400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Lesson Study тиімділігі қандай?

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласында әдіс-тәсілдің көптеген түрлері белгілі. Олардың әрқайсысы өзіндік тиімділігімен педагог қауымның назарын аударуда. Бүгін Lesson Study әдісінің пайдасына назар аударамыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Lesson Study тиімділігі қандай?


Білім беру саласында әдіс-тәсілдің көптеген түрлері белгілі. Олардың әрқайсысы өзіндік тиімділігімен педагог қауымның назарын аударуда. Бүгін Lesson Study әдісінің пайдасына назар аударамыз.

Ұстаз қанша жерден қырағы, жігерлі болғанымен ол жалғыз өзі аңғара алмай жатқан шәкірттің болмысында ерекше қырлары болуы мүмкін. Байқай алмай жүрген қандай ұстаз деп қаларсыздар? Мұғалімнің алдында 25-30 оқушы отырса, педагог жалғыз өзі әр оқушысының сабақ барысындағы іс-қимылын зерттеп-танып болғанша оқу жылының едәуір бөлігі өтіп кетпек. Міне, осы жағдайда ұстазға Lesson Study тәсілі, нақтырақ айтқанда, сабақты зерттеуге қатысатын әріптестері көмектеспек.

Бұл ойым түсініктірек болуы үшін мысал келтірейін. Мен сабақ өтіп жатырмын делік. Сабағыма үш әріптесім қатысты. Әр қайсысы байқатпай ғана 5-6 оқушының сабақ үстіндегі мінезін барлап отырды. Сабағым бітті. Сабаққа қатысқан мұғалімдерден көптеген мәлімет алатыным сөзсіз. Шәкірттерім туралы. Одан басқа ше? Сабағымды зерттеушілер ол оқушыларға бұрын сабақ берген болса, тіпті керемет.

Оқушының білім алуына отбасы жағдайы, дәл сол уақыттағы эмоциялық-психологиялық ахуалы шешуші әсер ететінін сөзсіз. Бұл жерде де сабағыма қатысып, оқушыны зерттеген әріптестерім тиісті ақпаратпен бөліседі.

Міне... Сосын мұғалім үшін жұмбақ жағдайлар түсінікті болып, оқушыларының қайсысына қандай қарым-қатынас түрін таңдайтынын анықтай алады. Бұл - педагогке Lesson Studyдің көмегі.

Өз басым бұл әдісті оқушылардың сан қырын тану үшін, онымен қалай сөйлесу керектігін білу үшін тиімді деп есептеймін. Теорияны меңгертуде өзіміздің баяғыдан келе жатқан тәсілдер өте жақсы. Баланы ынталандыру, арқаға қағып, қанаттандыру, шығармашылық қабілетін тану бұрынғы әдістерде де бар.

Дәстүрлі әдіс жаман болса, неге біз ҒТР көшіне ілесе алып отырмыз? Кешегі Одақ дәуірінің дәл осы білім беру саласындағы тәсілдері бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелеп шығаратынына дау жоқ.

Сөз соңында айтарым, кешегі заман тәсілі мен бүгін мектепке кіріп жатқан әдістердің әрқайсысын ой елегінен өткізіп отырып пайдаланса, мектеп те педагог те ұтылмайды. Ізденетін, талдайтын мұғалімнің еңбегі жемісті болмақ.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.05.2024
188
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі