400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Люминесценттік шамдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Люминесцентті шамды жарықтандырғышты монтаждауды және оны тораптарға қосуды оқып-үйрену
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Теректі колледжі» МКҚК


Оқу сабағының жоспары

Сабақ тақырыбы

Люминесцентті шамдар жарықтандырғышын монтаждау және торапқа қосу

Модуль / пән атауы

КМ.01 «Электр жабдықтарының тораптары мен механизмдерін құрастыру, монтаждау, реттеу және жөндеу»


Педагог

Биғалиева Алтынай Нурланқызы дайындады

2022 жылғы "16" қаңтар


1.Жалпы мәліметтер

Курс

ІІ

Топ 82

Сабақ нөмірі

46

Сабақтың түрі

өндірістік

2.Мақсаты, міндеттері

Люминесцентті шам құрылысын, қосылу сұлбаларын біледі


3.Күтілетін нәтижелер

Люминесцентті шамды жарықтандырғышты монтаждауды және оны тораптарға қосуды оқып-үйрену


4.Қажетті ресурстар

Презентация, технологиялық карта, бейнесабақ



5.Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Педагогтың әрекеті

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, студенттерді түгелдеу, зертхана ішіндегі тазалық пен топтағы студенттердің сабаққа қатысуын қадағалау.

Сергіту сәті

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

Үй тапсырмасын орындаудың дұрыстығын, толықтығын және саналығын тексеру.

1.Жарықтандыруды есептеуге арналған негізгі формулаларды айтыңыз

2.Жарықтандырғыш дегеніміз не? Қосылу сұлбаларын айтыңыз


Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі:

Люминесценттік шамдар – екі шетінен шыны аяқшалармен герметикалық жабылған цилиндрлік колба. Аяқшаларға қос спираль түрінде вольфрам сымынан жасалған және электрондар эмиссиясын көбейту үшін сырты оксидпен қапталған электрондар бекітіледі. Шамның екі шетіне электродтардың ұштарымен қосылған қысқа қысқа металл түтікшелері бар екі цоколь орнатылады. Цилиндрлік колбаның іш жағына люмиофор қабаты жалатылады. Түтіктің ішіне сынап тамшысы және белгілі бір мөлшерде инертті газ ендіріледі. Аргон электродтар оксид қабаты бөлщектерінің қоршап тұрған ортаға ұшуын азайту және электр разрядының жануын жеңілдету үшін енгізіледі. Аргон мен сынап булары қоспасында разряд жеңіл пайда болады. Разряд кезінде тек сынап атомдары ғана қозады және сәулеленеді.

Люминесценттік шамдарда электр энергиясының көрінетін сәулеге айналуы екі кезеңде өтеді:

  • Сынап буларныдағы электр разрядында электр эенргиясын ультракүлгін сәуле энергиясына айналдыру;

  • Люминофор қабатында ультракүлгін сәулені көрінетін жарық сәулеге айналдыру.

Люминесцентті шамдар көп жағдайда стартер жәе дроссель арқылы автоматты түрде іске қосылады. Люминесценттік шамды іске қосуда дроссель келесі міндеттерді атқарады:

  • Тізбектегі ток мәнінің электродтарды тез қыздыруға жеткілікті және шамға қауіпсіз болуын қамтамасыз ететін жоғарғыикернеу серпілісін тудырады;

  • Электр желісінің кернеуі өзгергенде шамның орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Дроссельдің негізгі міндеті – шамдағы доғалық разряд кезінде тізбектегі токтың мәнін тұрақты ұстау

Презентация, технологиялық карта, бейнесабақ

























Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру:

 Өткен тақырыпты конспект бойынша қайталау.

Сабақты қортындылау және рефлексия:

Сабақты қорытындылау, оқушыны бағалау. Түсінбеген сұрақтарына жауап беру.

В.Е. Китаев «Электротехника және өнеркәсіптік электроника негіздері» Алматы Қазақстан 1991ж






     .



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
09.02.2023
430
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі