Материалдар / Мәдени мұра- халық игілігі. 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәдени мұра- халық игілігі. 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2018
1554
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін - өзі тану 6 – сынып


Сабақтың тақырыбы: Мәдени мұра – халық игілігі

Құндылық Дұрыс іс-әрекет

Қасиеттер татулық, ауызбірлік, достық
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға ата – бабамыздан қалған мәдени мұраларымызды сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы, қазақ халқының салт – дәстүрлері, атакәсіп туралы түсінік беру.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, Отанын сүюге, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды, мәдени мұраларымыздың тарихын білуге деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, мәтінмен жұмыс, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, интерактивті тақта.


Сабақ барысы: 5 «Т» Ережесі

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті (музыкамен)

«Күннің нұры» (3 мин)

-Денемізді тік ұстап, орындықта еркін отырамыз.Көзімізді жұмамыз.Көз алдарыңда көк шалғынды дала. Жұмсақ самал есіп тұр. Аспанда күн нұрын ерекше төгіп, сенің маңдайыңнан өтіп жүрегіңе құйылды. Нұрға бөленген жүрегің жаңа ашылған гүлдей сүйіспеншілік қауызын ашуда. Сүйіспеншілікке толы жүректен күннің нұры сенің аяғыңа түседі.Сенің аяғың тек жақсы жерлермен ғана жүру үшін.Аяғыңнан күннің нұры қолыңа барды, тек жақсыны ғана ұстау үшін. Күннің нұры қолыңнан аузыңа барды, жақсыны ғана айту үшін. Аузыңнан күннің нұры құлағыңа барды, тек жақсы сөз есту үшін. Күннің нұры көзіңе барды, тек жақсыны көру үшін. Сенің бүкіл тұла бойың сүйіспеншілік нұрына бөленді. Сен осы сүйіспеншіліктеріңді досыңа жібер. Ата - анаңа жібер.Сен сол сүйіспеншілік нұрын туған-туыстарыңа жібер.Барлық мектептегі таныстарыңа жібер.Айналаң сүйіспеншілік нұрына бөленіп тұр. Біздің бөлмеде нұрға бөленіп сүйіспеншілікке толды. Қандай жан тыныштығы. Көзімізді ептеп ашайық.


Үй тапсырмасын сұрау: «Төрт ана» М. Шаханұлы


Төрт анаға нелер жатады?

«Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы» деген өлең жолын қалай түсінесіңдер?


Дәйексөз:        

Елдің елдігін сақтайтын - әдебиеті, тарихы, салт-дәстүрі.

М.Жұмабаев


«Мәдени мұра»   –  әр ұлттың мәдени, экономикалық және әлеуметтік қоры


Мәдени: әдебиет, өнер, ұлттық кәсіптер

Экономикалық – ата-кәсіптер

Әлеуметтік: салт-дәстүрлер

Әңгімелесейік:

        Өздеріңнің отбастарыңда ата-бабадан қалған қандай мұралар бар?

        Ол мұраларды қалай қадірлеп ұстайсыңдар?

        Сұрақтарға жауап беруде оқушылар өз үйлерінде қандай отбасылық қасиетті зат барын естеріне түсіреді. (алтын-күміс әшекейлер, домбыра, қобыз, қолжазба, ертоқым, қамшы т.б.)

Ата кәсіптің түрі сан алуан. Ата бабаларымыз отбасын асырап, жақсы өмір сүру үшін ұсталық, зергерлік, саяткерлік, тігіншілік, сәулеткерлік т,б кәсіп түрлерімен айналысқан. Ата кәсіп күнкөріс көзі ғана емес, ол -өмірге қоғамға пайдалы іс- әрекет әрі мамандық атауы.Өз білгенін баласынаүйретіп кеткен атаның ісі даналықты білдірсе, ата-баба дәстүрін жалғастыру ұрпақ парызы болып саналады. Әке жолын жалғастырып келе жатқан ұрпақты мұрагер дейді.

