.

Міндеттері:

Лэпбук туралы ақпаратты зерттеу;

Тақырып таңдап, қалташалар жасап, жобасын құру;

Педагог қызметінде ic жүзінде қолдану;

Түр атауы: Педагогикалық.

Жоба түрі: зерттеу.

Жобаға қатысушылар: мектеп жасына дейінгі балалар, педагогтар.

Жобаны іске асыру үш кезеңнен тұрады:

Дайындық кезеңі: Лэпбук – жаңа қызмет түрін зерттеу;

Негізгі кезең: Лэпбуктің жасалу жолдарын анықтау;

Талдау кезеңі: Лэпбукті іс жүзінде қолдану.

Жобаның ұзақтығы: мерзімі: басталуы 2016 жылдың қыркүйек айы, аяқталуы 2017 жылдың мамыр айы.


ІІ. Негізгі бөлім.

    1. Лэпбук деген не?


Лэпбук (lapbook) – ағылшын тілінен тура аударғанда (lap-тізе, book-кітап) деген мағынаны білдіреді. Лэпбук – бұл қалташалары, есігі, терезелері бар жинамалы кітапша, жылжымалы бөлшектерден құралған, оған бір тақырыптың материалдары орналастырылады. Ол интерактивтік әдістеме, оны құрастыру жөнінде келесі әдіс-тәсілдер қолдану болады: салыстырмалы талдау, ізденіс, дидактикалық ойындар, әңгіме, сипаттау, сюжеттік ойындар т.с.с. Осы папканы толтыру үшін бала бірнеше әрекеттер жасау керек: бақылау жасау, берілген материалды оқып дайындау, тапсырмаларды орындау. Лэпбукты жасағанда балалар білімдерін толықтырады, өткен материалды қайталап, пысықтайды. Алған білімдерін бір жүйеге келтіреді, папканы алғанда өткен тақырыптар естерінде қалып, ойға тез келеді.

Лэпбук арқылы келесі міндеттер атқарылады:

1. Балаларды ересек адамдармен және өзіңің құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас құруға тәрбиелеу, бірігіп іс-әрекет жасауға үйрету.

2. Балалардың танымдылық белсенділігін, өзділігін дамыту.

3. Ойлау қабілеттерін, логикасын дамыту.

4. Балаларды өз бетімен ақпарат жинауға, өз қалауы бойынша материалды ұйымдастыру.

5. Жаңа тақырыпты дұрыс түсініп және есте сақтауға, алған білімдерін өмірлік жағдайларда қолдану.


    1. Лэпбук неден тұрады?


Лэпбук А3 папкасынан тұрады, оған қалташа желімденеді, жинамалы кітапша, терезелері және Лэпбуктың тақырыбы бойынша басқа да бөлшектері көрнекіленеді: қызықты ойындардан лексикаға дейін және әртүрлі керемет берілген ақпараттар негізінде.

Сізге не қажет?

- Лэпбукка басып шығарылған үлгілер;

- А3 пішіндегі қатты парақ қағазы немесе 2 А4 парағы;

- қайшы;

- желім;

- түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, түрлі-түсті қаламдар;

- скотч;

- ұшқыр ой

Интерактивтік әдістемесін құрастыруға қойылатын талаптар:

  • Оқу материалынын нақтылығы.

  • Іс-әрекеттің әр кезеңіндегі оқып жатқан материалдың бөлімдерінің логикалық өзара байланысы.

  • Өтіп жатқан тақырып бойынша көп ақпарат жинастыру.


    1. Лэпбук не үшін қажет?


1. Лэпбук балаға өткен тақырыпты өз қалауы бойынша ұйымдастырға, тақырыпты жақсы түсінуге және материалды есте сақтауға көмектеседі (әсіресе, егер сіздің балаңыз визуалды болса). Визуалды ересектерге де оқытудың мұндай түрі ұнайды.

