Материалдар / Логопед: "Тілдік артикуляциялық жаттығулар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Логопед: "Тілдік артикуляциялық жаттығулар"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілері мен ата-аналарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2020
1339
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қызыққа толы бір күн...!» ұжымдық ойын-сайыс


Қайырлы күн, құрметті балабақша ұжымы, аяулы ұстаздар!

Бүгінгі өткелі тұрған «Қызыққа толы бір күн...!» ұжымдық ойындар сайысына ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Сайысымыздың мақсаты: Ұжымдағы психологиялық хал ахуалды жақсарту, ойын- сайыс арқылы ұжымшылдыққа, ауызбіршілікке, жұмысқа деген ынталарын арттыру көзделген.

Ұжымның қызығушылықтарын ояту, жылдамдықтарын арттыру. Ойларын жүйелі, еркін, шапшаң жеткізе білуге дағдыландыру. Топтық жұмыс істеуге, достық қарым-қатынасқа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көп жиналған жамағат,

Атаның сөзі аманат.

Деген сөзді үлгі етіп,

Бой ұрдық ойға ғаламат.

Ұжыммен ойын ойнайтын,

Ұстаздар шықсын ортаға

Шақырайық сайысқа

Топтар шықсын ортаға, — дей отырып ойынға қатысушы топтарды ортаға шақырайық! 1._________________________________________________________________ 2_________________________________________________________________

3._________________________________________________________________ 4._________________________________________________________________ 5._________________________________________________________________


Ойын-сайыс болғасын -бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім шапшаң шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса нақ сын алар.

Кез-келген сайыс бағалануы тиіс.

Осының ара жігін ажырататын қазылар алқасы. Бұл- сайыстың ажырамас бір бөлігі, дәстүрлі үрдісі. Бізде сол үрдіс бойынша әділдігін айтып, тура шешім шығарар қазылар алқасымен таныстырып өтейін.


Өнер қуып оқушылар өтер деймін

Бір басына өнерлері жетер деймін.

Бәске түссе оқушылар кезектесіп,

Таныстырып топтарын өтер деймін- деп, алғашқы шартымыз бойынша өздерінің топтарын, төсбелгілерін, ұрандарын таныстырады.

Бүгінгі біздің сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңіміз «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір!» кезеңі.  

Бұл кезең 3 ойыннан тұрады.

Ал енді шыдап бағайық,

Болмасы рас бұл оңай.

«Бинго» ойынынан бастайық!

Қызық болса халайық.

«Бинго» ойыны

(Адамның есімін жазуға сұрақтар беріледі. 3 минут аралығында 36 сұраққа 36 адамның есімін жазу керек.

Бірінші болған топ «Бинго» деп орындарынан тұрады.

Пирок пісіре алады Әнұранды жатқа біледі Артистік қабілеті бар Классикалық музыканы жақсы көреді Интернетті меңгерген Гүл өсіргенді жақсы көреді    Ән атқанды ұнатады Мектеп директоры Достары көп Спортпен шұғылданады Тәттіні жақсы көреді  Мұғалім      Мектепте жұмыс істегеніне 10 жылдан асқан  Суретті жақсы салады Тағамды дәмді дайындайды

Курсқа қатысушылардың бос уақытын қалай ұйымдастыруды біледі Өз мамандығын сүйеді            Өлең шығарады Автокөлік жүргізе алады Суда жүзе алады Ол үздік оқиды Тоқу біледі Бірнеще тіл біледі Жоғарғы оқу орнында оқиды  Би билегенді жақсы көреді Ол балабақшаға барады Театрға барып тұрады Мектепті жақсыға бітіргісі келеді Әзілді жақсы түсінеді Үстіне суық су құяды    Тұрмыс құрмаған Қиялдауды ұнатады Үш баласы бар Кітап оқығанды жаны сүйеді Ол ауылда тұрады Ол дәріханада жұмыс істейді 


  «Сиқырлы әріптер» ойыны

(Оқушыларға әріптер таратылады. Берілген әріптердің барлығын қолданып сөз құрастыру керек.Бұл ойында жылдамдық танылады. Берілетін сөздер: Саңырауқұлақ, аурухана, батбырауық, әткеншек, бағдаршам)  

«Сен білесің бе» ойыны (Оқушыларға сұрақтар қойылады. Сұраққа жылдам және дұрыс жауап берулері керек.)

Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық) Қандай жолмен адам еш уақытта жүрмейді? (құс жолымен) Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ) Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады, мұз немесе қар болса) Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдыстарға) Осымен біздің біріәнші кезеңіміз аяқталды.

Енді екінші кезеңімізге көшеміз.

«Ақылдассаң шешерсің» кезеңі

Ым білмеген дым білмес, Ымдап көрші сайыскер. Ымдап айытқан сабақтың, Тақырыбын кім білмек «Ыммен түсіндіру» ойыны

(Берілген тақырыпты ымдау арқыры басқа топқа түсіндіреді. Бұл жерде сайыскерлердің ымдап түсіндіру шеберлігін және оның дұрыс жауабының болуын ескеру керек. Тақырыптар таратпалар арқылы анықталады.) Ыммен түсіндіру ойынының тақырыптары: Өрмекшілер және оның қоректенуі Бес саусақ бірдей емес Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді. Су- өмір көзі


 «Уақытты сағатсыз анықтау» ойыны (Сайыскер көзін жұмып 1 минут уақыт болды-ау  дегенде бір адым алға шығу керек.)

«Неше жаңғақ» ойыны (Орындық бетіне жаңғақ қойып үстін салфеткамен жабамыз. Ойыншы орындыққа отырып, жаңғақтың санын анықтау керек)

Келесі кезең «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні» кезеңі Көңілін халқыңның таптың бүгін, Елес қой мынау бізге жат күн бүгін. Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық, Байқайық топбасшының тапқырлығын- дей отырып топбасшылардың тапқырлығы мен білімділігін сынайтын уақытта келіп жетті.

Ендеше «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп ситуациялық жағдаяттарға кезек береміз.

«Құпия хаттар» ойыны

(Топбасшыларға ситуациялық жағдаяттар беріледі) Сіз сыныбыңыздың топбасшысысыз. Мектепте жаңадан келген жас мұғалім сізге төмендегідей шағым айтты. «Сіздің сыныбыңыздың бірнеше оқушылары менің сабағыма қызықпайды және басқалардың да жұмыс жасауына кедергі келтіреді. Мен олардың алдында дәрменсізбін, не істеуім керек?» -деп көмек сұрайды. Сіз не істеген болар едіңіз? Сіз мұғалімсіз. Оқушылардан бақылау жұмысын алып отырсыз. Бір сәтке шығып кетіп, қайта кірсеңіз біразы кітапты ашып қойып көшіріп отыр екен. Сізді көргеннен соң кітапты партаның астына тыға қойды. Оқушылардың сондай ұсақтыққа барғанына өкпелеріңіз анық. Мұндай кезде не істер едіңіз? Сіз сабақ айтып тұрған кезде терезенің алдына бір торғай келіп қонды. Оқушылардың назары түгел сонда ауып, сабақ жайына қалды. Сіз бұл жағдайда не істеген болар едіңіз? Сіз оқитын сыныпта мамаңыз сабақ береді делік. Мамаңыз сізден сабақ сұрағанда жауап бере алмай қалдыңыз. Сіз не істер едіңіз? Сіз мұғалімсіз. Сіз сабақ берген бірнеше күніңізде немесе бірнеше күннен соң оқушы сізге «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге үйрете алмайсыз!» -деді. Сіз не істеген болар едіңіз? «Жақсылықтан жақсылыққа» ойыны (Бұл ойында топ мүшелері бірлесіп келесі топтарға өздерінің достық сезімдерін білдіріп, ақ тілектерін жазады) Әділ-қазы шешеді, Істің ақ пен қарасын. Оқушылар өнерін, Әділ берер бағасын,- дей келе сөз кезегін қазылар алқасына береміз. Жеңістер мен жеңілістен тұратын, Өмір күрес, жеткізе ме мұратын. Жеңбедім, жеңілдім, ренжімеген, Қатысу да бір жеңіс жан болсаң сен ұғатын. Барына риза болсын көрермендер, Байқадық білгенді де, шапшаңды да. Осымен бір ойында тамандадық, Тағыда кездесерміз аман болсақ. Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!
/


