Материалдар / Lesson study — Мұғалімдердің білімін қалыптастыру және оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Lesson study — Мұғалімдердің білімін қалыптастыру және оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну. Практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2023
259
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Lesson study — Мұғалімдердің білімін қалыптастыру және оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі

Мақсаты:  Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну.

Практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.

Күтілетін нәтиже:

Мұғалімдер

  • Lesson Study үдерісін;

  • оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын;

  • Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді.

Әдісі: топтық жұмыс, диалогтік әңгіме, ашық және жабық сұрақтар, таныстырылым,  қысқаша қорыту, қорытынды.

Сабақ барысы:


кезең

әрекет

Күтілетін нәтиже

уақыт

ресурстары

1

Тапсырма: «Топтау»

Ортаға фото суреттер тасталады

Сын тұрғысынан ойлайды

5 мин

фото суреттер

сабақтан көріністер

2

Топқа бөлу

Ретпен 1-3 ке дейін санайды


Шағын топтарға бөлудің мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптасады

1 мин


3

Тапсырма: «Таңда»

Топтарға өздеріне ұнаған фото суреттер топтамасымен жұмыс

Фото суреттер топтамасы арқылы постер жасайды

7 мин

Қағаз А2

4

Тапсырма: «Қорға»

 Топ болып немесе топ мүшесі өз жұмыстарын таныстырады

Фото суреттер арқылы бақылау жасап ой қорытады

10 мин

Постерлер

5

Таныстырылым «Lesson Study тарихы»

Коучті тыңдайды


«LS» туралы түсініктері қалыптасады

5 мин

ауызша

АКТ






6

Сергіту сәті

Клип

Шаршағандарын басады

2

мин

Клип mp4

7

Тапсырма: «LS» мектепте енгізуге болама

Пікір талас

«LS» мектепке енгізудің қажеттігін түсінеді

10

мин

ауызша

11

Рефлекция

Ойларын қағазға түсіреді

Қорытынды жасап үйренеді

5

мин

түрлі-түсті қағаздар

 

 «Lesson study — Мұғалімдердің білімін қалыптастыру және оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі» тақырыбы бойынша жұмыстар есебі.

Мектепте «LESSON STUDY» тобын құру    көп дайындықты қажет етті.   Бұл топқа мектептегі мұғалімдер Эменкулова Наргиза сертификатталған 3- деңгей орыс тілі пәні мұғалімі, Эшанкулова Парахат орыс тілі пәні мұғалімі, Ахметова Нигора және Османалиева Насиба ағылшын пәні мұғалімі, Аташев Абдирахим және Усманов Элдар тарих пәні мұғалімдері тартылды. Зерттеу кезінде, қызығушылық танытып, сабаққа қатысқысы келген әріптестер болды. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын, мектептегі мұғалімдер үшін таныстырылым өткіздім.                                                           

  Сабақ жоспары                                                                                

 Сабақтың тақырыбы: Lesson study — Мұғалімдердің білімін қалыптастыру және оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі                                                  

Мақсаты:  Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну.                                                                                          

  Практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.                  

Күтілетін нәтиже:      Мұғалімдер      ·Lesson Study үдерісін;                                                                                

·оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде ·Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын;                                                                              

·Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді.                                                                                             

  Әдісі: топтық жұмыс, диалогтік әңгіме, ашық және жабық сұрақтар, таныстырылым,  қысқаша қорыту, қорытынды.                                                

Алдымен әр түрлі «мектеп», «өзгеріс», «мен», «оқушы» «әкімшілік» деген сөздер жазылған стикерлер жапсырылған конфеттер таратып топқа бөлдім. Содан кейін алдын ала дайындалып қойған фото суреттер бар столға жақындап, фотолармен жұмыс жасауды ұсындым. Мұғалімдер фотоларды сұрыптап бөлді. Енді осы фотолардан бір тобын таңдап алып, топта талқылап ойларын постерге түсірулерін сұрадым. Мұғалімдер постерлерін қорғады. Оысдан кейін «Lesson Study» таныстырылымын ұсындым.                                     Одан кейін топ мүшелерімен отырыстарда, зерттеу тақырыбын анықтадық: «Топқа бөліп оқыту арқылы, оқушылардың өз бетімен білім алуына мүмкіндік беру».  Зертеу барысында бақылауға үш А В С оқушы алынды. Зерттеу аяқталғанша осы оқушыларды кім бақылайтынын келістік.           

  Lesson Study, бірінші сабақ тақырыбы:                                                                                                      

Lesson Study, екінші сабақ тақырыбы:

Lesson Study, үшінші сабақ тақырыбы:

LS” қадамдарын: Жоспар, Зерттеу сабағын ұйымдастыру ,Бағалау, Іс-әрекет ретімен орындалды.                                                                                 

  “LS” тәсілін іске асыру барысында, оқушылар өздерін еркін ұстады. Бақылауға алынған үш оқушы үнемі назарда болды.  Бақылаушылар түрегеп жүріп бақылады. Алдын ала бақылауға алынған оқушыларға мінездеме берілді, болжаулар жасалды. Жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамды салыстырып, “зерттелетін  оқушы” оқуын қадағалап, айырмашылықтар себебі анықталды. Сыныптың тұтастай оқытылуы қамтамасыз етілді.

Топ ұйымшылдықпен жұмыс жасалды. Зерттеу нысанасы ретінде алынған,    7 «А» сыныбының оқушылары сабақтарда белсенділік танытты. Зерттеуге қатысқан мұғалімдер топтық жұмыстың жүру барысында мен оқытудың сындарлы теориясына негізделген әдіс –тәсілдердің жүзеге асқанының куәсі болды. Зерттеу аяқталған соң бақылау қағаздарына түскен жазбалар талданып, зерттеу қорытындысы шығарылды. Сабақта оқушылар өз бетімен білім алуға жетісті.

№№№№№№№» тақырыбында тарих пәнінен сабақ өткізілді. Сыныпта жақсы ахуал қалыптастыру үшін мұғалім сабақты ең әуелі сәттілік тілеуден бастады. Үй тапсырмасын тексеру барысында оқушыларға ең алдымен өткен тақырыпты еске түсіру үшін сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Сол арқылы шағын топтарға семантикалық карта беріліп, топ басшысы оқушыларды бағалады.

Жаңа тақырыпты 4 топқа бөліп беріп, оқушы берілген тақырыпшаны өзі оқып, топ ішінде талдап, жоба қорғауға тиіс болды. Жоба қорғау барысында көшбасшы оқушылардың топты алға жетелеуі анық көрінгенімен, кейбір оқушылардың тіл байлығының аздығы, көпшілік алдында қысылып, өз пікірін ашық айта алмайтыны байқалды. «Қазақстанның Ресейге қосылуының маңызы бар ма?» тақырыбында ой бөлісу кезінде әр топтан бір-екі оқушы өз ойларын айтқанмен, өте қысқа жауап беріп отырды. Оқушылардың тіл байлығының аздығы бұл сұрақты ашып, толық айтуға кедергі болды. Зерттеуге алынған оқушылармен сөйлескенде материалдың молдығын және оны меңгеруге уақыттың тапшы екенін атап өтті.

Жалпы белсенділік, бәсекелестік - екіжақты үдеріс. Рефлексивтік–практик (Дональд Шон) ретінде теориялық тұжырымдамаларға сүйене отырып, тәжірибе барысында диалогтік оқытуды негізгі нысанға алып, сыныпта, оқу және оқыту үдерісінде белсенділік, бәсекелестік жағынан өзгеріс енгізіп, «іс- әрекеттегі толғаныс» жүргізіп отырсақ, бұл біздің тәжірибемізге сын қарауға, неге осындай іс-әрекет жасағанымызға мүмкіндік беретініне, тәжірибемізге қатысты бірқатар  ойлар мен сұрақтар  анықтауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздік.

Диалогтік оқыту– белсенді, бәсекелестік атмосфера тудырудың кепілі. Тәжірибедегі «белсенді емес сыныптың» мәселесі бірден шешілмейді, бірақ оқушыны топтық жұмысқа тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға бейімдеуді және «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» үдерісін үнемі дағдыға айналдырсақ, үнемі оқушы пікірімен санаса отырып, оларға  ұнайтындай  әдістерді қолдана отырып  сабағымызды жоспарласақ ғасырдың талабына сай сындарлы ой айта алатын жеке тұлға тәрбиелей аламыз деген ойға келдік.

Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу деген бұрын болмаған еді, Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін  бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп,  соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады.

Қай кезде  де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші  ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса,  өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де  санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Lesson Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған  ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.

Жаңа форматтағы  біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдер жаңа форматтағы мұғалімдер қатарына жатқызуға болады, ал жаңа форматтағы мұғалім   деген атқа ие ұстаз үнемі алдыңғы қатарда болуы керек, үздіксіз білім алуды, тәжірибе алмасуды  мақсатқа айналдыруы тиіс.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!