2. Бұл өткен тақырыпты қайталау үшін тамаша тәсіл. Кез келген ыңғайлы уақытта бала жай ғана лэпбукты ашады және қуана-қуана өткен қайталайды, өз қолымен жасаған еңбекті қарастырады.

3. Бала өз бетімен жинауға және ақпаратты ұйымдастыруға үйренеді.

4. Лэпбук топта сабақ жүргізгенде қолайлы, онда бір мезгілде әр түрлі жастағы балалар оқиды. Тапсырманы деңгейге қарай таңдауға болады (кіші топтағы балалар үшін –карточкалармен қалташа немесе жануарлар пішінің, ал ересек немесе даярлық топтардағы балаларға жаза білуге және т.б. тапсырмалар) және осындай ұжымдық еңбек кітапшасын жасау.

5. Лэпбука құру ересектер мен балалардың бірлескен қызмет түрлерінің бірі болып табылады. Ал мүмкін тақырыптық аптаның немесе жобаның нәтижелерін ұсыну нысаны болып табылады.


    1. Лэпбуктің балабақшада мәні және қолдану барысы.


Лэпбук бір тақырып бойынша білімді жүйелейтін интерактивті қалта немесе мини кітапша. Кең тақырып ретінде ("Жыл мезгілдері", "Ауа райы" "Спорт"), жеке тақырып ретінде ("мысықтар", "қар", "алма") де алуға болады. Мұндай кітапшада тақырыбы бойынша зерттеу және білімдерін бекіту үшін калташалар , конверттер (оның ішінде иллюстрациялық суреттер) және көп жүйеленген қажетті материал бар.

Жаңа қызық ойын жасау арқылы жаңа ақпаратты тез меңгеріп алу және тиімді талқылап бекіту үшін лэпбукттер көмектеседі. Лэпбукті оқу қызметінде балаға қолдануға болатын ең қолайлы жас шамасы - 5 жас. Лэпбукті баламен бірге құрастыру процесінде, ол жаңа ақпаратты тез есте сақтайды. Бала тақырыптық материалмен жұмыс істеу барысында бақылау жүргізеді, тапсырманы орындайды, зерделейді және баяндай алады.

Лэпбук өткен тақырыпты балаға өз қалауы бойынша ақпаратты ұйымдастыруға, материалды жақсы түсінуге және есте сақтауға көмектеседі. Лэпбук өткен тақырыпты қайталату үшін тамаша тәсіл. Кез келген өзіне ыңғайлы уақытта бала өз қолымен жасалған кітапшасын ашып, өткен тақырыпты қарай отырып, қайталайды. Лэпбук бір топта әр түрлі жастағы балаларды оқытатын жақсы құрал. Әрбір баланың күшіне сай тапсырмалар таңдауға болады. (Кіші топтарға пішіндер немесе мәселен жануарлар бар карточкаларымен, ал ересек топтағы балаларға – жазуға дағдылайтын тапсырмалар және т.б.) да осындай ұжымдық кітапшалар жасауға болады. Лэпбукті құру ересек адам мен балалардың бірлескен қызмет түрлерінің бірі болып табылады. Бәлкім тағы да тақырыптық аптаны қорытындылау немесе жобаны ұсыну нысаны ретінде қолдануға болады. Болашақта бала ақпарат жинау арқылы жақсы дәрежеде рефераттар мен курсттық жұмыстар ұйымдастыруды үйренеді.


Лэпбука дайындау үдерісінің өзі өте қызықты. Менің бірінші дайындаған лэпбук "Seasons" (жыл мезгілдері) деп аталады. Лэпбукті құру үшін бірінші тақырыбын таңдадым, жоспарын, макетін құрдым. Содан соң безендірдім. Жыл мезгілі кітапшасында суреттер, дидактикалық ойындар, жыл мезгілінің ханшайымдары және т.б.бейнеленген.