«Темпераментті ер белгісі» ойыны

Бес ер адамды ортаға шығарып, бір қатарға отырғызыңыз. Әрбірі бір аяғын екіншісінің үстінен қойып отыруы керек. Және үстіңгісінің балағын аяғы көрінетіндей етіп түріп қоюы шарт. Осылай отырған күйі ер адам Ақшақар жібитіндей, әдемі өткір құттықтау сөзін айтуы тиіс. Барлық еркек өз тапқырлығын ортаға салып болған соң, жүргізуші: «Шын мәнінде, сайыс ең түкті аяқ үшін болған еді», - деп жеңімпазды сол белгісіне қарай анықтайды.


Жаңажылдық сайыс

Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады. Мысалы, шырша, мұз, қар, Аяз Ата, тб. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.


Қызықты ойын

Қатысушыларға ақша купюрасы таратылады. Ойыншылардың мақсаты – 3 рет үріп, ақшаны алысырақ жылжыту керек. Бір үргеннен кейін, ақша түскен жерге жақындап, тағы үреді. Кімнің купюрасы алысырақ ұшса, сол жеңеді. Қаласаңыз, купюраларды команда болып, эстафетамен жылжытуға болады.


Әліппе

Жүргізуші: «Бәріміз сауаттымыз, дегенмен әліппені білеміз бе?» - дейді. Ойыншы «А» әрпінен бастап, әліппе бойынша әрі қарай қысқа құттықтау тіркестер айтады. Мысалы, А – Ақшақардай сұлу болайық. Ә – Әрбір үйге Жаңа жыл қуаныш әкелсін. Б – Бақыт тілеймін. Ең күлкілі тіркес айтқан ойыншы жеңімпаз атанады.


«Қар қызын/еркегін жасаймыз» Егер жаңа жыл түні жерде қар жатса, қонақтарға сыртта ойын ойнауды ұсынуға болады. Барлық ойыншылар (ер адамдар болғаны жақсы) бірнеше топқа бөлініп, әрбірі Қар қызын жасауға тапсырма алады. Әдеттегі қардан жасалған мүсін емес, әдемі қыз бейнесі болуы шарт. Сұлу қыз дене пішінін келтірген топ жеңеді. Мысалы, Қар қызын жасау үшін әйел киімін де қолдануға болады, т.с.с.

Дәл осылай әйел адамдар да ойнай алады. Бірақ олар жаңа жылда кездестіргісі келетін арманындағы жігітті жасауы қажет.


Сыйлықтарға толы қорап Жаңа жылға мынадай кішігірім әзіл ұйымдастыруға болады. Жаңа жылды тойлайтын бөлменің бұрышына үстіңгі беті бар, түбі жоқ қорап қойып қойыңыз. Оны әдемі лентамен байлап, «Мерекеңізбен» деп жазып қойсаңыз да болады. Ал ішіне кәмпитті толтырып салыңыз. Ең бастысы, қорапты жоғары бір жерге қойыңыз, шкафтың үстіне болса тіпті жақсы. Алдайтын адамыңыз бөлмеге кіргенде, оған арналған сыйлық шкафтың үстінде екенін айтыңыз. Әрине, ол бірден барып, қорапты ала бергенде, үстіне кәмпит төгіледі.


