Материалдар / Lesson study зерттеу сабағы бойынша рефлексивтік есебі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Lesson study зерттеу сабағы бойынша рефлексивтік есебі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін нәрсе, ол – білім» -деп ұлы тұлға М. Әуезов айтып кеткендей, білім – бұл қоғамның ең жауапты, ең қастерлі саласы. Лессон Стади зерттеу сабағының теориясы бойынша оқушының оқуына,мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін ең тиімді тәсіл-бұл зерттеу сабақтары,яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту үшін бірлескен жұмыс тобын құрып рефлексифтік-практик ретінде осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек,өзіміздегі өзекті проблеманың шешуін табамыз деген ойға келдік.
Авторы:
26 Тамыз 2024
175
3 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Алматы қаласы Алатау ауданы

152 мектеп-гимназиясының тренері

Исагулова Баян Таңатарқызының



Lesson study зерттеу сабағы бойынша рефлексивтік есебі.

Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін нәрсе, ол – білім» -деп ұлы тұлға М. Әуезов айтып кеткендей, білім – бұл қоғамның ең жауапты, ең қастерлі саласы.

Лессон Стади зерттеу сабағының теориясы бойынша оқушының оқуына,мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін ең тиімді тәсіл-бұл зерттеу сабақтары,яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту үшін бірлескен жұмыс тобын құрып рефлексифтік-практик ретінде осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек,өзіміздегі өзекті проблеманың шешуін табамыз деген ойға келдік.

Бұл бағдарламаның бір ыңғайлы және тиімді жері – жасалынған іс-әрекеттің қатып қалған қағидасы жоқ. Бағдарламаның негізгі идеясын түсініп, мектептің, оқушының және мұғалімнің мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге қол жеткізу үшін қолжетімді, тиімді қадамдар жасауға болатынына көз жеткіздік

«Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны» – деп, неміс халқының ақын-жазушысы Иоганн Гете айтқандай, зерттеу сабағын тәжірибеге енгізу барысында, біраз қиындықтар болды, тығырыққа тірелдік. Бірақ «қиын болды» деп ісімізді аяқсыз қалдырмадық. Қиындық туғызған проблеманы бірлесе, ақылдаса отырып шешуге тырыстық. Соның нәтижесінде өткізген зерттеу сабақтарымыз біршама нәтиже берді. Бұл зерттеу сабағын ұйымдастыруда Лессон Стади зерттеу сабағы бойынша нұсқаулықты және А. Әлімовтың «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану» атты оқу құралын басшылыққа алдық.

Lesson study – дің басты мақсаты: Оқушыларға білім алуға көмектесу;

Топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.

Зерттеу сабағын жүргізу үшін:

– L.S. зерттеу тобын құрдық. Зерттеу тобындағы тәжірибелі мамандар сабақ береді ал жас мұғалімдер бақылаушы ретінде зерттеуге қатыстырылды.

– Зерттейтін сыныпты таңдауда бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Ақылбекова Н.Ә. және пән мұғалімдерімен бірлесе ақылдаса отырып, зерттеуге 4«Д» сыныбын алдық. Себебі, ол сыныпта білім сапасында артта қалушылық байқалған болатын. Зерттелетін пәндерді мұғалімдердің ұсынысы бойынша;

1.Орыс тілі сабағы.Туғамбаева Н.С.

2.Математика сабағы.Мұратова А

3.Дүниетану сабағы.Кеңесова Ж.Ж деп ұйғарым жасадық.

– Келесі қадам – осы сыныптағы проблеманы анықтау болды. Осы мақсатта осы сыныпқа сабақ беретін негізгі пән мұғалімдері сабақтағы проблемаларын Лессон Стади бұрышына жазып, бірнеше проблемалар анықталды. Одан кейін зерттеуші топтың отырысы болды. Бұл отырыста осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды. Ортақ негізгі проблеманы: «Тиімді әдіс-тәсілдерді топтық жұмыстарда қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға бола ма?» – деп алдық.

– Зерттелетін пәндердің пән мұғалімдерімен, сынып жетекші және өзім тренер мамандар бірігіп, бақыланатын оқушылырды анықтады. Мұнда А оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. В оқушысы – сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал С оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы.