Бұл үшін бізге қажет болатын материалдар:

картон негізі (картон қалта немесе пішімі А3қалың қағазды парақ);

қағаз (ақ, түсті немесе әр түрлі түсті);

принтер, қарындаш немесе фломастерлер, бояулар, қайшы, желім немесе скотч, қапсырғыш;

декоративтік элементтер қажеттілігі бойынша (кептірілген жапырақтар, журналдардан қиылған тақырыптық суреттер, түймелер, түйрегіштер және т.б.).

Лэпбукты құруды неден бастауға болады?


1. Лэпбуктың тақырыбын алдын-ала анықтау қажет. Тақырып кез келген болуы мүмкін – «Family», «Toys», «Colors», «Animals» және т.с.с. Негізге қандай да бір тақырыпты кешенді түрде зерттеп алуға болады. Тақырыптар ауқымды, күрделі болуы мүмкін, мысалы «Seasons» және жеке тақырыптар «Winter», «Summer» және т.б. таңдауға болады.

2. Сіз тақырыпты анықтағаннан кейін, лэпбукқа болашақ жоспар құрыңыз, сонымен қатар қандай тақырыпшаларды қамтиды, осы міне біздің кітапшамыздың мазмұны. 5-7-тармақтан құрауға (кітапшаларды) кеңес беремін, бірақ бұл жерде жалпы шектеу жоқ.

3. Әрбір тақырыпқа лайықты кітапша таңдаңыздар.


Лэпбуктің тақырыбын қалай таңдауға болады?

Лэпбукке тақырыпты ағылшын тілі пәніне құрылған жылдық жоспардан аламын. Жобаның әрбір жұмыс кезеңін нақтылау үшін перспективалық жұмыс жоспарын құруға болады.



Жобаның мазмұны. Жоба "Лэпбук" бір жылға есептелген, (5-7 жас) балаларға арналған, іс-шаралар аптасына 1 рет өткізіледі, олардың ұзақтығы 30 минут.


Жоспар құру


Тақырыпты толық ашу үшін, лэпбукті қамтитын заттарды анықтап, толық жоспарды құру қажет. Лэпбук тек қана суретті кітапша емес. Бұл оқу құралы. Сондықтан тақырыбын ашу үшін оны немен толықтыру керектігін ойластыру керек. Осы лэпбук арқылы жаңа материалды түсіндіру үшін жоспар қажет. Жоспарды құру арқылы біз лэпбуктің ішін көрнекіліктермен толықтыра аламыз.



Лэпбукті толықтыру үшін қоданатын құралдар:

Рисунок 5 Рисунок 3 Рисунок 3

  • қалташалар

  • конверттер

  • кітапшалар

  • блокноттар

  • бірнеше рет бүктелген беттер

  • қозғалмалы дөңгелектер


Көбіне мен ағылшын тілі пәнінде интерактивті әдістерді және түрлі ақпараттық технологияларды жаңа оқу қызметін түсіндіргенде, және қорытынды сабақта қолданамын. Оқытудың басқа әдістеріне қарағанда, интерактивтік әдіс оқытушының жоғары белсенділік танытуын талап ететін әдіс. Ағылшын тілін оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешені –балалардың танымдық қабілетін жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады.Сондай-ақ оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтордан алынған әлемдік жағдайлар, педагогикалық технологиялардың түрлі әдіс – тәсілдері, комуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кең қолданылады. Техникалық құралдарды пайдаланудың ең тиімді жағы уақытты ұтасың, дәл, тиянақты оқу-материалдарын алдын-ала дайындап, балаларға көрсетіп отырсаң балалар қызығады, тапсырмаларды орындайды, жасамай,үлгермей отырған оқушы болмайды, себебі оның алдында бәрі дайын тұр. Сонымен қатар мұғалім қазіргі мектепке дейінгі ұйымдарда ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Active Studio бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпыну керек.Ағылшын тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс.