«Шыршаны безендір» сайысы Ойын үшін бірнеше лента, жылтырақ пен ойыншықтар (ойыншы санына қарай) қажет. Шырша ретінде әйелдер ойнайды. Олар бір қолына лентаның бір ұшын ұстап тұрады. Ал ер адамдар қолдарын тигізбей, еріндерімен басқа шетін қысып, өз ханымын безендіреді. Қай жұптың «шыршасы» әдемірек болса немесе қайсысы бірінші бітірсе, сол жұп жеңеді.


«Түйреуіш» Бұл жаңажылдық әзіл үшін бірнеше жұп керек, ерлі-зайыптылар болса жақсы. Барлығының көздерін байлап қойып, олардың киімдеріне бес-бестен түйреуіш тағасыз. Бір-бірінің үстіндегі барлық түйреуішті бірінші болып жинаған жұп жеңеді. Мұның бәрі баяу әдемі әннің әуенімен өтуі тиіс. Алайда, ойында бір сыр болады: қыздың киіміне 5 түйреуіш тағылса, жігіттің үстіне төрт түйреуіштен ілінеді. Демек, жеңіске бұл сырды бірінші болып түсінген жұп жетеді. Ал оған дейін екінші жартысының үстінен соңғы түйреуішті ұзақ іздегенін сыртынан тамашалау - өте қызық көрініс.


«Қолғап пен түйме» Бірнеше жұп ортаға шақырылады. Ер адамдарға қалың қысқы қолғаптар беріледі. Ал қыздардың киімінің үстінен көйлек немесе халат кигізіледі. Ер адамдар серіктес әйелінің үстіндегі түймелерді қолғаппен тез тағып шығуы тиіс.


Жаңажылдық тілектер сайысы 5 қатысушыны ортаға шақырамыз. Олардың әрбіреуі кезекпен бір жаңажылдық тілек айтуы тиіс. Бес секундтан артық ойланған ойыншы ойыннан шығарылады. Соңына дейін жеткен адам жеңеді.


«Күлдіргіш» Әрбір ойыншы бір есімнен алады, мысалы, мұз, ойыншық, қар, шырша т.б. Жүргізуші барлығын айналып жүріп, түрлі сұрақтар қояды:

«- Сен кімсің? - Шырша. - Бүгін қандай мейрам? - Мұз. - Мынауың не? (мұрнын көрсетіп) – Ойыншық. Әрбір ойыншы барлық сұраққа өзіне берілген «есіммен» жауап беруі тиіс, және де ол сөзді қажетінше септеуіне болады. Оған қоса, жауап бергенде, күлуге тыйым салынады. Кім күліп жіберсе, ойыннан шығады. Жеңілгендерге түрлі жаза тағайындалады: өнер көрсетеді, бір нәрсе алып келеді, жасап береді т.с.с.

Қызықты ұжымдық 2 ойын

«Кім екеніңді тап» ойыны  

Ойын ережесі

Қатысушылардың (кем дегенде екі адамнан сансыз көп адамға дейін ойнай береді) әрқайсысы шамамен 2х5 см таза парақ алып, кез келген мәдениет қайраткері, тарихи тұлға немесе кино, әдеби шығарма кейіпкерінің есімін жазады. Бар шарт – ол есім ойынға қатысып отырғандардың барлығына таныс болуы тиіс.

Ойыншылардың бәрі кейіпкер ойлап тауып, жазып болғаннен кейін, парағын жанында отырған көршісіне шеңбер бойымен (оңнан солға, солдан оңға – маңызды емес) береді. Өз парағыңызда не жазғаныңызды ойын басталғанға дейін ешкім көрмеуі тиіс екенін ескеріңіз.

Сонымен, әрқайсысыңыз парағын таза жағын жоғары көрсете отырып көршісіне береді, ал сіз көршіңізден алған парақты, онда не жазылғанына қарамай маңдайыңызға жабыстырып аласыз.