– Сынып жетекші мен зерттеу тобы мүшелеріні көмегімен 4 «Д» сынып оқушыларының топтық жұмыстағы дағдыларының деңгейін анықтайтын сауалнама құрастырылып, алынды.

Сауалнама қорытындысында:

Топтық жұмыста көшбасшы болған саған ұнай ма? деген сұраққа 24 оқушының 9-ы ешқашан деп жауап берген.Топтық жұмыста әр оқушыға рөлдік тапсырма бергенін қалайсың ба? дегенде 18 оқушы ия деп қалғандары жоқ деп жазған. Демек, оқушылармен топтық жұмыс жасаудың түрлі әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру арқылы нәтижеге жетуге болатынын түсіндік.

– Оқушы үнін ескеру мақсатында олардан сұхбат алынды.

Проблеманы шешу үшін «Топтық жұмыста қалай белсенділік танытуға болады?», «Ол үшін қалай жұмыс жасаймыз?», « Қандай әдіс-тәсілді қолданамыз?» – деген сұрақтар айналасында талқылау жасалынды. Осы талқылаудағы ұсыныстарды және оқушы үнін ескере отырып, орыс тілі пәнінің мұғалімі Туғамбаева Н.С апай №1 зерттеу сабағының жоспарын жасап келді.

– Орыс тілі пәнінің мұғалімі Нағима апайдың №1 зерттеу сабағының жоспарын талқыладық та, талқылау барысында тағы да ұсыныстар айтылды. Осы ұсыныстарды ескеріп, қайта жоспарладық. Біз бұнда оқылым дағдысын қалыптастыруды және топтық жұмысты ерекше етіп ұйымдастыруды басты назарда ұстадық.

– Осы соңғы жоспар бойынша сабақ өтілді, оқушыларға бақылау жүргізілді.Бақылаушы жас мамандар Мұхамеджанова Фариза,Рүстембай Іңкәр және Ғабдолла Арайлым бекітілді.

– Зерттеу сабағының оқушыларға әсерін білу үшін, бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынды.

– 1 зерттеу сабағыны талдау жүргізілді, бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеті талданып, сабақтың сәтті, сәтсіз тұстарын анықтадық та, сәтсіз тұстары бойынша қайта жоспарлап, зерттелетін 2-ші пән бойынша №2 зерттеу сабағының жоспарын бірлесе құрдық. Әрине, мұнда «оқушы үнін» ескеріп отырдық. Ал оқушыларды бақылауда мұғалімдердің бақылау дағдысы қалыптасқанша әдістемелік көмек,бағыт-бағдар беріліп отырылды.

– Осы қадамдар бойынша №3 зерттеу сабағын да бірлесе жоспарлап, №2 зерттеу сабағының сәтсіз тұстарын ескеріп, қайта жоспарлап өткіздік.

1 зерттеу сабағы орыс тілі сабағында: Сабақтың тақырыбы: «Архитектурные памятники» болды. Оқушыларға түрлі-түсті слаймдар таратылды,сол бойынша топтарға бөлінді.

«Собери мячи в три корзины» ойын әдісі арқылы тапсырманы орындау болды. Нәтижеде, А оқушысы – өз деңгейінде жауап берді, ал В оқушысы – түсінгенін жазғанымен, мәтінге тақырып қоя алмады. С оқушысы – өз ойын, түсінігін жаза алмады. Сабақтан кейін, бақылаудағы оқушыларлардың сұхбаттарынын «Жылдам жауап беруге бағытталған» әдістен қобалжып, өз ойларын білдіре алмағанын байқадық, келесі сабақта оқушыларды орнында отырып жауап беретіндей әдіс таңдау қажеттігін білдік. Сөйтіп, заманауи әдістерді қолдануды жоспарладық.

