Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Логопедиялық жеке және топтық сабақта жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Зиятында ауытқуы бар оқушыларға жаңартылған білім беру мазмұны енгізілгеннен кейін біз де логопедттер жеке және топтық сабақта оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана бастадық. Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта оқушылардың физикалық және психикалық мүмкіндіктерін ескере отырып ұйымдастыру кезеңінде, сергіту сәтінде, бекіту кезеңінде, рефлексия кезінде қолдануға болады. Мен сіздермен өзім жеке және топтық сабақта қолданатын әдіс-тәсілдерді, сабақ жоспарын жазу үлгісін ұсынамын.Ол «Ыстық алақан», «Ыстық орындық», «Ыстық картоп», «Кубизм», «Ашық микрофон», «Миға шабуыл» т.б. Қалыптастырушы бағалау кезінде «От шашу», «Мадақтау», «Қолпаштау», «Бесбармақ», «Смайликтар» қолданамын. Қорытындысына бүгін оқушы қай тапсырмадан қиналды, келесі сабақта қай бағытта жұмыс жасау керектігі туралы жазылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Наурузова Нургуль Камиловна бірінші санатты дефектолог, логопед мұғалімі.

Талдықорған қаласы №13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен) КММ.

«Логопедиялық жеке және топтық сабақта жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану»

Зиятында ауытқуы бар оқушыларға жаңартылған білім беру мазмұны енгізілгеннен кейін біз де логопедттер жеке және топтық сабақта оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана бастадық. Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта оқушылардың физикалық және психикалық мүмкіндіктерін ескере отырып ұйымдастыру кезеңінде, сергіту сәтінде, бекіту кезеңінде, рефлексия кезінде қолдануға болады. Мен сіздермен өзім жеке және топтық сабақта қолданатын әдіс-тәсілдерді, сабақ жоспарын жазу үлгісін ұсынамын.Ол «Ыстық алақан», «Ыстық орындық», «Ыстық картоп», «Кубизм», «Ашық микрофон», «Миға шабуыл» т.б. Қалыптастырушы бағалау кезінде «От шашу», «Мадақтау», «Қолпаштау», «Бесбармақ», «Смайликтар» қолданамын. Қорытындысына бүгін оқушы қай тапсырмадан қиналды, келесі сабақта қай бағытта жұмыс жасау керектігі туралы жазылады.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні

логопедия (жеке сабақ)

Күні

09.10.2019

Оқушы

: Т.Т.

Диагнозы:

Детскиий аутизм с лег.у/о. Специфическое развитие речи обусловленное коммуникативными нарушениями ОНР –І ур.

Логопед- мұғалімі

Наурузова Н.К.

Тақырыбы

Жемістер

Мақсаты

Жемістер туралы түсінік беру, оларды ажыратуға үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту; глобальді оқуға үйрету, тұрақты зейінін дамыту, ұсақ және артикуляциялық моториканы дамыту, мұғалімнің нұсқауын орындауға үйрету.



Ресурс

Айна, дәптер, жемістердің суреттері, жеке сөздер жазылған карточкалар 2 данадан, смайликтар, картоп, қима сурет, жұпты суреттер.

Сабақ барысы


Кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Қ/ бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі


- Амандасу

Психолого – педагогикалық дайындық. Оқушының зейінін сабаққа аудару.

«Ыстық картоп» әдісі

Қоршаған орта туралы сұрау.

«Кубизм» әдісі

1.Артикуляциялық жаттығулар «Жалпақ тіл», «Тыңдамайтын тілді жазалау», «Тәтті шырын», «Тоқылдақ», «Ат шауып келеді».

2.Тыныс алу жаттығулары «Мақтаны үрлеу», «Футбол»

Жылы шырай таныту

Отшашу

ІІІ. Негізгі бөлімі:


1. Жемістермен таныстыру, оларды жеке атау.

2 Сөздермен жұмыс (Л.Г.Нуриеваның әдістемесі бойынша)

Оқушының алдына 2 данадан сөздер беріледі. Оқушы тура сол сөзді тауып қою керек.

Бесбармақ

Түзету сәті

С Логоритмикалық жаттығу

Алақан да алақан,

Тоқаш иле балақан,

Қантты да себейік,

Жеміс қосып көрейік,

Алақан да алақан,

Тоқаш жейік балақан.