Әрине, түріңіз күлкілі болып көрінеді, алайда, оның еш сөкеттігі жоқ –ойынға қатысып отырғандардың бәрінің түрі сондай. Бұл ең оңтайлы шешім: өзіңізге тиген парақта не жазылғанын сіз көре алмайсыз, ал басқалардың бәрі сіздің осы ойында кім екеніңізді еске түсіріп отыру үшін кез келген уақытта сіздің жүзіңізге қараса жеткілікті.

Дайындық жұмыстары аяқталып, парақтар таратылып, маңдайларға жабыстырылып болып, бәрі ойынға кірісуге әзір болғанда, ойын басталады.

Ең алдымен, әрқайсысыңыз әріптестеріңізге бұйырған «рольдермен» танысып алуыңыз керек. Бәсекелестеріңіздің бірінің маңдайындағы кейіпкерді танымайтын болсаңыз, ақырындап достарыңыздан сұрап алыңыз.

Сонымен, жұрттың бәрі өзіне керегін біліп болғаннан кейін ойынның ең қызық тұсы – сұрақ қоюғакірісе беруге болады.

Ең алдымен, айналымды кімнен бастайтындарыңызды таңдап аласыздар: мұнда белгіленген ереже жоқ, алайда, екінші айналымнан бастап, алдыңғысында жеңіліп қалған адам бастайды. Сол адам бірінші болып сұрақ қояды.

Сұрақты оған тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге болатындай етіп құрастыру керек.

Мысалы, бірінші сұрақ әдетте «Мен шынымен бар кейіпкермін бе?» деп басталады.

Сонда ойыншылардың бәрі ол адамға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әдетте, бәрі жамырап жауап береді, сондықтан да, бір-екі адам қандай да бір сұрақтың жауабын білмей қалса да ештеңе етпейді.

Сонымен, адамның сұрағына «иә» деп жауап бергеннен кейін ол сұрақ қоюын жалғастыра береді. Әр адам сұрағына «жоқ» деп жауап алғанға дейін немесе өзі «пас» дегенге дейін ойынды жалғастыра береді. «Пас» мүмкіндігін лайықты сұрақтарыңыз таусылғанда немесе осыған дейін алған ақпаратты ойланып алу керек болғанда алуға болады.

Әр ойыншы команданың бір мүшесі өзінің кім екенін тапқанға дейін бүкіл командаға сұрақ қоя береді.

Айталық, адам толық ақпарат алып, соның бәрін ойланып болып, «Мен Лермонтовпын ба?» деп сұрақ қояды. Оған «иә» деген жауап алса, жеңімпаз болып ойыннан шығады, алайда әріптестерінің сұрақтарына жауап беруге құқылы болады. Ал егер қателесіп қалса немесе «жоқ» деген жауап алса, басқалармен бірге ойынды жалғастыра береді.

Сізге қандай роль бұйырғанына қатысты үш рет қана болжам айтуға болады. үшінші ретте де «жоқ» деген жауап алсаңыз, жаза ретінде келесі жүрісіңізді өткізесіз.

Екі ойыншы қалған кезде, олар біреуі өз кейіпкерін тапқанға дейін жарыса береді. Сонда қалған ойыншыға үш жүріс беріледі: яғни, оған үш рет «жоқ» деп жауап беруге болады, үшінші реттен кейін ол жеңілген болып саналып, маңдайындағы қағазды алып, достары оны кімге балағанын көреді.

«Фант» ойыны

«Фант» ойыны – достарыңызбен бірге уақытты көңілді өткізіп, көп жаңа дүние біліп, өз мүмкіндіктеріңізді сынап көруге таптырмас мүмкіндік. «Фант» сөзінің өзі «кепіл» дегенді білдіреді. Ойынның мәні де осында. Ойынға қатысушылардың бәрі бір затын кепілге береді де, содан кейін бір тапсырманы орындап, сол затын қайта сатып алады.

«Фант» ойынының ережесі

«Фант» ойынының негізгі екі нұсқасы бар.

1)Жүргізушімен.

2) Қағазбен.