2 зерттеу сабағына тоқталсақ, зерттеу сабағы математика пәні болды. Сабақтың тақырыбы: «Өнімділік.Бірлескен жұмыс». Пән мұғалімі: Мұратова Арай жоғарыдағы ұсыныстарды ескеріп сабақ жоспарын жасап келді. Жоспарды зерттеу тобында тағы да талқылап, қайта жоспарлап, соңғы жоспар бойынша сабақты өткізілді. Оқушылар бақыланды. Жоспарлағанымыздай оқушылар орнында отырып жауап бергендіктен, оқушыларды қобалжу болмады. Бұл сабақта жаңа тақырып аз бөліктерден жұптарға бөлініп берілді. Жұптағы 1-ші оқушы мәселе есепті оқып, жұбына: «Сен қалай ойлайсың, есепте не туралы айтып тұр?» немесе «Есепте не белгісіз тұр? деген сияқты сұрақтар қойды. Ал 2-ші оқушы түсінгенін өз сөзімен айтты, ал 1-ші оқушы 2-шіге «Өте жақсы түсініпсің, жарайсың!», «Жақсы, бірақ, түсінгеніңді өз сөзіңмен айтып үйрен!» деген сияқты кері байланыстар берді. Сабақта оқушылар бірін-бірі тыңдап, қызығушылықпен жұмыс жасады. Бұл сабақта оқушыларда ой еркіндігі пайда болып, ойларын дұрыс тұжырымдар айтуға тырысты. Сабақ барысында « Домбыра», «Құлып», «Гугл» «Ноутбук» әдістерінің тиімділігін байқадық. А оқушысы – жұбымен ынтымақтаса жұмыс жасаса, В оқушысында белсенділік пайда болып, қолын көтеріп сабаққа қызыға қатыса бастағанын байқадық. Сол сияқты С оқушысының да сабаққа қызығушылығы оянып, сабаққа қатыса бастағаны сабағымыздың сәтті жағы болса, сәтсіз тұстарына кей жұптардың (деңгейлері әртүрлі) деңгейі жоғары оқушы көшбасшылықты өз қолына алып кеткені, мәтін есептің шығарылу жолын айтуда С оқушысы ойын жеткізе алмағанын айтуға болады. Осы сәтсіз жақтарын келесі сабақта қарастыру қажеттігін білдік.

3 зерттеу сабағы дүниетану пәні болды. Пән мұғалімі және сынып жетекшісі Кеңесова Жанна апай .Сабақтың тақырыбы: «Спорттық жарақаттанудың алдын-алу шаралары». Бұл сабақта «Төңкерілген сабақ» әдісін қолдандық. Оқушылар топ болып та,жұп болып та жеке де жұмыстар жасады, тапсырмалар орындады. Осы тапсырманың орындалуын мәтіннен оқыды. Тапсырманың 1-ші орындалуы мәтіннің мағынасын түсінуге үлкен көмегі болды. Нәтижесінде оқушылар спорттық жарақаттанудың алдын-алу ережесін өздері тұжырымдады. Сабақты бекіткенде өмірмен байланысты тапсырмалар беріліп, оқушылардың қызығушылығын арттырдық. А оқушысы – жұпта жұмыс жасап, өзіндегі ақпаратпен бөлісуді үйренді. В оқушысында белсенділік пайда болып, ойын қысылмай еркін айтуға үйренді. Ал С оқушысының сабаққа қызығушылығы оянды. Жалпы, осы үш сабақты қорытындыласақ, сабақтарда оқушылардың қызығушылықтарымен санаса отырып тапсырмаларды және әдіс-тәсілдердің ең тиімдісін таңдай білу қажеттігін түсіндік. «Әрбір бала – жұлдыз» – демекші әр оқушыға өз деңгейінде білім қалыптастыру үшін Лессон стади сабақтарының тиімділігіне тағы бір рет көз жеткізгендей болдық.

Сонымен, L.S. зерттеу сабағының тиімділігі:

  • Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.

  • Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.

  • Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.

  • Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.

  • Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.

  • Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.

  • Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.

  • Оқушының оқуы жақсарады.

  • Функционалдық сауаттылығы дамиды.

  • Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.

Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы

сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік.

Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.

К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық. Осы жолда, алла сіздерге күш-қуат берсін

4 «Д»сыныбындағы білім сапасы 68% дан 72% ға көтерілгенін байқадық.



Алматы қаласы Алатау ауданы

152 мектеп – гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі

Кенесова Жанна Жаксылыковна



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!