Осы жобада жаңа технологияны пайдалана отырып Лэпбуктің электронды түрін құрдым. Бұл тізе кітапшасынан айырмашылығы бұл лэпбукті интерактивтік тақта арқылы көруге болады, лингафондық құрал-жабдықтармен жетілдірілген, аудио – видео тыңдалынып, көрсетіледі. Барлық балаға көрнікті жерде. Лэпбук бойынша жұмыс жасау жөнінде нақты бір тақырып алдым. Ол келесі тақырып: «On the farm» - «Фермада». Осы тақырыпқа 8 қалташа кіреді, әр қалташада тақырыпқа байланысты тапсырмалар берілген.

Бірінші “What is it?” – «Бұл не?» қалташасында үй жануарларының суреттері жасырылған. Балаларға жануарларды көрсетіп, бұл не?- сұрағын қояды. Балалар бұл қай жануар екендігін көру арқылы айтады.

Екінші «Voices» - «Дауыстар» қалташасында жануарлардың суреттері бейнеленген. Бір жануардың үстіне басқан сәтте дауысы шыға бастайды. Осылайша қай жануар қандай дауыс шығаратынын балалар есту арқылы есте сақтай алады.

Үшінші қалташада «Барлығы қанша?». Бұл қалташада балалар қорада қанша жануар бар екенін санап, сұраққа жауап берулері тиіс.

Төртінші қалташада «Video». Бұл қалташада балалар тақырыпқа байланысты ферма туралы видео көре алады.

Бесінші қалташада «Audio». Ферма туралы ән тыңдау арқылы, жаттау.

Алтыншы қалташада «Дидактикалық ойын».

Жетінші қалташада «Жануарлардың түстерін тап».

Сегізінші қалташада: «Жаңа сөздер».

Балалар электронды лэпбук арқылы тапсырмаларды да орындай алады, есту, көру арқылы өлеңдерді де жаттай алады. Ферма тақырыбын толығымен меңгере алады.





ІІІ. Қорытынды


«Бала біздің - болашағымыз «ЭКСПО – 2017» Болашақтың энергиясы» Халықаралық ғылыми жоба аясындағы көрмеге менің таңдаған тақырыбым: " Лэпбук - мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың қазіргі заманғы құралы". Жоба үш кезең арқылы іске асырылды:

Дайындық кезеңі: Лэпбук – жаңа қызмет түрін зерттеу.

Дайындық кезеңінде педагогтар жаңа кызмет түрімен танысты, лэпбук туралы ақпарат зерттелді.

Негізгі кезең: Лэпбуктің жасалу жолдарын анықтау арқылы, лэпбуктің құрылымы «Seasons» тақырыбы арқылы ашылды;

Талдау кезеңі: Лэпбукті іс жүзінде қолдану. Құрылған электронды лэпбукті «On the Farm» тақырыбы арқылы талдау.

Қолдан жасалған лэпбук пен электронды лэпбуктің айырмашылығы мен тиімділігін көрсету:


Shape1


Бала біздің – болашағымыз. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Әр кәсіптің өз жемісі бар. Біздің жемісіміз – алдымыздағы шәкірттер. Олар – біздің бүкіл ұстаздық өміріміздің жемісі.

Олай болса, ұстаздар тек тәрбиелеп қана қоймай, жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы терең білім беру арқылы, балалардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдірейік.

«Бала біздің - болашағымыз «ЭКСПО – 2017» Болашақтың энергиясы» Халықаралық ғылыми жоба аясындағы көрмеге ұсынатын жаңа технологиялық әдісті қолданатын болсақ, ұйымдастырылған оқу қызметтерін жүргізу ұтымды және тиімді әрі сапалы болар еді.

Лэпбук - мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың қазіргі заманғы құралы ретінде пайдаланатын болсақ:

біріншіден, мұғалімдерге;

екіншіден, балаларға,

үшіншіден, ата-аналарға септігін тигізер еді.


Shape2

«Лэпбук - мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың қазіргі заманғы құралы» тақырыбы қазылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдауын тапса екен деген сенімдемін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!