Материалдар / Логогрифтер құрастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Логогрифтер құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып бойынша факультатив сабақтарында немесе сабақ барысында оқушыларға логогрифтер құрыстыртып, ойлау қабілетін, логикасын дамытуға болады деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Маусым 2018
2003
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Логогрифтер құрастыру 1 - сабақ

Мақсаты: Оқушыларға логогриф туралы түсінік беріп, оларды құрстыра білуге үйрету, Орал қаласының тарихымен таныстыру, туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: топтық, әңгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: карточка, сызбалар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Шаттық шеңбері.

Армысың асыл күн!

Армысың асыл жыр!

Армысың көк аспан,

Армысың жан досым

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым..

ІІ. Жаңа материалды меңгерту.

Мағынаны тану.

Логогриф - бір әрібін алып немесе қосқанда алынатын жұмбақ сөз. Мыс: Куб- Куба, Іл-Іле, Ер-жер, Әсел-сел т.б.

Топпен жұмыс.

І қатар: Бастапқы сөз беріледі, ары қарай сөз ойлап табады.

Ора- Орал

Ара-Арал

Атыс- Батыс

ІІ қатар:

Жыр-жыра

Метр-метро

Барыс-Арыс

ІІІ қатар:

Азан-сазан

Ығыс-шығыс

Ол - қол

Дәптермен жұмыс.

Арал, Батыс сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.

Сергіту сәті.

Суретпен жұмыс.

Логогрифте кездеске Орал сөзіне байланысты қала туралы қысқаша мәлімет беру.

Орал қаласы туралы мәлімет

Орал қаласының негізі 1613 жылы қаланған. Ол каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан. Орал қаласы 700 шаршы километрден астам жерді алып жатыр. Қалада жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Жағасынан Жайық өзені өтеді. Өте әдемі көне қала. Қаламызда көрікті жерлер, көшелер, ғимараттар, оқу орындары, ескерткіштер көптеп саналады. Қаланың атауы Жайық қалашығы, Орал, Теке содан кейін Орал қаласы деп қайтадан өзгертілді.

Қаламызда 2 үлкен театр бар. Драма театр және Островский театры. Драма театрында қазақша көріністер, ертегілер көптеп қойылады. Ал Островский театрында актерлер мен актрисалар орыс тілінде қойылымдар көрсетеді.

Сонымен қатар ерлік пен батырлықтың белгісі «Стелла» бар. Бұл жерде Ұлы Отан соғысының батырларына арналып, «мәңгі алау» жағылып тұрады.

Қаламызда облыстық тарихи – өлкетану мұражайы бар. Бұл мұражайда жергілікті жердің тарихынан хабар берер көптеген ескі, құнды заттарды табуға болады.

Картамен жұмыс.

Қазақстан картасынан Орал қаласын көрсет. Қай жерде орналасқан?

Өзбетімен жұмыс.

Орал қаласы туралы эссе жаздыру.

ІІІ. Қорытынды.

Ақ тілек «Аяқталмаған сөйлем». Сөйлемдерді жалғастыру қажет.

Орал ______ ________ .

Қаламызда ______ _______ ________.

Біз _______ ________ _______ .

Қаламыз әрқашан _______ ________ _______ .

Қаламыздың __________ __________ ________.

Қорытынды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!