        Түйіндеме

        Халқымыздың даму тарихында ертеден келе жатқан әдеби-мәдени нұсқалар, тарихи жәдігерлер,  қолөнер туындылары тәрізді ұлттық құндылықтар болған. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерінен  бастап, қазіргі тәуелсіз еліміздің төл әдебиетінің тек құндылық қана емес, оның сонымен қатар мәдени мұра екендігіне назар аударайық. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жасалып жатқан іс-шаралардың ұлттық өркениетті дамытудағы орны туралы мәлімет берсек «Алтын адам», ежелгі дәуір ескерткіштері және бүгінгі таңдағы  «Бәйтерек», т.б. жәдігерлер жөнінде айтуға болады. .


«Мәдени мұра» сөзжұмбағын шешу.

  1. Ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған құтты қоныс.

  2. Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін қағидалар, салт-сана, әдет-ғұрып.

  3. Адамзаттың сан ғасырлық жинақталған рухани ілім-білімдерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білетін адам қасиеті.

  4. Ата-бабаның, ата-ананың ұрпағына айтқан нақыл-насихаты ақыл-кеңес, аталы сөзі

  5. Негізінде-сенім жататын, өсиет, тапсырма, міндет

  6. Тағлымдық, өнегелік мәні бар нақыл сөз

  7. Өнегелі парасатты адам

  8. Ежелден келе жатқан мәдени нұсқалар, ата-бабадан қалған мирас

  9. Ата-анаға, туған елге, Отанға қайтарым ретінде өтелетін міндет.

  10. Әр халықтың туған тілі


а

т

а

М

е

к

е

н




д

Ә

с

т

ү

р


Д

а

н

а

л

ы

қ

ө

с

и

Е

т



а

м

а

Н

а

т



ғ

И

б

р

а

т











а

з

а

М

а

т



м

Ұ

р

а

б

о

Р

ы

ш


А

н

а

т

і

л

і

Шығармашылық жұмыс
»Атамұра – асыл қазынам» тақырыбында жоба қорғау

Жұмбақтар шешу.

1.Әжеме өң берген

Жиегін көмкерген.

Етегі желкендей,

Киім еді ол нендей? (Кимешек)

  1. Әшекейлі күбіні,

Үюлі тұрған шөмеле

Кигіздім биік төбеге. (Сәукеле)

  1. Іші – егіс,

Сырты - тегіс. (Тон)

  1. Дорбаға тығып бас бағын,

Байлай салдым қос жағын. (Тымақ)


Қорытынды:
Әр ұлттың өзіне тән салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы бар.
Дәстүр – ұрпақтан – ұрпаққа берілетін әдет - ғұрып, жылпыға бірдей тәртіп, әдеп – инабат көзі. Қазақ халқының дәстүрлері ұрпақ тәрбиесінің басты құралы болып табылады. Қазақ халқының салт - дәстүрлері халықтың мінез - құлқын, қасиеттерін танытады. Қазақ халқының салт – дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным сеніміне өмірге деген көзқарасына байланысты, ұрпақтан – ұрпаққа өзгеріп беріліп отырады.

Үйге тапсырма: Таным шаттығы тақырыбындағы «Ғажайып бақ» ертегіні оқып келу


Топпен ән айту
Қазақтың дастарханы әнін орындау.


Бүгінгі ел ішінде,

Дәстрді жалғастырған.

Татулық белгісіме?

Жағалай малдас құрған.


Қайырмасы

Ей, менің асқар тауым!

Қазақы дастарханым.

Өзіңсің бақ-берекем,

Ақ қайнар бастауларым.


Анаға ақ пейілді,

Иілсе келін балаң.

Ықылас ізет еткен

Сыйластық елін табам.


Қайырмасы


Соңғы тыныштық сәті:


«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»


Бүгін сендер сабақты өте жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар, сол үшін, сендерге көп-көп рахмет айтамын!











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!