Материалдар / Литосфераның құрылысы мен заттық құрамын анықтау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Литосфераның құрылысы мен заттық құрамын анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
География пән мұғалімдеріне арналған ашық сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2018
625
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімдік жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.3.1.

Күні:

Сынып: 7 сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы


Литосфера


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сәйкес)

7.3.1.1.

Литосфераның құрылысы мен заттық құрамын анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Жер қабықтарының атауларын біледі,литосфераны сипаттай алады.


Оқушылардың басым бөлігі: Литосфераның қабаттарын,бөліктерін,құрылысын біледі.


Кейбір оқушылар: Литосфера қабаттарының қалыңдығын,құрылысын,заттық құрамын және тереңдікке байланысты температураның өзгеретіндігін,жер қыртысы құрылымын,геологиялық жыл санау,жер қыртысының даму кезеңдерін біледі.


Бағалау критерийі



Білу; Жер қабықтарын сипаттап біледі.

Түсіну; Литосфера жайында түсінеді,құрылысын ,бөліктерін сипаттайды.

Талдау; Жер қыртысы құрылысына талдау жасайды.

Қолдану; Алған білімде өмірде қолдана алады.

Бағалау; Литосфераның тіршіліктегі маңызын сипаттайды.



Тілдік мақсаттар


Оқылым-тыңдалым: Мәтін мен суреттерді пайдалана отырып литосфера құрылысын анықтайды.

Оқылым-жазылым: Дәптерге литосфера қабығының қабаттары,қалыңдығын жер қыртысының даму кезеңдерін жазып алады.



Құндылықтарға баулу


-шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

-қарым-қатынас жасау қабілеті;

-өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

-денсаулық,достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

-өмірбойы оқуға дайын болу;


Пәнаралық байланыс


Жаратылыстану,физика,химия,биология



Алдыңғы білім


6 сыныпта Жердің қабықтары тақырыбынан,жаратылыстану пәнінен біледі.



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы


0-3 минут









Үй тапсырмасын пысықтау

«Қорапшадағы сұрақ» әдісі

03-10 минут

1.Сәлемдесу,түгендеу.

2.Оқушыларға жағымды орта қалыптастыру.

3.Оқушыларды Жер қабықтары атаулары бойынша топтарға бөлу,топбасшыларын тағайындап,бағалау парағын тарату.Оқушыларды «Мозайка»әдісін қолданып топтарға бөлу.

1топ-Атмосфера

2 топ-Литосфера

3 топ-Гидросфера

4 топ-Биосфера

Үй тапсырмасын сұрауда «Қорапшадағы сұрақ» әдісін қолданамын.Оқушылардың алдыңғы білімдерін еске түсіру үшін әр топ

3 сұрақтан дайындап қорапшаға салып,топтар бір-бірімен алмасады,сұрақтарға жауап береді.

Бағалау парақтары. таратпалар

«Мозайка» сурет







Қорапша,сұрақтар

Сабақтың ортасы

«ДЖИКСО» әдісі бойынша мәтінді оқып өзара талдау,қағазға түсіру,постер жасау,қорғау.


10-30 минут



























«Жасырын стикер» әдісі

31-38 минут


Оқушыларға суреттер таратылып,суреттегі бейнелердің Жердің қайсы қабығына тиісті екендігін сұрайды.Жаңа сабақтың қандай тақырыпта өрбитіндігін оқушыларға еске түсіреді.

1 топ:Жер қыртысының дамуына әсер етуші күштер.

Дескриптор:

-Жердің ішкі және сыртқы күштер жиынтығы қалай аталады;

- Жердің ішкі және сыртқы күштеріне мысал келтір;

-Жердің ішкі және сыртқы күштерінің әсерінен литосферада қандай өзгерістер болады

ІІ топ:Литосфера құрылымын,қабаттарын сипатта.

Дискриптор:

-литосфера қандай қабық;

-литосфера қандай қабаттардан тұрады,қалыңдығы;

-жер қыртысы құрылымы мен қалыңдығына сипаттама бер;

ІІІ топ:Жер қыртысын түзетін жыныстар.

Дескриптор:

-Тау жыныстарын пайда болуына қарай жікте;

-Мысалдар келтір;

-тау жыныстарының маңызы

ІҮ топ:Геохронологиялық жыл санау,геохронологиялық кесте.

Дискриптор:

-геохронологиялық жыл санау,кесте деген не;

-геохронологиялық кестеде нелер көрсетіледі;

-жер қыртысыны даму кезеңдерін,ұзақтығын ата;

«Жасырын стикер» әдісі арқылы оқушылардың орындықтары артына 1-6 сандары жазылған стикерлерді жабыстырып кетемін.Оқушылар стикердегі саны бойынша сұрақтарға жауап береді.


Сұрақтар:

1.Литосфера қандай қабық,қандай қабаттардан тұрады?

2.Жер қыртысы құрылымын ата.Қандай қабаттардан тұрады?

3.Жердің ішкі/эндогендік/,сыртқы/экзогендік/ күштеріне мысалдар келтір.

4.Тау жыныстары пайда болуына қарай қалай бөлінеді?

5.Жер қыртысының дамуы қандай кезеңдерге бөлінеді?

6.Геохронологиялық кестеде нелер көрсетіледі?


Маркерлер,

флипчарттар,

стикерлер,

түрлі-түсті қағаз,

қалам,

желім





























Стике мен пирамида суреті

Сабақтың

соңы

38-45 минут

Үйге тапсырма:

1.Литосфераның қай қабаттары аз зерттелген?Неге?

2.Алғашқы геохронологиялық кесте қашан қабылданған?

«Кері байланыс»






Б.Ү.Ү. кестесі

Саралау - Сіз қандай тәсілмен қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Қабілетті оқушыларға «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы күрделі тапсырмалар беру







Топ басшысы бағалау парақшаларына бағалау жүргізеді.Өзін-өзі,бірін-бірі бағалайды,












Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Сабаққа қойған мақсатыма қол жеткізе алдым деп ойлаймын.


Сабақ жоспарында ауытқулар болмады.

Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.Оқушылардың тақырыпты топ болып меңгеруі мен қорғауы.

2.»Жасырын стикер» әдісі.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді ( оқыту мен оқуға қатысты )?

1.Оқушылар білімін үнемі жаңа ақпараттармен толықтырып отырса,өз ойын анық,ашық жеткізсе сабақтың өтілуіне,уақыттың үнемделуіне әсер етіп тапсырмаларды көбірек орындауға мүмкіндік жасар еді

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назр аудару қажет?

Жылдамдықты арттыру,тапсырмаларды көптеп қолдану.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!