Бірінші нұсқаныңережелері мынадай. Жүргізуші ойынға қатысушылардың «фанттарын» жинап алады да, оны қапқа немесе басқа бір ыдысқа салады. Содан кейін ол теріс қарап тұрады, ал ойынға қатысушылардың бірі қаптан бір «фантты» шығарып алып, «мына фантқа қандай тапсырма берейік?» деп сұрайды. Жүргізуші оған тапсырма ойлап табады, ал «фанты» шыққан ойыншы сол тапсырманы орындауы тиіс. Ойыншы тапсырманы сәтті орындап шықса, кепіл затын қайтарып алады. Содан кейін кезек келесі «фантқа» келеді. Жүргізушінің өзі де «фант» өткізуді ұмытпағаны дұрыс. Осылайша, қатысушыларға қиын тапсырма бермес бұрын, өз басын да бір ойлап алады. Өйткені, дәл сол тапсырма өзіне түсуі мүмкін ғой. Оның үстіне, жүргізуші кім болатынын да алдын ала ойластырған жөн. Қызықты да салмақты тапсырмалар ойлап табатын сол емес пе.

Екінші нұсқада жүргізуші қажет емес. Ойыншылар алдын ала қағаздарға тапсырма жазып, ол қағаздарды қалпаққа, не қапқа салып қояды. Содан кейін барып ойыншылар кезекке тұрып,  өзіне тапсырма суырады. Мұнда да «фанттар» кепіл заты ретінде жинап алынады.

Бұл – «фант» ойынының недәуір үйреншікті ережелері. Алайда, әр компания оларды өзгертіп, қалауынша жаңасын қосуына болады. Мысалы, тапсырманы орындаудан бас тартқандарға кепіл затынан айырудан басқа кез келген жаза түрін тағайындауына болады.

«Фант» ойыны кез келген басқа ойынның жалғасына айналуы да мүмкін. Мысалы, қандай да бір ойыннан шығып қалсаңыз  – «фант» беріңіз. Сол ойын аяқталғанға дейін фанттар жиналып болады да, жеңімпаз әлдеқандай артықшылыққа (мысалы, тапсырманы орындаудан бас тарту) ие болады.

«Фант» ойынындағы бастысы –тапсырмалар. Сондықтан да, ойыншылар қандай тапсырманы орындайтынын, ал қандайын орындамайтынын алдын-ала ақылдасып, келісіп алғаны жөн. Сонымен қатар, тапсырмалардың өзі де жиналған жұрттың бір-біріне деген көзқарасына, ортақ қызығушылықтарына байланысты болады. Ал басқа жағынан мұнда ешқандай шектеу жоқ. Кез келген тапсырма беруге болады: бастысы - ойыншылар аман қалып, ешкім ешкімге зиян келтірмеуі.

«Фант» ойыны көп жылдан бері ойналып келе жатқанына қарамастан, ескірген жоқ. Оның танымалдығына дәлел -  осындай ережелері бар онлайн-ойын жасалуы. Сан ұрпақ ауысса да, ойынның шытырман табиғаты өзгерген жоқ.

Көңілдеріңіз көтеріңкі болуына тілектеспіз!



















































Пирок пісіре алады

Жұмыста биік өкшемен жүреді

Өлең шығарады

Театрға барып тұрады

Әнұранды жатқа біледі

Шашы ең ұзын

Автокөлік жүргізе алады

Әзілді жақсы түсінеді

Артистік қабілеті бар

Тәттіні жақсы көреді 

Суда жүзе алады

Тұрмыс құрмаған

Сылдырмақпен ойнағанды ұнатады

Баабақшада жұмыс істегеніне 10 жылдан асқан  

Ол үздік оқиды

Қиялдауды ұнатады

Интернетті меңгерген

  Суретті жақсы салады

Тоқу біледі

Үш баласы бар

Гүл өсіргенді жақсы көреді   

Тағамды дәмді дайындайды


Бірнеще тіл біледі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!