Ү. Бекіту кезеңі:

1. «Көрсет» ойыны

2. «Тұтас суретті жина» - қима суретпен жұмыс. Оқушы бір қиылған жемістің суретінен тұтас сурет жасау керек.

Мадақтау

Қолпаштау

Рефлексия

«Жұпты суреттер»- оқушы жемістің жұбын тауып, атайды.

Қорытынды








Сабақтың ақпараттық картасы (ҚМЖ)

Тіл дамуы кемшіліктерін түзеу (топтық сабақ)




Тақырыбы: -

Б-П әріптерін ажырату


Дефектолог-логопедтің аты-жөні:

Наурузова Н.К.


Күні, айы:

24.09.2019ж.

5 «А» арнаулы сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:


Оқу мақсаты:

Б-П дыбысын, әріпін ажыратуға үйрету,фонематикалық есту қабілеттерін дамыту; сөз қорын молайту, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту, сұрақтарға жауап беруге үйрету. Отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақ мақсаты:


Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар: В.Воронкованың типологиялық тобы бойынша 3-4 топ оқушылары.

ІІІ топ Б-П әріптері мен дыбыстарын ажырата алады, өз отбасылары туралы айтып бере алады.

ІVтоп-Б-П әріптерін тани алады, отбасы мүшелерін атай алады.

Сабақ барысы


Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс:


Қалыптастырушы бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

1.-Психолого – педагогикалық дайындық.

-Сәлеметсіңдер ма балалар!

«Ыстық алақан» әдісі

Бір, екі, үш

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.



«Ыстық картоп» әдісі

- Бүгін аптаның қай күні?

- Қай ай?

- Жылдың қай мезгілі?т.с.с.

«Миға шабуыл» өткен тақырыпты еске түсіру




Бесбармақ






Отшашу









Картоп









Негізгі кезең




















1. Жаңа тақырыпты хабарлау.

Оқушыларға «Отбасы» туралы әңгіме жүргізу.

2. [П-Б] дыбыстарына мінездеме беру

Тақтада ілінген өлеңді оқыту

Қарға ұшады қарқылдап,

Шағала ұшар шаңқылдап.

Үйрек ұшар сымпылдап,

Қаз ұшады қаңқылдап.

Қарқылдап, шаңқылдап, сымпылдап, қаңқылдап өздерінің ең соңғы әріптері қалай айтылады?

- Кейбір сөздердің аяғында Б естілгенімен, П әріпі жазылады: кітап, мектеп, доп, қап.

- П мен Б дыбыстары қандай дыбыстар?

- Оның дауыссыз екенін қайдан білдіңдер?

- П дыбысына біткен сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналады: мектеп – мектебі, кітап – кітабы, сап – сабы.

3.Тақтамен жұмыс:

Соңында п дыбыс бар сөздерге у жалғанғанда, қандай өзгеріс болғанын айтыңдар.

ІІІ топ :Шап – шабу, жап – жабу, теп – тебу, сеп - тебу, тап – табу.

ІVтоп:тақтадан көшіреді немесе әріптерді бастырады.


Мадақтау
























«Мадақтау»



«Қолпаштау»


Сюжетті сурет




Таблица








П-Б әріптері










Тақта, дәптерлер






Сергіту сәті:

Артикуляциялық жаттығулар:

Жаққа: ауызды ашып жабу (3-4 рет)

Тілге: «Сағат», «Алтыбақан», «Ат шабады»

Бетке: «Бетті үрлеу», «Бетті ішке тарту»


«Отшашу»

Артикуля-циялық жаттығулар-дың суреттері

  • Бекіту кезеңі:

  • 1.«Ыстық орындық» әдісі.

ІІІ-ІV топ «Тез ойлап тап» ойыны оқушылар [П-Б] дыбыстарына сөз ойлап табу керек.

2. «Отбасы» бойынша әңгіме жүргізу

ІІІтоп өз отбасылары туралы айтады

ІV топ отбасы мүшелерін атайды.

Басбармақ






Мадақтау

орындық

Рефлексия


«Ашық микрофон» әдісі Кері байланыс

- Бүгін балалар қай дыбыстарды ажыратуға үйрендік ?

- Отбасымызды жақсы көремізбе?т.б.

Смайликтар

смайликтар

микрофон

Қорытындылау


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2020
5180
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12